CD және DVD дисклердегі электрондық құралдармен, әдістемелік оқу –
әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен, оқу әдістемелік жинақтармен
жабдықталады.
5.24.3 Сабақта құрылғылар жетіспеген жағдайда, демонстрациялық
тәжірибелерді виртуалды түрде көрсету жүзеге асырылады.
5.24.4 Физика пәнінің сапасын арттыру мақсатында автоматтандырылған
оқу-лабораториялық стенділері, сандық зертхана, мультимедиялық кабинет
47
қолданылады.
5.24.5 Жаңа оқу материалын өздігінен меңгеруде, есептер шығаруда,
білімдерін тексерудің тестік формасында және т.б. қажетіне қарай ақпараттық
коммуникативтік технологияның мүмкіндіктері қолданылады.
5.24.6 Заманауи талаптарға сай физика кабинеттерінде білім беру үдерісін
ұйымдастыруда компьютерлік технологияны қолдануда төмендегі іс-әрекеттер
жүзеге асырылады:
редакторлардың көмегімен дыбыстық, сандық, мәтіндік, графикалық
ақпараттарды өңдеу;
MS Power Point редакторының көмегімен берілген оқу материалы
бойынша слайдтар әзірлеу;
өз пәні бойынша дайын бағдарламалық өнімдерді қолдану;
сабақта электрондық оқулықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру;
оқу-бағдарламалық құралдарды қолдану;
дайын қабықша-бағдарламалардың көмегімен тест тапсырмаларын
құрастыру.
5.25 Химия пәні кабинеті.
5.25.1 Химия кабинетін қазіргі заманның талаптарына сай ұйымдастыруда
оны оқу құралдарының толық жиынтығымен жабдықтауда қарастырылады:
- оқу құралдарының түрлі жиынтығын баспа және электрондық
түрде қолдану;
-
түрлі химиялық заттардың құрылысын құрастыруға қажетті
кристалдық торлар;
- оқытудың экрандық-дыбыстық құралдарын қолдану (диафильмдер,
диапозитивтер, графикалық проекторлардың транспаранттарын, кинофильмдер
мен кинофрагменттер, оқу видеофильмдерін);
- жаңа ақпараттық технологиялар негізінде өлшеуіш құралдарды
пайлалану;
- реттелгіш параметр немесе үдеріс туралы компьютердегі ақпараттарды
алу үшін датчиктердің жиынтығы мен құрылғыларын пайдалану.
5.26 Биология пәні кабинеті.
5.26.1 Биология кабинеті білім беру үдерісін ұйымдастыруда заманауи
талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік жабдықтармен
және ЭОӘК-мен (компьютермен жабдықтау, интернетке шығу, интерактивті
тақта, лицензиялық бағдарламамен қамту, электронды ресурстар, сандық
лаборатория) жабдықталуы қажет:
- интерактивті тақтаны пайдалану;
- интернет жүйесін және заманауи ақпараттық технологияларды
пайдалану;
- MS Power Point, Prezy редакторы арқылы презентациялар дайындау;
- дайын оқу-бағдарламалық құралдарды, бейнетаспаларды, ақпараттарды
тікелей интернеттік сайттардан пайдалану;
- оқушылардың on-line олимпиадаларға, форумдарға, зерттеу-жобалау
жұмыстарына қатысуларын ұйымдастыру;
48
- оқушылардың білімдерін бақылау және өзін-өзі бақылау үшін тест
тапсырмаларын құрастыру, тестілеуді өткізу кезінде дайын қабықша-
бағдарламаларды пайдалану;
- қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;
- биология сабақтарында практикум және жобалау-зерттеу жұмыстарын
жүзеге асыру кезінде эксперимент нәтижелерін белгілеуде сандық
лабораторияның мүмкіндіктерін пайдалану.
5.26.2 Функционалды сауаттылықты, зерттеу дағдыларын дамыту үшін
өсімдіктердің, жануарлардың физиологиясы мен биохимиясы саласында
әртүрлі эксперименттер жүргізуге арналған компьютерлік өлшеуіш датчиктер
жиынтығын пайдалану қажет.
5.27 География пәні кабинеті.
5.27.1 Мектептегі география кабинетінде білім беру үдерісін ұйымдастыру
төмендегі талаптарға сай ұйымдастырылады:
– бұқаралық-ақпарат құралдарын және мультимедиялық ресурстарды
пайдалану;
дерекқордан және Интернеттен ақпаратты іздеу;
сандық, Интернет желілері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу
және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның
ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа
қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу; қолдану;
заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу; модельдер мен модельдеуді
пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және
қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстар мен мәтіндерді мультимедиалық
таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда
сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту
орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі
байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және
ақпарат алмасу;
интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету
мақсатында қолдану;
аяқталған
жұмыстың
мектеп
шеңберіндегі
және
одан
тыс
мультимедиалық презентациясы.
5.27.2 География кабинеттерінде интерактивті электронды карталар (ондай
карталарды аймақты неғұрлым толық қарастыру үшін үлкейтуге, қажетті
белгілеулерді және суреттерді қосуға болады) қолданылады.
5.27.3 Интерактивті карталарда қосымша иллюстративтік және мәтіндік
материалдар бар.
5.28 Заманауи талаптарға сай дене шынықтыру сабақтарында білім беру
үдерісін ұйымдастыру:
дене шынықтыру пәнінің теориялық және практикалық сабақтарында
49
АКТ-ны
(бейнематериалдарды,
презентацияларды,
блок-сызбаларды,
кестелерді, өсу динамикасының графиктерін) қолдануды;
оқушыларға өздерінің қимыл-қозғалыс әрекеттерінің көрсеткіштерін
бағалау мен жақсартуға көмек көрсету үшін оқушылардың өзін-өзі бағалауға,
талдауға арналған фото- және бейнематериалдарды пайдалануды;
АКТ-ны (соның ішінде, Интернет) қарым-қатынас құралы ретінде,
бірлескен жұмыс жүргізуде, контент құруда, пән бойынша ақпаратқа
қолжетімділікті іздестіруде қолдануды көздейді.
5.29 «Бейнелеу өнері» пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруда
төмендегі іс-әрекеттер қажет:
көркем туындыларды жасауда компьтерлік-сандық технологияларды
қолдану;
Интернеттен және дерекқордан ақпарат іздеу;
сандық және Интернеттен алынған дәйектерді маңыздылығына қарай
өңдеу таңдау, табу, маңыздығына қарай бағалау;
белгілі бір мақсатқа және аудитория үшін түрлі дереккөздерден
жинақталған
материалдар
қоры
кіретін
слайд
көрсетілімдерді
(презентацияларды) жасау дағдыларын дамыту;
модельдер мен модельдеуді пайдалану, сонымен қатар мультимедиялық
көрсетілім жасау үшін мәтін мен дыбысты, қозғалмайтын және қозғалмалы
кескіндемені біріктіру;
онлайн форумдар мен виртуальды ортада оқытуға қатысу, электронды
байланысты пайдалану арқылы мұғалімдер және басқа оқушылармен жұмысқа
арналған байланыс арнасы бойынша ақпарат алмасу және хабарлама жіберу.
|