1. Адам құндылығы оның мүмкінділігіне қарай қабілеттілігімен жеткен жетістіктерімен анықталады;
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті;
3. Әрбір адам қарым- қатынасқа құқылы;
4. Барлық адам бір- біріне қажет;
5. Білім шынайы қарым- қатынас шеңберінде жүзеге асады;
6. Барлық адам құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді;
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру;
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді;
9. Ата-аналармен қызметтестікті құру.
Білім беру жүйесінде мемлекеттік құқықтық пен азаматтық қоғамда адамдарды тек қана өмір сүру үшін дайындау емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі балалары үшін сапалы базалық білім беруді ұйымдастыра отырып, қазіргі кезеңде арнайы білім беру ретінде педагогикалық үрдісті қайта құруды талап етеді. Инклюзивті білім берудегі түрлі мамандардың ынтымақтастығы қажет: мұғалімдер, бала- бақшадағы тәрбиешілер, мұғалім- логопедтер, мұғалім- дефектологтар, педагог-психолог, әлеуметтік- педагог, дәрігер. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.