Инструктивно-методическое письмо об организации воспитательно-образовательного процесса



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата15.10.2023
өлшемі1,19 Mb.
#115342
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Тиімді ұсыныс
 
 

кітап бұрышын жасау 

толықтыруға ата-аналарды тарту 

кітапты уақытша пайдалануға үйге беру 

ұйымдастырылған кітап бұрышын ата-
аналардың балалармен бірге қолдануына 
жағдай жасау 
Балалардың мектепте оқуға дайындығын қамтамасыз ету үшін мектепалды 
даярлық тобында Сауат ашу негіздері аптасына екі рет өткізіледі. 
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің
 
қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және 
зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады. 
Бөбек жасы балалары үшін сенсорика бойынша заттарды, ойыншықтарды 
өз бетінше зерттеуіне көңіл бөлінеді, олардың түсін, пішінін, көлемін ажыратып, 
салыстыруға баулу көзделеді. Баланың затты немесе ойыншықты ұстап көріп, 
зерттеп, өздігінен тәжірибе жинақтауына басымдық беру ұсынылатын 
болғандықтан, педагог ауызша сөзбен айтып түсіндіруді барынша жетекші 
сұрақтарды жиі қолдану тәсіліне қарай бағыттағаны дұрыс болады.
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін математика негіздерін күн сайын 
дидактикалық ойындар, танымдық әңгімелер, бейнелеу және құрастыру әрекеті, 
эксперимент жасау, математикалық мазмұндағы театрландырылған әрекет, 
әңгіме, дербес және басқа да әрекеттер арқылы ойын түрінде ұйымдастыруға 
болады. Мұнда ұйымдастырылған іс-әрекет барысында берілген ұғым, 
түсініктерді (заттардың түсі, көлемі, пішіні, саны, кеңістікте орналасуы және т.б.)
еркін ойында және режимдік сәттерде балалардың жасына сәйкес бекіту, ол үшін 
сәйкес сұрақтар қойып, балалардың жеке жауаптарын тыңдау, балалардың 
математика терминдерін қолданып жауап беруіне, заттарға өз бетінше зерттеу 
жүргізуіне игерген дағдыларын қолдануына мән беру ұсынылады.
Қоршаған ортамен танысу күн сайын объектілер мен заттарды бақылау 
(тірі және өлі табиғат) зерттеу, материалдармен эксперимент жасау, педагогтің 
сәйкес ақпаратты оқып беруі, кітаптарды және иллюстрацияларды қарау, 
әңгімелесу, қарым-қатынас, ойын әрекеті арқылы іске асырылады. Мұнда 
балалардың заттарды қолмен ұстап, зерттеуі, олардың қасиеттеріне талдау 
жасауы, заттарды қолдануы, туындаған сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше 


14 
сұрақтардың жауабын іздеуі мен табуы, алынған дағдыларды ойында қолдана 
алуы маңызды. 
Қоршаған ортамен танысу баланың «Мен» 
бейнесінің пайда болуына барынша ықпал етеді. Сол 
себепті отбасы, түрлі мамандықтар, ересектердің еңбегі, 
туған жер, Отан, отан қорғаушылар туралы және т.б. 
түсініктер мен дағдыларын, патриоттық сезімін
қалыптастыру үшін балаларды қазақ халқының ұлттық 
құндылықтары, 
отбасылық 
құндылықтар 
арқылы 
тәрбиелеуге басымдық беру көзделеді.
Сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру күн сайын тек ұйымдастырылған 
іс-әрекеттерінде ғана емес, сондай-ақ балалардың қызығушылықтарын ескере 
отырып, басқа уақытта да ұйымдастырылады және бірнеше жұмыс түрі қатар 
жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір жұмыс түрімен 
айналысуына болады.
Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе 
жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту, 
шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға 
дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді, 
құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру
тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.
«Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті ерте, кіші, ортаңғы топтарда 
аптасына бір рет, ересек және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында
аптасына екі рет музыка жетекшісімен мектепке дейінгі ұйымның кестесіне 
сәйкес жүргізіледі. 
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы 
тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, 
балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт 
бөлінеді. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандарты мен 
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу бағдарламасының мазмұнында: 
1) тәрбиелеу-білім беру процесінің міндеттерін іске асыру; 
2) ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұны; 
3) білім беру іс-әрекетін тиімді кіріктіру; 
4) сабақтастық принциптерін, тәрбие мен оқытудың үздіксіздігін 
қамтамасыз ету; 
5) ұйымдастырылған іс-әрекеттің күтілетін нәтижелері қарастырылатын 
болады. 


15 
«Жаратылыстану» ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері 
«Қоршаған ортамен танысу» ұйымдастырылған іс-әрекетімен кіріктіріліп, 
шешілетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет