3) Әл-Фарабидің шығармаларында тәрбие тұралы түсінігі
4) Қорытынды
Отырар жерінен шыққан, ғұлама ғалым – әл-Фараби. Ол өзі өмір сүрген орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың толысуын, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап айтты. әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға, білім беру саласына жемісті үлес қосқан
Тәрбие – тал бесіктен» деген халық даналығының астарынан бір ғана мәселені, яғни, бала тәрбиесінің өте күрделі үдеріс екендігін айқын аңғаруға болады. Тәрбиені қажет ету мәселесінің адамзат қоғамымен бірге жасап келе жатқаны да талас тудырмайды. Өйткені, жас ұрпақ ғасырлар бойында қалыптасып, жүйеленген тәлім-тәрбиені, баба салтын санасына біртіндеп сіңіріп, оны дағдыға айналдырып отырады. Тәрбие мәселесі әрбір кезеңде озық ойлы ойшылдар мен тәлімгерлердің еңбектері мен пайымдық ой-пікірлерінен де көрініс тауып отырған
Әбу Насыр әл-Фараби де тәрбиеге ерекше мән береді. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы» деген әл-Фарабидің атақты қағидасына сүйене отыра, алдымен, ұлы ойшылдың тәрбие жөніндегі ілімдеріне тоқталуды жөн көрдім.
Ол «Бақытқа жету жайында» атты еңбегінде тәрбиеге анықтама бере келіп: «Тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту әдісі деген сөз… осы қасиеттер және бұлармен байланысты әрекеттер адамдардың жан-дүниесін баурап алатындай және адамдарды осыған жан-тәнімен құштар ететіндей болуы көзделеді», — деп жазды.
Азаматтарды бақытқа жетелеудің жолы» атты еңбекте: «Қала әкімі мен мұғалім бірдей дәрежеде тәрбиеші болып табылады. Мұғалім бала тәрбиелесе, әкім қала тұрғындарын тәрбиелейді»,- деп ой түйеді. Оның пікірінше: «Оқып-білім алу арқылы дүниені танып білуге, оның әсемдігі мен толыққандылығын байқауға болады. Әрі оқып-білу үшін, әртүрлі кәсіпті меңгеру үшін, адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін, талмай еңбек етіп, ерік-жігерді дамыту қажет, әрі оған тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу арқасында жетуге болады
Азаматтарды бақытқа жетелеудің жолы» атты еңбекте: «Қала әкімі мен мұғалім бірдей дәрежеде тәрбиеші болып табылады. Мұғалім бала тәрбиелесе, әкім қала тұрғындарын тәрбиелейді»,- деп ой түйеді. Оның пікірінше: «Оқып-білім алу арқылы дүниені танып білуге, оның әсемдігі мен толыққандылығын байқауға болады. Әрі оқып-білу үшін, әртүрлі кәсіпті меңгеру үшін, адамгершілік қасиетті қалыптастыру үшін, талмай еңбек етіп, ерік-жігерді дамыту қажет, әрі оған тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу арқасында жетуге болады
Ғалым тәрбиелеу әдістерін «Қатты әдіс» пен «Жұмсақ әдіс» деп екіге бөліп қарастырады. Ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтап кеткен. Қазіргі тәрбие үрдісі тұрғысынан қарағанда «қатты әдіс» деп отырғаны – «жазалау», ал «жұмсақ әдіс» деп отырғаны – «мадақтау». Демек, Фараби педагогикалық ықпал ету әдістерін алғаш ұсынған, оның тиімділігін дәлелдеп кеткен ғалым десек, қателеспейміз
Әбу Насыр әл-Фараби тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын адам болмайтынын, тек үйретуден, баулудан жалықпау керектігін айтады. Ғалымның бұл ойын Абайша айтсақ, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
Фараби «Бақытқа жету жолы» атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, доспейілділік секілді қасиеттерді ұрпақ бойына сіңіру үшін қалай тәрбиелеу қажеттігі жайлы нақты баяндап, өзінің педагогикалық жүйесінің белгілі құрамды бөлігі ретінде бала тәрбиесі мен оқыту мәселесін қатар алып қарастырады
Ежелгі грек ойшылдарына сілтеме жасай отырып ғұлама балаларды белсенді түрде оқытуды 7-8 жасынан бастауды нұсқайды. Ол оқыту, білім беру мәселелеріне үлкен назар аударып, бұл тұрғыда көптеген түбегейлі, терең пікірлер айтқан. Ол «Философтардың қойған сауалдарына жауаптар» деп аталатын еңбегінде педагогика, оқу, оқыту мәселелеріне қатысты жайларға тоқталады
Қорытынды
Ұлы ғұлама өз еңбектерінің басым бөлігін ұстаздық тұрғыдан, жас ұрпақты тәрбиелеу, қоғамның гүлденуін көздеп, тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған. Иә, шәкірт тәрбиелеудегі Әбу Насыр әл-Фараби айтқан ұстаз бойындағы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек, білім мен тәрбиені ұштастыра алсақ, онда біз өзіміздің ұстаздық ұлы қызметімізде «Қайырымды қала тұрғындарын» тәрбиелеп, қоғамымыз ізгіленетін еді.