Интеллигенциясы: тарихи


  Ауыл  шаруашылығы  интеллигенциясының  кәсіби  және



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 
5.2  Ауыл  шаруашылығы  интеллигенциясының  кәсіби  және 
қоғамдық-саяси қызметінің тарихнамасы 
Кеңестік Қазақстанның ауылы мен селоларының әлеуметтік құрылымында 
ой  еңбегінің  адамдары  елеулі  орын  алады.  Қазан  тӛңкерісі  орнағаннан  бастап 
кеңес  мемлекеті  алдына  әлеуметтік  үдеріс  идеяларын  алдына  мақсат  етіп 
қойды.  20-30-шы  жылдары  кеңестік  интеллигенцияның  аграрлық  кадрларын 
қалыптастыруға алғышарттар жасалғанымен, Қазақстанда бұл үдеріс аяқталған 
жоқ.  Кӛптеген  ауылдар  мен  селоларда  инженер-техникалық  қызметкерлер 
жетіспеді.  
1939  жылғы  30-желтоқсан  –  1940  жылғы  4  қаңтардағы  Қазақстан  КП(б) 
Орталық  Комитетінің  Пленумында  «зоотехникалық  насихат  пен  мал 
шаруашылығындағы озат стахановшылардың жетістіктерін енгізу және оны кең 
кӛрсету жӛніндегі бұқаралық жұмыс ең таяу  уақыттың ішінде қайта құрылуға 
тиіс  деп  есептейді.  Пленум  партия,  комсомол  ұйымдарына,  совет  және  жер 
органдарына мыналарды міндеттеді: 

 
225 
5.  Мал  шауашылығын  ӛркендету  және  індеттерге  қарсы  зоотехникалық 
шаралар жоспарларымен қатар аудандық мал дәрігерлері мен мал зоотехниктер 
үшін  мал  шаруашылық  колхоздары  мен  фермаларда  ветеринарлық-
зоотехникалық  тақырыптар  бойынша  әңгімелер  ӛткізу  мен  баяндамалар 
жасаудың  міндетті  минимумы  тағайындалсын»  [423,  125  б.].  Белгіленген 
шаралар 
арқылы 
ауыл-шаруашылығындағы 
ӛндірістік-техникалық 
мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға, оны насихаттап отыруға кӛңіл бӛлінді. 
Алайда қарарлармен, үндеулермен оны тез арада жүзеге асыру мүмкін емес еді, 
ол үшін білікті, маман, кадрлар жетіспеді.  
Соғыс жылдарында майданға кеткендердің орнына 156 агроном және ауыл 
шаруашылығының  басқа  мамандары  партия  мүшелігіне  кандидаттыққа 
қабылданды.  Әрі  ауыл  шаруашылығының  жетекші  мамандар  мен 
агрономдарын партияға алуға ерекше кӛңіл бӛлінді [5, 287-289 б.]. 
Соғыс  жылдарындағы  сталиндік  үгіт-насихат,  бұқаралық-саяси  және 
мәдени  жұмыс  жӛнінде  де  Пленумдар  ӛткізіліп,  онда  «...  Саяси  ағарту 
мекемелерінің жұмысына комсомол ұйымдары, село интеллигенциясы кеңінен 
тартылсын,  әрі  кеткенде  үш  айда  бір  рет  аудан  орталықтарында  саяси-ағарту 
қызметкерлерінің семинар-кеңестері ӛткізіліп тұратын болсын, деп міндеттеді. 
Тоталитарлық  басқару  кезеңіндегі  тарихи  құжаттарда  село  интеллигенциясын 
қоғамдық-саяси  жұмыстарға  жұмылдыру,  міндеттеу,  оның  орындалуын 
қадағалауды партия комитеттеріне жүктеді» [423, 353 б.]. 
Сталиннің  тоталитарлық  басшылық  әрекеті  кӛбіне  бұйрықтар  беру, 
нұсқауларды  орындау  сияқты  әміршілдік-әкімшілдік  басқару  жүйесін  соғыс 
жылдарында  нығайтумен  ерекшеленгендігін  тӛмендегі  партия  құжаттары 
дәлелдейді: «... МТС-тің аға механиктерінің трактор бригадаларына техникалық 
басшылығы  мен  кӛмегі  жақсартылып,  аға  механиктер  үнемі  бригадаларда 
болып,  тракторлардың,  оларға  тіркелетін  құрал-саймандардың  жайын, 
тракторларды күтіп ұстау жӛнінде бекітілген графиктің қолданылуын тексеріп 
тұратын 
болсын». 
Ауыл 
шаруашылығындағы 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның  кәсіби  шеберлігінің  арттырылуына  мән  берілгендігі  де 
аңғарылады [423, 374 б.]. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  да  тарихнамада  партияның  иделогиялық 
жұмысын жандандыруға да кӛңіл бӛлінді.  
Қазақстан КП(б) ОК ХІХ пленумының қарарларында «..бесжылдықты тӛрт 
жылда  орындау  жолындағы  бүкіл  халықтық  социалистік  жарысты  кең 
ӛрістету...оған 
барлық 
МТС-тардың 
инженер-техник 
қызметкерлерін 
қатыстыру міндеттелді [423, 488 б.]. Соғыстан кейінгі бесжылдық жылдарында 
тарихнамада  ауылшаруашылығындағы  инженер-техник  қызметкерлердің 
социалистік жарыстарға қатысуы үлкен науқанға айналды.  
1949  жылы  КСРО  Министрлер  Кеңесі  мен  БКП(б)  ОК-де  «Мал 
шаруашылығына  зоотехникалық  және  ветеринарлық  қызмет  кӛрсетуді 
жақсарту»  жӛнінде  шаралар  қабылданып,  оны  орындау  жӛніндегі  міндеттер 
ауыл  шаруашылығының  аудандық  бӛлімдерінің  бас  зоотехниктері  мен 
ветеринарлық 
дәрігерлеріне 
жүктелді. 
Мемлекет 
тарапынан 
ауыл 

 
226 
шаруашылығындағы 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияға 
кәсіби 
қызметтеріне  жауапкершілікпен  қарау  керектігі  баса  ескертілгендігі  жайлы 
«Большевик Казахстана» журналында атап кӛрсетілді [442, 18-19 б.].  
1930-шы  жылдардан  бастап  1950-ші  жылдардың  ортасына  дейінгі 
тарихнамада  интеллигенция  тарихы  Сталин  басқарып  отырған  партияның 
арқасында  халықтың  ӛз  арасынан  шыққан  интеллигенция  қалыптасты  деген 
түсінік қалыптасты. Экономист ғалым М. Күленов 1952 жылдың №6-де жарық 
кӛрген  «Большевик  Казахстана»  журналындағы  «Развитие  стахановского 
движения  в  сельском  хозяйстве  Казахстана»  мақаласында  стахановтық 
қозғалыс  социалистік  жарыстың  жаңа  жоғарғы  кезеңі  болды  деп  саралайды. 
Ресми  метологиядан  әрі  аса  алмаған  мақалада  автор  стахановтық  қозғлыстың 
ауыл  шаруашылығындағы  социалистік  жарыстың  жоғарғы  формасы  болып 
саналады 
деп, 
социалистік 
егіншіліктің 
стахановшылары, 
ауыл 
шауашылығының екпінділері агротехника, зоотехника негіздерін игеріп, ӛсіріп 
отырған  ӛнімдерінен  жоғары  кӛрсеткіш  алып,  оны  жүзеге  асыруда  және  мал 
шаруашылығында  жоғары  жетістікке  жетуде  үлкен  табыстарға  жеткендігін 
жазады. Бұл қозғалыстың социализмді құру жолындағы қозғалысты басқаруда 
большавиктер  партиясы  басшылық  жасады  деген  қорытынды  жасайды.  Біз 
автордың  социалистік  жарыс  еңбек  ӛнімділігін  арттырудың  жаңа  үлгісі  деген 
кӛзқарасын  аңғардық  [443,  22-23  б.].  Демек  мұндай  бұқаралық  қозғалыстар 
халықтың сана-сезімін социалистік идеологиямен улап, алтернативті жолдарын 
қарастыруға жол бермеді.  
1956  жылы  КОКП-ның  ХХ  съезінде  сталинизмнің  әшкереленуі,  кеңестік 
тарих  ғылымына  жаңа  серпіліс  әкелді.  Кейбір  бұрын  тиым  салынған  мұрағат 
қорларының ашылуы мәселенің деректік қорын тереңдетті. 
Ғалымдар  Х.  Бисенов  пен  Р.Б.  Сулейменов  Қазақстан  ауыл  селоларына 
партия  мыңдаған  мұғалімдерді,  агрономдарды,  дәрігерлерді,  зоотехниктерді, 
фельдшерлерді,  мәдени-ағарту  мекемелерінің  қызметкерлерін  жіберіп,  олар 
ауылшаруашылық ӛндірісін басқарып, селоның жоғары мәдениеті үшін күресіп, 
сауатсыздықты жойып,  ескілікті  дәстүрлер  мен  сарқыншақтарды жойды деген 
пікірде.  Бұл  қала  мен  деревня  арасындағы  қарама-қайшылықты  жоюдың 
жарқын  куәсі  болды  деген  кӛзқарасын  білдіреді  [5,  197  б.].  Академик  Р.Б. 
Сүлейменов «ауыл мен селоның мәдени потенциалы село интеллигенциясының 
сандық  және  сапалық  елеулі  ӛсуімен  анықталады,  ол  ӛзінің  негізгі 
мамандығынан  басқа  да  әртүрлі  саяси-мәдени  қызметтерді  жүргізеді:  үгіт-
насихат, ғылыми-ағартушылық, діни және кӛркемдік тағы басқа да жұмыстар»,-
деп кӛрсетеді [5, 467 б.].  
Селодағы тұрақты және кәсіби мамандар тек 50-ші жылдардың соңында да 
толық қалыптасқан жоқ. Сондықтан ауыл шаруашылығы ӛндірістік-техникалық 
интеллигенциясының  тарихнамасының  қалыптасуында  Москва,  Ленинград, 
Новосибирск, Киев сияқты ғылыми орталықтар үлкен үлес қосты. Әсіресе 1960-
шы  жылдардан  бастап  қарастырып  отырған  мәселелерге  қатысты 
монографиялар  кӛптеп  жарық  кӛре  бастады.  Олардың  қатарында  Ю.В. 

 
227 
Арутюнян,  З.И.  Монич,  ,  В.И.  Староверов,  А.И  Сухарев.,  П.И.  Симуш  т.  б 
еңбектері бар [399].  
Қазақстанның  аграрлық  тарихын  зерттеген  Б.А.  Тӛлепбаев,  Ә.Б. 
Тұрсынбаев,  И.Ш.  Шамшатов,  Х.М.  Маданов,  Г.Ф.  Дахшлейгер,  Ф.К. 
Михайлов, О.С. Сексенбаевтардың еңбектерінде колхоз, совхоздар мен МТС-ғы 
маман  кадрлардың  кәсіби  қызметі  жайлы  мол  деректер  береді.  Алайда  біз 
қарастырып отырған аралықтағы мамандардың кәсіби, қоғамдық-саяси қызметі 
тереңнен  зерттелмеген.  Ғалым  Б.А.  Тӛлепбаев  МТС-дың  саяси  бӛлімдерінің 
ұйымдастырылуымен 
байланысты 
колхоз  құрылысындағы 
партиялық 
басшылықтың жаңа түрі пайда болды деп есептейді [407, 150 б.]. Ғалым еңбегі 
партиялық идеологиядан аса алмай, оның саясатын ашық кӛрсетті. 
Ауыл 
интеллигенциясының 
проблемалары 
алғашқы 
рет                                     
Х.З  Ақназаровтың  еңбегінде  орын  алған  [403,  107-130  б.].  Автор  Қазақстан 
ауылдарының  алдыңғы  қатарлы  агрозоовет  қызметкерлері,  мұғалімдер  мен 
дәрігерлерінің  кәсіби  қызметтеріне  назар  аударады.  Біздің  кӛзқарасымыз 
бойынша  мақаланың  кемшілігі  ауыл  шаруашылық  интеллигенцияның 
әлеуметтік  практикасы  мен  оның  ӛсудегі  жағымды  ғана  тенденцияны 
қарастырған. 
Тарихнамалық  тұрғыда  алып  қарағанда  аграрлық  тарих  кеңінен  зерттеліп 
жазылғанымен,  ауыл  шаруашылығы  интеллигенциясының  тарихнамасы  жан-
жақты  зерттелді  деп  айта  алмаймыз.  Осы  бағытта  жазылған  тарихнамалық 
еңбектің 
қатарына 
Г.Ф. 
Дахшлейгердің 
«Социально-экономические 
преобразования  в  ауле  и  деревне  Казахстана  (1921-1929  гг.),  «Историография 
Советского  Казахстана»,  «В.И.  Ленин  и  проблемы  казахстанской 
историографии» 
монографиялық 
зерттеулерімен 
қатар, 
«Вопросы 
историографии  опыта  ленинского  кооперативного  плана  в  Казахстане  (1917-
1940 гг.) т.б. мақалаларын, және К.Н. Нұрпейісовпен бірлесіп жазған «История 
крестьянства  Советского  Казахстана»  еңбегін  жатқызуға  болады.  Г.Ф. 
Дахшлейгер  Қазақстан  тарихнамасында  соғысқа  дейінгі  механизатор 
кадрларын  даярлау  тарихымен  қатар,  кеңестік  интеллигенция  тарихын 
зерттеуге жете мән берілгендігіне талдау жасайды .  
Партиялық  басшылық  тәжірибесі  сараланған  еңбектің  қатарына  А. 
Ержановтың  ғылыми  мақалаларын  жатқызуға  болады.  Ғалым  А.  Ержанов 
еліміздің  әртүрлі  аудандары  Қазақстанның  жаңа  тың  совхоздарын  кадрлармен 
қамтамасыз  етті  деп  негіздейді.  Москва  мен  Москва  облысы  21  совхозды 
кадрлармен  қамтамасыз  еткендігін  саралайды.  Әсіресе  тың  аудандарының 
совхоздар  мен  МТС-тарын  жоғары  маманданған  кадрлармен  қамтамасыз  ету 
үлкен  маңызға  ие  болғандығын  айта  келіп,  1954-1955  жылдары  басқа 
республикалардан  Қазақстан  совхоздарына  4500  инженерлер  мен  агрономдар 
тағы басқа мамандармен, сонымен қатар партия, кеңес қызметкерлерінің үлкен 
тобы келгендігі жӛніндегі мұрағат құжаттарын ұсынады. 
Туысқан  республикалардың  партия-кеңес  қызметкерлері  Қазақстанның 
тың  аудандарында  басшы  және  маман  кадрларды  таңдауға  жауапкершілікпен 
қарады.  Тың  аудандары  үшін  кадрлар  таңдау  мәселесімен  еліміздің  ӛлкелер, 

 
228 
облыстар,  республикалардың  партия-кеңес  органдары  құрған  беделді 
комиссиялардың айналысқаны жайлы да мәлімет келтіреді. Мысалы 1954 жылы 
28  қыркүйекте  Татар  облыстық  партия  комитеті  тың  игеріліп  жатқан 
жерлердегі  совхоздар  мен  аудандарда  жұмыс  істейтін  басшы  кадрлар  мен 
мамандарды  таңдау  үшін  арнайы  комиссия  құрды  деп  мақтаныш  сезімді 
кӛрсетеді.  Ғалым  еңбегі  кеңестік  кезеңдегі  идеология  тұрғысында 
жазылғандықтан,  кадр  мәселесін  шешуде  орталықтың  араласып,  партияның 
басшылық  рӛліне  мән  беріп,  басқа  республикалармен  теңестіруге  тырысып, 
жергілікті мамандармен қамтамасыз ету жолына жете мән берілмегендігі айқын 
аңғарылады [359, 45-46 б.].  
Тарихшы  ғалым  Х.М.  Маданов  1950-ші  жылдары  артта  қалған 
шаруашылықтарға барып ниет білдіріп, жұмыс істеуге таңдап алынған адамдар 
отызмыңжылдықшылар 
деп 
аталғандығын. 
Олар 
жиырмамыңжылдықшылдардың  ізбасарлары  екендігін  атап  кӛрсетеді. 
Отызмыңжылдықшылдардың жиырмамыңжылдықшылдардан құрамы жағынан 
айырмашылығы  болғандығын  ең  алдымен  ауылшаруашылық  білімі  бар,  село, 
партия,  кеңес,  шаруашылық  органдарында  бұрын  жұмыс  істеген  адамдар 
таңдап  алынғандығын  саралаған.  Торғай  облысының  Амангелді  ауданы            
Ә.  Жанкелдин  атындағы  колхозға  жіберілген  отызмыңжылдықшы  С.  Оспанов 
агроном мамандығы бар кӛп жылдық еңбек тәжиребесін, артта қалған колхозды 
алдыңғы қатарлы деңгейге жеткізу үшін бар күш жігерін аямағандығын айтады. 
Гурьев  облысының  «Передовик»  колхозына  отызмыңжылдықшы  С. 
Құбашевтың  келуі  колхоздың  атағын  бүкіл  республикаға  шығарды.  Ол  бұрын 
облыстық  ауылшаруашылығы  басқармасының  бастығы  қызметін  атқарған  еді. 
Жоғары  зоотехникалық  білімі  бар  білікті  маман  С.  Құбашев  шаруашылықтың 
жұмысын ғылым мен алдыңғы  қатарлы іс-тәжірибені ӛндіріске енгізуде үлкен 
табыстарға  жетті  [288,  210-211  б.].  Х.  Маданов  отызмыңжылдықшылдардың 
қызметін пайдалану қаланың тәжірибелі басшыларын село шаруашылықтарына 
кӛмекке  жұмылдыру  1958  жылға  дейін  жалғасқандығын  жазады  [288,  212-213 
б.].  
Ғалым М. Арғынбаев та тың игеру жылдары еліміздің басқа қалаларынан 
мамандардың  келуі,  мысалы  Қостанай  облысына  Златоусттан  36  инженерлер 
мен  техниктердің  келуі,  тағы  басқа  МТС-на  осындай  инженер-техникалық 
мамандардың келуі шаруашылықтарды нығайтты деп байыптайды [427, 160 б.]. 
1960-шы  жылдардың  басында  ауылшаруашылығында  коммунистік  еңбек 
жолындағы  қозғалыс  үлкен  маңызға  ие  болды.  Алдыңғы  қатарлы  тәжірибені 
ауыл  шаруашылығы  ӛндірісіне  енгізу  жолындағы  коммунистік  еңбек  ету 
қозғалысы республиканың барлық ауыл шаруашылық салаларында кең қолдау 
тапты.  Ғылым  мен  техниканың  жетістіктерін  ӛндіріске  енгізіп,  жаңа  адамды 
тәрбиелеу  коммунистік  еңбек  жолындағы  қозғалыстың  басты  міндеттерінің 
біріне  айналды.  Осы  тұрғыда  тарихшы  Д.А.  Искакова  коммунистік  еңбек 
екпіндісі  атағын  алу  жолында  80416  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің 
күрескендігін, оның ішінде 24464 адамның осы жоғарғы атаққа ие болғандығын 
жазады.  Екпінділер  артта  қалған  шаруашылықтарға  кӛмек  кӛрсеткендігін, 

 
229 
экономистер, 
жоспарлаушылар, 
агрономдар, 
зоотехниктер 
бір-біріне 
агрономиялық  және  зооветеринарлық  шараларды  жүзеге  асыруға  қолғабысын 
тигізіп,  ғылым  мен  техниканың  жетістіктерін  ӛндіріске  енгізіп,  жаңа  адамды 
тәрбиелеу, жарысты ұйымдастыру коммунистік еңбек жолындағы қозғалыстың 
басты міндеттерінің біріне айналды деп тұжырымдайды [427, 69, 77 б.].  
1970-ші  жылдары  жарық  кӛрген  еңбегінде  Т.  Балақаев  соғыс  жылдары 
еңбек  озаттарын  ынталандыру  үшін  «МТС-тың  үздік  механигі»,  «Совхоздың 
үздік  механиктері»  кеудеге  тағатын  белгілер  берілгендігін  жазады.  Мұндай 
белгілердің  берілуі  соғыс  жылдары  ауылдағы  техникалық  кадрлардың  еңбек 
белсенділігін арттыруға ықпалын тигізгендігін байқаймыз [405, 280 б.]. 
Біздің зерттеу еңбегіміз тарихнамалық мазмұнда жазылып отырғандықтан, 
мәселенің тарихнамадағы зерттелу деңгейі қарастырылады.  
Осы  уақытқа  дейін  Б.А.  Амантаев,  Х.Маданов,  Ф.К.  Михайлов,                        
К.А. Нұрпейісов, Н.К. Капесов, Б.А. Тӛлепбаев, А.Б. Тұрсынбаев, С.Н. Соскин,          
И.  Шамшатов,  Г.  Дахшлейгер  т.б.  зерттеу  еңбектері  мен  мақалалары  біздің 
пайымдауымызша ӛзектілігін жоғалтқан жоқ.  
Х.М.  Әбжановтың  1980-ші  жылдары  жарық  кӛрген  еңбегінде  ауыл 
шаруашылығы 
интеллигенциясының 
кәсіби,  қоғамдық-саяси,  мәдени, 
ағартушылық 
қызметіне 
талдау 
жасалған. 
Автор 
тарихшылардың 
ауылшаруашылығы  интеллигенциясының  тарихы  жайлы  жазғандарын  талдай 
отырып,  село  интеллигенциясының  мәдени  және  қоғамдық-саяси  қызметінің 
негізгі  бағыттарын  кӛрсетеді.  Х.М.  Әбжановтың  бұл  еңбегі  кеңестік  кезеңде 
жарық кӛргендіктен, ауыл шауашылығы интеллигенциясының үгіт-насихатпен 
айналысып,  болашақ  ұрпақты  тәрбиелеуге  қатысқандығы,  олардың  саяси 
мәдениетін  дамытуға  үлес  қосқандығы  ресми  идеология  тұрғысында 
сараланған.  
Ғалым  кейінірек  жарық  кӛрген  еңбегінде  кеңестік  кезеңнен  кейінгі 
уақытта,  бұл  мәселені  басқаша,  жаңа  кӛзқарас  тұрғысында  пайымдайды  [149, 
278-279 б.].  
20-30  жылдары  кеңестік  интеллигенцияның  аграрлық  отрядтарын  құру 
шаралары  қарастырылғанымен,  бұл  үдеріс  аяқталған  жоқ деп  тұжырымдайды. 
Кӛптеген  ауыл  мен  селоларда  инженер-техникалық  қызметкерлер  мен 
мұғалімдер,  мәдени-ағарту  мамандары,  дәрігерлер  жетіспеді  дейді.  Тұрақты, 
кәсіби  жағынан  маманданған  селоның  маман  кадрлары  50-ші  жылдардың 
соңында да толық қалыптаспады деп саралайды  
Автор  ӛтпелі  кезеңнің  соңындағы  село  интеллигенциясы  жайлы  жалпы 
кӛлемдегі 
мәліметтердің 
жоқ 
болуы, 
қазақстандық 
тарихнамадағы 
ақтаңдақтардың бірі болып отырғандығын айтады. 
Осындай ақтаңдақтардың сақталуы кеңестік кезеңдегі ауылшаруашылығы 
интеллигенциясының  кәсіби  қоғамдық-саяси  қызметінің  тарихнамасын 
толығынан  талдауда  қиындық  туғызды.  Мемлекеттік  идеологияның 
монополиялануы  қатаң  бір  ізді  шығармалардың  жазылып,  шығармашылықпен 
ойлауға  шек  қойылды.  Тарихнамалық  талдау  кӛбінесе  ауылшаруашылық 

 
230 
интеллигенциясының  қалыптасуы,  құрамы,  кезеңіне  байланысты  тӛңіректе 
болды.  
Осы уақытқа дейін тарихнамада ұжымдастыру қарсаңы, кезеңіндегі, ӛтпелі 
кезеңнің  аяқталуы  кезеңіндегі  ауыл  шаруашылығы  интеллигенциясы  жайлы 
зерттеулер  тарихнамада  аз.  Кеңестік  кезеңдегі  тарихнамашылар  қарастырып 
отырған 
мәселе 
тӛңірегіндегі 
зерттеулерінде 
ғылыми 
қалыптасқан 
ұстанымдардан аса алмады. Барлық еңбектер партиялық-таптық идеяны негізге 
алып,  әлеуметтік  тарихты  жазғанда  ауыл  шаруашылығы  интеллигенциясына 
қарағанда  негізгі  таптарға  мән  берілді.  Сондықтан  кеңестік  кезеңде 
интеллигенцияның  әрбір  әлеуметтік  тобының  тарихнамасы  арнайы  зерттеле 
қойған жоқ.   
Кеңестік  кезеңнен  кейінгі  тарихи  зерттеулерде,  диссертацияларда  ауыл 
шаруашылығы  интеллигенциясы  кәсіби,  қоғамдық-саяси  қызметі  жаңа 
теориялық-әдіснамалық  тұрғыда  тереңнен  қарастырыла  бастады.  Тарихнамада 
жаңаша пайымдаулар, кӛзқарастар пайда болды.  
Теориялық-концептуальды  бостандықтың  келуі,  плюралистік  пікір 
білдіруге кең жол ашылуы тарихнамалық жаңа шығармаларды тудырды.  
1990-шы 
жылдардың 
басында 
Ғалым 
В.К. 
Куманев 
«село 
интеллигенциясына  (мұғалімдер,  агрономдар,  зоотехниктер  т.б.)  қарсы 
ұйымдастырған үгіт-насихат шараларында деревняны қайта құрудағы  кӛптеген 
ауырпалықтардың,  қиындықтың  себебі  олардың  «күмәнді  шығу  тегіне» 
байланысты деп түсіндіргенін жазады. Мұның арты қамаулар, заңсыз айыптар, 
орындарынан  босату,  кӛпшілік  алдында  масқаралау  т.б.  ұласқанын  ашып 
кӛрсетеді [444, 35-36 б.].  
Тәуелсіз 
Қазақстан 
тарихнамасында 
К.М. 
Тӛлеубаева 
[151].,                                   
М. Іліповтардың [152] тарихнамалық мақалалары мен диссертацияларында біз 
қарастырып отырған мәселеге қатысты мол мәлімет береді.  
К.М. Тӛлеубаеваның кандидаттық диссертациясының «Ауыл шаруашылық 
мамандарының кәсіби қызметі мен оның нәтижелері» деп аталатын тарауда мал 
және жер шаруашылығы мамандарының іс-тәжірибесі, инженерлік-техникалық 
және есеп-экономика кадрларының қызметі зерттелген. Автор талдау жасалып 
отырған жылдары ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның кәсіби қызметінің 
басты  бағыттары  мен  нәтижелері  жоспарлы  талаптарына  сай  анықталды. 
Әміршіл-әкімшіл  жүйе  ӛзінің  айтқанын  міндетті  түрде  жүзеге  асырды  деп 
пайымдайды.  Еңбекті  ұйымдастыру  мен  ақы  тӛлеудегі  қайшылықтар 
мамандардың іс-тәжірибесіне қырсығын тигізді деп есептейді [151, 17]. Автор 
соғыстан  кейінгі  жылдары  қазақстан  ауылшаруашылығында  еңбек  еткен 
ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  топтары  білім  деңгейі  мен  кәсіби 
шеберлігін шыңдай отырып, аграрлық экономиканы нығайтуға әрқайсысы ӛзіне 
тиесілі  үлесін  қосты.  Колхозшылармен,  жұмысшылармен  иық  тіресе  еңбек 
еткен  олар  әміршіл-әкімшіл  жүйенің  әділетсіздігі  мен  қыспағына  мойымастан 
мол тәжірибе жинақтап, оны жас мамандарға үйретуден жалықпады [151, 20 б.]. 
М.  Іліпов  «еңбек  пен  кәсіби  қызметі  жӛнінен  ауыл  шаруашылық 
интеллигенциясының  құрамы  күрделі  болды.  Олар  1)  инженер-техник 

 
231 
кадрлары,  2)  ауыл  шаруашылық  мамандары,  3)  есеп-қисап  және  экономист 
қызметкерлері» деп жіктейді [152, 15-16 б.].  
Қазақстан  ауыл-селоларындағы  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияның 
ең  кӛп  тобы  агрономдар,  зоотехниктер,  мал  дәрігерлері,  фельдшерлер  мен 
веттехниктер.  Олардың  еңбегі  жер  шаруашылығы  мен  мал  шаруашылығының 
ӛнімін  ӛндірумен,  егін  шаруашылығының  мәдениетін  және  әр  гектарының 
ӛнімділігін  кӛтерумен  жанбақ.  Құс  және  мал  шаруашылығының  ӛркендеуіне, 
оның  берік  жемшӛп  қорын  жасауға  қатыса  отырып,  экономиканың  ӛмірлік 
қажетті салаларының бірінші қатарында еңбек етеді деп тұжырымдайды.  
М.  Іліпов  ауыл-село  инженер-техниктерінің  кәсіптік  қызметі,  оның 
нәтижелілігі  мен  бағыты  кӛптеген  факторлармен  анықталатындығын  айтады. 
Бірақ  олардың  ішіндегі  негізгісі  ауыл  шаруашылығын  механикаландыру  мен 
электрлендіру  болып  табылады  деп  пайымдайды  [152,  18  б.].  Автор  кӛп 
уақытқа дейін ауыл-село инженер-техник қызметкерлері құрамы жоғары сатыға 
кӛтеріле алмаса да, техниканы жақсы пайдалану үшін олар рационализаторлар 
мен  ӛнертапқыштар  қозғалысын  кеңейте  отырып,  еңбек  ӛнімділігін  арттыруға 
кӛп еңбек сіңірді деп есептейді [152, 19 б.]. 
Осы  мәселе  тӛңірегінде  тарихшы  Х.М.  Әбжанов  «тоқырау  заманында 
экономиканы  басқарудың  бір  орталықтан  жобасыз  жүргізіліп  отыруы 
ӛндірістік-техникалық интеллигенцияының белсенділігі мен дербестігіне тұсау 
болды.  Еңбекке  ақы  тӛлеу,  материалдық  кӛтермелеу,  әлеуметтік  мұқтажды 
шешу  және  түпкі  нәтижелер  арасындағы  алшақтық  еңбекшілердің  топтары 
арасында әлеуметтік прогреске мүлде қайшы психология туғызды. Жер туралы 
меншік  туралы  сталиндік  ұғымдар,  социализмнің  әміршіл-әкімшіл  жүйесі 
адамдардың  мүддесін  жыраққа  алып  кетті.  Міне  осындай  үйлесімсіздіктен 
талай  адал,  іскер  мамандардың  қолға  алған  шаруалары  оңалмай,  тауы 
шағылды», - деп ойын қорытындылай отырып, мамандардың кәсіби қызметінде 
шешілмеген түйіннің аз болмағанын саралайды [445].  
Кеңестік 
кезеңнен 
кейінгі 
уақытта 
ауыл 
шаруашылығы 
интеллигенциясының  тарихы  қайтадан  ой  елегінен  ӛтіп,  жаңаша  зерделене 
бастады. Жаңа нақты тарихи материалдар ӛткен тарихымызға әділ баға беруге 
кеңінен жол ашты.  
1990-шы  жылдардан  бастап  идеологиялық  қасаң  саясаттан  босаған 
зерттеушілер  методологиялық  жағынан  нақты-тарихи  зерттеулер  жүргізуге 
мүмкіндік алды. 
1990-шы жылдардың аяғында Қазақстан интеллигенциясының әлеуметтік-
саяси  белсенділігін  (1985-1995  жж)  зерттеген  ғалым  Е.Т.  Берлібаев  Қазақстан 
интеллигенциясының  ӛткен  тарихын  бүгінгі  болашақ  ұрпақ  ӛзіне  қажеттісін 
үйренуге  тиістігін  айта  отырып,  интеллигенцияның  әлеуметтік-саяси  қызметі 
саяси  ыңғайға  берілмей  әділет  пен  демократиялық  принциптерге  сүйене 
отырып  зерделенгендігін  ортаға  салады.  Кеңес  тұсында  интеллигенцияның 
кӛпшілігі  коммунистік  адамгершілік,  әділдік  мұраттарына  беріле  сенгендігі 
сонша, сол қауіпті науқанды барынша дәріптеп бақты деп пайымдайды [22, 23 
б.].  

 
232 
Қазіргі  тарихнама  кең  кӛлемдегі  деректік  білім  негізінде,  бұрынғы 
идеологиялық  ұстанымда  талданған  еңбектерге  жаңаша  баға  беруге,  жаңа 
жолдары қарастырылып отыр. Біздің пікірімізше, әлі болса ауыл шаруашылығы 
интеллигенциясының 
қоғамдық-саяси, 
кәсіби 
қызметінің 
тарихының 
тарихнамада қарастырылуы мұқият талдауды қажет етеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет