«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»


Білімдердің технологиялық аспектісі



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата06.03.2017
өлшемі6,12 Mb.
#7852
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

Білімдердің технологиялық аспектісі  – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ)
өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал
етпегеннің   өзінде,   қазіргі   заманғы   инновациялық   технологиялар   заттар   туралы   жаңа,   алуан   түрлі

түсінік   қалыптастыруды   және   осы   түсініктерді   басқарудағы   ауқымды   икемділікті   қамтамасыз   ете
алады. 
Пәндік   білімдер  дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Пән мазмұнын жан-жақты білу
мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді. 
Технологиялық     білімдер  –   оқытудың   қосалқы   құралдары   (бейне,   желілік   материалдар,   сандық
бұқаралық   ақпарат   құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл   білімдер технологиялық   құрылғылар
саласындағы  жеткілікті хабардарлықты да, оларды  басқару  үшін  қажетті дағдыларға  ие болуды да
меңзейді. 
Мұғалім  ақпараттық  - коммуникациялық  технологиялар  арқылы оқушылармен  байланысын  жеке
-дара  жақындаса  алатындай  жолмен жүргізуге  мүмкіндік  алады. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман
ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы
нәтиже   беруде.   Білім   беру   жүйесі   электрондық   байланыс,   ақпарат   алмасу,   интернет,   электрондық
пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. 
Қазіргі  білім  беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп
табуына үйретіп, олардың  өз оқу траекторияларын  өзінің  таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша,
ақпараттық - білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру,
яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақпараттық
 
технологияларды
 
пайдаланудың
 
артықшылықтары
 
мынадай: 
1.  Олар   оқытудағы   тақырып   шеңберіндегі немесе  белгілі  бір уақыт аралығында  айтылуға  тиіс
мәліметтер
 
көлемін
 
ұлғайтады. 
2.   Білімге   бір   –   бірінен   үлкен   ара   қашықтықта   орналасқан   әр   түрлі   оқу   орнында     отырып     қол
жеткізуге   болады.   Жоғары     сынып   оқушыларын   емтихандар     мен   ҰБТ   даярлауға   арналған
жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;
3. Оқытудың  жүйесінің  көп денгейлі жетілдіруі олардың  таралымдалуы мен оқу сапасын 
арттырады. 
4. Оқушы  өз  бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып  бірге жұмыс істеуге мүмкіндік  алады. 
5. Оқушының  танымдық  іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік  жұмыстарды тез орындау  мүмкіндіктері  
артады.
Компьютер – оқушы  білімін  бағалау  құралы; Компьютердің  көмегімен дыбыстық  және  
бейнефрагменттерді де  демонстрация  жасауға  болады.  Компьютер -  мұғалімнің  сабаққа  деген 
шығармашылық  қабілетінің  деңгейін  көрсететін, күнделікті сабақ барысында пайдалануға  болатын 
құрал.
Microsoft Power Point  презентация арқылы әр тақырыпты  қажетті  көрнекілік құралдарымен  
безендіріп, тартымды  әрі қызықты  етіп  көрсетуге  болады. Осы  уақытта  оқушылардың  есте  
сақтау  мүмкіндіктері  жүзеге  асады. Презентация  уақытты  үнемдеуге  және оқушылар  принтер  
арқылы  қажетті ақпаратты  шығарып  алуға  мүмкіндік  береді.
 Интернет  желісімен жұмыс жасағанда:
- Жобалардың  презентацияларын  дайындау.
- Ғылыми  журналдардың  сайттарына  кіру.
- Өзге  мектеп  оқушыларымен  еркін  әңгімелесу.
- Электрондық  поштаны  пайдалану  мүмкіндігі.
- Өзін – өзі  бағалау   мүмкіндіктері  беріледі.
 Интерактивті  тақта – басқаруға  мүмкіндік  беретін  экран, көп функциональды, сабақ  барысында  
қолданатын  қажетті  құралдардың  бәрі кіреді, атап айтқанда;
- Бормен  тақтаға  жазылған  кескінді  интерактивті  тақтадағы  түрлі – түсті, ұқыпты  кескінмен 
салыстыруға болмайды.
- Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез  арада  түзетуге  болады.
- Сабақта Aktiv Vote  тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
- Aktiv Wand  указкасының  көмегімен тышқанның  қызметін  атқару және кішкентайларға  да 
тақтаның  жоғарғы  бөлігіне  қол жеткізу мүмкіндігі туады.
Бүгінгі  шәкірт  ертеңгі  күнгі  әр түрлі саланың  маман  иесі. 
Мұндай   сабақтарда     оқушылардың     тапсырылған     жұмыстарға     іскерлігі     қалыптасып,   болашақ
өмірінде     белгілі     бір     кәсіби     мамандықты     таңдап   алуға     септігінтигізеді.
Мұғалім   –   ақпараттанушы     емес,   оқушының     жеке     тұлғалық   және   интеллектуалды     дамуын
жобалаушы. Ал   бұл   мұғалімнен   ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық   қабілеттілікті,
оқушыларды қазіргі  қоғамның   түбегейлі   өзгерістеріне    лайық   бейімдеу,  олардың   зерттеушілік

дағдыларын  дамыту  бағыттарын  талап  етеді. 
Физика   сабағында   ақпараттық   технологияларды   пайдалану   арқылы   оқушылардың   ақпараттық
құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық
оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық
қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  береді.
Физика   сабақтарында ақпараттық –технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қорытынды – қайталау
сабақтарында және т.б сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Сабақ  барысында  слайд - фильмдерді
пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың  динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте
жоғары  деңгейін  және көлемін  қамтамасыз етеді, сонымен қатар, тақырыпқа  және  жалпы  физика
пәніне   қызығушылықты   арттырады.   Сабаққа     дайындық     барысында     электрондық   оқулықтар,
Интернет   желісінің   ақпараттары   қолданылады     және       мұғалім     мен     оқушыларға       арналған
дидактикалық     материалдар,   оқу-әдістемелік     құралдар     жасалады.   Физикалық     процестер     мен
құбылыстарды   модельдеу   оқу процесін   дамыту мен   жетілдірудің   болашағы   болып табылады,
әсіресе студенттердің  шығармашылық  белсенділігін  арттыруда, зерттеу жұмыстарын  дамытудағы
ролі   ерекше.   Физикалық     эксперименттерді   модельдеу   –   оқытушыға     сабақта     физикалық
ұғымдардың     мағынасын   тереңірек     ашуға,     оқушыларды     физиканың     қазіргі     эксперименттік
базасымен  таныстыруға, физикалық  құбылыстармен  зерттеу әдістерін  толық түсіндіруге мүмкіндік
береді.
Жаңа   ақпараттық   технологияны   физика   сабақтарында   пайдалана отырып, олардың   білім, білік
дағдыларын   қалыптастыруға   қызығушылығын арттырып, түрлі   деңгейдегі   есептерді   шығартып,
оны талдай білуге үйретемін. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа
қажетті деректерді өз бетімен ізденуге, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашып, сабақта алған
білімдерін  өмірде  қолдана  білуге  тәрбиелеп  келемін.
Осы  орайда  оң нәтижеге қол жеткізу үшін алдыма мынадай  мақсат қойдым:
-заман  талабына  сай білімді, білікті, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға
қалыптастыру.
Осы  мақсат  негізінде  алдыма  қойған  міндеттерім:
-жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу;
-шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру;
-өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу;
-өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу.
                                                    
   Қорытынды:Ұстаз   үшін   нәтижеге жету шәкіртінің   білімді болуы   ғана   емес, білімді өздігінен
алуы  және алған  білімдерін  қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі  бала – ертенгі  жаңа  әлем.
Бүгінгі  күні  ақпараттар  ағымы  өте көп.  Ақпараттық  ортада  жұмыс жасау үшін кез келген педагог
өз ойын жүйелі түрде   жеткізе   алатындай, коммуникативті   және   ақпараттық мәдениеті   дамыған,
интерактивтік   тақтаны   пайдалана   алатын,   Он-лайн   режимінде   жұмыс   жасау   әдістерін   меңгерген
мұғалім болуы тиіс. Заман талабына  сай  жаңа  технология  әдістерін үйрету, бағыт - бағдар  беруші –
мұғалімдерміз. Оқушылар  жаңа  тұрмысқа, жаңа  оқуға, жаңа қатынастарға  бейімделуі тиіс. 
«Мектеп – жеткіншек  ұрпақтың  ойын  қалыптастыратын  шеберхана, егер болашақты  қолдан  
шығарып  алғың  келмесе, оны берік ұстау керек», – дейді  француз  философы  Анри  Барбюс. 
«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп
елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  айтқандай бәсекеге сай дамыған елдердің  қатарына  ену  ұстаздар  
қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.
Қазіргі  педагогтарға  қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі  тәрбие  және де саналы 
ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. 
ХХІ  ғасырда  оқушылардың  жанын  рухани жағынан  азықтандыратын, қызығушылығын  
арттыратын  ақпараттық  техникалық  құралдар  екені  бәрімізге  мәлім.
Қорыта  айтқанда, баланы  рухани  дамытуда  айналамен  таныстыру, яғни ақпараттық  құралдардың  
жақсы  жағын  тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры  көп  әлеуметтік  ортаға  оқушыны  бейімдеп  
тәрбиелеу  ұстаздар  қауымының  еншісінде  екенін назарда ұстауымыз керек. 
Пайдаланылған  әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”
     Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан халқына  Жолдауы, 2011 жыл
3.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға   
    арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. «Математика және физика » журналы  №4, 2007 жыл
5. ҚР  жалпы  білім  беретін  мектептер мұғалімдерінің  біліктіліктерін  арттыру  
    курстарының  мұғалімдерге  арналған  нұсқаулығы.  Астана, 2012 ж.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
 Райымқұл Дариха Сайфадинқызы 
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі 
Сабақтың тақырыбы:
Армысың, Алатау! (Қ.Толыбаев)
Мақсаты:
1/ Білімділік.
Оқушыларға мәтінді оқи отырып, негізгі ойды анықтауды, мәтіннің мазмұнын 
меңгертуге үйрету.
2/ Дамытушылық.
Өз бетімен ізденуге баулу, пікірлерін айтқызу арқылы сөздік қорларын 
дамыту.
3/ Тәрбиелік :
Оқушыларды елін, Отанын қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ақпараттық технологияны пайдалану;
Көрнекілігі:
Автор суреті, сөзжұмбақ, интерактивті тақта, таудың суреті.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Ертіс» өлеңін жатқа айтқызу.
Сұраққа жауап:
222
Өлеңнің авторы кім?
222
Қ.Аманжолов қашан туылған?
222
Автор Ертіс өзенін қалай  сипаттаған?
222
Қазақстандағы өзің білетін өзендерді ата?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту.
1/ Жұмбақ шешу.
Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін,
Жаһанда шөгіп жатыр үлкен нарын.
/тау/
2/ - Қандай тауларды білесіңдер?
- Бүгін  біз Қ.Толыбаевтың «Армысың, Алатау»  атты әңгімесімен танысамыз. 
Автор туралы мәлімет беру.
Құрманбек   Толыбаев-1928   жылы   Алматы   облысында   туған.   Қытай   жеріндегі   Құлжа,Үрімші
қалаларында оқып, 1955 жылға дейн қызымет істеген. 1955 жылы Атамекенге оралып, оқып, қызмет
істеген.
Мағынаны таныту.
1/ Мәтінді оқушыларға тізбектей мәнерлеп оқыту.
2/ Мәтінді 3 бөлікке бөліп оқыту, әр бөлімнің мазмұнын айтқызу.
Мәтінді талдау.
222
Әкесінің өсиетін бала қалай орындады?
222
Асқар Алатаудың,  туған жердің  қасиеті мәтінде қалай сипатталған?
Сергіту сәті:

Сөзжұмбақ шештіру.
9.
Діни мереке
10.
Біз ұстанған дін.
11.
Мұсылмандарды намазға шақыру.
12.
Мұсылмандардың  құлшылық ететін орны.
13.
Исламның 5 парызының бірі- ауыз бекіту қалай аталады?
14.
Алла алдындағы өз ісіне сай алатын ең жақсы қайыр?
Интерактивті тақтадан таулардың суретін көрсету.
Дәптермен жұмыс.
-
Мәтіндегі көркем сөз тіркестерін теріп жазу.
Мысалы: Ақбас таулар , жалтыр шыңдар, асқақтаған зәулім шыңдар...
2/ Мақалды жазу, мағынасын түсіндіру.
Мақал:
Тау кезеңсіз болмас,
Өлке өзенсіз болмас.
Жаңылтпашты  оқу.
Таудан тұман түсті,
Таудан Жұбан түсті.
Тұман түскен соң, бір аң түсті,
Арқасы қылаң түсті.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
222
Сонымен Алатау қандай тау?
Ү. Үйге:
1/ Мәтінді оқу, әңгімелеу.
2/ Алтай тауы жайлы ізденіп, реферат жазып келу.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мерзімі:  12 02. 14ж      Сыныбы: 7 «ә»                
Пәні: қазақ тілі ән мұғалімі: Аусинбаева М.Ж
Сабақтың тақырыбы: Етістіктен  өткенді  қайталау.
Сабақтың мақсаты  Етістік туралы естерінде  жаңғыртады, етістіктің  мағыналық  түрлерін  ажырата
біледі.
Міндеттері: -               Блум жүйесі бойынша тапсырмалар арқылы  білімді игереді.
Күтілетін нәтиже:      Етістіктің  мағыналық  түрлерін  ажыратады , жасалуын түсінеді, қолдана алады.
Қолданылатын модульдер:  АКТ, ОүБ.Сыни  тұрғыдан  ойлау.Дарынды,қабілеті  төмен  оқушылармен 
жұмыс
Стратегиялық іс әрекет:  «Блум таксономиясы», «Миға  шабуыл », «Ассоциация әдісі»
Сабақ 
мазмұны
 Мұғалім іс әрекеті
Оқушы іс - әрекеті
Ресурстар
Ұйымдас
тыру
Өтке 
сабақты 
сұрау.
Қорыту
Жаңа 
Сынып оқушыларымен 
сәлемдесу.Сынып оқушыларын  
математикалық  фигуралар  арқылы 
топқа  бөлу, оқу құралдарына көңіл 
күйлеріне назар салу
Жаттығу жұмысын талдау.213-
жаттығу.
Киіз  үй» ойынын ұйымдастыру
Етістіктен  өткенді  қайталау
Оқушылар  
сәлемдеседі,қолдарындағы 
математикалық  фигуралар 
арқылы  топтасады
Мәтіннен  етістікті  
тауып,олардың қай септікте 
тұрғанын ажыратады.  оқушылар  
топтық жұмыстарымен ой  
бөліседі.Жұптық жұмыс жасап 
өзара бағалайды.
Тақтаға өз еркімен оқушылар 
Қазақ тілі 
7- сынып 
оқулығы,
АКТ 
таныстыр
ылым, кері
байланыс, 
постер, 
ғаламтор 
материалд
ары,

сабақ өту
Миға 
шабуыл
Білу.
Түсіну.
Қолдану.
Талдау.
Жинақтау
Бағалау
Үйге 
тапсырма
Кері 
байланыс
Мақал  мәтел  нақыл  сөздерді  жатқа
айтып, етістікті тауып,  
морфологиялық  талдау  жасату
Етістіктің  анықтамасын айт,  
сұрағын  ата.
Берілген  сөйлемнен етістікті тап.
Берілген  етістікке  сөйлем  құра.
 Кестені сәйкестендір .
Ғылым  таппай мақтанба          
Болымды етістік                                 
 Көрмегенге көсеу  таң               
өткен  шақ                                            
Көп  көрген біледі                                
келер шақ
Көп  жасаған  білмейді.                       
тұйық  етістік
Шығарма,эссе    жазу
 
.
Етістікті қатыстырып «Жайлау» 
тақырыбында эссе.
шығып , «Киіз үй»макетінің  
артында  жасырылған сұрақтарды 
табады.
Оқушылар өз  ойларын  постерде  
қорғайды.
Жұптық жұмыс  орындалады
180-жаттығуды орындайды , 
негізгі көмекші етістікті 
ажыратады.
Топтық  жұмыс  орындалады.
 
«Аквариум  әдісі» арқылы  әр  
топтан спикер постер  қорғайды.
«Еңбек  түбі - зейнет» 
тақырыбында шағын шығарам 
жаздыру.
Оқушылар  кестені  
толтырады( жеке жұмыс)
Оқушылар стикер арқылы бірін- 
бірі бағалайды.
стикер, 
маркер.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАНУ
Байтохаева Л.С
126 орта мектебінің ІІ санатты физика және информатика пәнінің мұғалімі
Сырдария ауданы, Қалжан ахун ауылы
Көп білем десең, аздан бастап үйрен. Джон Локк
Қазіргі жаһандану заманында бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші  -  білім деңгейімен өлшенеді.
Білім алу, күнделікті жаңа бір нәрсе үйрену, білу - ақылды адамның ісі. Сол алған біліміңнен ләззат
алу, жаңа үйренген нәрсеге қуана білу, білімге құштар болу, адамның өзді өзінің жан - жақты дамуына
апарар жол.
Сапалы   білім   негізі  -  жан-жақты   ақпараттық   материалдарды,   көрнекі   құралдар   мен   ұтымды
технологияларды,   тиімді   әдіс-тәсілдерді   пайдалана   отырып,   білім   алушыға   білім   беру.   Бұл   елдің
ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейтін ұстаз міндеті.
Мектептегі   тәжірибе   кезінде   оқушыларды   оқыту   процесінде   үйренген   сабақ   құрылымын   сақтай
отырып, оқушыларға жан-жақты жаңа технологияларды пайдалану арқылы заман талабына сай білім
беру және сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып,  8-сыныпта “ Диаграмманың түрі және
құру”   тақырыбында   сабақ   өткіздім.   Бұл   сабақтағы   алға   қойған   мақсатым   окушыларды  MS   Excel
диаграммасын   құру,   редакциялау   және   форматтау   әдістерімен   таныстыру,   диаграмма   шеберінің
жұмысын   қарастыру,  ойларын   ашық   айтқызу,   одан   әрі   дамыту,  белсенділігі   төмен   оқушылардың
ынтасын арттыру.
Ең алдымен оқушылар ұжым болып жұмыс жасауы үшін сынып оқушыларын суреттер арқылы топқа
Білемін
Білдім 
Үйренгім келеді.

бөліп алдым. 
Бұрын   менің   басқарылмалы   мінез-құлық   дағдыларым  менің  күшті   жағым   болды.   Мен   өз
оқушыларыма кішкене қатаңдау және шыдамды болдым. Тәртіпсіздік артық болған жағдайларда мен
дауыс мәнерімді көтеріп, дереу бақылауға алатынмын.  Сыныпта орын ауыстыру, менің қозғалысым
алдыңғы сабақтарға қарағанда жақсарды. Содан кейін әр топ мүшелерін
хатшы,   көшбасшы,   баяндамашы,   уақыт   сақшысы   рөлдеріне   бөліп,
олардың қызметін түсіндірдім. 
Сабақ   барысында     жеке     жұмысқа   арналған   сұрақтар,   тапсырмалар,
сонымен  қатар  топтық  жұмысқа арналған жұмыстар  жүргізілді.
Оқушылардың   сабаққа   қызығушылығын   ояту   және   үйге   берілген
тақырыпты   қаншалықты   меңгергенін   анықтау   мақсатында   үш   топқа
«Кесте» тақырыбында жоба қорғау тапсырмасын бердім. Оқушылардың
топта   жұмыс   жасауы   біраз   қалыптасқан.   Тапсырманы   орындау   барысында   оқушылар   арасында
әңгіме-дебат   және   зерттеушілік-әңгіме   жүрді,   сыни   тұрғыдан   ойлауы   дами   бастады.Үш   топта
қабылдауы жылдам, орташа және төмен дәрежедегі оқушылар аралас болды. Топта оқушылар бір -
біріне түсіндіріп, өзара бірлесіп, бірігіп жұмыс жасап,   рәсімдеулерін   қорғап шықты.   «Ноутбук»
тобынан Б.А мен М.Ә, «Принтер»   тобынан С.А мен Х.Е, «Телефон» тобынан Н.Ж, М.Н және Қ.Ұ
шығып, кесте дегеніміз не екеніне, кесте жолдары мен бағандарына, кестеге баған және жолдарды
қосу мен жою, кестені пішімдеу мен редакциялауға тоқталып өтті. Оқушылардың сөйлеу мәнерлері
жақсы,   тапсырманы   түсінгендері   байқалды,   тек   камераға   алаңдап,   кей   оқушы   аздап   қобалжыды.
Өткен  сабақтармен салыстырғанда жұмысқа белсенді араласып отырды. Оқушылар топтық жұмысқа
қызықты, қызығушылықпен қарады.
Бұл кезеңде бағалаудың «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» түрін таңдадым. «Үш топта тапсырманы орындап
болды. Ал, енді топтар бір-бірімізді бағалайық» деген мұғалім сөзінен кейін топ мүшелері бір-бірін
бағалай бастады. А: - Менің принтер тобына қояр бағам, олар өз түсінгендерін, берген тақырыптарды
өздерінің деңгейінде қорғап шықты, бірақ тақырыпты онша ашқан жоқ, безендірілуі жақсы десе, Н
есімді   оқушым:   ««Ноутбук»   тобы   өздеріне   берілген   тақырыпты   жақсы   айтып   шықты.   Меніңше
плакаттары керемет салынған. Тек топ мүшелерінен А-ты шеттетпесе жақсы болар еді, А-ға 5, А-ге 5,
А-қа 4». Алайда бала бойындағы дәстүрлі бағалау басым болып, әлі арылмағандығы көрініп тұр. Бұл
жерде   байқағаным   оқушылардың   өздеріне   деген   сенімділіктері   артып,   өзге   оқушыларға   деген
көзқарастары өзгере бастаған. Топ болып жұмыс жасауға, өзгенің пікірін құрметтеуге бейімделген,
бір-бірін шеттетуге қарсы. Осыдан  кейін мен бағалаудың  маңызы өте зор екенін түсінгендей болдым.
Осы арқылы мен оқушылардың не білгенін, не түсінгенін, баланың тақырыпты қалай меңгергенін
бағалауға болатынын байқадым.
Осы ретте сыни тұрғысынан ойлау әдісі арқылы бағалау сабағымда оқушылар арасында:

белсенді шығармашылықты ойлауға;

      мұғаліммен   еркін   сөйлесіп,   пікір   алмастыруға,   бір-біріне   құрметпен   қарауға,   бір-бірінің
пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынас жасауға;

   өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

      достарының   ойын   тыңдап,   мәселені   шешу   жолдарын   іздей   отырып,   қиындықты   шешуге
көмектесуге ;

өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға негізі  қаланды.
Білім беруде АКТ-ны қолдану оқушылардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік береді, ол
мұғалім үшін де маңызды. Сабақтың өз деңгейінде өтуіне интернет желісі, компьютер, интерактивті
тақта,   электронды   оқулықтар,   ұтқыр   қондырғылар   мүмкіндік   туғызады.   Тәжірибемде   өз
презентацияларымды   қажетті   мәліметтерді,   деректерді   жинақтай   отырып   жасаймын.   Электронды
оқулықтардың, қосымша материалдардың көмегіне сүйенемін.
Жаңа тақырыпты слайдта көрсете отырып түсіндірдім. «Диалогтық оқыту» әдісі оқушылардың өзара
сұхбаттасуына, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог шәкірттердің өзіндік ой-пікірінің жүйеленуі
мен дамытуына оң әсерін тигізеді. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушының өзіндік ой
пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. Мектептегі тәжірбие кезінде
диалогтың     оқушылардың   пәнге   деген,   білімге   деген   қызығушылығын   арттырып   қана   қоймай,
олардың   білім   деңгейінің   зияткерлік   тұрғыдан   да   ілгері   жылжуына   әсер   ететіндігін   байқадым.
Оқушылар тақырыпқа қатысты терминдерді дәптерлеріне түсіріп отырды.
Мұғалім - оқушы диалогы:
1. Мұғалім: Диаграмма дегеніміз не? Диаграмманың негізгі түрлерін атаңыз.

2.
Оқушы: Диаграмма дегеніміз  бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін
кестедегі   мәліметтердің   көрнекі   графиктік   түрде   берілуі.   Диаграмманың   негізгі   түрлеріне
дөңгелектік,  гистограмма,  сызықтық, кескіндік, нүктелік, цилиндрлік және сақина  тәріздес
диаграммалар жатады.
3. Мұғалім: дұрыс, ал енді осы диаграммаларды не үшін қолданамыз? Дөңгелектік диаграмма,
гистограмманы ше?
4.
Оқушы: Диаграмманы сандық мәліметтерді графиктік түрде беру үшін қолданады.  Дөңгелек
диаграмма бірнеше   шамаларды   салыстыру   үшін   қолданылады.  Егер   бірнеше   шаманың
қосындысы   100  пайызды  берсе,  онда   бұл   диаграмма  өте   көрнекі   шығады.  Дөңгелек 
диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. Гистограмма бірнеше
шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. Берілген диаграмма бағандардан тұрады.
Сондықтан оны кейде баєанды диаграмма деп атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын
шамалардың мазмұнымен анықталады.
5. Мұғалім: Жақсы. Диаграмманың құрылу ретін атап шық.
6.
Оқушы:   Диаграмма   түрінде   көрсетілуі   тиіс   деректерден   тұратын   ұяшықтардың   ауқымын
белгілейміз.   Қою   -   Диаграмма   шебері   командасын   орындаймыз.   1-қажетті   диаграмманың
түрін таңдаймыз. 2-үнсіз келісім арқылы қатарлар бағанды түрде салынуды таңдаймыз. 3-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет