Инклюзивті білім беру үдерісі


Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау



бет3/5
Дата14.10.2023
өлшемі77,69 Kb.
#114479
түріСабақ
1   2   3   4   5

Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау

  • Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен шектеліп қалмайды, оқыту мақсаты тұлғаның білімі, тәжірибесі мен құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы болуы тиіс.
  • Оқушылардың білімдерін бағалаудың негізгі функциялары болып табылатындар:
  • бақылаушылық – мұғалімге оқу материалын сәйкесінше жоспарлауға және баяндауға мүмкіндік береді, оқушының жаңа материалды игеруге дайындығын, әрбір оқушының жетістіктері даңгейін анықтайды;
  • оқу – білімдерін қайталау, нақтылау және тереңдетуге, оларды жүйелеуге, біліктері мен дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.
  • диагностикалық-түзетушілік – оқушыда оқыту процесінде туындайтын қиндықтардың себептерін анықтайды; игерілгеннің кемшіліктерін анықтаса оларды жоюға бағытталған түзетулерді енгізеді;
  • ынталандырушы-себепшілік – оқытудың оң себептерін қалыптастырады;
  • тәрбиелеушілік – жауапкершілікпен және жұмыла жұмыс істей білуді қалыптастыруға, бақылау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін, оқу рефлексиясын қолдануға ықпал етеді.

Оқушының дамуында бағаның әсері көп жақты, ол көп функцияға ие болуы мүмкін. Баға келесідей болуы мүмкін: а) бағдар беруші – нақты жұмыс үдерісін ұғынуға және оның өз білімдерін түсінуіне көмектесетін оқушының ақыл-ойына әсер етеді; б) ынталандырушы – оқушының нәтижелілік-жігерлілік санасына табыс немесе табыссыздықты бастан өткеру, әрекеттену мен ниеттену, қылық пен қатынасты қалыптастыру арқылы әсер етеді; в) тәрбиелеуші, мұнда ақыл-ой қарқынын «жылдамдату немесе баяулату», сапалы өзгерістер, қоршаған әлемдегі өткен тәжірибедегі заттарды және жеке қондырғыларды түсінуге әсер ету құрылымында өзгеріс, яғни ойдың механизмінің қайта құрулары болады. Баға оқушының жеке басына тұтастай әсер етеді. Педагогикалық баға мектептегі сынып пен оқушы арасындағы қатынастар мен пікірлердің өзгерулеріне әсер етеді.

  • Оқушының дамуында бағаның әсері көп жақты, ол көп функцияға ие болуы мүмкін. Баға келесідей болуы мүмкін: а) бағдар беруші – нақты жұмыс үдерісін ұғынуға және оның өз білімдерін түсінуіне көмектесетін оқушының ақыл-ойына әсер етеді; б) ынталандырушы – оқушының нәтижелілік-жігерлілік санасына табыс немесе табыссыздықты бастан өткеру, әрекеттену мен ниеттену, қылық пен қатынасты қалыптастыру арқылы әсер етеді; в) тәрбиелеуші, мұнда ақыл-ой қарқынын «жылдамдату немесе баяулату», сапалы өзгерістер, қоршаған әлемдегі өткен тәжірибедегі заттарды және жеке қондырғыларды түсінуге әсер ету құрылымында өзгеріс, яғни ойдың механизмінің қайта құрулары болады. Баға оқушының жеке басына тұтастай әсер етеді. Педагогикалық баға мектептегі сынып пен оқушы арасындағы қатынастар мен пікірлердің өзгерулеріне әсер етеді.
  • Бағалау жүйесін, әсіресе инклюзивті білім беру жағдайында жұмысқа қабілетті қылып, мына төмендегілерді орындай алатындай етіп жетілдіру қажет:
  • Оқушы оқу материалын қаншалықты табысты игергенін немесе практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға мүмкіндік беру;
  • Танымдық қызметінің әр саласында оқушының табыстары динамикасын көрсету;
  • Мадақтаушы, дамытушы, оқушылардың өзін-өзі бағалауына ықпал ететін тетікті негізге алу;
  • «мұғалім – оқушы», «ата-ана – сынып жетекшісі», «әкімшілік – педагогикалық ұжым» байланысын көздеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет