«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



Pdf көрінісі
бет20/28
Дата06.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#7852
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

V. Үйге тапсырма:  Өлеңді жаттап келу, шегіртке мен құмырсқаның іс – әрекетін сипаттайтындай
мақал – мәтел жинастырып келу. 
VI. Бағалау.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 Енсебаева Гульжан Урлешевна  Бастауыш сынып мұғалімі

 №37 орта мектеп. Қызылорда облысы
Табысты оқыту – білім кепілі
Әрбір бала мектепке   мағлұмат алсам, білсем, үйренсем деп келетіні анық. Сол оқушыға жан-жақты
білім, тәрбие беру әрбір ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өз бетімен білім алатын, жан-
жақты ізденуге талпынатын , болашақтағы өмір жолын өзі таңдай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаздың
қолында. Ал қазіргі қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап
етіп   отыр.     Қазіргі   жаңа   білім   беру   жағдайында   оқыту   үрдісіне   қойылатын   талаптар   да,   одан
алынатын нәтижелер де өзгерістерге бағытталған.    
Алдымызда   отырған  әр  оқушы   –  жеке   тұлға.   Сол  оқушының  өзіндік   жеке   ерекшелігін,   қабілетін
айыра біліп, оны әрі қарай дамыту ұзақ та үздіксіз жұмысты қажет етеді.  
Мұғалімнің сыныптағы негізгі жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оң нәтижеге жетуге ықпал
етуі. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-
дағдылары   мен   амал-қөзқарастарын   зейін   қойып,   зерделей   білген   білім   модельдері   аясында   ғана
жүзеге   асады.   Мұғалімдер   өз   кезегінде,   өзінің   сабақ   беруіне   емес,   оқушылардың   оқу   ептілігін
дамытуға назар аударуы тиіс.
Табысты оқу үшін ептілікті жетілдіру маңызды. Оқыту мен оқуда болып жатқан өзгерістермен бірге
мұғалім мен оқушы арасындағы өзара қарым-қатынас пен әрекеттер де өзгеріп тұруы тиіс. Осыған
дейінгі   дәстүрлі   сабақ   барысында   сыныптағы   қарым-қатынасты       мұғалім   –   ұйымдастырушы,
оқытуды басқарушы, оқу материалын ұсынушы болды. Сындарлы оқытудың нәтижесінде оқытуды
оқушы мен мұғалім бірігіп ұйымдастырады, оқушы белсенді серіктес болып табылады, оқушылар
бірлескен жұмысты ұйымдастыруы, оқушы оқыту үдерісін өздері басқару, оқыту зерттеу мен жаңаны
ашуға негізделіп, оқушының оқуға белсенділігін жоғарлатады.             Оқушы оқу үдерісіне белсенді
қатысқанда   ғана   материалды   терең   меңгеруге   қол   жеткізеді.   Егер   оқу   үдерісі   оқушы   мен   оқу
материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің
екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалім оқушының нені білетінін және нені жасай алатынын,
сондай-ақ олардың қызығушылықтарын білуі қажет . Сөзімді түйіндесем, білім мен түсінік оқушы
бойында қалыптасады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Жаңа   инновациялық   іс-әрекетпен   қаруланған,   психологиялық-педагогикалық   диагностиканы
қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім ғана осы мақсатқа жете алады. 
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қалхоразова Маржан Қайқыбекқызы
Қызылорда облысы Сырдария ауданы 
№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Мұғалімнің аты-
жөні:
Қалхоразова Маржан Қайқыбекқызы
Пәні :
Қазақ тілі
Сыныбы :
6
Күні :
19.02.2014.
Сабақ №
63
Сабақ тақырыбы:
Етістіктен өткенді қайталау
Жалпы мақсат:
Етістік,оның тұлғасы, құрамы, мағынасына байланысты түрлері мен басқа
да ерекше түрлері, олардың жасалуы жайлы өтілгендерді қайталап, бекіту.
Сілтеме:
25. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  
26. Пәнді оқыту әдістемесі 
27. Интернет желілері 
Оқушылар үшін оқу 
нәтижелері:
Етістік түрлері мен жасалу жолдарын біледі; оны сөйлем ішінде қолдана 
алады.
Негізгі идеялар:
Оқушылардың етістік бойынша өтілген материалдарды қалай 

игергендерін байқау; оны сөйлем мен мәтін ішінде дұрыс қолдана білуге 
дағдыландыру
Сабақта 
қолданылатын 
материалдар:
21. Постер, стикер, маркер,слайд, сурет
22. Интернет, оқулық
І. Оқушыларға 
психологиялық ахуал
туғызу 
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Амандасудың түрлері
(2 минут)
Оқушыларды шеңбер бойынша 
тұрғызамын. Амандасу түрлерін 
жасатамын:
Қазақтар-қол алысады
Италияда –құшақтасады
Бразилияда-бір-бірінің иығын 
қағады
Зимбабада-арқасымен
Македонияда-шынтақпен
Никарагуада –иықпен
Австралияда-
шапалақ,секіру,бөксемен.
Жұппен бірге орындау
Топқа бөлу
(2 минут)
Етістік түрлері бойынша топтарға 
бөлемін:
 1."Етістік" тобы:  етістік түрлері, 
негізгі және туынды, дара және 
күрделі, болымды және болымсыз, 
салт және сабақты; 
2."Етіс" тобы: өздік, өзгелік, 
ырықсыз, ортақ;
3. "Есімше" тобы: –ған,-ген,-қан,-
кен; -р,-ар,-ер,-с; -атын,-етін,-йтын,-
йтін; -мақ,-мек,-пақ,-пек;
4 ."Көсемше" тобы: .-а,-е,-й; -п,-ып,-
іп; -ғалы,-гелі,-қалы,-келі, көсемше;
 5. "Тұйық етістік" тобы:  ба-ру,ке-
лу; жи-нау,сөй-леу; та(п)бу,та(қ)ғу, 
тө(к)гу; 
жуу,буу,жию,жою;оқ(ы)у,ер(і)у;
Өздерінің алған стикерлері 
бойынша топтарға бөлінед
ІІ. Үй тапсырмасын 
сұрау      (3 мин)         
 Диалогқа түсіру(сұрақ-жауап):
-Біз қазақ тілінің қай саласын өтіп 
жатырмыз?
-Сөз таптары нешеге бөлінеді?
-Етістік қандай сөз табы?
Берілген сұрақтарға топ болып 
жауап беру
ІІІ. Жаңа тақырып   
 1-тапсырма. 
(15 минут)
Әр топқа өздерінің тобына берілген 
атау бойынша етістіктің түрлерін 
талдап,түсіндіру, постерге салып 
қорғады тапсырамын.
1.Сыни тұрғыдан ойланады, 
сұрақтар бойынша жауап 
іздестіреді.
2. Постерге салу
3. «Кім жылдам» 
4.Тақырыпты қорғау.
5. Критерий    бойынша 
топтардың бірін-бірі бағалауы 
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» 

2-тапсырма. 
(10 минут)
Жұптық жұмыс. «Суретпен жұмыс»
Жұптаса отырып етістіктің түрлеріне 
өз тобының атына байланысты 
сөйлем құрастыруды тапсырамын
Жұптаса отырып етістіктің 
түрлері мен жасалу жолдарына 
қарай сөйлем құрастырады
ІV. Қорытындылау   
(3 мин)
Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс.
Оқулықтың 194-195-бетеріндегі тест 
сұрақтарына жауап беруді 
тапсырамын.
Дұрыс жауаптары: 1.б; 2.б; 3.б; 4.а; 
5.б; 6.ә; 7.а; 8.а; 9.в; 10.б.
 Таратылған парақшаларға тест 
сұрақтарының дұрыс нұсқаларын
жазады.
V. Бағалау   
(2 мин)  
Өзін-өзі бағалау:
Берілген   бағалау   критерийлерін
пайдаланып   өздерін   бағалауларын
тапсырамын:
«5» - 9-10 балл, «4» - 7- 8 балл, 
«3» - 4- 6 балл, «2» - 1- 3 балл.
  Соңынан   парақшаларын   жинап
аламын.
Өздерінің дұрыс жауаптарын 
есептеп, өздерін бағалайды
VІ . Үй
тапсырмасын  беру  
(2 мин)  
Етістіктің түрлері мен жасалу 
жолдары бойынша мақал-мәтел, 
нақыл сөздер жазып келу. Мысалы: 
Оқу инемен құдық қазғандай.т.б.
Үй тапсырмасын түртіп алу
VII. Рефлексия   
 (3 мин )  
1 ) Барлығын түсіндім
2)  Жартылай түсіндім
3) Түсінген жоқпын
Оқушылар стикерге өз 
жауаптарын жазып, іледі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Жаңабатырова С.Ә.
№126 орта мектебінің II санатты  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, 
Қалжан ахун ауылы 
Бағдарламаға   сай,   сабақ   барысында   «Сабақ   беру   мен   оқытудағы   жаңа   тәсілдерді»-   қолдануда
«диалогтік оқыту» тәсілін басшылыққа алдым. Ағылшын тілі сабағында диалог үлкен рол атқарады.
Сабақты ұйымдастыру, жаңа материалды меңгерту, жаңа сабақты бекіту, қорытынды рефлексия, эссе
барлығы   диалог   арқылы   жүзеге   асады.Сонымен   қатар,   диалог   сабақта   оқушылардың
қызығушылығын арттырады, сабақтың жоғары дәрежеде өтуіне әсер етеді.
Диалог   әдісін   қолдана   отырып,   атап   айтар   болсам   жұп   аралық   топ   аралық   талқылаулар,   өзіндік
идеялар ұсынуда, баға беруде, түсіну   дағдыларын   қалыптастыруда   оқушылардың білім сапасын
жетілдірдім.  Диалогтік   оқыту   арқылы   мұғалім   баланың   өсіп-өнуіне   бағыт беріп қана   қоймай,
жан-жақты  ойлауына , дамуына  үлес  қосады. Өз пәнім бойынша  диалогтік оқытуды пайдаланудың
маңызы зор екенін  білемін, бірақ бұрын дәстүрлі сабақтарымда диалог барысында оқушыларыма тек
жабық   сұрақтар   мен   ғана   шектелетінмін,   оқулықтан   асып   кете   алмайтынмын,   яғни     оқулықтағы
материалды ғана қамтитынмын. Осы сындарлы оқыту курсының бір айын оқып тәжірибе өткізуге
мектепке барған кезде, сабақтарымда оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлерін пайдаландым.
Мерсердің зерртеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады
және әңгімелесудің үш түрі бар.

Әңгіме –дебат

Топтық әңгіме

Зертеушілік әңгіме (МАН  40 б)
Әрбір сабақта оқушыларға сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік
бердім. Өзара талқылау арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін
көрсетті. Сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысты. Оқушылардың қандай деңгейде екенін
түсінуге көмектесті. Диалогтік тәсілдің оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының

молаюына   көмектесетінін   түсіндім.  Оқушылардың   көбірек     білуіне,   басқа     адамдармен   диалог
жүргізуіне   көмектесетін   сыныптастары   мен     мұғалімі   болып   табылады.   Мұғалім   мен     оқушылар
бірін-бірі тыңдап, өз  ойларын ортаға  салады. Тәжірибе кезінде   сабақтарымда  оқушылардың бір-
бірімен     еркін   ойлау     қабілетін   дамытып,   бір-бірімен     пікірлесуге,   тиянақты     ой     түюге,   ашық
сұрақтар   арқылы     диалогты     қолдандым.   Диалогтік   оқыту     әдісінің     менің   сабақтарымда   өз
дәрежесінде өтілуі  өте зор көмектесті.
Мен       сабақтарымда   ЖИГСО   әдісі   бойынша   оқушыларды   топқа   бөліп,орындарын     ауыстырып
отырдым. Бірінші   сабағымда   түрлі- түстер арқылы, екінші сабағымда қиылған суреттер арқылы,
үшінші  сабағымда  көкөніс суреттері, төртінші  сабақты  жеміс суреттері  арқылы топтарға бөлдім.
Бірінші сабағымның тақырыбы «Мен астанаға барғым келеді» Жаңа материал тақырыбына келу үшін,
оны игеруге оқушылардың қызығушылығын арттыруды көздедім.   Төмендегі ашық сұрақтарды қоя
отырып,   топтық   әңгіме     түрін   орнаттым.     Оқушыларға     бүгін   біз   Астана   қаласына     саяхатқа
шығатындығымызды айтып, төмендегі сұрақтарды қойдым.
-What is the capital of our republic?
-The capital of our republic is Astana.
-What are the popular  buildings?
-The popular buildings are Baiterek, Duman center, Khan Shatyr.Theyarefamousfortheir buildings.
Балалар  барынша тырысып сұрақтарға ағылшын тілінде  жауап берді.
- Біздің еліміздің астанасы қай қала?
-Біздің еліміздің астанасы Астана қаласы- деп жауап берді Нүркен деген оқушым. Менің қуанғаным
Нұркеннің ағылшын тілінде жауап бергені. Алдыңғы сабақтарда   Нүркен ағылшын тілі түгілі қазақ
тілінде де жауап бермейтін. Нүркен менің зерттеуге алған белсенділігі төмен оқушым. Сабаққа онша
ынтасы жоқ, тақтадан көшірумен ғана шектелетін. Нүркеннің ағылшын тілінде жауап бергені мені
қуантты және таңкалдырды.
Осы тақырып төңірегінде балалар «Өкіл» әдісі арқылы топтық әңгіме жүргізді. Оқулық бойынша
«Колин, Омар, Асель, Дмитри демалыс күндеріне қандай  жоспарлары  бар екен?» тақырыбында  әр
топ бір кейіпкерді зерттеп  топта талқылау жұмысы орын алды. Осы кезде топта зерттеушілік әңгіме
жүрді. Себебі мәтінмен жұмыс жасағанда сөздік қорының аздығынан оқушылар  оқулықтан таппаған
сөздердің аудармасын интернетке кіріп аудармаларын тауып жатты. Бір жағынан бұл жерде әңгіме-
дебат   барысы   да   жүрді   деп   ойлаймын,   себебі   интернеттен   тапқан   сөздері   әр   түрлі     мағынада
қолданылады, сол кезде жоқ бұл сөздің аудармасы «  ия бұл солай», «жоқ олай емес» деген бағытта
болып жатты.
Жаңа сабақта «Where are you going to spendy our holidays?» негізінде ой түрткі және қайта бағыттау
сұрақ   түрлерін   пайдалана   отырып,   окушылардың   өзіндік   ой   пікірлерін   айту   арқылы   диалогті
қалыптастыра алдым.
-Қай жерлерде демалыс күндеріңді  өткізесіңдер? 
Оқушылар көптеген керемет жерлерді айтып жатты.   PresentPerfect шағын пайдаланып оқушыларға
ашық, жабық сұрақтар беру  арқылы диолог барысы жүрді. 
Мысалы,   мен   оқушыларға  «goingto»   құрылымына   байланысты   жұп   болып   дайындап,   сосын   топ
болып талқылап диалог құрыңдар деп тапсырма бердім. Оқушылар топ болып құрған диалогтарын
топта талқылап оқыды.
№2 топ оқушылары
-Erbol:HaveyoueverbeentoMexico?
-Nurken:No, I haven’t
-Erbol: Have you ever been to Spain?
-Nurken:Yes, I have.
-Erbol: When did you go?
-Nurken:Two years ago.
Құрған диалогтарын оқушылар оқып берді. Жарайсыңдар деп отырғыздым. Бұл жерде менің айтарым
зерттеуге   алған  екі   оқушым   (Ербол,   Нүркен)   бір  топта   отырып  қалыпты  диалогті   өздері     құрып,
(жабық сұрақтар арқылы) апай біз оқып берейік деп тақтаға шықты.
Сабақ барысында мұғалімнің сұрақ қоюы  маңызды  болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады, оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны
жақсартады және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі  үшін мұғалімдер
қолданатын   сұрақтардың   екі   түрі   бар:   төмен   дәрежелі   сұрақтар   және   жоғары   дәрежелі   сұрақтар.
Сұрақтарды   оқушылардың   қабілетіне   қарай   құру   керек.   Қойылған     төменгі   дәрежелі   сұрақтарға
қабілеті   жоғары  оқушылар    оңай,   әрі   тез   жауап  беріп  жатты,   ал  кейбір  деңгейі   төмен  оқушылар

ағылшын тілінде  жауап бере алмай қиналып қалды. Оқушылардың жауаптарын тыңдауда менде біраз
кемшіліктер,  қателіктер болды, әсіресе білмей қалып жатса шыдамай басқа балаға бағыттап немесе
өзім айтып қойған кездерім болды. Келешекте мен өтетін сабақтарымда ең алдымен шыдамдылық
танытуым керек деген ойға келдім.
«Демалыс   күндері   немен   шұғылданасыз?»  Топ   болып   жұмыс   жасағанға   оқушылар   біраз   үйреніп
қалды. Сабақ басталысымен апай біз қалай бөлінеміз деп сұрады. Алғашқы сабақтағыдай емес,осы
сабаққа   оқушылар   қуанып   келіп   апай   бүгін   қандай   сабақ   өтеміз?   –деді.   Жаңа   сабағымда
оқушыларыма сыни  сұрақтар қою және оған жауап беру арқылы мұғаліммен оқушыарасында диалог
көрініс тапты.
T: How do you think about holiday?
P: We think it’s  celebrations.
P: We think it’s  birthday.
P:  We think it’s  a having rest.
P:  We think it’s  a relax.
P:  We think it’s  a visiting museums.
P:  We think it’s  a visiting villages.
T: Why we need a holiday?
P: We need a holiday because we must to have rest.
«Диснейлендке   қош   келдіңіздер!».   Үш   топтада   тапсырманы   орындап   келген   оқушылар   болды.
Диалогты Аружан және Назым деген оқушыларым айтты.
Aruzhan: Hello!
Nazim: Hello!
Aruzhan: How are you?
Nazim: I’m fine, thank you. And  you?
Aruzhan: I’m OK. Where are you going to spend your holiday?
Nazim: I’m going to Astana.
Aruzhan: Are you going with somebody?
Nazim: With my parents.
Aruzhan: What are you going to do in Astana?
Nazim: We are going to see a lot of interesting sightseeing.
Aruzhan:  What are they?
Nazim:  They are Baiterek, center of Duman, Khan Shatyr.
Aruzhan: Oh , very good, have a nice holiday.
Nazim: Thank you.
Aruzhan:Good bye!
Nazim:Good bye!
Бастама-жауап –әрекет бойынша мына сұрақтарды қойдым
Диснейленд   жайлы   естігендерің   бар   ма?   Қайдан   естідіңдер?     Диснейлендте   болдыңдар   ма?
Барғыларың     келе   ме?   -   деген   сұрақтар  арқылы   оқушылармен   диалог   құрдым.   Оқушылар  жақсы
жауап   беріп   отырды.   Олардың   берген   жауаптарына   қарай   әрекет   жасай   отырып,   сұрақтарды
жалғастырдым.  Диснейленд жайлы оқушыларды біледі деп ойлаймын, себебі мультфильм көрмейтін
бала жоқ шығар.
(БЖӘ) Бастама-жауап-әрекетін қортындылап, бағалап жібердік. Оқушылар бірін-бірі қол сигналдары
арқылы бағалады. 
Келесі тапсырманы оқушыларыма «конверт-сұрақ » әдісі арқылы бердім. Бұл жерде оқушыстикерге
өзінің  атын және сұрақтың жауабын жазды, содан кейін  конверт келесі оқушыға берілді, осылай бұл
2-3   сұраққа   барлығы   жауап   берді.   Стикерлерді   жинап,   бірнеше   жауапты   оқып,   топ     белгілі   бір
сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын оқып берді 
T: How old is Disneyland?
A: Disneyland is 58 years old.
T: Who created this park?
A: Walt Disney created this park.
T: What kind of place is Disneyland? 
N: Disneyland is a place where people find both happiness and knowledge .
Бұл сұрақтардың жауабын оқығанда Аружан деген оқушымның қатесін сол мезетте жөндедім. Осы
жердегі менің кемшілігім баланың жауабындағы бір сөзден жіберген қателігін ашып айтқаным болды.
Келешекте осындай сәттерде шыдамды боламын. 

Диалогті   тек   жекелеген   тапсырмаларда   ғана   емес,   жаңа   тақырыпты   ашуда,   топтық   жұмыстарда,
талқыланған тақырыпты бекітуде тиімді қолдану жақсы нәтиже беріп отырды.
Қорыта   айтқанда,  диалог   оқушылардың   сабаққа   деген   қызығушылығын   арттыра   отырып   жұмыс
жасау, білімді жақсы игеретіндігімен қатар, оларды жан – жақты дамыта түсетіндігін байқадым.
  Сабақтарымда диалогты дамыта түсуге оқушыларыма қиындық туғызғанымен, алдағы уақытта осы
бағытта жұмыс жасауды жалғастырсақ, ол белестен де өтетінінімізге сенімдімін.  Сабақ барысында
оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының білімінің тереңдеуіне көп септігін тигізді.
Диалогтік оқыту арқылы оқытудағы қиындықтарды жеңіп, оқушыларымнан сыни тұрғыда ойлайтын,
қабілетті жеке тұлғалар шығатынына көз жеткіздім.
Диалогтік оқытуды енгізу маған не берді?
Сабақтар оқушыларды  жалықтырмай өтті;
Оқушылар белсенді болып, қызығушылық танытты;
Диалог  арқылы оқу сабақтарды түрлендіріп өткізуге мүмкіндік берді.
Дарынды балалар анықталды;
 Сыни ойлау әрекетін қалыптастырды.
Оқушыларға не берді? 
Білімге деген  құштарлықтары артты;
Тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге үйретті;
Ойын жинақтауға көмектеседі;
Оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды.
Нені дамытар едім?
Түрлі әдіс – тәсілдерін енгізу (үш қадамды сұхбат,   салыстыру, талдау ) 
Диалогтік оқытуды жүзеге асыруда АКТ –ні (электронды оқулық, бейнекамера, интерактивті тақта,
бейнепроектор   арқылы  бейнематериалдар   көру  т.б.)   пайдалану,   Диалогтік   оқыту  туралы   білімімді
одан әрі жетілдіру;
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық Астана 2012
2.
Интернет желісі (www.google.ru)
3.
English 6  сыныпқа арналған оқулық.   Т.Аяпова, З. Әбілдаева, Алматы 2011. 
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Көмір өнеркәсібі және электр энергетикасы шаруашылығы     
                            
                                         Г.Қ.Жанахметова, №42 орта мектептің география пәні мұғалімі
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көмір өнеркәсібі, электр қуаты, Қарағанды көмір алабы, Екібастұз
көмір алабы, Майкүбі көмір алабы, МАЭС, ЖЭС, ЖЭО, СЭС, АЭС туралы толық мағлұмат беру.
Сілтеме: «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» Е. Ахметов, Н.Кәрменова,
Ш.Кәрібаева, Б. Асубаев. Алматы «Мектеп» 2013.
Күтілетін нәтиже: Сыни тұрғыдан ойлау, есте сақтау, салыстыру қабілеттері дамиды.
Тапсырмалары:  танымдық   тапсырмалар,   кеңейтілген   сұрақтар,кескін   картамен   жұмыс,   тест
тапсырмалары.
Пәнаралық байланыс: геология, химия, экология.
Сабақтың жабдықтары. Қазақстанның физикалық, әкімшілік карталары, дүние жүзінің физикалық
картасы, электронды оқулық, видеолар, карточкалар т.б
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырушылық кезең.  Оқушылармен амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,
назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрап бекіту:
Әр
      түрлі әдістер арқылы оқушылардан сабақ сұрау.
1-тапсырма: Мұнай өнеркәсіптеріне  презентация арқылы түсінік беру.
2-тапсырма: Газ өнеркәсібіне тірек сызба арқылы түсінік беру.
3-тапсырма: Кескіндеме арқылы отын-энергетика картасын құрастыру.
ІІІ. Өткен сабақты шолу.
2
Қазақстан аумағындағы мұнай өндіретін кен орындарын  картадан көрсетіп,     

    оған қатысушы шетел компаниялары жайлы мысал  келтіріңдер 
2
Газ өнеркәсібінің даму жолдары мен болашағы қалай деп ойлайсыңдар? 
2
Отын – энергетика кешенінің шаруашылықта маңызы қандай?
Сергіту сәті. Стрестік жағдайды жеңуге арналған видео қойылады.
ІV.  Жаңа сабақ.  Мұғалім жаңа тақырыпты презентацияларды көрсете отырып түсіндіреді. 
Осы сабақта кездесетін ұғымдар:
1.
Көмір өнеркәсібі, Электр қуаты
2.
Қарағанды көмір алабы, Екібастұз көмір алабы, Майкүбі көмір алабы
3.
МАЭС, ЖЭО, ЖЭС, СЭС, АЭС
4.
Атомдық отын циклі
5.
Қазақстандық энергия жүйесі
Отын-энергетика кешені
Отын өнеркәсібінің салалары
28.
Мұнай және мұнай өңдеу
29.
Газ
30.
Көмір
Электр қуаты
23.
ЖЭС
24.
СЭС
25.
АЭС
Электр
энергетикасы
Шикізатқа нені
пайдаланады?
Қоршаған ортаға
әсері
Қай жерге
орналастыру
тиімді?
Жыл
бойы
қалып
ты
электр
қуатын
өндіре
ме?
Өнімі
арзан
ба?
ЖЭС
ЖЭО
Көмір, мұнай,
газ
Экологияға үлкен
зиян келтіреді
Отынға,
тұтынушыға
+
Арзат
элект
р
қуаты
н
береді

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет