4.Үйге : «Сәулетті Қазақстаным» ой толғау жазу.
100- жаттығу. Ғылыми стиль.
Қорытынды.
Бағалау.
Қызылорда қаласы. №43 Ж.Махамбетов атындағы
қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Назарова Нұргүл Нұрқожақызы.
Қысқа мерзімді жоспар
Мұғалімнің
аты-жөні
Назарова Нургуль
№43Ж.Махамбетов
атындағы қазақ орта
мектебі
Сыныбы: 9
Уақыты:
Сабақ атауы
Сызықтық
программаларды құру.
Сілтеме
пән бағдарламасы,
9сынып «информатика».
Жалпы мақсаты
1.Қарпайым
программаларды
қолданып,сызықтық
программаларды құруды
үйрету.
2.Операторларды дұрыс
жазып, дұрыс
қолдануын үйрету.
3.Өздігінен жұмыс
істеп,пікірлерін айта
білуге үйрету.
Қажетті құралдар
Интерактивті тақта,
постер,презентация,
кітап, журналдар.
Күтілетін нәтиже
Қарапайым
программаларды
қолданып,сызықтық
программаларды құруды
үйренді.
Операторларды дұрыс
жазып, дұрыс қолдана
білуді үйренді.Өздігінен
жұмыс істеп,пікірлерін
айта білуді үйренді.
Негізгіидеялар
мәліметтерді сипаттау
бөлімін,сол мәліметтерді
пайдаланып, әр түрлі іс -
әрекеттерді
(операцияларды,
амалдарды) атқару
бөлімдерін үйрету.
Тапсырмалар
Программа құру,
деңгейлік тапсырмалар,
тест
Сабақ бойынша
мұғалім
жазбалары
Уақыт
ы
Мұғалім іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
3минут
І.Ұйымдастыру кезеңі
Бағалау парағы топтарға
таратылады.
Жұмыс төмендегідей жоспармен
жүреді.
Өздерінің есімдері жазылған
парақшалардың артында топтары
көрсетілген сол бойынша топқа
бөлу
І топқа енгізу операторы
ІІ топқа шығару операторы
Топқа бөлінеді
3минут
2 минут
ІІ. Үй тапсырмасы
«Терминмен болжау» әдісі арқылы
жұптық жұмыс.
Операторлардың қызметі айтылады,
оқушылар қызметші сөздерді
жазады.
1. Айнымалыларды сипаттайтын
программаның бөлігі?(Var)
2. Программа қандай қызметші
сөзден басталады ?(Program)
3. Қай қызметші сөзден кейін нүкте
қойылады?(End)
4.Программаның басы қандай
қызметші сөзден басталады? (Begin)
5. Енгізу операторының жазылуы?
(Readln)
6. Шығару операторының жазылуы?
(Writeln)
Бағалау: дискрептор арқылы
Оқушылар үй тапсырмасын
еске
түсіріп жауап береді
Оқушыларды бағалау
6 минут
3минут
3 минут
3 минут
2
минут
2 минут
6 минут
ІІІ Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу арқылы
тақырыптың мазмұнын ашу
Тақырып толығымен ашылып
тақтадан көрсетіледі.
Сызықтық программа
Бүгінгі тақырыпты
оқушылар өздері тауып
тұжырымдайды.
Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы
топтар оқулықпен жұмыс жасап
берілген 15- суреттің блок-
схемасын түсіндіреді.
Бағалау: түзетулерді орындау
арқылы
I – II топты
II – I топты
«Сергіту сәті»
Топтарда түзетулерді
орындау
арқылы бағаланады.
(8стратегия)
Барлығы орындайды
Қорытынды.
Үйге тапсырма
2
минут
5
минут
Жеке жұмыс
«Деңгейлік тапсырма»
Компьютермен жұмыс
Есеп:
Кез-келген екі санның қосындысын
есептейтін программа құру.
Кез-келген екі санның көбейтіндісін
табуға
программа құру.
Кез-келген екі санның бөліндісін
табуға
программа құру.
Бағалау:
Активод құрылғыларын
пайдаланып
Қорытынды тест алу
Бүгінгі сабақтан
түсінгендерін бір-біріне айту
арқылы программа құрады.
Өзін-өзі бағалау (5стратегия)
3минут
Кері байланыс.
Не білдім Не үйрендім Не
білгім келеді
Алдарына берілген параққа
бүгінгі сабақ туралы кері
байланысжазады
2минут
Сабақты қорыту, бағаларды
хабарлау
Операторларды жіктеп үйрену.
«ҚҰРТ – ҚАЗАҚТЫҢ БРЕНДІ»
Бағыты: Экология
Орындаған: Қызылорда қаласы № 43 мектептің 3«Ә» сынып
оқушысы Ділдабекова Жұлдыз
Ғылыми жетекші: № 43 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Садықова Ажар Сейтсұлтанқызы
Ғылыми кеңесші: Ерекешова Зеріп
№ 43 мектеп директорының ғылыми әдістемелік
жұмыс жөніндегі орынбасары
П І К І Р
Бұл жоба қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын зерттеуге арналған.Құрт – сүттен
жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны
береді. Бұл тағам ақуыздарға өте бай, адам денсаулығына өте пайдалы.
Жобада құртты Қазақстанның ұлттық бренді ретінде әлемдік нарыққа шығаруға болатынын атап
көрсеткен. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы
тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май,
ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.Сүт төрт
түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.Қазақ халқы асты
өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Жұлдыз өзінің зерттеу жұмысында құрттың жасалу жолы
мен мен пайдасына көңіл бөлген. Құртты жасаудың жолдарын көрсете білген.
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
-Құртты жасаудың жолдарын көрсете білген;
-ғаламтор материалдарын тиімді пайдаланған;
Бастауыш сынып оқушысы Ділдабекова Жұлдыздың осындай ізденісіне қуана отырып, сәттілік
тілеймін. Бұл жұмыс болашақ көлемді зерттеулердің бастамасы болады деп есептеймін.
№ 43 мектеп директорының орынбасары: Ерекешова З
Т Ү Й І Н
Зерттеудің мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын
көрсету. Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару
қажеттілігін түсіндіру.
Болжам: Құрттың жасалу жолдарын, оның түрлерін, адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы
айтылған.
Зерттеу әдістері: Жұмыста негізінен ғылыми теориялық талдаумен бірге салыстыру, сипаттау
әдістері қолданылған.
Зерттеу жаңалықтары мен өзіндік дәрежесі: Құрт туралы жан-жақты зерттеген. Құрттың жасалу
жолдарын көрсеткен.
Жұмыс нәтижесі: Бұл тақырып болашақтағы зерттеулердің бастамасы бола алады.
Қорытынды:Құрттың адам ағзасына өте қажет екендігі дәлелденген.
Қосымша:Зерттеу жұмысына қатысты слайд материалдары берілген.
КІРІСПЕ
«Ағы бардың бағы бар» Халық даналығынан
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі – ақ екені белгілі. Сүтті
соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп,
дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе,
қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.Сүт төрт түлік малдың
аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып
қалған «Ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып
қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен
де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алмыс, күміс тас екен»,
«асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай
айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да,
оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен
жайсандарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен
артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең
дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам
берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де
елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек ұлт мәдениетінде
тамақ, дәм татыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе
әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелерде ерте заманнан-ақ аңыз болып тараған. Қазақ
қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып ашық
қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да
білген.
Қазақтардың сүттен жасайтын ұлттық тағамдарының түріне сан жетпейді» – деп жазған ертедегі бір
зерттеуші. Демек, оның барлық түрлері мен аттарын түгел айтып беру қиын. Сүт тағамдарының осы
заманға дейін жеткен және көпшілікке таныс негізгі түрлерінің бірі туралы айтқым келеді.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне
түрінің бірі -құрт.
Құртты ежелгі замандарда қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге дейін өз қасиетін жоғалтпай, жақсы
сақталған ұлттық тағам ретінде пайдаланып келеміз. Халқымыздың бүгінгі күні бізге жеткен
құртының түрі көп. Құрт күнделікті өмірде тағамның бір түрі ретінде, немесе басқа тағамдардың
дәмін келтіру үшін қолданылатын тағам десек те болады. Құрт өз деңгейінде қолданысқа түскен жоқ.
Міне, сол себепті құрттың құрамына және оның адам организміне тигізетін пайдасына баса назар
аудара отырып, деректер жинақтап, зерттеу жұмысын жүргізіп жүрмін. Мен зерттеу барысында жазда
ауылға барып апалар мен әжелерден әр аймақтарда жасалатын құрт түрі мен құрамы туралы деректер
жинадым. Сонымен қатар сыныптағы оқушылар арасында да сауалнамалар жүргіздім. Сауалнаманың
нәтижесінде құрттың пайдасы мен жасау әдістерін анықтадым.
Құрт туралы мектеп оқушыларының толығырақ мағлұмат алуына көмегімді тигізсем деген оймен осы
жобаны ұсынып отырмын.
Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс
тағамдары).
Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының
негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды.
Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре одан
жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты
атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық,
қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі
қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады.
Сүт- химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар дайындауға
болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім
пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің
дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
Жобаның негізгі мақсаты:
Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың
байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.
Жобаның міндеттері:
2
Қазақтың ұлттық тағамы – құртпен танысу;
2
Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;
2
Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету. Мәселе: Құрттың адам денсаулығына пайдасы
бар екенін зерттеу.
2
Зерттелетін зат: Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:Аталған еңбектердің маңыздылығына баға бере отырып, ұлттық
құндылықты сақтап қалу жолдарын көрсету.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.
Іші-бауырымыз құрысып-тырысып, көзіміз қарауытқанда, дәруменіміз азайып кетті деп
шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп
таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі екен.Көкорай шалғынды
жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің,
күш-қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына “ірімшік” деп
жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да
татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер
көрсеткендей, сиырдың сүтінің құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22,85-34,52%
болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40-42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе
4,52%-тен аспайды, ал ірімшікте ол 10,93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты
болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор
0,51%, ал кальций 2,3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268,8-
401,38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408,4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен
калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14,5-
18,6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52,6%. Ал 100 грам сүзбе 87-227-ге дейін қуат берсе,
құрттан 370,1 қуат алуға болады.
Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт
деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап
өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт,
майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды.
Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы
алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде
оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін
қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге
асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға,
шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан
кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындан әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына,
кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрт– малдың
сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін
піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады
да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін
қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң қапқа құйып, керегенің
басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып,
құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге
жайып кептіреді. Содан кейін құртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді.Оның негізі түрлері –
күлше, жарма, сықпа және шүңірмек. Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай)
домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін
жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің
бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына,өренің ашасына іліп кептіреді. Оны көп
кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді. Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып,төрт
саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана
болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақты бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың
бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебеді.
Құрттың қай түрі болсада өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа
мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі
болады: бірі –ақ құрт. Ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп, майдан әбден арылған іркіттен
қайнатылады. Кейде аздап тұз қосып, кептіреді. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт.
Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай, майын жартылай алады немесе алмай қайнатады. Құрттың
осы түрі қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Езілгеннен қалған қиыршық құрт малта деп аталады.
Астауға салып қолмен езуге немесе қойдың бас сүйегімен (азу тістерімен) үгуге болады.Құртты
ыстық суға, сорпаға езеді. Езген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де
болады. Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам. Сүзбе құрт сары суынан арылған қатықтан
дайындалады.[5]
2.2. Құрттан істелетін немесе құрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлері
Ж а с қ ұ р т.Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге
дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас
саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас
жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.
К ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға,
қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары
келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық
тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның кайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де
тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде
пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп
мойындарына іліп қуанту салты болған.
М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ
сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін
кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт —
ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.
А қ м а л т а. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып
саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен
қаймағына былғап жейді.
Қ ұ р т - м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде
дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май
тағамдарының қосындылары да құрт-май деп аталады.[1]
Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.
Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті мәселесі. Мәдениет, тарих қайраткерлері және бизнес-
құрылым өкілдері де осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд
домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп
санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды. Келешекте Қазақстанның атын шығаратын не екені
белгісіз. Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес. Мен қазақтың байырғы тағамы-
құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мың жылдық тарихы бар, және бүгін
құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ,
назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құрт көшпенділерді ұзақ жорықтарда және
соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған.
Мен әжем жасаған құртты жеп өстім.
Менің әжемнің бірінші ойлап шығарған құрты үшбұрышты болды және әр бұрышы үш жүзді
білдірген. Осы бұрыштарда қазақтардың негізгі игілігі – киіз үй, қойлар, жылқылар, түйелер.
Сонымен қатар, сыйлы қою түрінде де әзірленген. Бұл Қазақстанға келген әр шет ел азаматына өте
жақсы сыйлық.
Басқа шет елде демалыста болып, сол елден естелік және жейтін сыйлық әкелу – бұрынғы туристік
дәстүр. Түркиядан біз әлемге әйгілі пахлавасын, Үнді елінен шайларын әкелеміз. Әр елде достарына
сый ретінде әкелуге болатын, ерекше тағамдары бар. Ал, Қазақстан не ұсына алады? Тек базарда
сатылатын құрттан басқа ештеңе жоқ.
Құртты өндірудің үш бағыты болса деймін. Бірінші «сыйға тартылатын құрт». Бұл құрт шоколодпен
қапталған және жаңғақ қосылған.
Екінші бағыт – етті құрт (жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт байырғы ата-бабаларының әдісі
бойынша жасалады. Үшіншісі – балыққұрт. Осы құрт балықтың әр түрінен жасалып, балық мүсінінде
болады.
2.4. Сиыр сүтінен дайындалатын құртты жасау әдісі:
1. Сүтті ыдысқа құйып ашытып ұйытасыз (айран түрінде).
2.Ашыған айранды матадан тігілген қалтаға (дорбаға) құйып, іліп қоясыз.
3.Сарысуынан арылған сүзбені арнаулы ыдысқа құйып, қайнатасыз.
4.Құрт кайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін, әлсін-әлсін қазанның түбін араластырып
отырасыз.
5.Әбден қоюланған құртты матадан тігілген қалтаға (дорбаға), іліп коясыз, сонда оның қалдығы тағы
да ағып, құрғайды.
6.Қоюланған құрттың құрамын өз қалауыңызша толықтыруыңызға болады. 7.Құрамына мөлшерлеп
тұз, бал, қант (шекер), жеміс-жидек тосабын қосу қажет.
8.Дайын болған қоспаны қолмен бөлшектеп, сықпалап тақтаға жайып кептіресіз.[5]
Осылардың бәрін әжем айтты. Мен әжемді өте жақсы көремін.
ҚОРЫТЫНДЫ
Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық
пайдасы бар.
Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа пайдалы екенін білмейді. Өз
сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де білмей шықты. Ана тілі
сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте маңызды тағам екенін
түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз жеткізді.
Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем нарығына
шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. Себебі, қазір
құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер ғана емес, өз
еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.
Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз,
Қазақстанның балалары, осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек. Оның жойылып
кетпеуіне үлкендер көмектесуі керек деп ойлаймын. Құртты мемлекет басшылары патенттеп алуы
керек дегім келеді,
Достарыңызбен бөлісу: |