Интеграциялау интеграция фармацевтической науки, образования и практики на современном этапе



Pdf көрінісі
бет1/42
Дата13.02.2017
өлшемі6,39 Mb.
#4032
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Вестник КазНМУ, №5 – 2014
 
www.kaznmu.kz
 
 
 
 
1 
 
 
 
ЗАМАНАУИ ДЕҢГЕЙДЕГІ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БІЛІМДІ 
ИНТЕГРАЦИЯЛАУ 
 
ИНТЕГРАЦИЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКОЙ НАУКИ, ОБРАЗОВАНИЯ И ПРАКТИКИ НА 
СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ 
 
 
УДК 378.147 
 
Ж.Ж. АБДРАХМАНОВА, З.С. ХАЛМЕТОВ, А.А. МАУЛЕНОВА, Е.Р. ТЛЕУБЕКОВ, Г.П. ЕСЖАНОВ  
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы,  
Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы 
 
ВИРТУАЛДЫ ЭКСПЕРИМЕНТТЕР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН  АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  
 
Бұл мақалада инновациялық оқыту технологиясы яғни физика пәнін оқытуда виртуалды эксперименттер 
дайындап оқу үдерісінде пайдаланудың маңыздылығы қарастырылады. Қазіргі кезеңде оқыту үрдісінде 
физикалық эксперименттерді арнайы бағдарламалармен оқыту негізгі мәселе болып табылады. 
Түйінді  сөздер:  физикалық  эксперимент,  виртуалды  зертхана,  оқу  эксперименттері,  арнайы  бағдарлама, 
физикалық құбылыстар. 
 
Медициналық 
жоғары 
оқу 
орындарында 
медбиофизика  және  физика  пәндерін  оқытуда 
инновациялық  оқыту  технологиясын    қолдану  – 
студенттердің  білімдерін нақтылауда және бақылау, 
бағалау  сондай-ақ  білім  нәтижелерін  өңдеу  үшін  аса 
маңызды  роль атқарады.  
Студенттің  жеке  тұлғалық    және  интелектуальды 
дамуы  үшін,    оқытушыдан    ақпараттық  құзырлықты  
яғни  жаңа  ақпараттық    технологияларды  білім  беру 
үдерісінде  пайдалана  білуді,  ұйымдастырушылық  
қабілеттілікті, 
студенттерді 
қазіргі 
қоғамның  
түбегейлі өзгерістеріне  лайық бейімделуін, олардың 
зерттеушілік  дағдыларын  дамыту  бағыттары    талап 
етіледі [1]. 
Медициналық 
оқу 
орындарында 
дұрыс 
ұйымдастырылған  кез-келген  сабақ  студенттердің 
ғылыми  танымдылығын  арттыруға,  теориялық 
білімдерін    медициналық  және  фармациялық 
тәжірибемен    байланыстыра  білуге  бағытталуы  тиіс 
[2].  Осы  мақсатта  физикалық  құбылыстар  мен 
заңдылықтарға негізделіп жасалынған медициналық 
оқу  құралдарының  құрылысын,  жұмыс  істеу 
принциптерін, 
физикалық 
эксперименттерді 
компютерде 
арнайы 
бағдарламалар 
арқылы 
дайындалған  электрондық  оқулық  нұсқасымен 
оқыту қолға алынуда.  
Осы  негіздерге  сүйене  отырып  Оңтүстік  Қазақстан 
Мемлекеттік  Фармация  Академиясының    фармация  
мамандығы  студенттері  үшін  медбиофизика  пәнін 
оқытуда  виртуальды  эксперименттер  дайындалып  
оқу үдерісіне енгізілді.  
Электронды оқулық «Медициналық биофизика» және  
«Физика»  курсын  оқитын  медициналық  жоғары  оқу 
орындары    емдеу,  фармация  және  фармацевтика 
өндірісінің 
технологиясы 
 
мамандықтарының 
студенттеріне 
арналған. 
Бағдарламалық 
қамтамасыздандыру  нарығы  кезеңінде    күнделікті 
оқыту  үдерісіне  жаңа  бағдарламалық-әдістемелік 
өңдеулер  енгізілуде.  Сондықтан  да  студенттерге 
«Медициналық  биофизика»  және  «Физика»  пәндерін 
оқытуда 
электронды 
оқулық 
дайындаудың 
қажеттілігі 
туындады. 
 
Электронды 
оқулық 
дайындаудағы  негізгі  мақсат  -  аз  орын    ала  отырып, 
тақырып  бойынша  өте  үлкен  мәлімет  беретін  оқу 
құралын құрастыру болды.  
«Виртуалды  зертхана»  электронды  оқулығы  пәнді 
өздігінше  оқып  үйренуге  арналған  қосымша 
материал болып табылады. Бұл оқулықты кез-келген 
компьютерге  орнықтырып,  электронды  түрде  және 
баспадан  шығарып  жазба  түрінде  де  қолдануға 
болады.  Әр-бір  виртуалды  зертханалық  жұмыс 
біркелкілік  болмас  үшін  әр  түрлі  безендірілген 
бірнеше бөлімдерден тұрады.   
Электронды оқулықта гипермәтінді қолдану арқылы 
материалды  тез  меңгеруге  және  іздеу  уақытын 
қысқартуға 
болады. 
Бағдарламаны 
кез-келген 
компьютерге  орнатуға  болатындықтан,  электронды 
оқулықты  физика  зертханасындағы  сондай-ақ  жеке 
компьютерге  және  ноутбуктарға  қоюға  болады. 
Нәтижесінде  студенттерге  сабаққа  дайындалуда, 
пәнді  оқып  үйренуде  жоғары  деңгейде  жағдайлар 
жасалады. 
Зертханалық 
жұмысты 
орындау 
барысында  қателіктер  жібермеу  үшін  кейбір 
зертханалық  жұмыстарға  видеофильмдер  түсірілген. 
Электронды  оқулыққа  енгізілген  әр-бір  виртуалды 
зертханалық  жұмыстың  құрылымы  бес  негізгі 
бөлімнен  тұрады.  Тақырып  бойынша  қысқаша 
теория, виртуалды зертханалық жұмысты орындауға 
қажетті  құрал-жабдықтарға  сипаттама,  виртуалды 
зертханалық  жұмыстың  орындалуы  және  есептеу 
кезеңі  немесе  видео-сабақ,  білім  деңгейін  бақылау 
және  100-балдық  жүйемен  бағалау  үшін  тест 
тапсырмалары.  Сондай-ақ  оқулық  авторлары  жайлы 
мәлімет.  
Медицина  және  фармация  саласында  қолданылатын 
құралдармен  (Рефрактометр,  поляриметр,  КФК-3,  
спектрофотометр  т.б.)  жасалатын  зертханалық 
жұмыстар 
электрондық 
оқулыққа 
енгізіліп, 
зертханалар виртуалды нұсқада қойылды.  
Мысалы  «Рефрактометр  көмегімен  ерітінділердің 
концентрациясын 
анықтау» 
тақырыбындағы 
зертханалық 
жұмыстың 
виртуалды 
нұсқасы 
төмендегі негізгі бөлімдерден тұрады 
 

Вестник КазНМУ, №5 – 2014
 
www.kaznmu.kz
 
 
 
 
2 
 
 
 
 
        
 
 
Сурет 1 – «Виртуалды зертхана» электронды оқулық 
 
Бірінші бөлімді  таңдаған кезде студент зертханалық 
жұмыс 
тақырыбы 
бойынша 
осы 
физикалық 
құбылыстың, 
заңдылықтың 
 
теориялық 
мәліметтерімен  танысады. 
Келесі  бөлімде  зертханалық  жұмыстың  орындалу 
реті  мен  орындауға  қажетті  құрал  -  жабдықтар 
берілген.   Виртуалды зертхана бөлімінде студенттер 
жұмысты  интерактивті  түрде  орындап,  алынған 
өлшемдерді  кестеге  енгізіп  есептеу  нәтижесін  ала 
алады.  Сондай-ақ  кестедегі  мәндер  бойынша 
физикалық шамалардың тәуелділік графигі алынады. 
Меңгерілген  білімді  бақылау  бөлімінде  орындалған 
зертханалық    жұмыс  бойынша    тест  сұрақтары 
арқылы  студенттердің  алған  білімдері  тексеріледі 
және бағаланады.  
Бұл әдісті қолдануда оқытушы студенттердің  өзіндік 
жұмысына  бағыт  беріп  оны  бақылаушы  яғни 
технологиялық 
аппаратты 
басқарушы 
болып 
табылады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1
 
Бұзаубақова  К.Ж.  Физика  сабақтарындағы  оқытудың  инновациялық  технологиялары:  Оқу-әдістемелік  құрал.  - 
Алматы: Жазушы, 2005. 
2
 
Момынбаев  Б.  Жаңа  ақпараттық  технологиялар  негізінде  білім  сапасын  жоғарылату  //  Білім–Образование.  - 
2009. - № 4. -  3 б. 
3
 
Керімбаев  Н.Н.  Компьютерді  пайдаланып  физикадан  зертханалық  практикалық  жұмыстар  жүргізу.  -  Алматы, 
2002. 
 
Ж.Ж. АБДРАХМАНОВА, З.С. ХАЛМЕТОВ, А.А. МАУЛЕНОВА, Е.Р. ТЛЕУБЕКОВ, Г.П. ЕСЖАНОВ.  
Южно-Казахстанская государственная фармацевтическая академия 
Кафедра биофизики, информатики и математики  
 
ВЫСОКАЯ ЗНАЧИМОСТЬ ВИРТУАЛЬНЫХ ЭКСПЕРИМЕНТОВ ДЛЯ ЭФФЕКТИВНОГО ОБУЧЕНИЯ 
 
Резюме:  В  данной    статье  рассматриваются  инновационные  обучающие  технологии,  как    методы  применение 
виртуальных  экспериментов  в  учебном  процессе  по  дисциплине  физика.  Применение  специальных  программ  в 
процессе  обучения  разного  рода  физических  экспериментов,  при  отсутствии  оборудования  или  специальной 
литературы является актуальным на данный момент. 
Ключевые  слова:  физический  эксперимент,  виртуальная  лаборатория,  учебный  эксперимент,  специальная 
программа, физические явления. 

Вестник КазНМУ, №5 – 2014
 
www.kaznmu.kz
 
 
 
 
3 
 
 
 
J.J. ABDRAKHMANOVA, Z.S. KHALMETOV, A.A. MAULENOVA, E.R. TLEUBEKOVA, G.P. ESZHANOV 
Southern Kazakhstan state pharmaceutical 
Department of Biophysics academy, information scientists and mathematics 
 
HIGH SIGNIFICATION OF VIRTUAL EXPERIMENTS FOR EFFECTIVE TRAINING 
 
Resume:  The  innovative  educational  technologies  are  reflected  in  this  article  as  virtual  experiment  methods  in  the 
educational process in Physics. Using of special programs in the educational process of different physical experiments in the 
absence of equipment and special literature is actual nowadays.  
Keywords: physical experiment, virtual laboratory, educational experiment, special program, physical phenomenon. 
 
 
 
 
УДК 547.822.3-078:615.015.35 
 
Г.Б. АЙТЖАНОВА, А.Е. ИЗАТОВА, Г.Т. КАНТУРЕЕВА, Қ.Ө. ЕСЕТОВА  
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 
 
ЖАҢАДАН СИНТЕЗДЕЛГЕН ПИПЕРИДИН ТУЫНДЫЛАРЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УЫТТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Бұл  жұмыста  пиперидин  туындыларының  жаңа  қосылыстарының  (ЖЖЗ-83,  ЖЖЗ-84,  ЖЖЗ-85)  жедел 
уыттылығы зерттелді және эталондық препараттармен салыстырғанда олардың уыттылығы төмен болғаны 
анықталды. 
Түйінді сөздер: пиперидин, ерітінді, ЖЖЗ, уыттылық. 
 
Дәрілік заттармен улану жедел көмек көрсетуді талап 
ететін, 
кең 
тараған 
клиникалық 
жағдай. 
Фармакологиялық 
заттармен 
улану 
көбіне 
препараттардың  потенциалды  қауіптілігінен,  дәрілік 
заттарды  дозалау  тәртібінің  бұзылуынан,  дәрілік 
затты  дұрыс  сақтамаудан,  сақталу  мерзімінің  өтіп 
кетуінен,  сонымен  қатар  суицидтік  мақсатта 
қолданудан  дамиды.  Қазіргі  кезде  этил  спиртімен, 
ұйықтатқыш  заттармен,  психотропты  заттармен, 
наркотикалық анальгетиктермен, фосфоорганикалық 
инсектицидтермен  жедел  улану  жиі  кездеседі  [1]. 
Жалпы  қабылданған  ереже  бойынша  жаңа  дәрілік 
затты  алудың  негізгі  кезеңдерінің  біріне  клиникаға 
дейінгі  зерттеу  жатады.  Клиникаға  дейінгі  зерттеу 
барысында 
сыналатын 
қосылыстың 
фармакологиялық  белсенділігін  және  уыттылығын 
анықтау  өте  маңызды.  Болашақта  алынатын  дәрілік 
заттардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің  негізгі 
бағыттарының бірі жаңа қосылыстардың жедел және 
созылмалы  уыттылығын  анықтау  [2].  Бірнеше 
жылдан 
бері 
ҚР 
ҰҒА 
Химиялық 
Ғылыми 
Институтының 
дәрілік 
заттар 
химиялық 
лабораториясымен 
бірлесіп 
пиперидин 
туындыларын  бағыттап  синтездеу  және  олардың 
ішінен жергілікті жансыздандырғыш және аритмияға 
қарсы 
белсенділігі 
бар 
қосылыстарды 
іздеу 
жұмыстары  белсенді  жүргізілуде.  Бүгінгі  таңда, 
химиялық  қосылыстардың  ішінен  спазмолитикалық, 
мембранатұрақтандырғыш,  орталыққа  және  шетке 
нейротропты 
әсер 
көрсететін 
пиперидин 
туындылары 
үлкен 
қызығушылық 
туғызуда. 
Жоғарыда  айтылғандай,  жаңа  дәрілік  затты 
синтездеу 
сыналатын 
қосылыстардың 
жедел 
уыттылығын 
анықтаудан 
басталады. 
Осыған 
байланысты,  бұл  жұмыстың  мақсаты  пиперидин 
туындыларының 
жаңадан 
синтезделген 
қосылыстарының жедел уыттылығын зерттеу болып 
табылады.   
 
 
 
Материалдар мен әдістер 
Зерттеу  барысында  пиперидин  туындыларының  3 
жаңа  қосылыстары  (ЖЖЗ-83,  ЖЖЗ-84,  ЖЖЗ-85) 
зерттелді. 
Қосылыстардың  жедел  уыттылығын  зерттеуге 
салмағы  19-23  гр.  болатын  ақ  тышқандардың  екі 
жынысы  да  алынды.  Қосылыстар  тәжірибе  алдында 
дистилденген  суда  дайындалған  1  және  2%  ерітінді 
түрінде,  500  ден  1000  мг/кг  дейінгі  аралықтағы 
мөлшерде  енгізілді.  Әрбір  мөлшер  6  ақ  тышқанға 
жасалды. Максималды көтеретін мөлшер (МКМ), 25 % 
өлтіретін  мөлшер  (LD
25
),  орташа  өлтіретін  мөлшер  - 
50%  (LD
50
),  75%  өлтіретін  мөлшер  (LD
75
),  100% 
өлтіретін  мөлшер  (LD
100
)  анықталды.  Қосылыс 
енгізілген  соң  жануарлар  2  тәулік  бойы  бақылауға 
алынды  және  тәжірибе  жасалмаған  жануарлармен 
салыстырылды, 
осы 
мерзімнен 
кейін 
өлген 
жануарлар есепке алынбады. 
Зерттелген  қосылыстардың  уыттылығы  лидокаин 
мен  этмозиннің  уыттылығымен  салыстырылды. 
Қосылыстардың  LD
50
  көрсеткіші  Литчфилд  және 
Уилкоксон әдісі бойынша есептелді [3].   
 
Нәтижелер және оны талқылау 
Жүргізілген  зерттеу  нәтижелері  көрсеткендей, 
қосылыстың  улы  мөлшері  енгізілгенде  уланудың 
көріністері 
бір 
типті 
болды 
және 
мөлшер 
жоғарылаған  сайын  улану  көріністерінің  жылдам 
үдеуі 
байқалды. 
Улануға 
тән 
көріністерге 
жануарлардың  айқын  жалпы  тежелуі  жатты,  атап 
айтқанда,  жануарлардың  қозғалысының  тежелуі, 
рефлексті қозғыштығының төмендеуі, ентігу, қозғалу 
координациясының 
бұзылуы. 
Мөлшерінің 
жоғарылауынан алдымен бұлшық еттердің тартылуы 
(жыбырлауы),  содан  соң  клоникалық  және  клонико-
тоникалық  тырысулар  дамыды,  шамамен  3  сағат 
өткен 
соң 
тыныстың 
біріншілік 
тежелуінен 
жануарлар өле бастады. 
Кестеде № 1 көрсетілгендей, лидокаинмен этмозинге 
қарағанда,  барлық  зерттелген  қосылыстардың 
уыттылығы  анағұрлым  төмен  болды.  Зерттелген 

Вестник КазНМУ, №5 – 2014
 
www.kaznmu.kz
 
 
 
 
4 
 
 
 
қосылыстар 
ішінен 
ЖЖЗ-83 
қосылысының 
уыттылығы 
өте 
төмен 
болды. 
Эталондық 
препараттармен 
салыстырғанда, 
аталған 
қосылыстың  уыттылығы  лидокаиннен  6,9  есе,  ал 
этмозиннен 6 есе төмен екендігі анықталды.  
 
Кесте 1 - Зерттелген қосылыстың жедел уыттылығы мен салыстырмалы уыттылығының көрсеткіштері 
№ 
реті 
Қосылыстардың  шифрі 
(ЖЖЗ) 
Зерттелген  қосылыстар  мен 
салыстырмалы 
препараттардың LD
50
  
Салыстырмалы уыттылығы 
 
Этмозин  
276,0±19,0 

 
 
Лидокаин  
240,0±18,0 
 


83 
1650±35,9* 
0,17 
0,15 

84 
2300±57,0* 
0,12 
0,10 

85 
1500±68,0* 
0,18 
0,16 
Ескерту:  зерттелген  қосылыстарды  этмозинмен  *  p
1
<0,001  және  лидокаинмен  салыстырғандағы  *  p
2
<0,001 
статистикалық дұрыстығы
 
 
Кестеде  көрсетілгендей  ЖЖЗ-84  қосылысын  тері 
астына 
енгізгенде 
уыттылығының 
төмендігі 
анықталды. 
Аталған 
қосылыстың 
уыттылығы 
лидокаинмен  салыстырғанда  0,10  кем,  сондай-ақ 
этмозиннің  уыттылығынан  0,12  төмен.  ЖЖЗ-85 
қосылысының уыттылығы лидокаинге қарағанда 6,2 
есе және этмозиннен 5,3 есе төмен екендігі байқалды. 
Сонымен, 
жүргізілген 
зерттеу 
нәтижелері 
көрсеткендей,  пиперидин  туындыларының  жаңа 
қосылыстарының  жедел  уыттылық  көрсеткіштері 
эталондық  препараттармен  салыстырғанда  төмен 
болды.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
1
 
Харкевич Д.А. Фармакология. - М: «ГОЭТАР-Медиа», 2010. - 832 б. 
2
 
Хабриев  Р.У  Руководство  по  экспериментальному  (доклиническому)  изучению  новых  фармакологических 
веществ. - М.: Медицина, 2005. - 832 б. 
3
 
Прозоровский  В.В.,  Прозоровская  М.П.  Табличный  метод  определения  ЕД
50
  веществ  с  низкой  биологической 
активностью // Фармакология и токсикология. - 1980. - Т. 43, № 10. - Б. 66-68. 
 
 
Г.Б. АЙТЖАНОВА, А.Е. ИЗАТОВА, Г.Т. КАНТУРЕЕВА, К.У. ЕСЕТОВА  
Казахский национальный медицинский университет им.С.Д. Асфендиярова 
 
ИЗУЧЕНИЕ ОСТРОЙ ТОКСИЧНОСТИ ВНОВЬ СИНТЕЗИРОВАННЫХ ПРОИЗВОДНЫХ ПИПЕРИДИНА 
 
Резюме:  В  данной  работе  приведены  показатели  острой  токсичности  вновь  синтезированных  производных 
пиперидина  (МАВ-83,  МАВ-84,  МАВ-85).  По  полученным  данным  отмечена  низкая  токсичность  исследуемых 
соединений по сравнению с эталонными препаратами.  
Ключевые слова: пиперидин, раствор, МАВ, токсичность. 
 
 
G.B. AYTZHANOVA, A.E. IZATOVA, G.T. KANTUREEVA, K.U. ESETOVA  
Asfendiyarov Kazakh National Medical University 
 
ACUTE TOXICITY STUDY OF NEWLY SYNTHESIZED PIPERIDINE DERIVATIVES 
 
Resume: In this work present the indicators of acute toxicity of newly synthesized derivatives of piperidine (LAA-83, LAA-84, 
LAA-85). The data obtained showed low toxicity  of test compounds in comparison with reference preparations. 
Keywords: piperidine, solution, LAA,  toxicity. 
 
 

Вестник КазНМУ, №5 – 2014
 
www.kaznmu.kz
 
 
 
 
5 
 
 
 
УДК: 544.6.018:553.434:541.182 
 
А.А. АСАНОВ*, А.С. КОЖАМЖАРОВА, Г.А. АЛДИБЕКОВА  
*
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 
  
ФУНКЦИОНАЛ ТОПТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНУШІ ПОЛИЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ  ДАРБАЗА  
БЕНТОНИТІ ЖӘНЕ ФРАКЦИЯСЫ ДИСПЕРСИЯСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ӘСЕРІ 
 
Функционал  топтарының  түрлерімен,  алыну  жағдайымен  ерекшеленуші  полиэлектролиттер  қатысында 
бентонит  гидродисперсиясы  және  оның  фракцияларының  тұрақтылығының  өзгеруі  арқылы  флокуляциялаушы 
қабілетінің  өзгеруі  анықталып,  оңтайлы  жолы  таңдалып  алынып,  экономикалық  экологиялық  тұрғыдан 
тиімділігі жоғары болатыны туралы болжам жасалды. 
Түйінді сөздер: флокуляция, бентонит, полиэлектролит, фракция, гидродисперсия. 
 
Қазіргі 
уақытта 
бентонит 
минералдарының 
өндірістің,  шаруашылықтың,  медицинаның  түрлі 
салаларында 
қолданылуы 
артып 
баруымен 
байланысты 
олардың 
кейбір 
физикалық, 
коллоидтық-химиялық 
қасиеттерін 
мақсатты, 
бағытты  түрде  өзгертуге  деген  талап  та  өсіп  келеді 
[1].  Себебі  көптеген  өндірістің  түрлері  бентонит 
өнімдерін  қалыптау  мақсатында  пайдаланса,  ал 
мұнай-газ өндірісі саласында кеніштерді іздеу, өндіру 
саласында  бентонит  өнімдерін  бұрғылау  ерітіндісін 
дайындау  үшін  қолданады  [2].  Сонымен  бірге 
бентониттің  кейбір  табиғи  тазартылған  түрлері 
медицинада  адсорбент  ретінде  немесе  дәрі-дәрмек 
алу  үдерісінде  де  кең  пайдаланылады  [3].  Бірақ 
бентонит  өнімдерінің  мұндай  әр  алуан  салаларда 
қолданылуы 
олардың 
кейбір 
физикалық, 
коллоидтық-химиялық  қасиеттерін  сол  салалардың 
талабына сай өзгертуді қажет етеді. Осы көрсетілген 
өндіріс  салаларының  ішінде  бентонит  өнімдері 
мұнай-газ  өндірісінде  жиі  қолданылады.  Ол  әсіресе 
соңғы  жылдары  айрықша  қарқынмен  артып  келеді. 
Бірақ  табиғи  бентониттің  физикалық,  коллоидтық-
химиялық 
қасиеттері 
мұнай-газ 
өндірісінің 
талаптарына  барлық  уақыт  сәйкес  келе  бермейді. 
Өйткені  кейбіреулерінің  дисперстік  дәрежесінің 
төмендігі  және  гидрофильдік  қасиетінің  әлсіз  болуы 
салдарынан 
олардың 
сулы 
ерітінділерінің 
тұрақтылығы  жеткіліксіз  болады.  Сонымен  қатар 
қойылтқыштық  қасиеті  де  жеткіліксіз.  Сондықтан 
осы  кемшіліктерді  реттеу  үшін  қазіргі  уақытта 
ғылыми 
деректерде 
келтірілген 
мәліметтерге 
қарағанда  суда  еритін  полимерлердің  қолданылуы 
мақсатқа  лайық  деп  есептеледі  [4].  Сол  үшін  бұл 
жұмыста  Қазақстан  Республикасының  оңтүстік 
өңірінде  орналасқан  Дарбаза  кеніші  бентонитінің 
кейбір 
физикалық, 
коллоидтық-химиялық 
қасиеттерінің  өзгеруіне  функционал  топтарының 
түрлері 
және 
макромолекулада 
орналасуымен 
ерекшеленуші  суда  еритін  полимерлердің  әсері 
зерттелді.  Қазақстан  Республикасының  оңтүстік 
өңірінде  орналасқан  Дарбаза  бентонитінің  зерттеу 
нысаны  ретінде  таңдалуы,  қоры  жағынан  жеткілікті 
және  тасымалдауға  ыңғайлы  болуымен  байланысты, 
бірақ 
осы 
аталмыш 
бентониттің 
өндірістің, 
шаруашылықтың 
түрлі 
салаларында 
қолданылуының  шектелген.  Оның  себебі  сулы 
дисперсиясының тұрақтылығының жоғары болмауы, 
қойылтқыш  қасиетінің,  адсорбциялаушы,  сонымен 
бірге  суды  өзінде  сақтау  қабілетініңәлсіздігімен 
байланысты.  Сол  себепті  осы  қасиеттерін  мақсатты, 
бағытты  түрде  реттеуде  қазіргі  уақытта  өндірістік 
жағдайда  табиғи  целлюлозаны  химиялық  жолмен 
түрлендіріп 
алынған 
суда 
еритін 
жасанды 
полиэлектролит 
болып 
табылатын 
карбоксиметилцеллюлозаның  және  құрамында  қос 
байланысы  бар  акрил  қышқылының  амидін 
полимерлеп  түзілген  өнімді  ішінара  гидролиздеу 
арқылы    алынған,  синтетикалық  полиэлектролитке 
жататын  полиакриламидтің,  сонымен  қатар,  таза 
табиғи  жоғары  молекулалық  қосылыстар  қатарына 
кіретін  функционал  топтарының  белсенді  бөлігінің 
макротізбек  бойында  орналасуымен  ерекшеленуші 
желатиннің  әртүрлі  концентрациясының  қатысында 
бентонит  гидродисперсиясының  тұрақтылығына  
қалай 
әсер 
ететіндігі 
анықталды.Себебі 
бұл 
таңдалған 
полиэлектролиттердің 
функционал 
топтарының  химиялық  құрамы  жағынан  бірқатар 
ұқсастығы  болғанымен,  айтарлықтай  ерекшеліктері 
бар. Оған осы полиэлектролиттердің макротізбегінің 
бойында  карбоксо  функционал  тобының  орналасуы 
ортақ 
болса, 
сонымен 
бірге 
кейбір 
айырмашылықтары  да  бар.  Өйткені  олардың 
айырмашылықтарына 
карбоксиметилцеллюлоза 
(КМЦ)  құрамындағы  оксо,  гидроксо  топтарының 
негізгі  тізбекті  құраушы    циклде жайласуы болса,  ал 
желатиннің  құрамындағы  белсенді  азот  элементі 
тізбекпен 
функционал 
топтың 
арасында 
макротізбекпен 
тікелей 
байланысқан. 
Ал 
синтетикалық  полиэлектролит  болып  табылатын 
полиакриламидтің  (ПАА)  құрамындағы  азот  амид 
түрінде  тізбекке  жанама  жайласқан.  Функционал 
топтардың  химиялық  құрамының  және  тізбек 
бойында  орналасу  тәртібі  бірде  дисперсті  фазаның 
майда  бөлшектерімен  әрекеттесуіне  оң  әсер  етсе, 
кейбір  жағдайда  өзара  байланыс  түзу  үдерісін 
қиындатады. 
Полиэлектролиттердің 
Дарбаза 
бентонитінің  майда  бөлшектерімен  әрекеттесудегі 
ерекшеліктерін  бентонит  гидродисперсиясының 
тұнба  көлемінің  (V),  фильтрлену  жылдамдығының 
(U), оптикалық тығыздығының (Д) өзгеруін анықтау 
арқылы нақтыланды. 
Өткізілген 
тәжірибе 
нәтижелері 
бентонит 
гидродисперсиясының 
тұнба  көлемі 
қосылған 
полиэлектролиттердің және салыстыру үшін алынған 
алюминий 
сульфатының 
(АІ
2
(SО
4
)
3

концентрациясына  қарап  өзгеретінін  көрсетті  (сурет 
1а). 
  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет