Интеллигенциясы: тарихи



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

Тарихнаманың  қазіргі  кезеңі  қайта  құру  мен  Республикамыздың 
тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  кезеңіндегі  жалпы  кӛлемді  еңбектерден  тұрады. 
Сондықтан  мәселенің  тарихнамасы  қарастырып  отырған  мәселелерге  жаңаша 
кӛзқарастармен баға беріп, сенімді, нақты пайымдау жасауға кең мүмкіндік ала 
бастады.  Жаңа  теориялық-методологиялық  біліммен  қаруланған  зерттеушілер 
инженер-техникалық  интеллигенцияның  әлеуметтік  дамуын  сапалық  тұрғыда 
саралады. 
Тарихи-демографиялық  мазмұнда  жазылған  Ф.Н  Базанова  еңбегінде 
Қазақстандағы 
әлеуметтік-демографиялық 
үдерістердің, 
оның 
ішінде 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  қатары  әр  ұлттардан  құралғандығы 
жайлы  атап  кӛрсетеді.  Автор  1917-1980  жж.  аралығындағы  халықтың 
қалыптасуы, құрылымының дамуы жайлы мол мәліметтер келтірген. Ол «Егер 
1930-шы  жылы  «Қарағанды»  тресінде  бар  жоғы  3  қана  инженер  еңбек  етсе, 
1933 жылы оның саны 42-ге жетті. Инженерлердің құрамы кӛпұлтты болды: 21 
орыс - Ленинградтан, Москвадан, Қиыр Шығыстан, Томскіден, Омбыдан келсе, 
Украинадан  - 6 еврей, 1 болгар, 9 украин; Германиядан 1 латыш, 4 қазақ» деп, 
баяндайды [365, 51 б.]. Ғалым жалаң сандық кӛрсеткіштерге мән беріп, ғылыми 
дәлелдер  келтіре  қоймайды.  Соғысқа  дейінгі  бесжылдық  жылдарында  «Түсті 
металлургияның Магнитогорскісі» аталған Балқаш мыс қорыту заводының іске 
қосылғанын  мақтанышпен  айта  отырып,  автор  сауатсыз  және  шала  сауатты 
қазақтар  инженер-техникалық  қызметкерлер  мен  маманданған  жұмысшыларға 
айналды.  Кеңестер  Одағы  халықтарының  туысқандық  кӛмегі  арқасында  түсті 
металлургияның  алып  құрылысы  кӛпұлтты  жұмысшы  табын  қалыптастыруда 
зор  рӛл  атқарды.  Завод  құрылысына  31  одақтас  және  автономиялы 
республикалардан  45  ұлттар  мен  халықтардың  ӛкілдері  келді  деген  мысалды 
алға тартқанымен, тарихнамада кадр мәселесін шешудің саяси жағына ғана мән 
беріп,  ұлттық  кадрлардың  қалыптасу  ерекшелігін  талдамаған.  [365,  54-55  б.]. 
Алайда  қазіргі  тарихи  білім  жағдайында  партияның  ұлт  саясаты  жӛніндегі 
атқарған  істері  сын  кӛтермейді.  Ғалым  Ф.Н.  Базанованың  еңбегіне  Ұлы  Отан 
соғысы жылдарындағы миграциялық үдерістердің Қазақстанға тигізген ықпалы 
зор  екендігін  алға  тартады.  Қазақстан  халқының  ұлттық  құрылымының 
қалыптасуына  Ұлы  Отан  соғысы  әсер  етті  деген  пайымдаулар  жасайды. 
Эвакуацияланған кәсіпорындармен бірге жұмысшылар, техниктер, инженерлер 
келсе,  Шымкентке  эвакуацияланған  заводпен  1027  адамның  ішінде  42,7% 
жұмысшылар  мен  мамандар  келіп,  эвакуацияланғандардың  үлесіне  шаққанда 

 
174 
91,5%  инженер-техникалық  қызметкерлерден  келеді,  немесе  160  адамды 
құрайтындығын  айтады.  Соғыс  қаупі  тӛнген  аймақтардан  эвакуацияланған 
54252  адамның  6184-і  немесе  11,4%  ӛнеркәсіп  ауылшаруашылығының  білікті 
мамандары  құрағандығы  жайлы  деректер  келтіреді.  Тәжірибелі  жұмысшылар 
мен  инженер-техникалық  қызметкерлер  жергілікті  халық  есебінен  19  мың 
білікті  мамандар  даярлағандығы  жӛніндегі  мұрағат  құжаттарын  ұсынады. 
Сонымен  соғыс  қаупі  бар  аймақтардан  ӛнеркәсіп  орындары  құрылысы  мен 
темір  жолдар,  завод-фабрикалардың  Қазақстанға  келіп  орнығуы  жұмысшы 
табының  ғана  емес  қызметкерлердің  санының  артуына  ықпал  етті  деген 
фактілерді келтіреді  [365,  85-86 б.].  Біз  Ф.Н.  Базанованың еңбегінде  инженер-
техникалық  интеллигенцияның  әлеуметтік  жағынан  дамуына  эвакуцияланған 
кәсіпорындардың келуі ықпал етті деген кӛзқарасты байқадық.  
Әкімшілдік-әміршілдік  жүйе  жағдайында  зерттеушілер  саяси  және 
идеологиялық  мазмұндағы  объективті  қиыншылықтарға  ұшырады.  КСРО-да 
қалыптасқан  тоталитарлық  жүйе  ӛзінің  әлеуметтік-экономикалық,  саяси 
эксперименттерін  жасыру  үшін  әлеуметтік  тарихты  зерттеу  барысында 
объективті емес зерттеулер жүргізуге мәжбүр болды. 
1980-ші 
жылдардың 
соңында 
Қазақстан 
инженер-техникалық 
интеллигенциясының  әлеуметтік  дамуындағы  негізгі  тенденциялар  талданып, 
сараланған еңбек С.С. Әбубәкіровтікі [17]. Автор «Қазіргі инженер-техникалық 
интеллигенцияның саны мен құрамында күрделі ӛзгерістер жүріп жатыр... 
Қазақстан инженер-техникалық интеллигенциясының құрамындағы елеулі 
ӛзгерістердің  негізгі  тенденциясы  оның  сандық  молаюы  мен  халық 
шаруашылығындағы үлес салмағының артуы, білім деңгейінің ӛсуі, жыныс жас 
ерекшеліктері  мен  ұлттық  құрамы,  территориялық  орналасу  ерекшеліктері 
арқылы  байқалды.  ...Қазақстанда  инженер-техник  кадрлар  қатарының  ӛсуіне 
мүмкіндік  туғызған  маңызды  фактордың  бірі  -  ӛнеркәсіп  ӛндірісіндегі 
жұмысшылар  санының  молаюы  еді.  Бұл  заңды  да  еді,  ӛйткені  техник 
кадрлардың негізгі міндеті ӛндіріс процестері мен адамдарға жетекшілік жасау, 
басқару  болып  табылады.  Сондықтан  жұмысшылар  санының  қарқынды  ӛсуі, 
сӛз  жоқ,  инженер-техник  қызметкерлер  санын  да  ӛсіруді  талап  етеді»,  -  деп 
пайымдайды [17, 58 б.].  
Кеңестік  дәуірде  инженер-техникалық  интеллигенцияның  әлеуметтік 
дамуы  жайлы  зерттеулерде  маркстік-лениндік  ілімнің  дұрыстығын  негіздеу 
және  буржуазиялық  концепцияның  сӛзсіз  дағдарысқа  ұшырайтындығын 
дәлелдеу бірінші кезекке қойылды.  
1990-шы 
жылдардың 
басында 
Қазақстан 
инженер-техникалық 
интеллигенциясының  әлеуметтік  дамуындағы  ӛзгерістерді  объективті  түрде 
бағалауға  егемендік  алғаннан  кейін  ғана  қол  жеткізілді.  Оның  қатары  жаңаша 
кӛзқарас  тұрғысында  жазылған  еңбектермен  толықты.  Оның  айқын  кӛрінісін 
1991  жылы  жарық  кӛрген  Х.М.  Әбжанов  пен  Л.Я.  Гуревичтің  Қазақстан 
интеллигенциясы туралы еңбегінен байқауға болады [19]. 
Х.М.  Әбжанов  пен  Л.Я.  Гуревич  жоғары  оқу  орындары  интеллигенция 
қатарын толықтырудың бірден-бір қайнар кӛзі бола алмайтындығын негіздеді. 

 
175 
Авторлар  Қазақстан  интеллигенциясының  қалыптасуына  сталиндік  қуғын-
сүргіннің, 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтың, Ұлы Отан соғысының және 
тоқырау  заманының  үлкен  кедергі  жасағанын  атап  кӛрсетті.  Зерттеушілер 
кеңестік  дәуірде  қазақ  интеллигенциясы  санының  баяу  ӛскендігі  жайлы  пікір 
білдіре  отырып,  оның  себептерін  былайша  тӛрт  топқа  жіктейді:  біріншіден, 
қазақ  тұрғындарының  материалдық  әл-ауқатының  тӛмен  деңгейде  болуы 
(барлық  отбасыларының  студентті  оқытуға  мүмкіндігі  бола  бермеді); 
екіншіден,  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарының  материалдық-
техникалық  базасының  әлсіз  болуы  (барлық  оқу  орындарында  білім 
алушылардың  біраз  бӛлігі  жатақханамен  қамтамасыз  етілмеді,  соның 
салдарынан  ауылдан  келген  қазақ  студенттері  қиыншылыққа  душар  болды); 
үшіншіден,  жоғары  оқу  орындарының  шектен  тыс  орталықтандандырылуы, 
тӛртіншіден,  жоғары  оқу  орындарының  басым  кӛпшілігінде  оқу  процесінің 
орыс  тілінде  жүруі  және  олардағы  оқытушы-профессорлар  құрамының 
кӛпшілігін орыс тілділер құрауы [19,28-29 б.]. 
Инженер-техникалық 
интеллигенцияның 
үлестік 
салмағы 
мен 
құрамындағы ӛзгерістер де осы еңбекте орын алған. Зерттеушілер халық санағы 
материалдарына  сүйене  отырып,  1930-шы  жылдардағы  интеллигенция 
ӛкілдерінің 40-мыңға жуығы басқару орындарында, 30 мыңнан астамы қаржы-
экономика  саласында,  35  мыңы  инженер-техникалық  қызметте  екендігін 
айқындаған.  Ал  1960-шы  жылдың  қарсаңында  инженер-техникалық 
интеллигенция 150 мың адамды, қаржы-экономика саласындағы интеллигенция 
100 мың адамды құрағандығын саралаған [19, 31-32 б.]. 1970 жылы Қазақстан 
халық  шаруашылығында  қамтылған  жоғары  және  орта  арнаулы  білімі  бар 
мамандардың 
32% 
инженер-техникалық 
қызметкерлер 
құрағандығы 
зерделенген.  
Аймақтардың  индустриалдық  дамуындағы  ӛзгерістер  инженерлік-
техникалық  қызметкерлердің  орналасуынан  да  байқалды  деп  санайды. 
Ғалымдар  пайымдауынша,  1959  жылы  барлық  инженер-техникалық 
мамандардың  жартысына  жуығы  негізінен  үш  облыста  –  Алматы,  Қарағанды 
және Шығыс Қазақстан облыстарында еңбек еткен. [19, 35 б.]. 
Х.М.  Әбжанов  пен  Л.Я.  Гуревич  Кеңес  ӛкіметінің  алғашқы  жылдары 
инженерлік қызмет ең жоғары әлеуметтік статусқа ие болса, 20-30-шы жылдары 
біздің  елімізде  инженерден  артық  мәртебелі  мамандық  болмады.  Мұндай 
жағдай 1940-1950-ші жылдары да сақталып, 1960-шы жылдары сәл тӛмендеді. 
Алайда  1970-ші  жылдан  бастап  жағдай  мүлдем  ӛзгерді.  Кеңестік 
интеллигенцияның  басқа  топтарына  қарағанда  инженерлік  корпуста 
экономиканың  экстенсивті  мазмұны  сақталды.  Кеңестік  ғалымдар  біздің 
елімізде,  АҚШ-қа  қарағанда  инженерлер  кӛп  деп  мақтанғанымен,  мұндай 
сандық  артықшылықпен  жоғары  сапалық  кӛрсеткішке  жете  алмайтынымызды 
білмеді [19, 40 б.].  
Авторлар  инженерлік  кәсіптің  ӛзіндік  құны  сақталды.Интеллигенцияның 
әлеуметтік  дамуы  мәселелерін  зерттеуші  белгілі  маманы  В.Ф.  Сбытовтың 
мәліметі  бойынша,  біздің  елімізде  дипломды  инженерлердің  үштен  бір  бӛлігі 

 
176 
күрделі  ой  еңбегі  қызметімен  айналысса,  10%  ғана  ӛзіндік  шығармашылық 
еңбекпен  шұғылданған.  Мамандардың  негізгі  бӛлігі  белгілі  техникалық  және 
ұйымдастыру  басқару  жүйелерінің  қызмет  атқаруын  қолдап  отыр  деген 
фактілерін алға тартады.  
Соңғы  екі  онжылдықта  инженерлер  қатарына  таза  кеңсе  қызметіндегілер 
енгізіліп, инженерлік атақтың беделін айтарлықтай тӛмендеткен. 
Х.М.  Әбжанов  пен  Л.Я.  Гуревич:  «1970-ші  жылдары  партиялық 
қаулылардың  басым  бӛлігі  кеңестік  қоғамдағы  инженер-техникалық 
интеллигенцияның  рӛлін  арттыруды  кӛздеген.  Бірақ  бұл  шаралар 
экономикалық  жағынан  ақталмай,  декларация  күйінде  қалған.  Инженерлік 
еңбектің  беделінің  тӛмендеуі  –  тоқырау  заманының  келеңсіз  қорытындысы»,- 
деп ой түйіндейді [19, 40-41 б.]. 
Отандық  тарихнамада  ӛнеркәсіптің  дамуы,  жұмысшы  табы  мен  шаруалар 
арасындағы  қарым-қатынасы  мәселесімен  қатар  интеллигенция  мәселесі  де 
жанама түрде болса да қарастырыла бастады. Сондай еңбектің қатарына 1990-
шы 
жылдардың 
басындағы 
ғалым 
А.Қ. 
Құсаиновтың 
докторлық 
диссертациясын  жатқызуға  болады.  Автор  идеологиялық  ӛктемдіктен  босап, 
мәселені жаңа қырынан қарастыруға үлес қосты [366]. 
1990-шы 
жылдардың 
басында 
Қазақстан 
инженер-техникалық 
интеллигенциясы  тарихын  зерттеген  Б.Ж.  Абжаппарова  диссертациясының 
«Қазақстан  инженер-техникалық  интеллигенциясының  әлеуметтік  дамуы»  деп 
аталатын тарауында инженер-техникалық интеллигенцияның кәсіби құрылымы 
мен  оның  қоғамның  әлеуметтік  дамуындағы  рӛлін  қарастырған.  Инженер-
техникалық интеллигенцияның әлеуметтік дамуының ӛзіндік ерекшелігі, оның 
қатарының  әйелдермен  толығуында  деп  саралаған  [22,  17  б.].  Экономикалық 
факторлардың  әсерін  инженерлік-техникалық  интеллигенцияның  санының 
артуы,  оның  жасаруы  үдерісімен  қатар  жүргендігінде  екендігін  байыптайды. 
Ұлттық  инженер-техник  мамандардың  қатарының  алдағы  жылдармен 
салыстырғанда  артқандығы  сараланған.  Санақ  материалдарын  пайдалана 
отырып, маман қазақтардың санының орыстарға қарағанда екі есе кем екендігін 
айтады.  Оның  кӛптеген  объективті  және  субъективті  себептері  бар  екендігін: 
біріншіден,  1960-шы  жылдары  Қазақстан  ӛнеркәсіп  орындарына  инженер-
техникалық  кадрлардың  негізінен  кӛрші  респуликалардан  шақырылғандығын, 
Қазақстан ӛнеркәсіп орындарының 53% одақтық бағыныста болғандықтан, кадр 
мәселесі жоғарыдан шешілгендігін, екіншіден, жергілікті ұлт ӛкілдерінің саны 
ӛнеркәсіп орындары орналасқан қалаларға қарағанда, ауылды жерлерде басым 
болғандығының  әсерін;  үшіншіден,  Қазақстанның  жоғары  техникалық  оқу 
орындарында  оқу  үдерісі  орыс  тілінде  жүргендіктен,  ұлттық  мектептерді 
бітірген  ауыл  жастары  тілді  игеруде,  тағы  да  әлеуметтік  жағдайларға 
байланысты қиыншылықтарға жолықты деп ой сабақтайды [22, 18-19 б.]. 
Біз  қарастырып  отырған  мәселені  жекелеген  бӛлімдерінде  қарастырып, 
ғылыми  айналымға  жаңа  деректерді  ұсынған  А.Бегалиеваның  «История 
Туркестано  Сибирской  магистарали  (ноябрь  1926  г.  –  июнь  1958  г.)  »  [367],                  
Ә.  Мұхтаровтың  «Развитие  Урало-Эбинского  нефтеносного  бассейна  (  1920-

 
177 
1940 гг.). Алма-Ата, 1993. -216 б., [368], М.Е. Шайхутдиновтың «Формирование 
национальных  кадров  рабочего  класса  Казахстана  (1917-1941  гг.)  Актуальные 
вопросы  историографии»  [369],  кандидаттық  диссертацияларында  тек  қана 
жұмысшы табының қалыптасуы ғана емес, инженер-техникалық интеллигенция 
мамандарының әлеуметтік тарихы жайлы да мәліметтер берілген. Марксистік-
лениндік  методологиядан  босап,  «жаңа  бағытты»  ұстанған  тарихшылар 
фактілік,  ғылыми-танымдық  материалдар  негізінде  тарихнамадағы  инженер-
техникалық интеллигенцияның тарихына қатысты ой-тұжырымдарын ұсынады. 
1920-1930-шы 
жылдардағы 
Қазақстан 
халқының 
әлеуметтік 
құрылымындағы ӛзгерістер С. Айымбетовтың кандидаттық диссертациясында, 
кейінірек  жарық  кӛрген  еңбегінде  зерделенген  [342].  Автор  зерттеу  еңбегінде 
1926-1939  жылдар  аралығындағы  Қазақстан  халқының  этнодемографиялық 
құрамындағы  ӛзгерістерді  айқындаған.  Зерттеуші  «1926  жылғы  халық  санағы 
бойынша  халық  шаруашылығында  басшылық  қызметте  істеген  зиялылар 
құрамына  ӛнеркәсіп,  құрылыс,  темір  жол,  орталық,  облыстық  мекеме,  сауда 
басшылары  жатқызылды.  Олар  зиялылардың  -  21,9%  құрады.  Олардың 
арасында  ер  адамдары  –  97,3%,  әйелдер  -2,7%  екен.  Басқару  орындарының 
ӛкілдерінің  80,1%  қалалық  жерлерде,  19,9%  -  ауылдық  селоларда  тұрған. 
Ұлттың  құрамында  орыстар  –  59,7%,  қазақтар  –  14,1%,  украиндар  -10,5%, 
қалған  ұлттардың  үлесіне  15,7%  тиді.  1926  жылы  техника  мамандары, 
инженерлер,  сәулетшілер  республика  зиялыларының  6,1%  құрады.  Олардың 
96,3% – ер адамдар, 3,7% -  әйелдер болды. Ұлттық құрамында орыстар -73,7%, 
украиндар -9,7%, қазақтар – 3,2%, басқа ұлт ӛкілдері – 13,4%болды. 1926 жылы 
инженерлер  мен  сәулетшілер  141  адам  болса,  1939  жылы  инженерлер  мен 
құрастырушылар  зиялылардың  2,6%  болды.  1939  жылғы  санақта  сәулетшілер 
кӛрсетілмеген.  Бұл  мамандықтағы  қазақтар  1926  жылы  1  ғана  адаммен 
шектелсе, 1939 жылы 111 адамға ӛсті. 
Бұл салада да зиялылар тобын қалыптастыру, кӛбейту шаралары әр түрлі 
жолдармен  жүргізілді.  1931  жылы  1  қаңтарда  республика  ӛнеркәсіптері  мен 
құрылыстары  524  инженер  мен  техниктерді  қажет  еткен  екен.  Бірақ  бұлар 
республикада  218  адам  ғана  болып,  сұранысты  қанағаттандыра  алмапты. 
Сондықтан  да  ВСНХ  басшылары  республикаға  ӛзге  республикалық  жоғары 
техникалық оқу  орындары  мен  техникумдарды  бітірушілер  мен ұсынылған  12 
адамды  республикалық  оқу  орындарын  бітірген  8  адамды  т.б.  барлығы  108 
адамды  инженер-техниктердің  қатарына  алыпты»  деген  деректерді  кӛрсетеді 
[342, 147, 152 б.]. 
С.Айымбетов  1939  жылғы  санақ  қорытындыларына  сүйене  отырып, 
ауылшаруашылық,  ӛнеркәсіп,  орман,  құрылыс,  транспорт,  байланыс, 
коммуналды  шаруашылықтың  басшылары  зиялылардың  6,5%  құрады  деген 
фактілерді  ұсынады.  Олардың  93,4%  ер  адамдар,  6,6%  әйелдер,  45%  қалада, 
55% ауыл-селоларда тұрған. Басшылардың арасында қазақтың үлесі 20,8%, екі 
санақ арасында бұл саладағы зиялылар саны 2,7% есе ӛскен деген қорытынды 
жасайды [342, 147 б.].  

 
178 
Бірақ бұлар республикада 218 адам ғана болып, сұранысты қанағаттандыра 
алмапты.  Сондықтан  да  ВСНХ  басшылары  республикаға  ӛзге  республикалық 
ВТУЗ  бен  техникумдарды  бітірушілер  мен  ұсынылған  (выдвыженцы)  12 
адамды  республикалық  оқу  орындарын  бітірген  8  адамды  т.б.  барлығы  108 
адамды  инженер-техниктердің  қатарына  алғандығы  жайлы  деректі  кӛрсетеді 
[342,  152  б.].  Ғалым  С.Айымбетов  еңбегінде  1920-1930-шы  жылдардағы 
инженер-техниктердің сан және сапалық жағынан ӛсуі, құрамы жайлы мәлімет 
беріліп, оған демографиялық факторлардың ықпалы болғандығын негіздейді. 
Әлеуметтік тарихты зерттеуде зерттеуші Л.К. Шотбакова «Национальный 
аспект  переселенческой  политики  и  коренизации  (1917-1940  гг.)  еңбегінде 
Қазақстанда  ХХ  ғ.  20-шы  жылдарының  соңы  мен  30-шы  жылдардың  басында 
қоныс  аударудың  негізгі  толқыны  жүргізілгендігін  айта  келіп,  ӛнеркәсіптік, 
аграрлық,  күштеп  қоныс  аударуда  –  ең  алдымен  әлеуметтік,  саяси-ұлттық 
белгілеріне  қарады  деп  есептейді  [370,  37  б.].  Біз  еңбектен  ӛндірістік-
техникалық  интеллигенцияның  әлеуметтік  даму  тарихнамасында  ӛнеркәсіптік 
қоныс  аударудың  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  қалыптасуына, 
жергіліктендіруге  үлкен  ықпал  еткендігін,  әрі  демографиялық  фактордың 
әсерін байқаймыз.  
Зерттеуші С.И. Ковальская «Проблемы историграфии миграции населения 
Казахстана  (к.  ХVІІІ-ХХ  в)»  диссертациялық  еңбегінде  Қазақстандағы  ХХ 
ғасырдың  20-30-шы  жылдарындағы  индустрализацияның  ӛзекті  мәселелері 
жӛнінде  сараланған  [371].  Онда  жергілікті  күштермен  ӛнеркәсіп  құрылысын 
шешу  мүмкін  емес,  сондықтан  ол  ӛнеркәсіп  миграциясы  нәтижесінде  шешілді 
деген  кӛзқарасын  білдіреді.  Оның  себебін  экономикалық  жағынан  жоғары 
дамыған  аудандардан  кәсіби  жағынан  тӛмен  дамыған  аудандарға 
мигранттардың  келумен  байланысты  деп  түсіндіреді  [371,  106  б.].  Біздің 
пайымдауымызша мигранттардың құрамында жұмысшылармен қатар инженер-
техник қызметкерлер де болды деп есептейміз. 
Қазақстан  халқының  әлеуметтік  құрылымындағы  ӛзгерістер  кеңестік 
дәуірдің  түрлі  кезеңдерін  зерттеген  Л.Т.  Қожакееваның  [372],  А.И. 
Құдайбергенованың  [373],  Э.А.  Абланованың  [97],  А.М.  Мамырханованың 
[374],  З.Б.  Шахаманның  [375],  А.А.  Какенованың  [376]  кандидаттық 
диссертацияларында зерделенген.  
Л.Т.  Қожакеева  еңбегінде  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақстан 
халқының  құрамын  оның  ішінде  интеллигенция  қауымының  саны  мен 
сапасындағы  ӛзгерістер  зерттеліп,  бір  жүйеге  келтірілгенімен,  инженер-
техникалық  интеллигенция  зерттеу  нысаны  болмағандықтан,  арнайы 
қарастырылмаған.  Автор  соғыс  жылдарындағы  мобилизацияның  ұлттық 
интеллигенция санының азаюына әсер еткендігін де атап кӛрсеткен.  
М.Х.  Асылбеков  пен  А.  Құдайбергенованың  бірлесіп  жазған 
монографиясында  интеллигенция  тобының  құрамындағы  ӛзгерістер  мен  даму 
ерекшеліктеріне 
тоқтала 
отырып, 
1940-жылдары 
интеллигенцияның 
әлеуметтік-саяси  бейнесі  мәнді  түрде  ӛзгерді  деген  кӛзқарасын  білдіреді  [102, 
119  б.].  Авторлар  ескі  интеллигенцияның  маңызды  бӛлігі  алдыңғы  он 

 
179 
жылдықтардағы  террор  кезінде  жойылды.  Елде  «кӛтермелеу»  әдісімен 
қалыптасқан жаңа интеллектуальдық  күш халық  шаруашылығына,  ғылым  мен 
мәдениетке  үстіртін  білімі  бар,  ең  бастысы,  ескі  интеллигенция  мен  оның 
рухани  адамгершілік  әдеттерін  жек  кӛретін  адамдардың  да  келуіне  мүмкіндік 
берді  деген  ой  қорытады.  Зерттеушілер  ой  еңбегімен  айналысатындарға 
жататын  мамандықтарды  топтастыру  арқылы  бірнеше  бӛліктерді  анықтауға 
болатындығын  ескертіп,  үшінші  тобына  инженер-техник  қызметкерлер, 
ветеринар-техниктер  мен  фельдшерлер,  орманшылар,  социалистік  меншік  пен 
қоғамдық  тәртіпті  сақтау,  байланыс,  қоғамдық  тамақтандыру,  ӛнімді  даярлау 
мен  ӛткізу  салалары  қызметкерлері,  іс  қағаздарымен  жұмыс  істейтіндер, 
коммуналдық  және  тұрмыстық  қызмет  кӛрсету  қызметкерлері,  агенттер  мен 
экспедиторлар  –  қарапайым  қызметкерлерді  жатқызады.  Бұл  топтағы 
қызметкелер  қатары  20  жыл  ішінде  267%-ға  ӛсіп,  мұнда  да  ӛсу  қарқыны  мен 
үлесі  жӛнінен  орыс  ұлты  ӛкілдері  алда  болды  (екі  санақ  аралығында  279,1% 
ӛскен). Екінші кезекте қазақтар (204,7%-ға), сонан соң украиндар, белорустар, 
еврейлер ӛсімі тұр. Қазақтар бұл топтағылардың 1939 жылы 19,5% болса, 1959 
жылы  15%  ғана  болды  (үлесі  4,5  пунктке  тӛмендеді.  (Ал  орыс  ұлты  ӛкілдері 
барлығының 1939 жылы 57,7% болса, 1959 жылы 60,3% болып, негізгі кӛпшілік 
болды [87, 124 б.]. Авторлар ұлттық интеллигенция қатары шапшаң ӛскендігін, 
1941-1960  жылдары  елімізде  жоғары  білімді  мамандардың  саны  3,9  есе  ӛссе, 
қазақтар  арасында  19  есе  кӛбейді.  1939-1959  жылдар  арасында  ой  еңбегімен 
айналысатын қазақтар саны 1,6 есе, оның ішінде инженер-техник қызметіндегі 
қазақтар 4,9 есе, қазақ дәрігерлері 6,3 есе ӛсті деген деректерді кӛрсетеді [102, 
126  б.].  Автор  қазақ  интеллигенциясы  санының  артуына  сталиндік  қуғын-
сүргіннің  бүркемеленген  орыстандыру  саясатының  елеулі  дәрежеде  кері  әсер 
еткендігін де қарастырады.  
Э.А.  Абланованың  диссертациясында  қазақ  халқының  1959-1970  жылдар 
аралығындағы 
әлеуметтік 
ерекшеліктерін 
талдай 
отырып, 
қазақ 
интеллигенциясы  саны  мен  құрамы  қарастырылған.  Инженерлер  арасында 
жоғары білімді қазақтар – 10,7% құрағандығына тоқталады. 
Мамандық түрлері бойынша ішінде кадрларының кӛп білім алған жерлері 
ауылшаруашылық  оқу  орындары  мен  педагогикалық  білімдегілер  саны 
жағынан  болса,  техникалық  инженер  мамандығын  игергендер  саны  қазақтар 
арасында  ол  жылдары  10  процент  тӛңірегінде  ғана  қалғандығы  жайлы 
мәліметтерді  ұсынады.  Э.А.  Абланова  1959  жылы  республиканың 
экономикалық аймақтары бойынша халық шаруашылығы еңбектенген қазақтар 
арасында  жоғары  білімделердің  жалпы  халық  арасындағы  үлестік  салмағына 
тоқтала отырып, Оңтүстік Қазақстанда қазақ инженерлері - 14,0%, агроном мен 
мал дәрігерлері - 31,1% құрайтындығын пайымдайды. Инженерлердің арасында 
қазақтар  саны  басқа  ұлттармен  салыстырғанда  осы  аймақ  бойынша  бұл 
жылдары  ӛте  аз  болғандығын  ескертеді.  Оңтүстік  Қазақстан  аймағында 
маманданған  орта  білімді  қазақтар  ішінде  техниктер  -  9,7%  ғана  екендігін 
кӛрсетеді  [97,  112-113  б.].  Автор  қазақтар  ӛсу  динамикасына  талдау  жасап, 

 
180 
қазақ инженер-техник зиялылар саны 1959 жылы 5,1% болса, 1970 жылы 12,3% 
- ғана ӛскендігін айтады. 
Ұлттың  жергілікті  маман  кадр  инженер-техниктердің  сандық  құрамының 
кӛбеюі 1970 жылдан кейін ғана ӛсе бастады деген тұжырым жасайды [97, 117 
б.]. 
Сонымен  қатар  зерттеуші  1959  жылғы  санақ  бойынша  материалдық 
ӛндіріс  саласындағы  зиялылар  саны  226  мың  адамға  немесе  барлық 
республикадағы зиялылардың 45% құраған. Материалдық ӛндірістегі зиялылар 
ішіндегі ең кӛбі ӛндірістегі инженерлер - 27%-дан жоғары болды деген пікірін 
білдіреді. 
Қазіргі  кезеңде  Қазақстан  халқының  кеңестік  дәуірдегі  әлеуметтік 
құрамындағы  ӛзгерістерді  жекелеген  аймақтардың  материалдары  бойынша 
қарастыру  бағытында  жарық  кӛрген  әдебиетпен  толыға  түсуде.  Бұл  ретте                
М.Н. Сдықовтың [377], В.В. Козинаның еңбектерінде біз қарастырып отырған 
мәселеге байланысты тың деректер табуға болады [294]. 
В.В.  Козина  1920-шы  жылдардың  ортасында  Қазақстанда  маманданған 
жұмысшылар  мен  инженер-техникалық  кадрлардың  жетіспегендігін  айта 
отырып,  тек  қана  Қарсақпайда  1926  жылы  4  инженердің,  6  техниктің  еңбек 
еткендігі  жайлы  мәлімет  келтіреді  [294,  107  б.].  Сонымен  бірге  В.В.  Козина 
инженер-техниктердің  қатары  1930-шы  жылдары  спецпереселендермен  де 
толыққандығы  жайлы  мәлімдейді.  1933-1934  жылдары  510  инженер-техник 
қызметкерлердің  50  спецпереселендер  екендігі  (9,8%  )  жӛнінде  деректерді 
ұсынады  [294,  34  б.].  В.В.  Козина  еңбегінен  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  құрамы  спецпереселендермен  де  толыққандығы  жайлы  тың 
мәлімет алдық.  
М.Н. Сдыковтың «Население Западного Казастана: история формирования 
и  развития  (1897-1989  годы.)»монографиясы  мұрағат,  халық  санағы  жайлы 
статистикалық 
материалдар 
негізінде 
Батыс 
Қазақстан 
халқының 
этнографиялық  және  әлеуметтік  дамуы  мәселелеріне  арналғанымен, 
интеллигенция  қызметкерлер  деп  беріліп,  оның  салалық  топтарына  талдау 
жасалмаған. 
Кеңестер  Одағының  ыдырауы  қарсаңында,  80-жылдардың  екінші 
жартысындағы  Қазақстан  халқының  әлеуметтік  құрылымы  мәселелері                   
М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның еңбектерінде қарастырылған [378]. 
М. Х. Асылбеков пен В.В. Козина әлеуметтік-экономикалық реформаларға 
сәйкес  халықтың  әлеуметтік  құрылымындағы  ӛзгерістерге  тоқтала  отырып, 
оның ерекшеліктерін талдады. 1979-1989 жылдардағы ой және дене еңбегімен 
айналысатын  халық  санының  динамикасын  кӛрсете  отырып,  ой  еңбегімен 
айналысатын  адамдардың  санының  едәуір  артқандығын  айтады.  Оның  ішінде 
ӛнеркәсіп  басшылары  27,  2  пайыз,  инженер-техникалық  қызметкерлер  16,  2 
пайызға  артса,  ал  агрономдар,  зоотехниктер,  ветеринарлық  қызметкерлер  1 
пайызға ғана артты деген мәліметтерді келтіреді. Жоғары, орта арнаулы білімді 
қажет  ететін,  ой  еңбегімен  айналысатын  қызметкерлерді  интеллигенция  деп 
аталатындығын  айтады.  интеллигенция  қоғамның  басқа  әлеуметтік  топтарына 

 
181 
қарағанда еліміздің тарихи дамуында талай қиындықтарды басынан кешірді деп 
кӛрсетеді [378, 27-28]. Авторлар қазақ интеллигенциясының жоғары қарқынмен 
дамуы ӛндірісті ұйымдастырушы шаруашылық басшыларының үлестік салмағы 
мен  санының  артуына  байланысты  болды  деп  есептейді.  1969  жылғы  1 
қаңтардағы  мәлімет  бойынша  қазақтардың  үлестік  салмағы  -  39,5  пайызды 
құраса,  ал  орыстар  мен  украиндар,  белорустар  -  45,1  пайызды  құрағандығы 
жайлы мәлімет береді [378, 28].  
Қазақстандағы  1986  жылғы  желтоқсан  оқиғасынан  кейін,  қазақ 
интеллигенциясының санының артуы тӛмендеп, ондаған тіптем жүздеген ұттық 
интеллигенция  ӛкілдері  қызметтерінен  босап,  жоғары  оқу  орындарына 
қабылдауда пайыздық шектеулер қойылғандығын атап кӛрсетеді [378, 28-29].  
1980 – жылы республиканың халық шаруашылығында еңбек ететін жоғары 
білімді қазақ мамандарының үлесі - 35,3 %, орта және арнайы білімі барлардың 
үлесі  -  25,5%  құрады.  Орта  және  арнайы  білімі  бар  қазақ  мамандары  -  29,2% 
құраса,  орыс,  украин,  белорустар  -  60%  құрағанын  айтады.  Осы  кезеңде 
жергілікті  халықтың  білімдік  деңгейі  анағұрлым  артып,  екі  санақ  аралығында 
дене  еңбегіне  қарағанда  ой  еңбегімен  айналысатындардың  үлестік  салмағы 
артты  деген  қорытындыға  келеді  [378,  36].  Авторлар  соңғы  жылдары 
экономиканың  индустриалды  салаларындағы  қазақ  жұмысшылары  мен 
инженер-техникалық  қызметкерлерінің  үлесі  аз  болса  да,  тұрақты  ӛсіп 
отырғандығын саралайды [378, 37]. 
1990-шы  жылдардың  соңында  Батыс  Қазақстан  интеллигенцияның 
әлеуметтік  даму  тарихын  жаңаша  тұрғыда  зерттеген  С.Т.  Рысбекова  еңбегі 
жарық  кӛрді.  Ол  зерттеу  барысында  бұрынғы  зерттеулерге  қарағанда, 
методологиялық  база  ретінде  әлеуметтік  стратификациялау  теориясын 
пайдаланды.  
1960-1970  жылдары  интеллигенция  тарихын  зерттеуші  авторлардың 
еңбектерінде жұмысшы мен инженер-техник қызметкердің еңбегінің жақындау 
үдерісі  жүріп  жатыр  деген  кӛзқарасты  кездестіруге  болады  [24,  221  б.].  Осы 
пікірді  негізге  ала  отырып,  С.Т.  Рысбекова  «Инженер-техникалық 
интеллигенцияның  сан  жағынан  ӛсуі  мен  интеллигенцияның  бүкіл  құрамында 
оның  үлестік  салмағының  артуы  бір  жағынан,  ғылыми-техникалық 
революцияның  қойып  отырған  талабының  белсенділік  танытуына,  екінші 
жағынан,  республиканың  халықшаруашылық  кешеніндегі  аймақтың  рӛлінің 
артуына, 
оның 
ӛнеркәсіп 
инфраструктурасының 
кеңеюі, 
салалық 
диверсификациясына  (яғни  халық  шаруашылығының  салалық  құрылымының 
күрделенуіне) байланысты деп түсіндіреді. Сондықтан «пионерлік салалар» деп 
аталатын  энергетика  саласының  мамандары  саны  7,4  есе,  радиотехника  мен 
байланыс  3,3  есе,  электрон  техникасы  мен  электр  приборларын  жасау  12  есе, 
химия технологиясы 5 есе жедел қарқынмен ӛсіп отырғандығы тегін еместігін 
ескертеді.  Сауда,  қоғамдық  тамақтану,  материалдық-техникалық  қызмет 
кӛрсету  мен  дайындау  саласындағы  қызметкерлер  құрамында  интеллигенция 
саны 5,2 %-дан 17 %-ға жетті, тұрғын-коммуналдық шаруашылық пен халықты 
тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету саласында да едәуір артқандығын жазады. 

 
182 
Бұл  жерде  инженер-техникалық  қызметкерлердің  үлестік  салмағы  жеткілікті 
емес  екендігі  (10-12%  жуық),  1960-шы  жылдардың  ортасында  осы  салада 
инженер-техникалық  интеллигенцияның  еңбегі  аз  кӛлемде  пайдаланылып 
отырғандығын саралайды [24, 58-59 б.]. 
Қазіргі  кезеңде  тарихшы-ғалымдар  шетелдік  тарих  ғылымдарының 
жетістіктерін  ғылыми  айналымға  қосу  мақсатында  Қазақстан  тарихының 
шетелдік тарихнамасына жаңа кӛзқарас тұрғысында қарап, оған объективті баға 
беруде біраз табыстарға жетті.  
Қазақстан  тарихының  шетелдік  ғалымдар  еңбегінде  кӛрініс  табуын 
тарихнамалық  тұрғыда  зерттеген  ғалымдардың  бірі  К.Л.  Есмағамбетовты 
ерекше  атаған  жӛн.  Ғалым  К.Л.  Есмағамбетовтың  «Дейсвительность  и 
фальсификация», «Кӛне Қазақстанды кӛргендер», «Что писали о нас на Западе, 
«Қазақтар  шетел  әдебиетінде»  еңбектерінен  біз  қарастырып  отырған  мәселеге 
байланысты  біраз  тың  деректер  алуға  болады.  Отандық  тарих  ғылымында 
ғалым  ескі  догмалар  мен  маркстік  қалыптасқан  дәстүрге  сыни  тұрғыда  қарап, 
әлемдік  тарих  ғылымындағы  таралған  дәстүрлі  қоғамның  модернизация, 
конвергенция  теориялары  мен  концепцияларына  кӛңіл  бӛледі.  Ғалым                       
К.Л.  Есмағамбетов  Қазақстанда  бірінші  бесжылдық  жылдары  ұлттық  кадрлар 
мен  индустриалды  жұмысшылардың  қалыптасуы  жедел  қарқынмен 
жүргендігіне  тоқталады.  Егер  қазанға  дейін  инженер  қазақтар  саусақпен 
санарлықтай  болса,  бірінші  бесжылдықтың  соңында  Қазақстанның  кӛмір 
ӛнеркәсібіндегі  инженер-техник  қызметкерлердің  арасында  қазақтардың 
үлестік  салмағы  20%,  мұнайда  –  20,4%,  тау-кенде  –  30,3%-ға  жетті.  Халық 
шаруашылығында қамтылған 588 мың жұмысшылар мен қызметкерлердің, 200 
мыңын  қазақтар  құрады  деген  мәліметтерді  алға  тартады  [379,  168-169  б.]. 
Ұлттық мамандардың қалыптасуы жӛніндегі тың деректерді ұсынады. 
Халық 
шаруашылығының 
жетістігінің 
негізінде 
еңбекшілердің 
материалдық  ӛмір  сүру  деңгейі  кӛтерілді.  Бірінші  бесжылдықта  ӛнеркәсіптегі 
жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  жылдық  орташа  жалақысы  -  41,1%, 
құрылыста – 26,5%-ға жетті деген мәлімет береді [379, 169 б.].  
Ғалым  К.Л.  Есмағанбетов  кейінірек  жарық  кӛрген  «Қазақтар  шетел 
әдебиетінде»  атты  еңбегінде  ағылшын  тарихшысы  Дж.  Бейкердің  (Екі  соғыс 
аралығындағы  жылдарда  Қазақстан  әйелдерінің  жағдайы  //  Сентрал  эйшн 
сэрвей.  1985,  4-т.,  №1.  75-114  б.)  «Әйелдер  «ақ  жағалылар»,  яғни 
интеллигенция  құрамын  кӛп  толықтыра  алмады.  Еркектер  кӛбіне  инженер-
техниктер  болуға  тырысса,  әйелдер  бұл  салада  қосалқы  жұмыстарға 
ығыстырылып  тасталды.  1933  жылы  ӛнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығындағы 
техникалық интеллигенцияның 5 процентке жуығы ғана әйелдер болды» деген 
пікірін білдіреді [28, 168 б.]. Еңбектің ерекше құндылығы сонда, автор барлық 
зерттеулерінде батыс елдерінде қалыптасқан объективті біртұтас талдау жасай 
біліуінде. Қазақстан халқының әлеуметтік құрылымындағы ӛзгерістердің батыс 
зерттеушілердің  еңбегінде  кӛрініс  табуын  Б.М.  Сужиков  ӛз  еңбектерінде 
қарастырған.  Автор  «Казахская  политическая  элита  и  трансформация 
этнической  тождественности  на  рубеже  ХІХ-ХХ  в.  в  зарубежной 

 
183 
историографии» деп аталатын еңбегінде ұлттық бірегейлігінің негізгі жаршысы 
болып  саналатын  қазақ  зиялыларының  қызметі  жайлы  талдайды.  Шетел 
зерттеушілерінің  осы  мәселе  тӛңірегіндегі  ой-тұжырымдары  мен  бағаларын 
қазіргі  отандық  тарихшылардың  концептуальды  түрде  қайтадан  ой  елегінен 
ӛткізгендігі сараланған [27]. 
Зерттеуші  М.Т.  Лаумулиннің  еңбегінен  де  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ 
ғасыр  басындағы  Қазақстан  тарихының  шетелдік  тарихнамасы  туралы  жазған 
мақаласында  батыс  зерттеушілерінің  әлеуметтік  мәселелерге  кӛңіл  бӛлгендігі 
айтылады [380]. Мұндай пікірді ғалым К.Р. Несіпбаеваның зерттеу еңбегінен де 
кездестіруге болады [29]. 
Соңғы жылдары ғалым Р.М Таштемханова «История изучения Казахстана 
в Германии (Вторая половина ХІХ в.- 1991 гг.) докторлық диссертациясында да 
неміс  тарихнамасының  республиканың  тоталитаризм  бекіген  жағдайда 
қоғамдық-саяси,  әлеуметтік  ӛмірінің  тарихын  зерттеуге,  Қазақстанды 
индустриализациялау  саясатына  талдау  жасап,  кеңестік  модернизацияның 
ӛлкеге  тигізген  ықпалының  негізгі  концептуальды  жағдайын,  ұлттық 
кадрлардың қалыптасуы мәселесіне неміс ғалымдарының қӛзқарасының қандай 
екендігін ашып кӛрсеткен [32]. 
1990-шы  жылдардың  соңында  ғалым  Е.Б.  Сыдықовтың  докторлық 
диссертациясында Қазақстаннның Ресей Федерациясы құрамындағы 1917-1937 
жылдардағы  жағдайына  арналған.  Ол  «Судьба  русского  народа  в  социальной 
инженерии  большевизма  на  примере  Казахстана»  деп  аталатын  тарауында 
«модернизациялау  ісінде  орыстар  ұжымдастыру,  индустрияландыру,  саяси 
әкімшіліктің  негізгі  тірегіне  айналды.  Орталық  және  батыс  аймағы  Сібірді, 
Орал,  Қазақстанды  ӛнеркәсіптік  игерудің  донарына  айналды  [381,  52  б.]. 
Техникалық жағынан білімді жұмысшылар мен инженер-техникалық мамандар 
жетіспегендіктен,  қажетті  кадрларды  ӛнеркәсіп  құрылысы  барысында  және 
еліміздің  басқа  аудандарынан  тарту  Орталық  Қазақстанға  ӛнеркәсіп 
миграциясына  серпіліс  берді  деген  пікірін  білдіреді.  Біз  автор  еңбегінен 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның  әлеуметтік  дамуына  демографиялық 
факторлар әсер етті деген кӛзқарасын аңғарамыз.  
Ұлттық  мамандардың  қалыптасуы,  саны,  құрамы  жайлы  ғалым                           
Ж. Асылбекова «30-шы жылдары ұлттық мамандар негізінен жұмысшылар мен 
кіші  техникалық  қызметкерлер  қатарында  шоғырланды.  Қызметкерлер 
қатарында  әсіресе  инженер-техникалық  қызметкерлер  қатарында  қазақтардың 
саны айта қаларлықтай болған жоқ» деген пікірін білдіреді [296, 22 б.]. Автор 
құрылыс  саласында  инженер-техникалық  қызметкерлер  арасында  қазақтардың 
небәрі 6,4 пайыз ғана құрап, бір де бір қазақ инженер, архитектор, механизмдер 
мастерлері мен нұсқаушылары жоқ екендігін айтады [296, 23 б.]. 
Жарық  кӛрген  әдебиеттерге  тарихнамалық  талдау  жасау  барысында                 
ХХ  ғасырдағы  Қазақстан  ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының 
әлеуметтік  дамуы  мәселелерінің  тарихнамасы  жеткіліксіз  зерттелгенін 
аңғартады.  Сондықтан  тарихнамалық  шолудан  кӛрініп  тұрғандай,  Қазақстан 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенциясының  тарихын  тарихнамалық  тұрғыда 

 
184 
талдау  кезек  күттірмейтін  тың  мәселе  болып  саналады.  Сонғы  жылдары 
тарихшылар,  қоғамтанушылар  қалыптасқан  тарихи  үрдістерге  жаңа  кӛзқарас 
тұрғысынан қарап, кӛптеген ғылыми еңбектерін дүниеге әкелді. Әсіресе қазіргі 
кезеңде  елімізде  қалыптасқан  инженер-техникалық  интеллигенцияның 
әлеуметтік  даму  тарихын  терең  түсіну  үшін,  оның  ӛткен  тарихи  кезеңдердегі 
ерекшеліктерін  зерттеуге  ғалымдар  ден  қойып,  кеңестік  кезеңдегі 
идеологиялық тегеурінде болған ақтаңдақ беттерін ашуға қол жеткізіп отыр.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет