Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар жалпы білім беру №39 орта мектебі «Биология сабақтарында оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру»



бет6/8
Дата21.09.2023
өлшемі0,66 Mb.
#109630
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
8.Тақырып «Тамыр»

1. Мұғалім оқушыға «Тамыр» бөлімін нашар менгергенсіңдер,-деді. Оқушының жауабы: «Тамыр жүйесі жөнінде білім міндетті емес, өйткені тамырдың практикалық маңызы жоқ»-деп жауап берді. Оқушының жауабы дұрыс па? Неге?


2.Оқушы биологиялық турнирде былай дәлелдеді. Қосжарнақты өсімдіктер кіндік тамыр жүйесін құрайды. Оқушы қандай қате жіберді.
3. Бөрібұршақ, қарабидай, сұлы, бидай осылардың тобында, бөрібұршақ неліктен артық?
4. Ағаштың тамырынң диаметрі мен бөрікбасының диаметрі бірдей бола ма? Неге?
5. Желдің әсерінен қатты зиян шегетін қарайғай ма, шыршы ма? Неге?
9. Бұл қызықты фактілер!
1.1 см2 теріде 200-400 сезгіш рецепторлар бар, ал бүкіл теріде 8 млн.
2.Іздейтін иттер жарты млн иіс айыра алады. Осындай иттер 1 см3 ауаның құрамынан заттың иісін 1 молекуласынан сезеді. Бірақта иттер бүкіл әлемді тек ақ-қара түсті түрінде көреді. Осыны қалай түсіндіруге болады?
3.Дегустатор-шараптың бір тамшысынан 70 түрін сезеді, кейбірлері шайдың сортын, қайдан әкелгенін, қашан қорапқа салынғанын біледі.
4.Сезу рецепторлар барлық денеде біркелкі орналаспаған. Мысалы, 1 см2 тізеде 10, ал үлкен саусақта 111-135 рецепторлар бар.
5. Температураның ауытқуын терінің әр түрлі үлескілері әр түрлі сезеді, өйткені саусақта, мұрын ұшында суықты сезетін нүктелер болады.


10.Логикалық тізбек

1.Аминқышқыл, глюкоза, ас тұзы (ас тұзы-бейорганикалық зат)


2.АТФ, РНҚ, ДНҚ (АТФ-энергия аккумуляторы)
3.Транкрипция, гликолиз, трансляция (гликолиз-глюкозаның тотығуы)
4.Крахмал, каталаза, целлюлоза (каталаз-ақуыз, фермент)
5.Аденин, тимин, хлорофилл (хлорофилл-жасыл пигмент)


Биологиялық жұмбақтар шешу:


1.Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды (шегіртке) т.б

Осындай үнемі ауыспалы материалдар сынып бұрышында болады, ол да танымдықты тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет