1.1 Инклюзивті білім берудің мәні Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни мемлекеттік құжаттарға сүйене отырып ашып айтатын болсақ, 18 жасқа дейінгі барлық балалардың категориясына: жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді
1.2. Инклюзивті білім берудің өзара пәндік салаларымен байланысы.
Ғылым салалары:
Байланысы:
Тарихи кезендері :
Арнайы педагогика
- ауытқушылығы бар тұлғаларды тұлғалық жағынан қоршаған ортаға бейімдеу;
- ақаулығы бар балалардың бойында өзіндік абырой, әрі бедел сезіміне тәрбиелеу;
- балаларда жағымды мінез-құлық салаларын қалыптастыру;
- дербес қоғамдық пайдалы өмірге белсенді етіп даярлау;
- қарапайым еңбек дағдыларын меңгерту;
- іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
1-ші кезен: б.з.б. VIII ғ. - б.з. XII F.
2-ші кезен: ХII - XVIIIғ.
3-ші кезен: ХVIII - XXғ.
4-ші кезен: ХХ ғ. XX F 70- жылдары
5-ші кезен: ХХ ғ. 70-жылдардан бастап.
.
Дефектология
-Тұлғалық дамудың педагогикалық заңдылығын зерттеу;
-бұзылу қурылымына сай түзету қажеттілігін анықтау;
-арнайы білім беру заңдылығын зерттеу;
-арнайы білім беру жағдайда оқытудың технологиясын, әдістерін,принциптерін ғылыми негізде жетілдіру;
-мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеу, тузетуге арналған бағдарламаларды жетілдіру және оларды тарату
ХVІІІ ғ. 50-жылдарынан бастап.
ХVІІ ғ. 60-жылдарынан бастап.
1960 ж. Кеңес Одағында
Психология
Адамның дара тұлғалық
психикасын,
өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды,
басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.
VI ғ.б.э.д. –V ғасырдан бастап.
V-XIIIғ.ғасырдан бастап дамуы жүрді.
XVII-XIX ғ.ғ ортасы-1ші кезеңі бастау алды.
XIX ғ.10ж-30ж-2ші кезеңі бастау алды.
XX ғ.90ж.-осы уақыт аралығында.
Әлеуметтік педагогика
- халықтың түрлі топтарының, адамдардың жеке топтарының, жекелеген тұлғалардың әлеуметтік тәрбиесін оңтайлы түрде қамтамасыз етудің мазмұны мен әдістерінің проблемаларын зерттеу;
- жеке тұлғаны отбасы, білім беру және арнаулы мекемелер жағдайында әлеуметтік тәрбиелеу проблемаларын зерттеу;
- түрлі үлгідегі отбасыларындағы, мекемелердегі әлеуметтік тәрбие тәжірибесін зерттеу;
- әлеуметтік тәрбиенің шетелдік тәжірибесін және оны отандық жағдайларға т.б. бейімдеуді зерттеу.
XIX ғасырда-термині енгізілді.
XX ғасырда- қолданысқа енді.
ХІХ ғ. ортасында –ресми түрде ұғым болып аталды.
1990 жылдары -Кеңес Одағында ұсынылды.
Логопедия
сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;
- қазақ тілді қалыпты дамыған және әр түрлі тіл бұзылыстары бар балалрдын сөйлеу іс - әрекетінің онтогенезін зерттеу;
- дамуында әр түрлі ауытқуы бар қазақ тілді (зиятты, естуі, көруі, тірек - қимылы бұзылған) сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау
(17ғ) логопедия
Сурдопедагогика құрамында болған.
19 ғасырда логопедия
бөлініп шыққан.