18
беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды
сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
- балаларда оқу әрекетінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын
қалыптастыру (танымдық
белсенділік, шығармашылық);
- мектепке оқу үшін қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке
қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);
- ұжымдық әрекетте бірлесіп әрекет ету дағдыларына тәрбиелеу
(құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан
мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз
ету;
- баланың мектепке
эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын
дамыту.
Мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:
1)
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі
– Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына;
2) «Тиісті үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік
қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595
бұйрығымен бекітілген
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657
болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар
қызметiнiң үлгілік қағидаларына;
3) «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып
тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);
4) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен
бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235
болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге
асырады.
Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар
бойынша:
19
-
физикалық дамыту;
-
коммуникативтік дағдыларды дамыту;
-
танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту;
-
шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін
дамыту;
-
әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру арқылы іске
асырылады.
Физикалық даму,
балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік,
шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту,
әлеуметтік-
эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі
ұйымдастырылған іс-
әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады:
1) дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене
шынықтыру);
2) жүзу (жүзу бассейні болған кезде);
3) сөйлеуді дамыту;
4) көркем әдебиет;
5)
сауат ашу негіздері;
6) қазақ тілі (оқыту басқа тілде жүргізілетін топтарда);
7) сенсорика;
8) математика негіздері;
9) құрастыру;
10) қоршаған ортамен таныстыру;
11) сурет салу;
12) мүсіндеу;
13) жапсыру;
14) музыка.
Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында
балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс-
әрекеттер берілді.
Достарыңызбен бөлісу: