«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



Pdf көрінісі
бет23/28
Дата06.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#7852
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

Тақырып таңдау
Әр топтан топ басшылары келіп жасырылып тұрған тақырыптарды таңдап алады.
І топ - Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір
ІІ топ - Қаратпа сөздерге байланысты  қойылатын үтір
ІІІ топ - Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір
Осы тақырыптар бойынша топтар постер қорғайды
Жеке жұмыс
Тақырыпқа қатысты тыныс белгісі қойылмаған сөйлемдер беріледі, сол сөйлемдерге тыныс белгісін
қойып шығу керек.
Сергіту сәті
Өзіңді тексер

Тапсырма 
Иә
Жоқ
Дәлелдеу
1
Сөйлемдердің   бәрінің  соңына нүкте 
қойылады

2
1 ,3,4 сөйлемдерде балалар қаратпа сөз емес, 
сондықтан үтір қойылмайды.
3
2,5 сөйлемдерде ерекшелеуші мағына жоқ, 
сондықтан үтір қажет емес.
4
5 сөйлемнің соңына леп белгісі керек.
1 . Ал дайынсыңдар ма балалар
2. Тәйірі сендерге жер  алыс па  Жарысып ойнап қазір жетіп бармайсыңдар ма
3. Ал сендер балалар жұмысқа кірісе беріңдер
4. Балалар айтсаңдаршы ауылда не жаңалық бар
5. Ой айналайын сені де көретін күн бар екен – ау 
Ескерту: әр жауапты түсіндіру (неге "иә", неге "жоқ")
Дұрыс жауапқа: 1 балл
Дәлелдеудің дұрыстығына: 2 балл
Қаратпа болатын сөздердің орнын тауып, тыныс белгісін қойыңдар.
2
Иә                       мал – жан аман ба?
2
Сіздің өмір жолыңыз қалай болып еді         
2
                   дегенмен  осы  әңгіменізді  тыңдағым келеді.
2
Уәде Құдай сөзі                тосамын.
2
Оларды  қайтесіз                 онан да өзіміз бастаңғы жасайық.
2
Е                  біз  не көрмедік.
2
Әй               сендер  жұмыстарыңды жалғастыра  беріңдер.
                      8.                көктем де туды – ау!
Қаратпа сөздер:  Орынбай, аға,  апа, балалар,  Күміс – ай, аға, ата,           жарықтық
Шынжыр әдісі
Түрлі-түсті қағаз қиындылары беріледі, сол қиындыларға бүгінгі өтілген сабаққа қорытындыларын 
жазып шығады. Соңынан топ басшылары шығып үш топтың шынжырларын біріктіріп, бір шынжыр
жасайды.
Сабақ соңында «бағалау парағының» ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
Кейінгі тапсырмалар
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Кейінгі оқу
Эссе жазу
 Ерназаров  Мұрат  Сүйінбекұлы
№132 Т.Айтбаев атындағы орта  мектептің 
                                                                             қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
                                                                                    Сырдария ауданы
Сабақ жоспары
Сыныбы: 8
Пәні: Қазақ тілі   Пән мұғалімі: Ерназаров Мұрат
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік беру
Сабақтың мақсаты:
 
   
 Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік беру.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерімен танысу.

Бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
 
  :  
 Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары туралы түсінік алады.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерімен танысады.
Бірлесіп жұмыс жасауға қалыптасады.
Сабақтың типі:  Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың формасы:      Жеке, жұптық, топтық.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:  Интерактивті тақта
Кезең 
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының
 іс-әрекеті
Әдісі 
Бағалау
І
Кіріспе бөлім 
3-минут 
Сыныпта жағымды 
ахуал орнату.  сыныпты 
үш топқа бөлу.
Мұғалімнің 
нұсқаулығымен 3 
топқа бөлінеді.
Қағазға 
жазылған
(Етістік, 
есімдік, 
үстеу)сөз
дер 
бойынша
І
Үй 
тапсырмасын 
сұрау
5 – минут
  Тізбектелген сұрақтар 
тарату
Оқушылар жеке-
жеке жауап 
береді. 
 
Сұрақтар
тізбегі
Бағдаршам
ІІ
Тұсау кесер
3- минут
Топтарға   ой   шақыру
арқылы   оқушыларды
жаңа
 
сабақтың
тақырыбымен
таныстыру 
Оқушылар 
топтасып өз 
ойларын айтып, 
жаңа 
тақырыпты 
ашады
 Сұрақ 
қою 
арқылы
ІІ
І
Негізгі бөлім
2-минут
7-минут
3-минут
10минут
Блум 
таксономиясы
10-минут
  «Оқы,   ойлан,     жауап
бер» 
 Топта 4 рольді: Лидер, 
баяндамашы, хатшы, 
уақыт сақшысы және 
бақылаушыларды 
анықтау. Топтарға сұрақ
беріледі, 
Жеке жұмыс, мәтінмен 
жұмыс
Жұптық жұмыс, өзара 
пікірлеседі
Топтық жұмыс 
тұжұрымдамалық карта
жасау, қорғау
Оқушыларға жеке 
жұмыс беру
 Жеке мәтінмен 
жұмыс жасайды 
Өзара пікірлеседі
Топпен бірігіп 
тұжұрымдамалы
қ карта 
жасайды, 
Тұжұрымдамалы
қ картаны 
баяндамашы 
қорғайды 
Оқушылар жеке-
жеке  сұрақтарға
жауап береді 
Кітаппен,
мәтінмен 
жұмыс 
Деңгейлік
тапсырма
Бағалау 
критерийлері
Блум 
таксономияс
ы
ІV
Сабақты 
қорытындыла
у
2-минут
Жеке
 
жұмыс.
Смайликтер
 
арқылы
(кері байланыс)
әдісін қолдану
Оқушылар  
стикерге жазып 
жапсырады
«Барлығы
түсінікті,
жартыла
й 
түсінікті,

түсінбеді
м» әдісі 
кері 
байланыс
V
Кейінгі 
тапсырмалар  
 
Кейінгі оқу
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)
І . Ұйымдастыру кезеңі
      1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
      2.Сыныпты топқа бөлу,оқушылар жасырылған қағаздарды алып, (Етістік,есімдік, үстеу) 3 топқа
бөлінеді.
     ІІ. Үй тапсырмасын сұрау 
      Тізбектелген сұрақтар тарату

Сұрақтар
Иә/жоқ
Түсіндір, дәлелде
1
Құрмалас сөйлем 
дегеніміз не?
2
Құрмалас сөйлем неше 
түрге бөлінеді?
3
Құрмалас сөйлемнің жай 
сөйлемнен 
айырмашылығы неде?
4
Аралас құрмалас сөйлем 
неше жай сөйлемнен 
тұрады?
      ІІ. Жаңа тақырыпты ашуға арналған ой шақыру сұрағы.
1.Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, тең дәрежеде байланысатын
сөйлемнің түрі.
2. Жай сөйлемдері жалғаулық шылаулар арқылы байланысатын сөйлемнің түрі қалай аталады?
     ІІІ. Топтық жұмыс «Оқы, ойлан,  жауап бер» 
Топты 4- 5 рольді: Лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтау.      
        Топтарға сұрақ  беріледі, оны топ мүшелері талқылайды. Талқыланған пікірлерді баяндамашы  
хабарлайды.
       Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді.
     
 Жаңа тақырыпқа байланысты әр топқа сұрақ беріледі  «Тұжұрымдамалық карта» жасайды
(жеке, жұптық және топтық жұмыс)
             1-топ     Ыңғайлас, себеп- салдар, талғау мәнді жалғаулық шылауларды пайдалана отырып
мысалдар жазу.
       2-топ   Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер неше жолмен байланысады?
       3-топ   Салалас құрмалас сөйлемніңт үрлерін атаңдар?            
Топ   мүшелері     жауаптарын   тұжырымдамалық   картаға   жазып   түсіреді,   барлық   жазылған
тұжырымдаманы   баяндамашылар   қорғайды.   Топ   мүшелері   бағалау   критерийлері   арқылы
бағалайды.               
                                                        Бағалау критерийлері 
Бағалау критерийлері
Түсініктеме

    ІV. Жұптық жұмыс. 96- жаттығуды орындау
Бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек.
ІV. Жеке жұмыс  «Блум таксономиясы»

Ойлау деңгейі
Сұрақтар мен тапсырмалар
Оқушының жауабы
-
Білу 
Салалас   құрмалас   сөйлем
дегеніміз не?
-
Түсіну
Құрамында қанша жай сөйлем 
болады?
-
Қолдану
Сабақтас
 
сөйлемнен
айырмашылығы қандай?
-
Талдау
Аралас құрмалас сөйлемнің жай 
сөйлемі ретінде салалас 
құрмалас сөйлем келе ме?
-
Жинақтау 
Салалас құрмалас сөйлемді 
қатыстыра отырып мәтін құрау 
(Болашақта кім болам?)
-
Бағалау
Достық деген не? тақырыбында 
салалас құрмаласты қатыстыра 
отырып эссө жазу
V. Сабақты қорытындылау.  Смайликтер арқылы
(кері байланыс)
          
       Барлығы түсінікті
       Жартылай түсінікті
Түсінбедім
 
Кейінгі тапсырмалар  
Салалас құрмалас сөйлемді оқып келу
Кейінгі оқу
Салалас құрмалас сөйлемге мысалдар жазып келу
 Сырдария ауданы, Қоғалыкөл ауылы № 44 орта мектеп
Құлымбетова Гулназ қазақ тілі әдебиеті
       
Мерзімі:
Сабақтың аты
Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың дұрыс 
сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Жалпы мақсаты
Диалогтік оқыту арқылы баланы 
тапқырлылыққа, психологиялық 
орнықтылыққа, өзара әрекеттестікке, ойлануға 
баулу.
Күтілетін нәтиже
Диалогтік оқыту арқылы балалар 
тапқырлылыққа, психологиялық 
орнықтылыққа, өзара әрекеттестікке, ойлануға 

үйренеді
Тапсырмалар 
Топтық жұмыс
Шағын жұмыс 
тобының 
тәжірибесі
Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:
Топқа бөлу «Ән арқылы»
Тақтада мына сурет көрсетіледі
Берілген суреттер бойынша өз ойларыңызды жазыңыздар
Қашықтықтан  басқару
Мақсаты
Кінәмшіл, эмоционалды немесе қайшы  келетін сұрақтармен жұмыс жасау.
Ұйымдастыру
Арнайы  еш  нәрсе  жоқ 
Жаттығудың сипаттамасы: 
Оқушыларды  кінәмшіл, эмоционалды немесе қайшы  келетін  тақырыптардан  қашықтықта ұстау
үшін әңгіме, драма, рольдік   ойынды және   т.б. қолданыңыз. Мысалы, жоғалту, айрылу кезіндегі
сезімдерін   ашық талқылауды   сұрағанның   орнына , одан да   бағалысын жоғалтқан   жас   жігіт
атынан     айтылған     әңгімені     қолдануға     болады.   Сосын   оқушылардан     оның     қандай   сезімде
болғанын  сұрайсыз. 
Тапсырма:
Әр топ бірлесе отырып «бағалысын жоғалтқан  жас  жігіт  атынан» әңгіме құрайды.
Сергіту сәті «Тілек шамы»
Постер қорғау
Диалогтік оқытудағы кедергілерді жеңу жолдары
   Алмағанбетова Қарлығаш Кәрімқызы
Сырдария ауданы  Тереңөзек кенті
№36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 
                                                                                       қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
                                       БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Еліміздің     білім   беру   жүйесін   сапалы   деңгейге   көтеру,бәсекелестікке   қабілетті   тұлға   дайындау
алдыңғы кезектегі мәселелер қатарында тұр.Ал бүгінгі бәсекенің ұстанымдарына икемді түлектердің
тұлға болып қалыптасуы мектептен бастау алады. Сондықтан да мектеп ұстаздарының алдына бүгінгі
өзгермелі   жағдайларда   еркін   бағдарлана   алатын   құзіретті,   шығармашылық   мәдениеті   жоғары
шәкірттер  дайындау   міндеті   қойылып  отыр.   Ақпараттық   технологиялардың  оқу   үрдісінен  кеңінен
орын алуы заман талабы болып отырғандықтан ұстаздардың білімді,сапалы ұрпақтар дайындауында
осы технологияға ерекше мән бере отырып қолдану қажеттілігі туындауда. 
Оқытудың технологиялық құралдарын қолдану мазмұнды меңгеру үрдісін қарқындандырып, білім
алушылардың оқу ынтасын арттыруға,  дербестік және саралай оқыту ұстанымдарын жүзеге асыруға
мүмкіндік туғызады. Ұстаздың қазіргі талаптарға сай ғылыми ізденісте еңбек етуі нәтижелі оқытудың
алғы шарты болып табылады. Ал бұл ғылыми ізденістердің басты мақсаты сапалы білім беру екендігі
белгілі.
Қай   мемлекеттің   де   негізгі   тірегі-білімді   де   білікті,   іскер   де   белсенді   адамдар.   Сондықтан   қоғам
талабына сай ол қоғамды көркейтетін,дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр
баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту»сияқты
өзекті мәселелер орынды енгізілген.
Келешек жас ұрпаққа білім беруді әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан
қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса,екінші жағынан ерекше дарынды балалардың тек
өзінің интелектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Бала бойындағы ерекше қабілетті,дарындылықты тани білу, дамыту, бағыт-бағдар бере білу жауапты,
әрі қажетті іс. Баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре
білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы.
Қазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие процесі арқылы оқушыларға терең білім берумен
қатар ойлау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсаты көзделеді.Жас ұрпаққа жан-жақты білім

және   тәрбие   беру   мұғалімнің   басты   міндеті.Қазіргі   жаңа   педагогикалық   технологияның   өзі   бізге
дәстүрлі емес бағытта жаңашылдықпен жұмыс жасауға бағыттайды.
Танымдық   ойындар   ұйымдастыру   арқылы,нәтижесінде   баланың,мұғалімнің   назарынан   тыс   қалып
қою,зерігу   дегендері   болмайды.Күнделікті   сабаққа   қарағанда   бұл   сабақтардан   оқушы   тиімді
ақпараттар   алады.Оқушыларды   шығармашылыққа   итермелеп,   дамыта   білім   береміз.Сабақтағы
ақпараттар   сыныптан   тыс   жұмыстарда   да,бағдарлы   курстарда   да   тиімді   ақпарат   болады.Сабақта
оқушы өз бетінше ізденеді,тұлғаға бағытталған іс-әрекет жасайды.  
«Ешбір адамға білім алу мен жетілу беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске аспайды. Оған қол
жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен.өз күшімен ұмтылуы тиіс».
Ұстаз   еңбегінің   ең   бастысы   оқушылармен   жұмыс   істеуге   бағытталады.Олар   әр   баланың   жас
ерекшелігімен   жеке   қабілеттерін   ескере   отырып,   танымдық   қызығушылығын   қалыптастыруға
міндетті.Сондықтан   оқуға   қызығушылығын   қамтамасыз   ететіндей,   бала   әр   кезде   өзі   жаңа   нәрсе
ашқандай қылып оқытуды ұйымдастыру қажет. 
Өзімнің тәжірибелік жұмысымда, пәнге қызығушылығының қалыптасуына, оқушыларды өз бетінше
жұмыс   жасау   қабілетінің   дамуына,   логикалық   ойлауына,   үлкен   мән   беремін.   Сондықтан
сабақтарымның   көп   уақыты   оқушылардың   оқулық,   арнайы   және   анықтамалық   әдебиет
материалдарын   өз   бетінше   оқып   зерттеуіне,   соңғы   жетістіктер   жайлы   баяндамалар   мен
хабарламаларға бөлемін. Басқаша айтқанда, оқушы сабақта бос отырмайтындай, яғни  К.Д.Ушинский
айтқандай  « басты ойсыз,қолды іссіз » болмайтындай жағдай туғызуға тырысамын.
Оқушылардың   топ,   ұжым   болып   жұмыс   жасағанда   ізденіске   ұмтылысы   күшейеді.   Сондықтан
семинар-жобалар,   дөңгелек   үстел,   қоғамдық   бақылау,сабақтан   тыс   жұмыстарды   өткізуге   ынталы,
өйткені сабақта енжар болып отырған оқушыларда ізденіп, жаңа нәрсе тапқанына қуанады, пәнге
сүйіспеншілігін   одан   әрі   арттыру   үшін,   олардың   жұмысы   да   дұрыс   бағалануы   керек.   Үйірме
сабақтарында   оқушыларды   шығармашылық   жұмыстарға   жетелеу,   ізденіске   түсіру   арқылы
дарындылық қабілетін ашуға ықпал жасалады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы білім берудің ұлттық моделін дамыту бағытындағы
мақсаттарды   көздейді.   Осы   тұрғыда   білім   беруді   жаңашаландырып,   оның   жаңа   жүйесін   жасап,
дәстүрлі жүйеден ерекше болуын қамтамасыз ету басты парыз. Жалпы білім берудің қазақстандық
моделі   берік,   негізді   болу   үшін   оқушылар   санасына   өз   халқының  тарихи  тамырын,   рухани   және
адамгершілік   қағидаларын,   азаматтық   және   отансүйгіштік   идеяларын   басқа   халықтарға   деген   ізгі
көзқарастарын тәрбиелеу керек.
Әрбір   мемлекеттің   болашағы   мектебінде   шыңдалады.   Осы   елге   ертең   ие   болып,   тізгінін   ұстар
азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы болғандықтан, қазақстандық мектептерге үлгі болуға тиісті оқу
орындарының бүгінгі жайы,даму бағыттары бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.
Бүгінгі мектептің, мұғалімнің ең басты қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды
тұлға   қалыптастыру.   Рухани   байлық   ең   алдымен   әр   халықтың   ұлттық   әдет   –   ғұрпы,   әдебиеті,
мәдениеті, өнері шыққан түп тамырында екендігі. Сол ұлттық байлықты бүкіл азаматтың өз ұрпағын
тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың жол ашуына
түрткі жасау – міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті. Әр мұғалімнің сәулелі мұраты- өз
пәнінен   білім   беріп   қана   қоймай,   әр   баланың     «   менін   »   ашу   «   мендік   »     тұлғаға   жетелеу.
Шығармашылық   дегеніміздің   өзі   ізденімпаздықтан   туады.   Ұлы   дана   Абайдың   «өзіңе   сен,   өзіңді
сүйреп шығар, ақылың мен еңбегің »    деген сөзі еріксіз ойға оралады.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту
арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.Демек, ескі сүрлеуден арылып,
жаңа   жолдан   іс   бастайтын   сәт   ұстаздар   қауымына   туған   тәрізді.   Мұғалімдер   алдында   оқыту   мен
тәрбиелеудің   жаңа   технологияларын   қолдана   отырып,   жеке   тұлғаның   дамуына   жағдай   туғызу
қажеттілігі тұр.
Қортындылай   келе,   сабақта   тиімді   жұмыс   түрлерінің   жан-жақты   орындалуы,   ойластырылуы
мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты.
Ұстаз   үшін   ең   басты   мәселе   –   оқыту   әдісін   дұрыс   таңдай   білу.Технология   –   бұл   қандай   да   бір
жұмысты, өнерді, шеберлікті іске асыру жиынтығы.Осындай сабақ үлгілері арқылы оқушылардың
білімді   меңгеру   деңгейі,   іздену,   проблеманы   шешу,   жаңа   хабар   алу,   жемісті   әдістер,   іс-әрекеттер
арқылы жүзеге асатыны көрсетілген.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт жанына нұр құя алады. Мемлекеттік тілдің беделін
түсірмеу – біздің қазақ тілі мамандарының басты міндеті.  
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылы

№ 114 орта мектептің  тарих және құқық
пәнінің мұғалімі Алимова Гүлзира  Мұратбайқызы
«БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ»
ҚР Президенті Н.Назарбаев биылғы жылдың 17 қаңтарындағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат,
бір   мүдде,   бір   болашақ»   атты   Қазақстан   халқына   Жолдауында   өмірдің   барлық   саласына,   әрбір
азаматқа   қатысы   бар   негізгі   экономикалық   және   әлеуметтік   бағдарды   атап   көрсетті. Мемлекет
басшысы еңбекақыны, шәкіртақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны көтеру қажеттілігіне ерекше
көңіл бөлді. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2050 жылға қарай қазақстандықтар әлемдегі ең білімді
халықтардың біріне айналуы тиіс.
        Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің жарқын болашағының негізі, ұзақ 
мерзімге арналған «жол нұсқаушы» шамшырағы. Жолдауда еліміздің жарқын болашағы мен оның 
әлемдік аренадан ойып орын алу бағдарламасы айқын көрсетілген. «Қазақстан-2050» Стратегиясы 
барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол елдігіміз бен 
бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз саналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан.
Бұл орайда Елбасы 10 ілімді идеяны ұсынды.Олар:
Бірінші. Қазақстандықтардың
 
жұмысқа
 
тартылуы.
Онда
 
үш
 
маңызды
 
міндет
 
қойылған.
Біріншіден,   оқыту   мен   жұмысқа   орналасуға   септесудің   тиімді   жүйесін   жасау.
Екіншіден,
 
ауылдық
 
жердегі
 
кәсіпкерлікті
 
дамытуға
 
септесу.
Үшіншіден,   еңбек   ресурстарының   жинақылығы,   Қазақстанның   экономикалық   тұрғыдан   белсенді
орталықтарында
 
жұмысқа
 
орналастыруға
 
басымдық
 
беру.
Екінші. Қолжетімді
 
баспана.
Біз   жаңа   тұрғын   үй   құрылысы   бағдарламасын   іске   асыруға   кірісіп   кеттік.
Елімізде   жыл   сайын   6   миллион   шаршы   метр   тұрғын   үй   пайдалануға   берілуде.
Алайда   біз   жарты   миллионнан   астам   жас   отбасын   жеке   баспанамен   қамтамасыз   етуге   тиіспіз.
Үшінші. Өңірлерді
 
дамыту.
Қуатты
 
Қазақстан
 
дегеніміз
 
–  
ең
 
әуелі
 
өңірлердің
 
қуаттылығы.
Елдің   болашағы   экономикадағы   келешегі   зор   салалардың   дамуымен   байланысты.
Төртінші. Тұрғындарға
 
мемлекеттік
 
қызмет
 
көрсетудің
 
сапасын
 
арттыру.
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне се-
німін
 
арттырудың
 
маңызды
 
қыры.
Біріншіден,
 
Электронды
 
үкіметті
 
дамыту
 
керек.
2012   жылдың   аяғына   дейін   әлеуметтік   маңызы   бар   мемлекеттік   қызметтердің   60   пайызы,   соның
ішінде   лицензиялардың   барлық   түрлері,   тек   қана   электронды   түрде   болуға   тиіс..

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет