Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үшін көп еңбек, ұстазға, мектеп психологтарына жылы сезім мен кішіпейілділік қажет. Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай емес. Оларға әсекр ету жолдары түрліше. Мұғалім ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Бұл балаларды зерттеу: бала нені ұнатады, нені ұнатпайды, кімді құрметтейді, немен айналысқанды ұнатады, т.б. сол сияқты сұрақтарға жауап алудан басталады. Оның маңыздылығы бұларды білу сол оқушымен әрі қарай әңгімені жалғастыруға көмегін тигізеді. Күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып, оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді. Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Оқушының тапсырмаларды орындау кезінде ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін үйрету керек.