Инклюзивті сынып жағдайында Блум таксономиясын оқыту жетістігін бағалау әдісі ретінде қолдану


Блум таксономиясын оқу процесінде енгізу ерекшеліктері



бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі443,53 Kb.
#131091
1   2   3
Блум таксономиясын оқу процесінде енгізу ерекшеліктері
«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның болашағы — дарынды балалар қолында» деп бекер айтпаған. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде.
Алдыменен оқытушы түрлі стратегияларды қолдануға қабілетті болуы керек. Ол үшін өз бетімен ізденулері, бір-бірімен білім алысуы арқылы қабілеттерін шыңдауы қажет. Оқушылардың дамуын жақсарту үшін оқытушы оқыту үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесіне енгізе білуі тиіс. Блум таксономиясын оқу процесіне енгізу ерекшеліктері
Мақсаты: Оқыту үрдісінде және бағалауда Блум таксономиясын қолдану арқылы оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, ой жүгірту, тұжырым жасау, проблеманы шешу және рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге болатындығын анықтау жағдайында танымдық қабілеттерін дамыту. Бұл Блум таксономия әдісі негізінен «Қойылған мәселелер оқушы үшін мәнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін»
Күтілетін нәтиже: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың белсенділігі, өзіндік сана-сезімі мен пайымы дамиды; оқытушының кәсіби білімі артады. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызды әдіс және оның деңгейлері негізінде оқушыға терең білім беріледі, жеті модульде қамтылады, әрі оқушынв бағалауда оқытушы олардың деңгейін таниды, шынайы бағалау болады. Блум таксономиясының құрылымы танымдық үрдістің бір деңгейінен екінші деңгейіне, яғни қарапайымнан күрделігі біртіндеп өтеді деп саналады. Топта осындай сұрақтар қою арқылы оқушылар үйреніп қана қоймайды, сондай орта қалыптастырады.
Сонымен қатар Блум таксономиясын 6 деңгейге бөліп қарастырамыз

Білім
Түсіну;
Қолдану;
Талдау;
Синтез (жүйелеу, жинақтау);
Бағалау

Білу
Бұл категория мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге7бағытталады,7мағлұмат7пен3деректерді9еске7түсіреді. Оқытушының қызметі – әңгімелейді, көрсетеді, меңзейді, жетекшілік етеді; студенттің қызметі – тыңдайды, есте сақтайды, меңгереді, біледі, еске түсіреді, айтады,дәйек сөздер келтіреді, анықтайды;


Түсіну
Бұл категорияда оқу материалдарын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша баяндау, жорамалдау — оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын оның салдары8мен8нәтижелерін7болжау. Оқытушының қызметі – дұрыстығын салыстырады, көрсетеді, студенттің қызметі – талдайды, түсіндіреді, хабарлайды, мысал келтіреді.
Қолдану
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді.Оқу материалды тереңірек игеруді талап етеді.Оқытушының қызметі — қадағалайды, елейді, көмектеседі, жағдай жасайды; студенттің қызметі – қолданады, қарайды, сенеді, көрсетеді, Бұл деңгей таным белсенділігінің төменгі сатысына жатады.
Талдау
Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрлысын қалай құрылатындығын талқылайды оқытушының қызметі – алға жетелеуші, ақыл-бағыт көрсету, талпынуға әрекеттердіру, ақпараттық көздерді ұсыну; студенттің қызметі – талдау, бір жүйеге келтіру, байланыстырады, сұрақтар қояды, қорытынды жасайды;
Синтез
Оқу материалдарының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше хабарлама, жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады.Оқытушының қызметі – кеңейтеді, салыстырады, әсер етеді; студенттің қызметі – жинақтайды, жетілдіреді, ойластырады, түзетеді, жүйелейді, өңдейді, болжамдарды тұжырымдайды;

Бағалау
Оқу материалының маңызын анықтау, ол туралы өзіндік пікір келтіру, ойын білдіру. Бұл деңгей алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді. Оқытушының қызметі – түсіндіреді, түзетулер енгізеді, допускает, белсенділік жасайды, келісе студенттің қызметі – бағалайды, дәйектер-дәлелдер келтіреді, шешім қабылдайды, қорғайды, болжайды, ұсыныс жасайды, айғақтандырады. Блум таксономиясы кезең-кезеңмен орындалатын мақсаттар жүйесін қамти отырып студенттердің сыни ойлауын бағалау арқылы нәтижеге жетуді білу және түсіндіру үдерісі. Оқыту үрдісінде Блум Таксономиясы арқылы бағалаудың әдіс-тәсілдерін сабақта қолдана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет