CLIL сабағында оқу материалын таңдауға және оған арналған тапсырмаларды дайындауға аса ерекше талаптар қойылады. Яғни пән мұғалімі келесідей міндеттерді орындауы шарт
CLIL сабағында оқу материалын таңдауға және оған арналған тапсырмаларды дайындауға аса ерекше талаптар қойылады. Яғни пән мұғалімі келесідей міндеттерді орындауы шарт:
1. Тақырып бойынша материалдар студенттің ана тілінде білу деңгейлерінен төмен деңгейде таңдалуы қажет.
2. Студенттердің мәтіннің негізгі идеясын түсінгенін тексеру мақсатында тақырыпқа сай тапсырмалар құрылуы керек.
3. Берілген тапсырмаларда лингвистикалық форманың ерекшелігін көрсете отырып, олардың құрастырылуы мен колданылуына аса мән беру керек.
4. Тапсырмалар студенттердің өзіндік шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында берілуі керек
Қорытынды
Пән мен тілді кіріктіре оқытудың маңызы – заман талабына сай әлемді мойындататын,рухани биік,бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу,білімін дәл айқындауға мүмкіндік беретін тұлға қалыптастыру.Жалпы алғанда бұл әдіс бүкіл әлемнің білім беру жүйесінің дамуының және қажетті тенденцияларының бірі болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтқандай: «Терең білім тәуелсіздігіміздің тірегі,ақыл-ой-азаматтығымыздың алдаспаны».Үздік оқытдың үлгісі бола алатын көшбасшы,ұлттық зияткерлік әлеуетін артыратын ұрпақ тәрбиелеуге міндеттіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер
Исабекова Г.Б., Дүйсенова Н.Т, Ахметова А. Германияның білім беру жүйесіндегі CLIL технологиясының қазіргі жағдайына салыстырмалы талдау // Ясауи университетінің хабаршысы. – №2 (112), 2019. – 71–80-б.
Биологиядан білім беру концепциясы және оқытудың инновациялық әдістемелері: оқу құралы. Н.Т.Торманов, Н.Т. Абылайханова, Б.И. Уршеева – Алматы: Қазақ университеті, 2016 – 281.б