Инклюзивті сынып жағдайында Блум таксономиясын оқыту жетістігін бағалау әдісі ретінде қолдану


Блум8таксономиясы8бойынша8сұрақтар8типологиясы



бет3/3
Дата28.11.2023
өлшемі443,53 Kb.
#131091
1   2   3
Байланысты:
Блум таксономиясы Дана ханым

Блум8таксономиясы8бойынша8сұрақтар8типологиясы
Мысалы нақты тапсырма көкөністер тақырыбын қарастырсақ.
Берілген сұрақтарды Блум Таксономиясына салу.
Білім: Алманы пайдаланудан денсаулық үшін қандай пайдасы бар?
Түсінік: Алмамен тамақ дайындаудың төрт тәсілін сипаттаңыз және олардың қайсысы денсаулыққа анағұрлым пайдалы екенін түсіндіріңіз. Сіздің сөздеріңізді айғақтауға арналған сілтемелер беріңіз.
Қолдану: Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.
Талдау: Алма бәлішінің «пайдасыз» рецептісіне өзіңіздің қалауыңызша басқа заттарды қосып, бір «пайдалы» рецепт жасаңыз. Өзіңіз таңдап алған заттардың алғашқысынан пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
Жинақтау: Мектептен кейін балаларға алма бәлішін берген пайдалы деп санайсыз ба? Неге – ия немесе неге – жоқ?
Бағалау: Бәліш пісіру үшін алманың қандай түрі жарамды, неге? Берілген сұрақтарды Блум таксономиясына салып, реттік деңгей бойынша ажыратады, түсіндіреді, дамытады, тәжірибеден өткізеді. Тапсырма бойынша постер жасап, қорғайды. Сонымен Блум таксономиясы алты деңгейден тұратынын анықтадық, оның алғашқы төрт деңгейі күнделікті дәстүрлі сабағымызда орындалатынын, ал тек жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша тақырыпты синтездеп, жинақтап, қорытындылау керектігін байқадық.

Үй тапсырмасын тексеруге арналған деңгейлік сұрақтарды Блум түймедағына орналастыру мысалдары, оқушылардың сабақ барысындағы шығармашылық жұмыстары таныстырылады. Аталған сабақтардағы қолданылған жаңа әдіс-тәсілдерге, топтық жұмыстарға тоқтала келе, Блум жүйесімен бағалау парағы түсіндіріледі. (Қатысушылармен практикалық жұмыс ұйымдастыру). Кері байланыс, рефлексия жасау.


Инклюзивті білім беру жағдайында критериалдық бағалау жүйесін ұйымдастыру

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу нәтижелері


мектептік білім берудің барлық кезеңдерінде білім, білік және дағдылармен
шектеле алмайды, оқыту мақсаты тұлғаның білімі, тәжірибесі мен
құндылығына негізделген жалпы қабілет сияқты құзыреттіліктің қалыптасуы
болуы тиіс. Құзыреттіліктер білім, білік, дағдыларға қайшы келмейді,
құзыреттіліктер бұларды саналы пайдалануды көздейді. Құзыреттілік тәсілін
ескере отырып білім беру процесін жетілдіру, оқушыларды алған білімдері мен
біліктерін нақты оқу және өмірлік жағдайларда қолдануға үйрету. Құзыреттілік
оқушының жеке оқуының кіріктірілген нәтижесі ретінде олардың мағыналық,
іс жүргізу және дәлелдемелік компоненттерді меңгеруі негізінде қалыптасады,
оның+деңгейі+бағалау8процесінде8көрсетіледі.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін
бағалаудың мақсаты: қысқа мерзімді мақсаттарға және оқу бағдарламасына
сәйкес оқыту нәтижелеріне оқушылардың қол жеткізулерін талдау;оқу
материалын меңгеру және оқу үдерісін ұйымдастырудағы ерекшеліктерді
анықтау үшін мұғалім мен оқушы арасында жедел өзара байланысты
орнату;оқу үдерісін ұйымдастыруға түзету енгізу; - жалпы білім беру мекемесі
жағдайында мүмкіндіктері әртүрлі балаларға инклюзивті білім беруді әзірлеу
және8енгізу.
Осы мақсаттардан барып келесі міндеттерді шешу қажеттілігі туындайды:
-оқу8бағдарламасын8меңгерудегі8бар9кемшіліктерді8жоюға
оқушыларды ынталандыру;
-оқытудың3жоспарланған8нәтижелеріне7қол жеткізу үшін оқушының
жеке+ілгерілеушілігін8бақылау8және7дамуының8өзіне8тән8траекториясын8түзету;
-оқу-үдерісінің9әрбір4кезеңіндегі9әрбір7оқушының2дайындық8деңгейін7анықтау;
-әртүрлі9атқарған8қызметтері2үшін8алған8бағаларының9маңыздылығын8саралау;
-оқу9бағдарламасының9тиімділігін8бақылау;
-мұғалім,5оқушы7және7ата-аналар2арасындағы2кері6байланысты
қамтамасыз7ету ерекше7білім8беруге4қажеттілігі4бар9балаларды8оқытуға7кедергісіз7орта7жасау 7оқушыларды7теңгерме7құралдармен7қамтамасыз2ету;
-бастау8мүмкіндіктері3әртүрлі8балаларға8бірыңғай9білім7беру9ортасын9құру;
-мәселе бойынша нормативтік-құқықтық база әзірлеу;
-іс-әрекеттің9диагностика-консультациялық, емдеу-сақтандырушылық, әлеуметтік-еңбекшіл8бағыттары9арқылы9инклюзивті сыныптарда балалардың дамуына психологиялық-педагогикалық7бағыттау3жүйесін7ұйымдастыру;
Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін: қалыптастырушы
бағалауды; ішкі жиынтық бағалауды; − сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге
асырады.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы білім алушылардың оқудағы
жетістіктерін анықтауға негіз болатын бағалау критерийлері нормативтік
құжаттарда көрсетілгендей оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын
талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс.Ескеретін жағдай, мектепте
оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың басым көпшілігі зерде
дамуы қалыпты және зерде дамуының тек жеңіл бұзылыстары бар балалар
болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ өзінің құрбыластарымен білім
мазмұнын8бірдей5игереді.
Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерінің дамуы мен
өсуіне әсер ететін сабақ барысындағы негізгі үдеріс. Ол мұғалімге сынып
оқушыларының білімін қадағалауға, жоспарына түзету енгізуіне, ал оқушыларға
өз оқу жетістіктерін өздері бақылауына және одан әрі өзінің даму бағыттарын
анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша бағалау ынталандырушы,
қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады. Мұндай бағалау түрінде
оқудың жақсаруын қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың арасында кері
байланыстың болуы шарт. Қалыптастырушы бағалау оқу үшін бағалауды мақсат
ете отырып, белсенді әдістерді тиімді пайдалануға негізделген. Мұнда бағалау
мен оқуды ажырату мүмкін емес, олар білім сапасын арттыруда бірін бірі
толықтырып отырады. Демек оқушылардың бірігіп талдау мәдениеті
қалыптасады; сыни және шығармашылық ойлауы дамиды; сұрақтарды қолдайтын
орта қалыптасады; өздерінің жеткен жетістіктерін көру арқылы оны жақсарту
сенімі нығаяды; күтілетін нәтижелері алдын ала анықталады. Қалыптастырушы
бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады
және тоқсан бойында үздіксіз жүргізіледі. Бұл бағалаудың нәтижесінде алынған
ақпараттың негізінде оқушылар оқу барысында өздерінің тапсырманы
қаншалықты дұрыс орындағанын біле алады. Ал мұғалімдер оқушының
қаншалықты ілгерілегені туралы мәлімет алып, соған сүйене отырып оқыту
үдерісіне өзгеріс енгізіп, түзетіп отырады. Қалыптастырушы бағалау кезінде
оқушы оқу үдерісіне белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді.
Сонымен бірге, өз жұмыстарына өзі баға берумен қатар, сыныптастарын бағалау
арқылы5өзінің8оқуын4жетілдіреді.
Критериалды бағалау жүйесі мектеп бітіруші түлектің тұлғасына
қойылатын қазіргі заманғы білім беру парадигмасының талаптары бойынша,
балалардың әртүрлі мүмкіндіктерінің, соның ішінде ерекше білім беруде
қажеттіліктері бар балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып
қалыптастырылады. Сондықтан, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау
жүйесі мектептегі құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды
ескеру9арқылы6әзірлену6қажет:
−меңгеру3деңгейін8саралау;
−критериалды8бағалау;
−бағалаудың8объективтілігі;
−бағалауды7дараландыру;
−бағалауды8жариялау.
Инклюзивті9сыныптарда6оқыту6адамгершілік3тұрғыда,9тұлғаға9бағытталған негізде, дамытушы,9дифференциалды6және9жеке9қажеттіліктерін5ескере отырып жүзеге асырылады.9Жоғарыда3аталған9бағалау9принциптерін6ескере отырып, мектептің құзыретті2білім9беруге9жағдайында
қалыптастырылған оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жүйесі мектеп
практикасындағы жаңа білім парадигмаларының талаптары мен бағалау
құралдарының арасындағы қайшылықтарды жоюға көмектеседі. Атап
айтқанда:
−оқу материалдарын игеруіне қарай деңгейлеп дифференциациялау
арқылы қалыптастырылған бағалау шкаласының критериалды бағалау
платформасы білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалауға
мүмкіндік8береді;
−бағалаудағы жариялылық көптеген психологиялық тұрғыдағы
мәселелерді шешуге көмектеседі, соның ішінде, білім алушылар мен олардың
ата-аналарының арасындағы қанағаттанғысыз бағаға қатысты қақтығыстар,
білім алушылар мен олардың мұғалімдерінің арасындағы балаға қойылған
бағаға келіспеушілік тұрғысындағы даулар, мұғалімдер мен ата-аналар
арасындағы5түсініспеушіліктер.
Зерде дамуының бұзылыстары бар балаларды қоспағанда, дамуында және
денсаулығында ауытқушылықтары анықталған, білім алуға арнайы қажеттілігі
бар балалардың жалпы мектептегі пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау,
кейбір бұзылыс түрлеріне байланысты шектеулерді ескермегенде (көру, есту,
сөйлеу, тірек-қимыл аппараттарының бұзылыстары, әлеуметтік-эмоционалдық
бұзылыстар), жалпы сыныпқа арналған критерийлер мен көрсеткіштер арқылы
бағаланады. Түзете дамыту пәндері бойынша бағалау критерийлері кез келген
тақырыпты игеру барысындағы оқу материалдарымен және қалыптастырылған
дағдыларымен тығыс байланысты болуы тиіс. Олар білім алушының әртүрлі
ісәрекеттерінің жиынтығы болып табылады және жұмыс барысында оқу
әрекеттерін жүзеге асыра отырып, білім деңгейін шыңдауына көмектеседі.
Түзете дамыту пәндерін қалыптастырушы бағалау критерилері жаңа
сабақты игеру мүмкіндігіне қарай ерекше білім беруде қажеттіліктері бар
оқушылар үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып әр сабаққа
жасалады.
Ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың ерекшеліктерінің
ескерілуі жан-жақты бағалау өлшемдерін енгізуді талап етеді. Аталған бағалау
өлшемдері бағдарламаны игеру процесінде білім алушының аздаған
жетістіктерін және алға ілгерілеушілігін ескеруге мүмкіндік береді,
түзетедамыту жұмыстарының нәтижесін бағалауға және алдағы жеке дамыту
жұмыстарының жоспары мен білім, білік, дағдыды икемді қалыптастыруға
ықпал етеді.Нәтижесінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар
оқушылардың оқу жетістіктерін жалпы білім беру стандартына сәйкес, тиісті
критерийлермен бағалау мүмкіндігі артады. Бұл түпкілікті нәтижеге жетуге
бағытталған жұмыс болып табылады. Оқу бағдарламасындағы түзете-дамыту
компонентінен ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушымен түзете-
дамыту жұмыстары жүргізілген жағдайда, пән мұғалімі жеке дамыту
бағдарламасының нәтижелерін өз жұмысының барысында ескеруі тиіс. Бұл
жағдайда, критериалды бағалау жүйесінің икемділігі мұғалімге
қалыптастырушы бағалау критерийлерін жекелеген тақырыптарды өту
барысында өзгертіп отыруына мүмкіндік береді. Алдағы уақытта оқушыға
қойылатын нақты талаптарды күрделендіріп отыруға болады. Сондықтан
ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар мен білім алуда жеке
қиындықтар туындаған оқушылар үшін оқу жетістіктерін бағалау
тапсырмаларын бейімдеу келесі мәселелерді қамтуы қажет:
− тұжырымдар мен анықтамалардың мазмұнын және грамматикасын
жеңілдету;
− көпбірлікті нұсқаулықтарды шағын бірлікті қадамдарға бөлу арқылы
тапсырманың орындалуын жеңілдету;
− тапсырмаға берілген жазбаша нұсқаулықтардан бөлек, қажеттілігіне
қарай, мұғалім тапсырманы қосымша дауыстап, мағынасын келтіре отырып оқиды;
− қажеттілігіне қарай жеке дара көмек көрсету: ынталандыру (мақұлдау,
эмоциялық қолдау), ұйымдастырушылық (назарын қарата білу, зейінін
жұмысқа аудару, өзін-өзі бағалау қажеттігін есіне салу), бағыттаушы (қайталау
және тапсырмаға берілген нұсқаулықты түсіндіру);
− тапсырманы орындауға берілген уақытты ұзарту;
− сабақ барысында баланың шаршауы, жалығуы байқалған жағдайда,
қысқа мерзімді (10-15 мин) сергіту сәттерін ұйымдастыру;
− педагог тарапынан теріс көзқарастың болуына жол берілмейді, білім
алушының эмоциялық күйзеліске түсуінің алдын алу қажет.
Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігі бар) оқушылар, танымдық
қызметіндегі айтарлықтай шектеулері болуы салдарынан, МЖМБС талаптарын
орындауға бағдарланбаған арнайы оқу жоспарларына және бағдарламаларына
сәйкес білім алады [19].
Танымдық қызметінің және тұтас жеке тұлғасының анық жетілмеуі
себебімен зерде бұзылыстары бар оқушылар оқу процесінде айтарлықтай
қиыншылық көреді. Әлеуметтік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған оқу мен
тәрбие әсерінен балалардың білім сапасы дамиды, белгілі білім, білік,
дағдыларды алады. Бірақ оқудағы осындай ілгері басқан қадамдар түрлі
оқушыларда бірдей бола бермейді. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту
мүмкіндіктерінің түрлілігі даму бұзылысындағы тереңдігіне және таралуына
байланысты болады. Дегенмен, критериалды бағалау жүйесін қолдану, ақыл-
ойының дамуында кемістіктері бар балалардың да даму динамикасындағы оң
өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді. Түрлі мақсаттарға сәйкес,
оқушылардың жетістіктерін қадағалау және бағалау орындалуы тиіс, олар
жалпы бағалау нормаларына негізделе алмайды. Баға оқушының ілгері
басуының дәрежесін ескеріп, оның оқу және даму процесін белсендендіріп,
тәрбиелік және түзете-дамыту міндеттерін орындауы керек. Ақыл-ойының
дамуында кемістіктері мен ауытқушылықтары бар балалар үшін олардың оқу
жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесі бойынша Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында әдістемелік
ұсынымдарын әзірлеген [20]. Инклюзивті білім беру жағдайында оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын басты талаптардың бірі, олардың жеке
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жалпы оқу мақсаттарының
орындалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, бағалау критерийлерін, жалпы
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қабылданған принциптеріне
сүйене отырып әзірлеу қажет және ол білу деңгейінен бастап, нәтижені бағалау
деңгейіне дейінгі аралықты қамтиды.
Оқушы:
− өтілген оқу материалын білетінін және түсінетінін көрсете алады;
− алған білімін стандартты және өзгеше жағдайларда қолдануға қабілетті;
− тиісті тәсілдерді қолдана отырып, қандай да бір тапсырмаларды
зерделей алады, заңдылықтарын таба алады, олардың арасындағы байланысты
анықтай7алады;
− шартты белгілер мен тиісті сәйкес терминологияларды қолдана отырып,
ақпаратты түсінікті жеткізуге қабілетті;
− оқу міндеттерін шешу мақсатында таңдалған тәсілдердің дұрыстығы
мен тиімділігін зерделеп, ойын айта алады. Критерийлер оқу тапсырмасының
қандай деңгейде орындалғанын нақты бағалауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштерге жіктеледі, ал бұл көрсеткіштердің әрқайсысы оқушының оқу
мақсаттарын орындауда нәтижеге қандай дәрежеде жақындағанын анықтап
береді. Критериалды бағалау жүйесін қолдануда әрбір тапсырма бағаланып
отырады. Нәтиже әрбір тапсырманың жекелеген элементтерінің дұрыс
орындалуына қойылған бағалаудан тұратын жиынтық балдық көрсеткішпен
өлшенеді. Критериалды бағалау жүйесі кері байланыс функциясын атқарады.
Сондықтан күнделікті ағымдағы оқу тапсырмаларын орындау барысындағы ең
қанағаттанғысыз нәтиженің өзін оқушы жеке оқу жетістіктерін жақсарту үшін
берілген ұсынымдар деп қабылдайды. Критериалды бағалау жүйесінде әр
балдық көрсеткіш жетістік деңгейін көрсетеді. Маңыздысы, бағалау
шкаласының нөлден басталатынында, бұл оқушының жеке тұлғалық қасиеттері
емес, керісінше оқу іс-әрекеті бағалаудың тағы бір көрсеткіші [19]. Оқушының
білімін критериалды бағалауға арналған дескрипторлар тексерілетін әр
тапсырмаға құрастырылады. Қазіргі уақытта білім алушының оқу жетістіктерін
бағалауда жалпы қолданысқа енген бірыңғай критерийлер жоқ. Себебі,
оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлері қандай да бір
педагогикалық мақсаттар таксономиясының негізінде жасалады. Бүгінгі күні,
деңгейлер санымен, сол деңгейлердің негізінде жасалған критерийлерімен,
әрбір деңгейлерді тармақтарға жіктеп көрсететіндігімен ерекшеленетін
көптеген таксономиялардың түрлері бар екені белгілі. Дегенмен, бұл
мақсаттардың барлығы да білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
критерийлерін қалыптастыруға болатын негізгі төрт деңгейді қамтиды.
Инклюзивті білім беретін мектеп сыныптарындағы білім алушылардың оқу
жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеуде қандай мақсаттар
таксономиясын негізге алуға болатындығы сол сынып оқушыларының үлгерімі
мен сабақ үстіндегі өзара әлеуметтік қарым-қатынас орнату белсенділіктеріне
байланысты анықталады.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Білім туралы» ҚР-ның 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы (15 сәуір 2016 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

  2. Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2016 жыл.

  3. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы №8 бұйрығымен бекітілген.

  4. «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы.

  5. «Қазақстан Республикасында Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР-ның 2005 жылғы 13 сәуірдегі №308 -ІІ Заңы.

  6. «Мүмкіндіктері+шектеулі+балаларды7әлеуметтік8және8медициналықпедагогикалық түзетудегі қолдау туралы» ҚР-ның 2002 жылғы 11 маусымдағы №343 Заңы.

  7. «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен бекітілген.

  8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (13.01.2014ж жағдай өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) ҚР Кодексі.

  9. «Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 Қаулысы.

  10. «Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген.

  11. Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының қызметі жөніндегі Типтік ережелер (ҚР БҒМ № 258 бұйрығымен 2013 жылы 4 шілдеде бекітілген).

  12. «Білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы №262 қаулысы.

  13. «Бала құқықтары туралы» Конвенция БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 20.11.1989 ж. қабылданған. ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылдың 8 маусымындағы №77 қаулысымен ратификацияланған.

  14. «Мүгедектер құқықтары туралы» Конвенция – БҰҰ – 2007 жылдың 30 наурызы.

  15. Инклюзивті білім беру жaғдaйындa ерекше қaжеттіліктері бaр oқушылaрдың oқу жетіcтіктерін критериaлды бaғaлaу жүйеcі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет