Байланысты: Мектепте ерекше білім беруге ажеттілігі бар о ушылар А олдау (
МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ (КӨМЕК) КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (көмек) – әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.
мектеп ортасын даярлау инклюзивті мектеп ортасын дайындау келесі міндетті шарттарды сақтауды көздейді:
оқушының мүмкіндіктеріне қарамастан педагогтардың әрбір оқушыны теңдей қабылдауы;
білім беру процесінің барлық қатысушылары мен техникалық қызметкерлердің төзімді мінез-құлық мәдениетімен қамтамасыз ету;
ЕҚБ бар оқушыны оқудан тыс мектеп іс-шараларына қосу;
оқушыға қолдау көрсетуде отбасы әлеуетін пайдалану.
инклюзивті орта құру бойынша мектеп жұмысының күтілетін нәтижесі:
а) оқушының мектепке, мұғалімдерге, сыныптастарына жағымды көзқарасы;
б) жалпы білім беру, қысқартылған немесе жеке бағдарлама шеңберіндегі академиялық табыстылығы;
в) оқушының әлеуметтік бейімделуі.
2. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың негізгі бағыттары:
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нор- мативтік негізін құру;
психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті норматив- тік негізін құру мектеп құжаттамасына (мектеп жарғысы, мектепті да- мыту жоспары және т. б.) қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оқушыларға қолдау көрсету нәтижелерін тіркейтін ішкі нормативтік актілерді жасауды және үдерісті реттеуді болжайды[22].
білім беру процесіне қатысушылардың қызметтік міндеттері. Ди- ректор психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметін (ппҚҰ) құру туралы бұйрық шығарады, ппҚк қызметі, арнайы сыныптардың қызметі туралы ережені бекітеді, мамандардың тиісті міндеттерін бекітеді; мамандардың бағыну иерархиясын және олардың өзара әрекеттесу принциптерін қалыптастырады; басқарудың әрбір деңгейінде ақпаратты жинау және өңдеу тәртібін айқындайды; балалар ұжымының бөлінуіне жол бермейтін жағдайлар жасайды; пәнаралық негізде мұғалімдер мен мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.
Директордыңоқуісіжөніндегіорынбасарыоқушыларға психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету процесіне басшылық жасайды, қолдау көрсету мамандары мен педагогтардың өзара әрекеттесуін реттейді; жеке психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасын құрастыруға, қолдау көрсету нәтижелері мен оқушының мектеп жетістігін талқылауға қатысады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығында толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді; барлық оқушыларды сыныптан тыс және бос уақыттағы іс-шараларға қатыстырады. бұл ретте оқушылардың біркелкі емес мүмкіндіктері ескеріледі және бала- лар арасындағы бәсекелестік жағдайы жеңілдетіледі.
мұғалім-оқытудағы қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын бағалайды, оқу материалын меңгерудегі проблемаларды анықтайды, оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеуді) орындайды, жеке оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысады, типтік, қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларына сәйкес ЕҚБ бар оқушылардың жетістіктерін бағалау және оқыту процесін дараландырады. мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің маман- дарымен бірігіп жұмыс жасайды.