Инклюзивті білім беру жағдайындағЫ Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктері қаби Қ. Н 4курс 0105000 «Бастауыш білім беру»



бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі20 Kb.
#84272
  1   2   3
Байланысты:
Конференция Қаби


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қаби Қ.Н
4курс 0105000 «Бастауыш білім беру» , ғылыми жетекші
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай педагогикалық колледжі» КМҚК
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: бaрлық сaнaттaғы тұлғaлaрдың сaпaлы білім aлуғa тең құқықтaрын жүзеге aсыру.
Мақсаты: білім беру жүйесінің түрлі деңгейінде инклюзивті білім беру моделін жүзеге асыруда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Міндеті:

  1. инклюзивті білім беруді дaмытудың нормaтивтік-құқықтық, ұйымдaстырушылық негіздері жетілдіру;

  2. білім беруді дaмытудың әдіснaмaлық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру

  3. ерекше білім қaжеттілігі бaр оқушылaрды жеке түзету педaгогикaлық және әлеуметтік-психологиялық қолдaуды қaмтaмaсыз ету;

Зерттеу әдістері:
Теориялық
1.Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау.
Практикалық:
1. Оқушылармен терапиялық жаттығулар
2. Эксперимент нәтижесінде алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу.
Гипотезасы: Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға білім берудің тиімді тұстарын көрсетеді.Барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Білім беру саласындағы шешімі толық табылмаған мәселенің бірі-инклюзивті білім беру. Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2022-2023 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту бағдарламасының шеңберінде қарастырылып келеді. Елімізде кейінгі жылдарда даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қатары өсіп отырғандығын мына төмендегі статистикалық мәліметтерінен байқауға болады. 2020 жылы мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 124 мыңды құраса, 2022 жылы 149 мыңнан асады, олардың ішінде 29 212-сі немесе 19,5%-ы мектеп жасына дейінгі балалар, олардың 41,4% арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.
Инклюзивті білім берудің негізіне барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын балаларды кемсітуді болдырмайтын идеология жатады.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім мазмұны дидактикалық талаптардан белгілі бостандық алулары яғни, оқыту дифференционалды, балаларға түсінікті, психологиялық-педагогикалық құралдар қолданылған және баланың жеке дамуының әлуметтік мәдениетін дамытатын болуы керек.
Латын тілінен аударғанда inclusion «енгізу» (включение) деген мағынаны білдіреді. Инклюзия- бұл балаларды олардың жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқада айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беру үрдісіне барлық балаларды толық енгізу үрдісі, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет