АҚПАРАТТЫ ХАТ
ИННОВАЦИЯ –БIЛIМ– СПОРТ
БҮКIЛƏЛЕМДIК ФИСУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Университет спорты: қоғам денсаулығы мен болашағы
2017 жылдың 3-4 ақпаны
Халықаралық университеттiк спорт федерациясы
Қазақстан Республикасы бiлiм жəне ғылым министрлiгi
Қазақстан Республикасы студенттiк спорт федерациясы
Қазақ спорт жəне туризм академиясы
Алматы, Қазақстан
Құрметті Конференция
қатысушылары мен қонақтары!
XXVIII Бүкілəлемдік қысқы Универсиада Ұйымдастыру Комитеті атынан
Сіздерді–«Университет спорты: қоғам денсаулығы мен болашағы» FISU
Қысқы конфренциясының қатысушылары мен қонақтарын шын жүректен
құттықтаймын.
Біз өзімізде университеттік спорт басшылары мен ұйымдастыру-
шыларын, белгілі ғалымдар мен практиктерді қабылдауға қуаныштымыз.
Бүгінде əлемнің көптеген елінде азаматтардың өмір сапасы мен
тұрмысын жақсартуға, денсаулығын нығайтуға, жастарды денелік дамыту
мен рухани тəрбиелеуге басты назар аударылып келеді. Бұқаралық спортты
насихаттау артуда жəне көптеген адамдар салауатты өмір салтын ұстануға
бет бұрып, рух пен тəннің үйлесімін табуға талпынуда.
Ұлттың генефонды, яғни, ел болашағы туралы сөз болғанда, өскелең
ұрпақ денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңызды стратегиялық мəні бар.
Университет спорты бұқаралық спортты дамыту, қоғамды ықпалдастыру,
жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл
атқарады.
FISU қысқы к онференциясын Алматы қаласындағы XXVIII
Бүкілəлемдік Универсиаданың ресми бағдарламасы аясында өткізу жəне
оның жұмысына халықаралық студенттік спорт қозғалысы, беделді ұйымдар
мен қоғамдастықтың белгілі қайраткерлерінің қатысуы бұқаралық студенттік
спорттың қордаланған мəселелерін шешу жəне одан əрі дамыту болашағы
бойынша жемісті пікір алмасуға жəне ұсыныстар туғызуға жайлы жағдай
жасап береді.
Осынау конференция азаматтардың ауқымды бөлігінің спорттық
қозғалысқа қатысуына түрткі болатынына жəне университеттік спорт
дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынына шынайы сенім білдіремін.
Сіздерге өнімді жұмыс, сəттілік пен қызықты пікіралыс тілеймін.
Иманғали Тасмағамбетов
XXVIII Бүкілəлемдік қысқы Универсиада
Ұйымдастыру Комитетінің төрағасы,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Құрметті əріптестер, қадірменді достар!
Қазақ спорт жəне туризм ак адемиясында өтіп жатқан FISU
«Жаңашылдықтар-білім-спорт 2017» дүниежүзілік конференциясында
Х а л ы қ а р а л ы қ у н и ве р с и тет т і к с п о рт ф ед е р а ц и я с ы н ы ң ат ы н а н
барлықтарыңызды көру мүмкіндігіне ие болғаным үшін қуаныштымын.
Конференцияның басты тақырыбы «Студенттік спорт: қоғамның
денсаулығы жəне болашағы» бізді болашақ ұрпақ өмір сүретін əлем
жайында ойлантуы тиіс. Бұл əлем жаңа мүмкіндіктер ашады, сонымен қатар
үлкен міндеттер жүктейді. Бізге тəуекелдерді мұқият бағалау жəне болжау
аздық етеді, бізге оларға төтеп беру үшін мықты əрі білікті басшылар қажет.
Бұл FISU жұмысы маңызы жер. FISU мақсаты – болашақтың
көшбасшыларын тəрбиелеу үшін адамдарға инвестиция салу. Спорт жастар
арасында көшбасшылық қасиеттерді дамытудың үздік құралы болып
табылады. Себебі спорт əділдіктің құнды екенін, қарсыласқа құрметпен
қарауды жəне түрлі мəдениеттер мен діндерді мойындауды үйретеді. Бұл
құндылықтар болашақ көшбасшылар үшін мықты құралдарды белгілейді
жəне оларға біз өмір сүретін əлемді жақсырақ, қауіпсіз етуге, гүлдендіруге
көмектеседі. Біз жоғары оқу орындарының баға жетпес үлесінсіз өз
мақсатымызға қол жеткізе алмаған болар едік. FISU-та біз жаңа білім беру
бағдарламаларын əзірлеуде университеттік қоғамдастықпен қоян-қолтық
жұмыс жасаймыз. FISU «Жаңашылдықтар-білім-спорт 2017» дүниежүзілік
конференциясы бізге идея алмасуға жəне студенттік спорттың үлкен
əлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін əріптестік құруға көмектеседі. Сіздерге
мол қызықты талқылаулар тілеймін!
Олег Матыцин
Халықаралық университеттік спорт
федерациясының Президенті
Құрметті əріптестер!
2017 жылғы 2-5 сəуірде, Алматы қаласындағы (Қазақстан) XXVIII
Бүкілəлемдік Универсиада қарсаңында Халықаралық студенттік спорт
федерациясының «Университет спорты: қоғам денсаулығы мен
болашағы» ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.
Конференция халықаралық студенттік қозғалысты дамытудың
келешегін, студенттік спорттың заманауи əлемдегі орнын талқылау
үшін дене тəрбиесі, спорт жəне білім беру саласындағы түрлі елдердің
ғалымдары мен мамандарын біріктіреді.
Аталған форумда талқыланатын ғылыми бағыттардың
тақырыптары жас ұрпақ денсаулығын сақтау мен нығайту мəселелерін
шешуге, тұлғаны денелік тұрғыдан жəне адамгершілікке тəрбиелеу
жүйесін жетілдіруге, студент жастардың дене тəрбиесі жəне спортпен
айналсуының тұрақты уəждемесінің жолдарын зерттеуге байланысты.
FISU конференциясына қатысушылар бір-бірімен білім, пікір жəне
жетістіктермен алмаса алады, ал басты спикерлер ретінде əлемдік
қоғамдастықтағы беделді ғалымдар мен мамандар болады.
К о н ф е р е н ц и я ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л а р ы К о н ф е р е н ц и я н ы ң
халықаралық студенттік қозғалысты дамытуға елеулі үлес қосуына,
спорт ғылымы, білім беру жəне студенттік спорт саласындағы
ынтымақтастықтың жаңа жолдарын ашуға ықпал етуіне қажеттінің
бəрін жасайды.
Ерлан Сағадиев
FISU Конференциясы Ұйымдастыру Комитетінің төрағасы,
Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым Министрі
Жергілікті өкілдер үшін тіркелу жарнасы (Қазақстан)
Қатысушылар
Қатысушылар үшін тіркелу жарнасы бағасына енетіндер: əуежайдан қонақүйге
жəне кері жеткізу, FISU конференциясы пленарлық отырысына қатысу, ресми кешкі
ас, кофе-брейктер, жарияланым жəне үлестірмелі материалды конференц-сумка,
Алматы қаласы бойынша тасымалдау, Универсиада нысандары бойынша
экскурсия.
Сырттай қатысушылар үшін тіркелу жарнасы бағасына енетіндер: Қысқы
конференцияға қатысушы сертификаты, Конференция материалдарының жинағы
(электронды түрде).
Қатысуға өтінім
Баяндама авторлары Конференция сайтының «Тіркеу» бөліміне тіркелу үлгісін
толтыру қажет.
universiade2017conferencealmaty.com/kz
Сіз 3 күн ішінде өтініміңіз қабылданғаны туралы хабарлама аласыз.
Конференция қатысушысына арналған тіркелу үлгісі
Тегі _______________ Аты ____________ Əкесінің аты__________________
Лауазымы, ғылыми дəрежесі, атағы ___________________________________
Ұйым_____________________________________________________________
Мекенжайы________________________________________________________
Ел________________________________________________________________
Тел.________________ факс____________ e-mail________________________
Тіл: ағылшын, қазақ, орыс.
Сараптама комиссиясы пленарлық сессия үшін мақалалар мен секциялық
сессиялардың жетекші баяндамашыларын іріктейді. Пленарлық отырыс
баяндамашылары мақаламен бірге қысқаша аңдатпа, өмірбаяны мен суретін
ұсынады.
Маңызды даталар:
Мақалалар қабылдау - 2016 жылғы 01 желтоқсанға дейін
Санаты
Алғытіркеу
(15.09.2016-1 5.11.2016)
Орында тіркеу
Тұрақты
қатысушылар
10 000 теңге
12 000 теңге
Студенттер/ аспиранттар,
магистранттар
5 000 теңге
7 000 теңге
Сырттай қатысу
3 000 теңге
I. Конференция өткізудегі мақсат
Конференция өткізудің мақсаты – дене тəрбиесі мəселелерінің түрлі
салаларын, денсаулықты сақтау жəне нығайту, студент жастарды дене
тəрбиесі мен спортпен айналысуға баулуды талқылау, инновациялық дене
тəрбиесі-сауықтыру жəне спорт технологияларын анықтау.
II.«Университет спорты: Қоғам денсаулығы жəне болашағы» 2017
Конференциясының басты тақырыбы
Конференцияның тақырып бөлімдері:
1. Университет спорты – денсаулықты нығайту жəне универсиада
шыңына шығу жолы.
2. Спорттағы допинг мəселелері жəне допингкеқарсы технологиялар.
3. Бұқаралық дене тəрбиесі мен спорттағы дене тəрбиесі-сауықтыру
жəне спорт технологиялары.
III. Өткізу түрі жəне баяндамалар ұзақтығы
Баяндамалар:
- пленарлық сессияларда - 30 мин;
- секциялық сессиялардығы жетекші баяндамалар - 20 мин;
- секциялықсессияға қатысушылардың баяндамалары - 10 мин;
- жарыссөздерде сөйлеу - 5 мин.
IV. Конференция өткізудің ресми тілдері: ағылшын, қазақ, орыс.
V. Шетелдік қатысушылар үшін тіркелу жарнасы.
Санаты
Алғытіркеу
(15.09.2016-1 5.11.2016)
Орында тіркеу
Тұрақты
қатысушылар
60 евро
70 евро
Студенттер/ аспиранттар,
магистранттар
30 евро
40 евро
Сырттай қатысу
Қатысушылар
10 евро
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТІК СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫ – FISU
Халықаралық университеттік спорт федерациясы – FISU 1949 жылы құрылды, FISU -
Fédération Internationale du Sport Universitaire - Халықаралық университеттік спорт
федерациясы дегенді білдіреді. FISU жоғары оқу орындарында спорттық
құндылықтарды арттыру жəне спорттық тəжірибені студенттік рухпен келісімде жəне оған
қосымша қолдау мақсатында құрылды. Спорттық құндылықтарды қолдау студенттер
арасындағы достықты, бауырластықты, адал ойынды, табандылықты, адалдық пен
əріптестікті насихаттауды білдіреді. Олар күндердің күнінде саясатта, экономикада,
мəдениет пен өнеркəсіпте жалғасын табады.
17-25 жас (2016 жəне 2017 жылғы жайттар үшін жоғары жас шегі 28 жас)
аралығындағы студент-атлеттер үшін ашық FISU спорттық шаралары: Жазғы жəне қысқы
универсиадалар мен Дүниежүзілік университеттік чемпионаттар. Универсиадалар тақ
санды жылдары ұйымдастырылатын көпспортты шаралар, ал Дүниежүзілік
университеттік чемпионаттар жұп санды жылдары спорттың бір түрінен өткізілетін
шаралар. Спорттық жарыстардан бөлек, FISU оқу іс-шараларын, яғни университеттік
спорт бойынша FISU форумын, FISU спорт арқылы даму бойынша дүниежүзілік
конференциясын, FISU «Жаңашылдықтар-білім-спорт» дүниежүзілік конференциясын,
FISU спорт жəне білім беру бойынша саммитін, FISU жастар арасындағы көшбасшылық
бойынша семинарларын ұйымдастырады.
FISU-дың ұраны – «Ақыл-ой мен дененің басымдылығы». Іс-шара достық пен
спорттық шеберлік рухында тойлау үшін спорт пен бүкіл əлемнің білім қауымдастығын
біріктіріп, жарыстардағы білім беру жəне мəдени аспектілерін қамтиды. FISU өзінің іс-
шаралары мен бағдарламаларын əзірлеу үшін барлық негізгі халықаралық спорттық
жəне оқу ұйымдарымен бірлесіп жұмыс жасайды. Мұндай өзара ықпалдастықтың негізгі
нəтижесі ретінде 2015 жылы Білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері бойынша біріккен
ұлттар ұйымы (UNESCO) 20 қыркүйек күні атап өтелетін Халықаралық университеттік
спорт күнін, жəне допингке қарсы нұсқаулықты, сондай-ақ Дүниежүзілік допингке қарсы
агенттік (WADA) əзірлеген оқу материалын жария етті.
FISU 170 мүше-қауымдастықтардан (ұлттық университеттік спорт федерациялары)
тұрады. Əрбір төрт жыл сайын FISU бас ассамблеясы FISU атқарушылық комитетінің,
оның Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Он төрт тұрақты комитет
атқарушылық комитетке өздерінің маманданған салаларында кеңес береді. FISU
күнделікті басқару үшін FISU атқарушы комитеті FISU штаты мен бас хатшыға иек артады.
FISU штаб-пəтері Швейцарияда, Лозаннада орналасқан. FISU қазіргі таңдағы президенті
Олег Матыцин болып табылады. FISU бас хатшысы жəне Басқарма төрағасы – Эрик
Сайнтронд.
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖƏНЕ ТУРИЗМ АКАДЕМИЯСЫ
Қазақстанның көне жоғары оқу орны – Қазақ спорт жəне туризм
академиясының тарихы отандық спортты дамыту тарихымен, мемлекеттің
қалыптасуымен жəне гүлденуімен тығыз байланысты.
1944 жылы Қазақ дене шынықтыру жəне спорт институты құрылды, ал
2001 жылы ол Қазақ спорт жəне туризм академиясы ретінде қайта қаралды.
Академия ұжымы Қазақ дене шынықтыру институтының бай дəстүрін
тек сақтап қана қоймай, оны шығармашылық тұрғыда жетілдіре алды.
Өз қызметі жылдары жоо дене тəрбиесі, спорт жəне туризм
мамандығы бойынша 25000-нан аса маман, оның ішінде 3000-ға жуық спорт
шебері мен халықаралық дəрежедегі спорт шеберін, 100-ден аса əлем
чемпионын, 550 КСРО жəне ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысын, 28 ғылым
докторы мен 180-нен аса ғылым кандидатын даярлады.
Академияда мамандарды сапалы даярлау мен педагогикалық
ұжымның кəсіби өсуі үшін барлық жағдай жасалған. Білім беру жəне ғылыми-
зерттеу қызметін 12 кафедра, спорттың ғылыми-зерттеу институты мен
туризмнің ғылыми-зерттеу институты жүзеге асырады. ҚазСТА базасында
спортқа дарынды балаларды даярлау үшін Олимпиада чемпиондарының 6
атаулы академиясы құрылды.
Ак адемия базасында үш мəрте спорт ғылымындағы ең ірі
форумдардың бірі – «Олимпиадалық спорт жəне бұқаралық спорт»
Халықаралық ғылыми конгресс жəне студенттер мен жас ғалымдардың
«Университет спорты: Ұлт денсаулығы мен гүлденуі» халықаралық
конференциясы өткізілді.
ЖОО спорттық өмірінің ерекше жарқын парақтарын 57 медаль, оның
ішінде 29 алтын жеңіп алған Олимпиада ойындарының чемпион түлектері
алып отыр. Қазақстан студенттік құрама командасының негізін мемлекеттің
Тəуелсізідігі жылдары Бүкілəлімдік униврсиадаларда 36 алтын, 45 күміс
жəне 51 қола медаль жеңіп алған Академияның студент-спортшылары
құрайды.
2015 жылы университеттік спорт қозғалысын дамытқаны үшін Қазақ
спорт жəне туризм академиясына ФИСУ-дің «Үздік университет» атағы
берілді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СТУДЕНТТІК СПОРТ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Қазақстан Тəуелсіздік алғаннан бастап студенттік спортты дамытуға
үлкен назар аударыла бастады. 1992 жылы Ұлттық студенттік спорт одағы
құрылды. Қазақстан студенттері құрама командалары 1993 жылдан
Бүкілəлемдік Универсиадаларға қатыса бастады. 2001 жылы Ұлттық
студенттік спорт одағы университеттердің Ұлттық спорт одағы ретінде қайта
құрылып, сол жылы халықаралық студенттік спорт федерациясына (ФИСУ)
қабылданды. Бірақ, əлемдік спорт аренасындағы үнемі өсіп отырған
бəсекелестік жағдайында студенттік спортты басқарудың неғұрлым ыңғайлы
жолы мен жүйесі қажет болды. Осыған байланысты, Қазақ спорт жəне туризм
академиясы бастамасымен, университеттердің Ұлттық спорт одағы 2006
жылы ҚР студенттік спорт Федерациясы болып қайта құрылды.
ҚР студенттік спорт Федерациясы өз қызметін Қазақстан ЖОО-ры жанынан
спорттың базалық түрлері бойынша федерациялар құру арқылы жүзеге
асырады. Бұл федерациялардың Президенттері болып өз жоо-да спорттың
бір-екі түрін дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар ірі университеттердің
ректорлары сайланды.
Федерация университет спорт клубтарының жұмысын ұйымдастырады,
студенттердің Республикалық жарыстарға даярлығы мен қатысуын жүзеге
асырады, Бүкілəлемдік Универсиадаларға, студенттер арасындағы əлем
чемпионаттарына қатысу үшін студенттік құрама командаларды жасақтайды,
жаттықтырушы кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, спортқа
қабілетті балалардың Қазақстан жоо-да оқуы үшін жағдай жасау бойынша
ықпал жасайды. Федерация бастамасы бойынша, «Білім туралы» ҚР Заңына,
сəйкесінше, Қазақстан, Азия, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орын алған
жас спортшы «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы бойынша жооға
конкурстантыс қабылдануына құқық алатын толықтырулар енгізілді.
Қазақстан студенттік спорт Федерациясы Универсиада жеңімпаздары
мен жүлдегерлерін, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларын марапаттауға
ерекше назар аударып келеді. Студенттік спорт Федерациясы Президентінің
бастамасымен, студент-спортшыларды ынталандыру мақсатында Қазақстан
Республик асы Үкіметі студент-спортшыларға, сондай-ақ олардың
жаттықтырушыларына Бүкілəлемдік Универсиадалардағы жоғары нəтижелері
үшін сыйақыны мынадай мөлшерде бекітті: алтын медаль үшін – 15000 АҚШ
доллары; күміс медаль үшін – 10000 АҚШ доллары; қола медаль үшін – 5000
АҚШ доллары. ҚР студенттік спорт Федерациясы қызметі арқасында
студенттік спорттың бұқаралығы артты, Қазақстанның студенттік спорт құрама
командалары бүгінде əлемнің қуатты студентік құрамалары қатарына енеді.
1993 жылдан Бүкілəлемдік қысқы жəне жазғы Универсиадаларда Қазақстан
студенттері 36 алтын, 45 күміс жəне 51 қола медаль жеңіп алды.
Деректемелері:
«Қазақ спорт жəне туризм академиясы» АҚ
050022, Алматы,
Абай даң., 85/105
телефон: 292-37-36, ф. 292-68-05
БСН 010840001890
Есеп шоты ИИК №KZ 078560000000011507
БанкЦентрКредит АҚ АҚФ
РНН 600700016358 БСК KCJBKZKX КБЕ16
Үйлестірушілер:
Макогонов Александр Николаевич
Кулахметова Гульбарам Амантайқызы
тел:. (727) 292 13 96; (727) 239 06 51
факс (727) 292 68 05
e-mail: g.kulakhmetova@fnsu.kz
universiade2017conferencealmaty.com/kz/
Document Outline - Страница 1
- Страница 2
- Страница 3
- Страница 4
- Страница 5
- Страница 6
- Страница 7
- Страница 8
- Страница 9
- Страница 10
Достарыңызбен бөлісу: |