Италия және Швецияда инклюзивті білім беру тәжірибесі.
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
Сыныптағы балалардың ең көп саны – 20;
Дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны – 2;
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына «енгізілген»;
Арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
Арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;
Педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға «қолдау мұғалімі» (тьютор) көмек көрсетеді.