Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарымен жасалған іс әрекеттер «іс әрекет схемасының» қалыптасуына әкеледі. Баланың іс әрекеті «топтама» құрайды.
Операцияға дейінгі интеллект
2-8 жас
Баланың тілі шығып, оның жасаған іс әрекетінің нәтижесі еріксіз оның ойлауымен байланысты. Бұл кезең екі фазаға бөлінеді:
1) Тіл шыққаннан бастап ересектермен байланыс жасағанға дейін (1,5 жастан 3-4 жасқа дейін);
2) Когнитивтік құрылымдардың қалыптасуы,яғни баланың сөздің мағынасын түсінетін фаза (3-4 жастан 6-7 жасқа дейін). Дамудың қорытындысы: қоршаған ортаға деген өзіндік түсініктің қалыптасуы. Субъективті топтан объективті топқа ауысу.
Тиянақты операция кезеңі
8-12 жас
Байқау елестетулерінің «топтамасымен», интеллектуалды операциялардың пайда болуымен сипатталады. Ақыл ой операцияларын орындауда қабылдау маңызды рөл атқарады.
Формальды операция кезеңі
12 жастан бастап
«Операциямен операцияға» көшу, яғни абстракты ойлау негізінде дедуктикалық талқылау әдісі қалыптасады. Тепе-теңдік тұрақты. Логикалық операциялар «топтамасы».
Интеллект дамуы кезеңдері туралы Ж. Пиаже теориясы
Адамның интеллект деңгейі туған нәсілінен басқа тәрбиеге, біліміне және әлеуметтік мәдени жағдайларға байланысты. Интеллекттің қарқынды дамуы барлық психикалық қызмет сияқты балалық және жастық шақта болады. Интеллект қолайлы жағдайда, өмір бойы байиды. Биологиялық және әлеуметтік себептердің әсерінен интеллектуалдық даму артта қалуы не тоқтап қалуы мүмкін. Арнайы мектепке дейінгі мекемелерде не мектепке орналастыру кезінде балалардың интеллектік дамуын анықтаудың маңызы зор. Клиникалық психологиялық тексерулерден басқа интеллект деңгейін анықтау үшін эксперименттік патопсихологиялық тәсілдер қолданылады.