Проблемалық жағдайлар
Проблемалық сұрақтарды тақырыпты оқыған кезде әр кезеңінде қоюға болады:
-жаңа тақырыпты түсіндіргенде «сабақтың басында), бұл қызуғышылықты тудырады;
-алған білімдерін бекіткенде, материалды жалпылауға көмектеседі және оқушылар өздігінен қорытынды жасай алады;
-білімдерін тексергенде;
Танымдық әрекеттерін белсендіруге проблемалық жағдай туғызу қажет:
1) «Ішін ауырса, ауызыңды тый» мәтел арқылы асқорыту тақырыбын өткенде айтуға болады.
2) «Айтбас жерде ауызынды тый, қышынбас жерде қолыңды тый»
3) «Ғалым мен жақын болсан, қолын жетер. Залыммен жақын болсаң, басын кетер»
4) «Сақтықты соқырдан үйрен, кішілікті түйеден үйрен» т.б
Биология сабағында танымдық қызуғышылықтарын дамыту үшін биологиялық есептер қолданамын. Есептерді шешкенде оқушылар әр түрлі пікірлерін айтады, дәлелдеуге тырысады, ойлайды, логикалық ойлау әрекеттері дамиды.
Биология сабақтарында мынадай мақсаттарды қолданамын:
а) оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға қалыптастыратын есептерді қолданамын
б) табиғи нақ пішіндерін анықтау тапсырмалар
в) іскерліктерін қалыптастыру және болжам арқылы дәлелдеу
г) зерттеу іскерлігін дамытуға арналған тапсырмалар
д) практикамен байланысқан теориялық білімдерін анықтауға арналған тапсырмалар.
е) бақылауға арналған тапсырмалар
ж) жаңа ақпарат беретін тапсырмалар
1.Мысалы, жалпылауға арналған тапсырмалардың бірін ойын ретінде өткізуге болады.
«Түсіндір» деген тапсырмада оқушылар мына өсімдік қай тұқымдасқа жатады? Жауабын шешу үшін мына сұрақтарға ең бірінші жауап беру керек.
а) Шие туралы айтылатын болса:
1. Бұл өсімдік ағаш немесе бұта
2.Жапырақтары жай, тор жүйкелі
3.жемісі қызыл, сүйекті
4.Гүлдері иіссіз, дұрыс, 5 күлтесі және тостағаны бар, аталығы көп,
аналығы 1
5. гүлшоғыры-қалқан
б) «қайсысы артық» деген тапсырма:
сұлы, бидай, қарабидай, тары, алмұрт
шие, алма, алмұрт, долана, сұлы
в) «Орама» деген танымдық ойын түріндегі тапсырма. Оқушылар бірін-бірінің артына отырып бір оралған қағаз береді. Әр топ бір тұқымдастың белгілерін қағазға жазады және олар оқып, қағазда дұрыс сызылмаған көп белгілер қалса сол топ жеңді.
Достарыңызбен бөлісу: |