Интеллигенциясы: тарихи


  ӚНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ  ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ  ӚСУ



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата22.01.2017
өлшемі1,7 Mb.
#2421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

3  ӚНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ  ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯНЫҢ  ӚСУ 
КӚЗДЕРІ ТАРИХНАМАСЫН ТАЛДАУ 
 
3.1  Жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарында  ӛндірістік-
техникалық интеллигенцияны дайындау тарихнамасы  
Қазақстан ӛндірістік-техникалық интеллигенциясы қатарын толықтырудың 
негізгі  қайнар  кӛзі  -  жоғарғы  және  орта  арнаулы  оқу  орындары  болып 
саналады.  Қазақстанда  кеңес  ӛкіметі  орнағанға  дейін  бірде-бір  техникалық 
жоғары оқу орны болмады. Патша ӛкіметінің отаршылдық саясаты шеткері ұлт 
аймақтарының  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  жағынан  дамуына 
мүмкіндік  бермеді.  Мектептерді  патша  ӛкіметі  ӛздеріне  сенімді,  орыс  тілін 
жетік меңгерген кадрлар даярлау үшін және әкімшілік мекемелерінде ӛздерінің 
отарлау саясаттарын жүргізетін мамандар үшін ашты.  
Жергілікті  жерлерде  мамандар  дайындаумен  патша  ӛкіметі  айналысқан 
жоқ. Н.М. Богдановтың еңбегінде 1897 жылғы санақ қорытындылары бойынша, 
Орта Азия мен солтүстік-шығыс, шығыстың кӛшпелі халықтарынан жоғары оқу 
орындарында  оқығандардың  саны  22-оқушыны  құраса,  790  оқушы  орта 
мектептерде  оқығандығы  жайлы  жазады  [227].  1911-1914  жылдары  Ресейдің 
орталықтағы  11  жоғары  оқу  орындарында  «мұсылман  халықтарының» 
ӛкілдерінен  оқыған  оқушылар  саны  0,52 
%  құраған.  «Развитие 
социалистической культуры в союзных республиках» деп аталатын 1962 жылы 
жарық  кӛрген  еңбекте  1914-1915  жылдары  Қазақстанда  200  дәрігер,  3000-нан 
аса  мұғалімдер,  инженерлер,  техниктердің  және  агрономдардың  саусақпен 
санарлықтай  ғана  болып,  олардың  қатарында  қазақтар  болған  да  жоқ  деп 
жазады [228]. 
Орта  арнаулы  оқу  орындарының  қатарында  мұғалімдер  семинариялары 
мен  Қазан  тӛңкерісі  қарсаңында  ашылған  ауылшаруашылығы  мектептері  ғана 
болды.  Семенов–Тянь-Шанскийдің  мәліметі  бойынша,  осы  кезеңде  5 
миллионнан  аса  халқы  бар  территорияда  98  дәрігер,  568  ауыл  шаруашылығы 
мамандары  (оның  ішінде 109  ғана  жоғары және  орта  арнаулы  білімі бар),  311 
мал  дәрігерлері  мен  техниктер,  66  жерге  орналастырушылар,  49  гидротехник, 
18  орман  шаруашылығы,  15  ӛнеркәсіп  ӛндірісінің  инженері  мен  техниктері 
болған [229].  
Біз  қарастырып  отырған  мәселенің  тарихнамасын  тӛрт  кезеңге  бӛліп 
қарастырамыз. Біріншісі, Социализм құрылысы мен оның негізінің бекуі кезеңі 
(1918-  1950-ші  жылдардың  соңы),  екінші  кезеңі  «Жылымық»  немесе  дағдарыс 
кезеңінің  ӛршуі  (1960-шы  жылдардың  басы  –  1985  ж.ж.),  үшіншісі, 
посткеңестік немесе тәуелсіз Қазақстан тарихы кезеңі (1991-ші жылдан қазіргі 
кезеңге дейін). 
Тарихнаманың  бірінші  кезеңі  Кеңес  мемлекетінің  қалыптасуымен 
басталды.  Инженерлерді  даярлау  мәселесі  партияның  социализмнің  негізін 
құруға  бағыт  алуымен  байланысты  ӛзекті  тақырыпқа  айналды.  Коммунистік 
партия  «буржуазиялық»  инженерлерді  кеңес  ӛкіметі  жағына  тарту  міндетімен 

 
83 
қатар  жаңа  мамандарды  даярлауды  да  кезек  күттірмейтін  міндеттің  қатарына 
қойды.  
Кеңес  ӛкіметі  орнағаннан  кейін,  мемлекет  шеткері  ұлт  аймақтарында 
мәдени революцияны жүзеге асыру міндетін қойды. Соның ішіндегі басты әрі 
маңызды міндеттердің бірі – ӛндірістік-техникалық интеллигенция мамандарын 
даярлау болып есептелді. Ол үшін жоғары және орта арнаулы оқу орындарын 
ашу  керек  болды.  Ӛндірістік-техникалық  интеллигенция  мамандарын 
қалыптастыру  мен  дайындау  мәселелері  алғаш рет  отандық  тарих  ғылымында 
зерттеле бастады. Ӛндірістік-техникалық интеллигенция мамандарын дайындау 
мәселелері  ВКП(б)-ның  Одақтық  конференциялары  мен  съездерінде, 
партияның  Орталық  Комитетінің  Пленумдарында  талданды.  Тарихшылардың 
кейбір  қорытындыларына  партиялық  басшылықтың  біраз  ықпалы  болды.  Осы 
кезеңдегі  басылымдардың  кӛпшілігі  публицистикалық  мазмұнда  жазылып, 
мемлекеттің саясатын баяндады [230].  
1920-шы жылдың 6-шы қазанында Қырғыз (Қазақ) АССР-і еңбекшілерінің 
Декларациясы қабылданды. Артынша Қазақстан кеңестерінің бірінші Құрылтай 
съезінде  халыққа  білім  беру  жӛнінде  мәселе  кӛтерілді.  Съезд  қарарында 
қырғыздардың  (қазақтардың)  мәдени  жағынан  артта  қалуына,  кеңестік 
құрылыстың  дамуына  кедергі  келтіріп  отырған  не  екендігін  анықтау 
тапсырылды. Алдағы уақытта сауатсыздықты жою, жаппай міндетті оқыту, ӛсіп 
келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік тәрбие беру мен кәсіби-техникалық білім беру 
– мәдени құрылыстың басты міндеттерінің бірі ретінде атап кӛрсетілді [231, 296 
б.]. 
Мәдени революцияны ұлттық республикалар мен облыстарда жүзеге асыру 
-  тарихи  қысқа  мерзімнің  ішінде  халықтардың  теңсіздігін  жояды  деп  түсінді. 
Партияның  Х  съезінің  қарарларында  дамуы  жағынан  алға  шыққан  Орталық 
Ресейге  жету  үшін  орыс  емес  халықтардың  еңбекші  бұқарасына  кӛмектесу 
керектігі атап кӛрсетілді: а) кеңестік мемлекеттілікті дамытып, нығайту; ӛз ана 
тіліндегі  сот,  әкімшілік,  шаруашылық  органдары,  билік  органдарының 
жергілікті жердегілерден құрылуына ықпал жасап, дамытып, нығайту керектігі; 
б)  ӛз  басылымы,  мектептері,  театр,  клубтар,  ӛз  ана  тілінде  мәдени-ағарту 
мекемелері  болу  керектігі;  г)  ана  тілінде  жалпы  білім  беретін,  кәсіби-
техникалық  мазмұндағы  мектептердің,  курстардың  жүйесін  кеңітіп,  дамыту 
міндеттері  қойылды  [232,  559  б.].  Партия  қаулысы  ана  тілінде  білім  беретін 
мектептерді,  оқу  орындарын  ашуға  шақырғанымен,  ұлты  орыс  емес  халықтар 
деп  басқа  ұлт  ӛкілдеріне  дұрыс  кӛзқарастың  болмағандығын  ашық  аңғаруға 
болады.  
Мамандарды  жаппай  жұмысшылар  мен  еңбекші  шаруалар  қатарынан 
дайындау  Коммунистік  партия  мен  Кеңестік  мемлекеттің  қызметінде 
социалистік  интеллигенцияны  қалыптастырудың  басты  міндеттерінің  бірі 
болды. Бұл үдерістің басталуына партия мен Кеңес мемлекетінің 1917 жылғы 9 
қарашада  «Оқу-ағарту  жӛніндегі  Мемлекеттік  комиссияның  бекітілуі»,  «Оқу-
ағарту  Халық  комиссариатының  құзырына  оқу  орындарының  және  білім  беру 
мекемелерінің,  ведомостволардың  барлық  мекемелерін  беру  жӛніндегі»  (1918 

 
84 
жылғы  5  маусым),  «Жоғары  оқу  орындарына  қабылдау  ережелері  жӛніндегі» 
(1918  жылғы  2  тамыз)  декреттері  мен  қарарларының  қабылдануы  негіз  болды 
[233,  114-118  б.].  Жоғарғы  мектептерде  ең  алдымен  жұмысшылар,  онан  кейін 
шаруалардың  білім  алуына  кең  жол  ашылды.  Интеллигенция  қатарынан 
шыққандардың білім алуына жете мән берілмеді.  
1919-1920-шы  жылдары  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  (ХКК)  елде  кәсіби-
техникалық  білім  беруге  басшылық  жасауды  орталықтандыруға  байланысты 
бағытталған  қарарлар  қабылдады.  1920-шы  жылдың  қаңтарында  ХКК-ң 
шешімімен  кәсіптік  білім  беру  орнына  РСФСР-дің  Халық  Ағарту 
Комиссариатының  құрамында  кәсіби-техникалық  білім  берудің  Бас  комитеті 
құрылды.  Бұл  комитетке  барлық  ведомостволардың  және  ұйымдардың 
техникалық  оқу  орындары  берілді.  Кәсіби-техникалық  білім  берудің  Бас 
комитеттерінің  жергілікті  органдары  елдің  шығыс  бӛлігіндегі  ұлттық 
республикаларда (кәсіби-техникалық білім берудің Орал, Сібірдің комитеттері) 
құрылды.  
Мамандар  жетіспегендіктен  мемлекет  кәсіби-техникалық  білім  беруді, 
мамандар, халық шаруашылығына қажетті кадрларды даярлау үшін жоғары оқу 
орындарының елдің барлық аймақтарында орналасуына кӛңіл бӛле бастады.  
Қазақ зиялыларының кӛрнекті ӛкілдерінің бірі – С. Сәдуақасовтың тарихи 
мұрасын  зерттей  келе,  ғалым  Х.М.  Әбжанов:  «Қырғыз  Орталық  Атқару 
комитеті  тӛрағасына,  КССР  халық  ағарту  комиссарына,  азаматтар  Сәдуақасов 
Смағұл  және  Байділдин  Әбдірахман  және  Алдоңғаров  Ерғалидан  жолданған 
хатын тауып жариялады: «Біздің алдымызда әлі қыртысы алынбаған қат-қабат 
жұмыстар тұр. Ірі индустрия құрып, ӛркенді ауыл шаруашылығын және үлгілі 
санитарлық  гигиеналық  жағдайлар  жасау  қажет.  Бұл  үшін  барлық  саладағы 
инженерлер,  агрономдар,  мал  дәрігерлері  және  дәрігерлер  керек.  Ал,  бұларды 
қазақ  жастарынан  даярлау  керек.  Революция  жастарынан  біздің  болашақ 
мамандарымыздың  даярланып,  олардың  келер  күнді  кеңейте  түсетіні  қандай 
бақыт. 
Ресейдің  техникалық  салада  артта  қалған  ел  екені  бұрыннан  мәлім. 
Ресейлік  ғылыми-техникалық  әдебиет  неміс  және  басқа  тілдерден  аударылған 
еңбектерден  тұрады.  Техника  саласындағы  ӛнертапқыштықтың  басым  бӛлігі 
Батыс Еуропадан шықты. Егер осыған Ресейдің революция тұсында Еуропадан 
экономикалық  жағынан  бӛлек  қалғандықтан,  жаңа  ашылған  жаңалықтардың 
бәрін  біле  алмай,  оларды  ӛмірге  енгізе  алмай  қалғандығын  ескерсек,  онда 
Еуропаның  техникалық  саладан  Ресейден  қаншама  жоғары  тұрғандығы 
айқындала  түседі.  Осы  тұрғыдан  келіп,  біз  техникалық  білімді  шетелде  алу 
керектігін,  оның  ішінде  Ресеймен  дипломатиялық  қарам-қатынасы  жақсы 
Германияда  алған  жақсы  болатындығын  түсіндік.  Ӛйткені  бар  керекті  жайды 
түпнұсқадан  алып  оқуға  болады.  Жас  адамдарды  шетелге  жіберіп  оқытудың 
пайдалы жағын психологиялық ерекшелікке байланысты да атауға болады. Біз 
қанша  оқығанымызбен  революциялық  елде  тұрып  жатқандықтан,  біздің 
ынтамыз  таза  ғылыми  жұмыстан  ауытқып,  соның  кесірінен  оқу  ісі  ақсайтын 
болады.  Оның  үстіне,  шет  жерде  ӛз  үйімізден  гӛрі  үлкен  жауапкершілікті 

 
85 
сезінетін боламыз. Бізді шет елге білім алуға аттандырды деген түсінік біздің әр 
сағат,  әр  минуттта  алға  жетелеп,  оқуға  ұмтылдыратын,  оқуға  жұмылдыратын 
жігер болады. 
Міне,  осы  жағдайларлар  сіздерден  шетелге  техникалық  білім  алуға 
жастарда жіберуді ӛтінуге итермелеп отыр», - деген мәтінін береді [94, Б. 251-
253  б.].  Біз  мұнан  қазақ  зиялыларының  кӛшбасында  болған  ағаларымыздың 
ӛркениеттілік  кӛзқарасын  айқын  аңғарамыз.  Қазір  егеменді  ел  жағдайында 
Қазақстан  Республикасы  президентінің  «Болашақ»  бағдарламасымен  шет  елге 
барып білім алып жатқан жастарымызға  қарап,  зиялы  ағаларымыздың  арманы 
жүзеге асқандығына куә болып отырмыз.  
1923 жылы пролетариат диктарурасы орнағаннан кейінгі 5 жылдың ішінде 
157 жаңа оқу орындары ашылды. Техникалық оқу орындарының саны екі есеге 
дейін  артса,  1924  жылдың  соңында  студенттердің  саны  -38995  адамға  (1914 
жылы  небәрі  21,4  мың  болған  еді)  жетті  [234,  102-103  б.].  Индустриалдық-
техникалық оқу орындарының үштен бір бӛлігі елдің шеткері аймақтарындағы 
ұлттық  республикаларда  орналасты.  1920-1922  жылдары  Қазақстанда  (тар 
шеңберлі мамандықтағы инженерлер дайындайтын техникум мен ӛнеркәсіптік-
экономикалық техникум) алғашқы ӛнеркәсіп техникумдары ашылды [235, 508, 
527  б.].  1921  жылы  7  қыркүйекте  ҚАССР  ХКК-нің  мәжілісінде  Орынбор 
қаласында  ауылшаруашылығы  техникумын  ашу  жӛніндегі  қаулыға  қол 
қойылады  [236,  256  б.].  Осы  кезеңде  Кирсовнаркомның  (Қырғыз  ХКК) 
қаулысына  сәйкес  Орынборда  1922  жылы  2  наурызда  бұрынғы  (механикалық 
және  инженерлік-құрылыс  бӛлімдері  бар)  индустриалдық,  ауылшаруашылық 
және  ӛнеркәсіптік-экономикалық  үш  техникум  біріктіру  нәтижесінде 
политехникалық институт ашылады [236, 257 б.]. Бірақ ұзаққа бармай-ақ 1923-
ші  жылдың  1-шілдесінде  ҚАССР  Орталық  Атқару  Комитетінің  қаулысымен 
қайтадан  жабылады.  Оның  құрамына  кірген  техникумдар  жоғары  типті  орта 
арнаулы оқу орындары ретінде университтік бағдарламалармен оқыды. Жоғары 
маманданған  кадрларды  жұмысшылар  мен  еңбекші  шаруалар  қатарынан 
даярлауды  жеделдету  мақсатында,  жаңа  пролетарлық  типтегі  институттар: 
жұмысшы  мектептері,  дайындық  техникалық  курстар,  жоғары  оқу 
орындарының  жанындағы  рабфактар  ашылды.  Ӛндірістік-техникалық 
интеллигенцияның қалыптасуында рабфактардың рӛлі ерекше болды. Олардың 
қызметіне  мемлекет,  қоғамдық  ұйымдар  тарапынан  қамқорлық  кӛрсетіліп 
отырды. Рабфактарға жұмысшылар мен шаруалар жергілікті партия, кәсіподақ 
және  комсомол  ұйымдарының  арнайы  жолдамаларымен  қабылданды.  ҚАССР 
кәсіби-техникалық  білім  берудің  Бас  комитетінің  республикадағы  1921-1922 
оқу  жылындағы  жоғары  және  орта  арнаулы  оқу  орындарының  жағдайлары 
жӛніндегі 1922 жылғы  31  тамыздағы  есебі  бойынша, 1921/1922 оқу  жылының 
екінші  жартысында  Орынбор  рабфагінде  РСФСР-дің  Кәсіби-техникалық  білім 
берудің  Бас  комитетінің  рабфактарына  арналған  нұсқауларды  басшылыққа 
алды.  Бірінші  жартыжылдықпен  салыстырғанда  екінші  жартыжылдықта 
студенттердің  тұрақтамаушылығы  байқалғандығын  айтып,  есептегі  236 
баланың  75-і  әртүрлі  себептермен  оқудан  кеткендігі  жайлы  мәлімет  береді. 

 
86 
Кету  себептерін  біріншіден,  орталықтағы  мандат  комиссиясының  нұсқауына 
байланысты,  екіншіден, ӛндірістік  сынақтарды  тапсыра  алмауына  байланысты 
екендігімен  түсіндіріледі.  Рабфактың  білім  деңгейі  тӛмен  студенттерінің 
ӛздеріне  лайықты  оқу  орындарына  ауыстырылғандығы  жайлы  мәлімет  береді. 
Олардың негізінен орыс тілдерін нашар білетін қырғыздар екендігі кӛрсетілген 
[237,  259-260  б.].  Құжаттардан  ұлттық  мектептерді  бітірген  студенттердің  ана 
тілінде білім алуына дұрыс жағдай жасамағандығын анық аңғаруға болады.  
Кеңес  мемлекеті  тарапынан  жаңа  буынды  мамандар  даярлауға, 
тәрбиелеуге маңыз берілгендігін 1922 жылғы 6-қазандағы РКП(б) ХІІ съезіндегі 
қабылдаған  қарарлардан  кӛруге  болады.  Дерек  кӛзі  ретінде  пайдаланған 
құжаттар бойынша, «съезд жаңа шаруашылық қызметкерлерін даярдау ісі үнемі 
жүргізілуге  тиіс,  сонымен  қатар  терең  мамандық  беретін  сипат  алуға  тиіс. 
Асығыс, үстірт оқытылған кезде қолданылған жалпы әдістер белгілі бір стажды 
ӛтеу  арқылы  белгілі  бір  жоспар  бойынша  жүйелі  түрде  оқыту  ісімен 
алмастырылуға  тиіс.  Алғашқы  дәуірде  қызметке  ұсынылған,  сӛйтіп  қажетті 
білім  ала  алмай  қалған  қызметкерлерге  ӛздерінің  аса  елеулі  кемістіктерін 
жоярлықтай білім алуына мүмкіндік беру керек. 
Атап  айтқанда, есеп қызметкерлерін даярлау жұмысын барынша күшейту 
қажет,  дұрыс  есеп  беру  ісін  ұйымдастыру  міндеттерінің  неғұрлым  ойдағыдай 
шешілуін  қамтамасыз  ету  мақсатымен  бұл  жұмысқа  едәуір  мӛлшерде  партия 
мүшелерін жіберу қажет деп есептейді» [238, 453 б.]. 
1923  жылы  11-15  қазан  аралығында  Орынборда  ӛткен  РКП(б)  Қазақ 
облыстық  Комитетінің  кеңейтілген  пленумында  да  «әртүрлі  сатыдығы  совет-
партия  мектептеріне,  жұмысшы  факультеттеріне  және  басқаларына 
тыңдаушылар  ең  алдымен  жұмысшылар  ортасынан  алынуға  тиіс»  деп  атап 
кӛрсетеді  [239,  91  б.].  РКП(б)  ХІІ  съезінің  ұлт  мәселесі  жӛніндегі  қаулысын 
жүзеге  асыру  мақсатында  облыстық  комитеттің  губкомдар  секретарлары 
қатысқан  ІІ  кеңесі  мынадай  шұғыл  шараларды  жүргізу  жӛнінде  міндеттер 
қабылданды:  «Орынбор  жұмысшы  факультетіндегі  орынның  кемінде  50 
проценті  қазақ  жұмысшылары  мен  батырақтарына  тиюі  қамтамасыз  етілсін» 
[238, 114 б.]. Жұмысшы факультеттері интеллигенцияны дайындауда үлкен рӛл 
атқарғандықтан, оның таптық, ұлттық мәніне ерекше кӛңіл бӛлінгендігін ашық 
аңғаруға  болады.  Ең  алдымен  жұмысшы  факультеттеріне  жұмысшылар 
қатарынан  тыңдаушылар  алуға  ӛкімет  тарапынан  арнайы  тапсырмалар 
берілгендігін байқаймыз.  
1923  жылы  жарық  кӛрген  партия  қызметкерінің  анықтамалығында 
Орталық  партия  Комитетінің  жоғарғы  мектептерді  іріктеуге  терең  мән  беріп, 
соған  байланысты  жоғары  оқу  орындарына  қабылдау  ережелері  жӛнінде 
арнайы  шешім  қабылданғандығы  жайлы  жазады  [239,  164  б.].  Біз  деректен 
мемлекет  тарапынан  жоғары  мектептерді  іріктеу  арқылы  мамандар  даярлауға 
зор кӛңіл бӛлгендігін байқаймыз. Мамандарды даярлаудың бір жолы алдын-ала 
тағайындалған  орындарға  жіберу  арқылы  жүзеге  асырылды.  РСФР-дің  Халық 
ағарту  Комиссариаты  елдің  орталық  аймақтарында  орналасқан  оқу 

 
87 
орындарында  ұлттық  республикалар  мен  облыстардың  еңбекші  бұқара 
ӛкілдеріне арнап жыл сайын белгілі кӛлемде тағайындалған орындар қалдырды. 
Кеңес  мемлекетінің  қалыптасуымен  байланысты  Коммунистік  партия 
социализмнің  негізін  қалау  үшін  ӛз  жағына  «буржуазиялық»  мамандарды 
тартумен  қатар  жаңа  кадрларды  даярлау  мәселесін  алдыңғы  қатарлы 
міндеттердің қатарына қойды. 1918 жылдан бастап Қазақстанда да инженерлік 
білім  беруге  мән  беріле  бастады.  Осы  кезеңдегі  инженер-техникалық 
мамандарды 
даярлау 
мәселесіне 
А.Е. 
Бейлин, 
Д.А. 
Петровский,                      
М.Н.  Покровский,  К.М.  Овсянников,  Л.Е.  Минц  еңбектері  арналды  [240]. 
Зерттеушілер  инженерлік  кадрларды  жұмысшылар  мен  шаруалар  қатарынан 
толықтыру және осы үдерістің барысындағы рабфактардың рӛліне кӛңіл бӛлді. 
Л.Е.  Минц  пен  А.Е.  Бейлиннің  еңбектерінде  инженерлік-техникалық 
интеллигенцияның  негізгі  эволюциялық  аспектілері  айқындалды.  А.Е.  Бейлин 
инженерлік  кадрлардың  әлеуметтік  құрамы  және  қалыптасуының  қайнар 
кӛздері,  билік  пен  техникалық  интеллигенция  арасындағы  қарым-қатынас 
мәселелері жайлы қарастырады. Отандық тарихи әдебиетте А.Е. Бейлин негізін 
қалаған  кеңестік  техникалық  интеллигенцияның  қалыптасуындағы  партиялық 
басшылықтың  шешуші  рӛлі    мен  инженер-техникалық  қызметкерлердің  жаңа 
интеллигенцияның  қалыптасу  үдерісіндегі  маңызды  заңдылығы  ретінде 
әлеуметтік  құрамына  таптық  кӛзқарас  жӛніндегі  қорытындысы  ұзақ  жылдар 
бойы сақталды. 
Жоғары  оқу  орындары  мен  техникумдарда  кадрлар  даярлау  мәселесі         
Д.А.  Петровский  еңбектерінде  зерттелді.  Ол  инженерлер  мен  техниктерді 
дайындауда  және  қалыптастыруда  әлеуметтік  тегі  жағынан  жұмысшы  мен 
шаруалардан  шыққандарға  жеңілдік  жасалып,  таптық  кӛзқарас  сақталу  керек 
деген пікірде болды. 
1924 
жылғы 
РКП(б) 
облыстық 
комитетінің 
директиваларында 
рабфактардың  жанында  негізінен  қазақ  халқы  ӛкілдеріне  арналған  дайындық 
курстарының  ашылғандығы  жайлы  айтады.  Ӛлкелік  партия  комитетінің  1924-
1925 жылдардағы халық ағарту жұмыстарының дамуы жайлы есебінде мектеп 
практикасында  дайындық  бӛлімдерін  ашу  жаппай  құбылысқа  айналғандығы, 
ауылдан  шыққан  қазақ  жастарының  санының  артуына  байланысты, 
рабфактарда  дайындық  бӛлімдерін  ұйымдастыру  мәселелері  туындап 
отырғандығы  кӛрсетілді.  Бұл  рабфактардың  сапалық  жағын  күшейтуге  ықпал 
жасады.  1922-1923  оқу  жылындағы  студенттердің  құрамы  130  жұмысшыдан 
құралса, оның -11-і қазақтар, 1923-1924 оқу жылында 184 жұмысшыдан тұрып, 
оның 26-сы- қазақтар, ал 1924-1925 оқу жылында 230 студенттің – 84-і қазақтар 
болғандығы,  ал  1925  жылы  рабфакта  небәрі  164  қазақ  болғандығы  жайлы 
мәлімет  бар.  Партияның  Ӛлкелік  комитетінің  директиваларындағы  деректер 
бойынша, 1925 жылы рабфактардағы қазақтардың үлестік салмағын 50 пайызға 
жеткізу  орындалғандығын  жазады.  1924  жылы  98  адам  рабфактарды  бітірсе, 
оның  98  пайызы  коммунистер  мен  комсомолдар  екендігі,  бітірушілердің 
еліміздің  орталықтағы  жоғары  оқу  орындарына  жолдамамен  жіберілгендігі 
жӛнінде айтылады [235, 547-548 б.].  

 
88 
Қазақстан  үшін  кадр  мәселесін  шешу  ӛнеркәсіптің  қарқынды  дамуымен 
тығыз  байланысты  болды.  Жаңа  техникалық  интеллигенция  мамандарын 
жұмысшылар  қатарынан  орта  техникалық  оқу  орындарымен  қатар,  жоғары 
техникалық білім беретін оқу орындарында даярлау ӛте қажет деп есептелді. 
Бұл  туралы  1928  жылғы  25-29  сәуір  аралығында  Қызылордада  ӛткен 
ВКП(б) Қазақ Ӛлкелік комитеті мен Ӛлкелік бақылау комиссиясының біріккен 
пленумында  қарар  қабылданды.  Онда:  «...2.Кәсіподақ  және  шаруашылық 
ұйымдары  (оның  ішінде  темір  жол  транспорты  да)  орталықтың  алдына 
Қазақстанның ӛнеркәсібі мен транспортын мамандармен толықтырып отыруды 
қиындататын  бірқатар  климат  және  тұрмыс  жағдайларының  ерекшеліктерін 
ескере отырып, жоғары техникалық оқу орындарын бітіретін қызыл мамандарға 
деген  Қазақстанның  мұқтажын  аз  да  болса  қанағаттандыру  туралы  мәселе 
қоятын болсын. 
3.  Халық  ағарту  комиссариаты  мен  кәсіподақтарға  үстіміздегі  жылы 
орталықтан  жоғары  техникалық  оқу  орындары  мен  техникумдардан 
Қазақстанға  жергілікті  орын  бӛлуін,  сондай-ақ  СССР  Халық  шаруашылығы 
Жоғары  Советінің  Ӛнеркәсіп  академиясынан  берілетін  орынды  кӛбейтуді, 
партия  ұйымдарының  тікелей  басшылығымен  ол  орындарға  негізінен 
қазақтарды алуды қамтамасыз ету тапсырылсын. 
Сонымен  бірге  Қазақ  ССР-індегі  бар  техникумдарды  ӛнеркәсіп 
қажеттеріне  ыңғайлауға  Халық  ағарту  комиссариатының  назары  айрықша 
аударылсын,  кәсіподақ  ұйымдарымен  келісе  отырып,  оған  бірінші  кезекте 
жұмысшылар, әсіресе, қазақтар алынсын»,- деген нұсқаулар берілді. Мемлекет 
пен  партияның  қабылдаған  құжаттары  нұсқау  түрінде  жарияланғанымен, 
орталықтың  техникалық  жоғары  оқу  орындарынан  арнайы  орындарды  бӛлуді 
талап  ету  мен  қазақ  мамандарын  даярлауға  маңыз  беруінің  біз  қарастырып 
отырған  мәселені  талдауда  деректік  мәні  зор.  Пленумда  ВКП(б)  ХV  съезінің 
және  Ӛлкелік  VІ  партия  конференциясының  шешімдеріне  байланысты 
Қазақстандағы  мәдени  құрылыстың  міндеттері  туралы  да  қарар  қабылдап, 
«...біздің  жұмысымыздың  барлық  саласы  үшін  бірінші  кезекте  қазақтардан 
(мұғалім,  агроном,  фельдшер,  ветеринар,  қызыл  отау  мен  оқу  үйін 
басқарушылар,  ӛндірістегі  маман  жұмысшылар,  мәдениетті  кооператор  және 
т.б.)  тәжірибелі  құрылысшылар  мен  ұйымдастырушылардың  қалың  топтарын 
ӛсіріп  және  қайта  даярлап  шығару  бірінші  кезектегі  міндеттердің  қатарына 
кіруге тиіс делінген. 
ІІ сатыдағы мектептер мен әлеуметтік тәрбиенің тоғыз жылдық мектептері, 
сол  сияқты  орта  профессионалдық-техникалық  білім  беру  мекемелері  (халық 
ағарту  институттары,  техникумдар)  жӛнінде  біздің  алдымызда,  бір  жағынан 
оларды  идеялық-саяси  тұрғыдан  меңгеруге,  екінші  жағынан  біздің  техниктер, 
ұйымдастырушылар, 
педагогтар 
және 
т.б. 
даярлау 
саласындағы 
талаптарымызға сай оларда сабақ беру мен оқыту ісін жолға қоюға байланысты 
практикалық  міндеттердің»  тұрғандығын  атап  кӛрсетті.  Педагогикалық  және 
ауыл  шаруашылық  техникумдарының  материалдық  жағдайларын  нығайтып, 
жақсартуға ерекше кӛңіл бӛлінуге тиістігін ескертті. 

 
89 
Бұдан былай да қазақтарды, бірінші кезекте жұмысшылар мен батрақтарды 
жұмысшы  факультеттері  мен  жоғары  оқу  орындарына  дайындау  жӛнінде 
басталған  жұмысты,  оны  қажетті  қаржылармен  қамтамасыз  ете  отырып, 
барынша кеңейте беру керектігін басшылыққа алуды ұсынды.  
1929  жылғы  БКП(б)  ОК-нің  қараша  пленумында  техникалық  жоғары  оқу 
орындарындағы  жұмыс  жоспарларын  қайта  құруға  байланысты  маңызды 
шаралар  белгіленді:  ӛндірістік  практикаларды  кеңейтіп,  жақсарту,  ӛнеркәсіп 
органдары  мен  втуздар,  техникумдар,  ғылыми-техникалық  институттар  мен 
жаңа  мамандарды  даярлау  ісінде  байланыста  болу:  халық  шаруашылығының 
салалары  үшін  экономист  мамандарды  даярлау,  жоғары  оқу  орындары  үшін 
ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау т.б. 
Пленум  шешімдерінде  втуздарға  мемлекет  тарапынан  басшылықты 
күшейту  міндеттері  қойылды  [241,  634,  638  б.].  Сонымен  қатар  втуздардың 
әлеуметтік  құрамын  одан  әрі  жақсартып,  жоғары  оқу  орындары  мен 
техникумдарға  даярлаудың  резерві  ретінде  жұмысшы  факультеттерінің,  ІІ 
сатылы  мектептер  мен  курстардың  жүйесі  арқылы  кеңейту  мәселелерін 
қарастырды.  
Мемлекет  ұлттық  республикалар  территориясында  орта  арнаулы  және 
жоғары оқу орындарының кең жүйесін құруға кӛңіл бӛле бастады.  
1929  жылғы  ВКП(б)  Орталық  Комитетінің  қараша  пленумының  шешімі 
бойынша,  КСРО-ның  Бас  Жоспарлауымен  Бүкіл  Одақтық  Халық 
Шаруашылығы    Кеңесі,  одақтық  республикалардың  ӛкіметтерімен  және 
бүкілодақтық  наркоматтармен  бірлесе  отырып,  1930  жылдың  басында  маман 
кадрлар  даярлаудың  бірінші  бесжылдық  жоспарын  жасады  [241].  Бұл 
жоспардың негізгі міндеттері одақтас республикалардың халық шаруашылығын 
дамыту  мен  әлеуметтік  мәдени  құрылысты  дамытудың  бесжылдық 
жоспарларында  орын  алды.  БКП(б)  Қазақ  Ӛлкелік  Комитеті  ОК-тің  қараша 
пленумдарының  шешімдерін  жүзеге  асыра  отырып,  республикада  мамандар 
даярлауға  байланысты  жұмыс  шараларын  жүзеге  асырды.  1930  жылғы  15 
сәуірдегі  Ӛлкелік  комитеттің  шешімдерінде  а)  республикадағы  күндізгі 
жұмысшы  факультеттерінің  санын  4-ке;  б)  8-ден  кем  емес  кешкі  жұмысшы 
факультеттерін;  в)  барлық  жұмысшы  факультеттерін  жаңа  жұмыс  жүйесіне 
кӛшіру (қысқартылған курс, үздіксіз оқу т.б.) белгіленді [242, 27 б.]. Алғашқы 
бесжылдық  жылдары  ӛндірістік-техникалық  интеллигенцияны  даярлау  КСРО-
ғы  кезек  күттірмейтін  мәселенің  біріне  айналды.  1928-1929  жылдары  БКП(б) 
Орталық  Комитеті  мамандарды  даярлауды  арттыру  мен  жақсарту  жолдары 
жӛнінде маңызды қаулылар қабылдады.  
БКП(б)  ОК-нің  қараша  пленумында  «Халық  шаруашылығының  кадрлары 
жайлы» қарарында: «Социалистік құрылыстың кең құлаш сермеуі, бесжылдық 
жоспардың жүзеге асуы...ақырында елдің ішіндегі таптық күрестің шиеленісуі, 
қайта  қалыпқа  келтіру  жылдары  партияның  алдына  кадр  мәселесін  кеңейтіп, 
шешуді талап етеді», - деп атап кӛрсетті [241, 632 б.].  
Кеңес  ӛкіметі  орнағаннан  кейінгі  алғашқы  онжылдықтарда,  мамандарды 
даярлау  сол  кезеңдегі  ӛзекті  мәселелердің  бірі  ретінде,  іс-жүзінде  бірден 

 
90 
толығынан  жүзеге  асқан  емес,  шешуге  тиісті  шаралар  ретінде  баспасӛз 
беттерінде  талданды.  «Қызыл  Қазақстан»  1930-шы  жылдары  «Большевик 
Казахстана»  журналы  болып  ӛзгерді.  «Большевик  Казахстана»  журналы 
социалистік  құрылысты  мадақтаумен  қатар,  кеңестік  мәдениетті,  ағарту  ісін 
мадақтаған  мақалаларды  жариялап,  ұрандату  сарыны  басым  болды.  Онда 
күнделікті  ӛткізіліп  жатқан  шаралар  жарияланып  отырды.  Жоғары  және  орта 
арнаулы  оқу  орындарында  ӛндірістік-техникалық  мамандар  даярлау 
тарихнамасы  1930-шы  жылдардың  басында  біраз  ӛзгерді.  Тарихнамадағы 
негізгі  кемшіліктер:  ғылыми  зерттеулердің  терең  болмауы,  қол  жеткізген 
табыстарды,  жетістіктерді  асыра  мақтау,  мадақтау,  шешілмеген  күрделі 
мәселелер  мен  қиындықтар  жайлы  ауыз  ашпау.  Қазан  тӛңкерісінің  он 
жылдығына арнап жазылған брошюрада сол кезеңдегі Қазақ Ӛлкелік Комитетін 
басқарған  Ф.И.  Голощекин  елдегі  атқарылып  жатқан  ұлан-асыр  істер  жӛнінде 
мақтанышпен  жар  салады.  Риддерде  құрылыс,  тау-кен,  аграрлық-
индустриалдық,  мұнай  техникумдарының  ашылғандығы  жайлы  хабардар  ете 
отырып,  ондағы  қазақтардың  үлестік  салмағы  35  пайызды  құрайды  деп 
ұрандатады. Партия мен мемлекеттің сӛз жүзінде емес, іс жүзінде артта қалған 
Қазақстан  ӛлкесі  мен  ұлттарына  экономикалық  жағынан  кӛтеріліп,  теңдік 
орнатуына  кӛмектесіп  отыр  деп  мақтанады  [243].  Дегенмен  де  осы  жылдары 
үгіт-насихаттық,  белгілі  бағыттылық,  ұрандату  концепциясына  негізделген 
халыққа  білім  беру,  мамандарды даярлау  жайлы  кітаптар, брошюралар жарық 
кӛрді  [244].  Кітаптар,  брошюралар,  мақалалардың  авторлары  республиканың 
идеология, мәдениет қызметкерлері еді. Олар тарихи фактілерге сүйенбесе де, 
сол кезеңдегі білім, мәдениет, ағарту саласының кӛкейтесті мәселелерін талдап, 
оны  дамытып,  іс-жүзіне  асыру  жолдарын  кӛрсетті.  Г.  Береза,  О.Сафро,             
Ш.  Әлжанов,  Т.  Дейнега,  Ж.  Сәдуақасов,  С.  Сәдуақасов  еңбектерінде  қазақ 
жастарының  ұлттық  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарында  білім  алу 
мәселесіне  кӛңіл  бӛлу  қажеттігі  жайлы  айтылды.  Ж.  Садуақасов  мектептердің 
басты  кемшіліктерін  кӛрсете  отырып,  Орталық  Комитеттің  біздің 
мектептеріміздің  оқушыларды  жалпы  және  жүйелі  білім  берумен  толық 
кӛлемде  қамтамасыз  етпей  отырғандығын  айта  келіп,  соның  салдарынан 
техникумдар мен жоғары оқу орындарындағы «ғылым негіздерін» игергенімен 
мамандар 
даярлау 
қанағаттанғысыз 
жағдайда 
жүріп 
жатқандығын 
сынағандығына 
тоқталды. 
Біздің 
жоғары 
оқу 
орындары 
мен 
техникумдарымыздағы  жұмыс  сапасын,  әрі  одан  алатын  ӛнім  сапасын 
жақсарту,  біздің  бұқаралық  мектептердегі  жұмыс  сапасын  кӛтеруге  тікелей 
байланысты, бұл кезеңде бастауыш және орта мектептер бұл саладағы шешуші 
бӛлім  болып  саналады.  Сондықтан  бізге  әлі  де  болса  орын  алып  отырған  осы 
«басты кемшілікті» жою керек деген қорытынды жасайды [245, 39 б.].  
2006 жылы «Алаш ақиықтары: Мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар» 
атты  жинақта:  «1926  жылдың  29  қазанында  Қазақстанның  Халық  ағарту 
комиссары  С.  Сәдуақасовтың  Ташкент  қаласындағы  педагогтік  жоғары  оқу 
орнының  ашылуына  арналған  салтанатты  мәслихатта  «ЖОО-ның  Қазақстан 
үшін маңызы» деген тақырыпта жасаған баяндамасында: «Мектеп деген, әрине 

 
91 
қолдан адам жасап шығармайды, тек адамға ӛз бетімен тіршілік қылуға, саналы 
еңбек етуге жол сілтейді. Ескі орыс-қазақ мектебінен тәлім алған саналы қазақ 
жастары  біліммен  қаруланғаннан  кейін  еңбекшіл  қазақ  халқының  жауы 
миссионерлер кӛрсеткен жолмен кеткен жоқ, қайта оларға қарсы тұрды.  
Ұлы  революция  қазақ  даласын  түп-тұқиянына  дейін  сілкінтті,  халық 
бұқарасы  оянуының  алғашқы  нышаны  оқуға  жаппай  ұмтылудан  басталды. 
Оқуға  кім  барады  дегенді  жеребе  тастап  шешудің  енді  керегі    болмай  қалды. 
Қазір  қазақ  жастары  білім  алу  үшін  жүздеп,  мыңдап  кент  арасына  қарай 
жӛңкілуде.  Дәлірек  айтсам,  қазақ  жастары  бұл  күнде  халық  ағарту 
орындарының  есік-терезесін  тоқылдатып  тӛріне  қарай  ұмтылуда.  Бір  әттеңі 
мұндай орындардың бәрінің жай-күйі барлық жерде қазір оңып тұрған жоқ. 
Білімге деген талпыныс таудай, бірақ қазіргі зор мәдени талап тұрғысынан 
алғанда  мүлдем  жеткіліксіз.  Алайда  ӛткеннен  қалған  мүшкіл  мұрамен 
салыстырғанда, халық ағарту саласындағы жетістіктеріміз аз емес.  
Қазір  екі  мыңға  жуық  ауыл  мектебі  бар,  бұлардағы  оқу  ана  тілінде 
жүргізіледі.  Революциядан  бұрынғы  күйімізбен  салыстырсақ,  мектебіміз  ол 
кездегіден үш есе кӛп.  
Ондаған  техникумымыз  бар.  Мұнда  қазақ  жастары  мұғалімдіктен  бастап, 
агроном,  мал  дәрігері,  жерге  орналастыру  сияқты  әртүрлі  мамандық  бойынша 
жұмыс  істеуге  дайындалып  жатыр....  Қазір  еңбекші  халық  білімді  қайдан 
аламын десе де ӛз ықтиярында. 
Халыққа  білім  беру  дегенің  интернационалдық  құбылыс  екендігі,  бірақ, 
оның  түрі  ұлттық  болатыны  жӛнінде  Жүргенов  жолдастың  айтқаны  ӛте 
орынды.  Мен  ол  кісінің  пікірін  толық  қолдаймын.  Адамзатқа  тән  мәдениет 
атаулы  әр  халықтың  арасына  ӛз  ана  тілінде  тарайтын  болса,  оны  игеру  де 
анағұрлым тезірек болмақ. 
Кеңестік  құрылыс  идеясы  ұлт  аймақтарының  кең  кӛлемде  дамуына 
мүдделі,  осы  тұрғыдан  алғанда  жоғары  мектептің  қазақ  топырағында  дүниеге 
келуін  партиямыздың ұлт  саясатындағы  маңызды бір парызының  жүзеге асуы 
деп бағалауымыз керек. 
...Бізге мамандардың бәрі қажет екені даусыз. Бізге агроном да, дәрігер де, 
инженер де сондай-ақ басқа мамандар да керек»,- деп кӛрсетті [246, 158-169 б.].  
Садуақасов  тағы  бір  кӛлемді  еңбектерінің  бірінде  жоғары,  орта  дәрежелі 
білім  туралы  айта  келіп:  «Осы  күні  біздің  алдымызда  тұрған  мәселенің  бірі  – 
Кеңестер  одағын  машиналандыру  болса,  Қазақстанды  алсақ,  -  осы  ұран 
Қазақстанға  арналып,  айтылған  секілді.  Біздің  жерден  шығатын  кеніміз  ұшан-
теңіз, осыны іске асыратын бізге қызметкерлер керек... 
Кәсіп  ӛндірісін  машиналандыру  мәселесі  -  ішкі  Ресейге  қарағанда 
Қазақстанда ӛзгеше. Ішкі Ресейде машиналандыру мәселесі тӛгілгенді толтыру 
дәуірінен ӛтіп, толған үстіне толтыру дәуірінде тұр. Оларда бұрыннан негіз бар, 
соған  құрып,  енді  ілгері  жіберіп  отыр.  Бізде  ӛндіріс  кәсібін  жаңадан  туғызуға 
тура  келеді.  Бұл  жаңа  жұмыс,  оның  үстіне  бізде  инженер-техник  жоқ.  Жоқ 
дейтін  себебім  –  бар  болғанмен  саны  аз,  ділгірімізге  жетпейді.  Біз  алдымен 
осындай  мамандарды  әзірлеп  алуымыз  керек.  Біздің  саясатымыз  осы»,  -  деп, 

 
92 
жазады  [246,  150-151  б.].  Ауыл  шаруашылығы  техникумының  8-ақ  екендігін 
айта  келіп,  оның  екеуі  аға  қызметкерлерді,  біреуі  мал  тұқымын  асылдандыру 
қызметкерлерін  әзірлейтін  техникумдар  екендігін  айта  келіп,  бұл  теңіз 
қасындағы  тамшы  есебіндегі  мәселе  болғандықтан,  мал  шаруашылығын 
ӛркендететін  қызметкерлер  керектігі  жайлы  мәселе  кӛтереді  [246,  152-153  б.]. 
Болашақтың қожасы - жастар. Жастардың жігері - мол, қайраты - күшті, екпіні - 
қатты.  Жастардың жүрегі  ақ,  кӛңілі  адал  деп, оларға  үлкен  үміт  артады  [246]. 
Сӛйтіп,  қазақ  зиялыларының  ішінде  ӛндірістік-техникалық  интеллигенция 
мамандарының ӛте қажеттігі жайлы кӛзқараста болып, оған ашық түрде заман 
ағымына  сәйкес  баға  берген  алғашқыларының  бірі  -  С.  Сәдуақасов  болып 
саналады.  
2008  жылы  жарық  кӛрген    «Красный  террор:  Политическая  история 
Казахстана (Сборник документальных материалов политических репрессий 20-
50-х  годов  ХХ  века)»  құжаттар  жинағында  Қазақ  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  ӛкілдерінің  бірі  –  Ғазымбек  Беремжановтың  автобиографиясы 
берілген.  Онда  ол  ӛзінің  ӛмірбаяны  жайлы  баяндай  отырып:  «Окончательно 
разочаровался  в  голых  лозунгах  и  непоколебимо  убедился  получения 
специального  образования.  Таким  образом,  я  поехал,  по  командировке 
ТурЦИК,  а  в  Германию,  куда  я  приехал  10-го  ноября  1922  года.  Летом  1923 
года  поступил  Берлинский  Сельско-хозяйственный  ВУЗ.  В  марте  прошлого 
1928  года,  вернулся  обратно,  окончив  упомянутый  ВУЗ.  Приобретая  знания, 
расширив  кругозор  и  повидав  разные  ступени  культуры,  сейчас  преисполнен 
лишь  одним  желанием  работать  по  специальности.  Был  бы  весьма 
удовлетворен,  если я  сумел  в  далнейшем  принести  своим  знанием  посильную 
мне пользу Каз. ССР, на деньги которой я проучился» деп жазады [247, 56-57 
б.].  Бұл  туралы  мәліметті  Ораз  Жандосовтың  1928  жылы  11  шілдеде  БКБ(б) 
Қазақ ӛлкелік комитетіне М. Әуезов, Байтасов және Г.  Беремжановты еңбекке 
орналастыру  жӛніндегі  түскен  хаты  айғақтайды.  Онда  Жандосов:  «Есть  три 
молодых  беспартийных  деятеля  из  противоположного  нам  лагеря,  которые 
прошли  высшую  школу,  считают  себя  лояльными  в  отношении  со  власти  и 
просят  работы.  Это  –Ауэзов  Мухтар,  Байтасов  и  Беремжанов.  Первые  двое 
просятся  в  Ташкентский  инпрос,  а  Беремжанов  просится  на  должность 
агронома при сельхозтехникуме. Причем Ауэзов М. Хочет специализироваться 
на начно-исследовательской работе по тюрколоогии. 
Ауэзов    в  своем  заявлении  указывает  на  то,  что  он  стал  убежденным 
сторонником 
социолого-имманентного 
метода 
изучения 
литературы 
(марксисткий метод). 
Прошу указания о направлении использования означенных лиц. 
Мое  мнение:  Байтасова  лучше  было  бы  оставить  в  КИНО,  Ауэзова 
допустить преподавателем в Казинпрос, а Беремжанова командировать в Алма-
Атинский сельхозтехникум» [188, 88 б.]. 
Г. Береза мен Ш. Әлжанов еңбектерінде республика жоғары мектептерінің 
дамуының алғашқы қадамдары жайлы жазылған пікірлер үндестігін байқаймыз. 
Г.Березаның еңбегінде ӛнеркәсіптегі кадрлардың қажеттілігін кӛрсетіп, 1929/30 

 
93 
жылдарды  қоса  есептегенде  Қазақстан  ӛнеркәсібі  үшін  әртүрлі  мамандықтағы 
2261  инженерлер  қажеттігі  жайлы  анықтай  келе,  жоғары  маманданған 
мамандармен  қамтамасыз  ете  алмағандықтан,  әрі  Қазақстанда  бірде-бір 
техникалық  жоғары  оқу  орны  болмағандықтан,  республикадан  тысқары 
жерлерден шақыруға тура келеді. 1930-1931 жылы ғана тау-кен институты 100 
адамды  қабылдағалы  отыр  деген  фактілерді  ұсынып,  бұл  институттың  келесі 
бесжылдық үшін де  инженерлер дайындайтындығы  жайлы  айтады [186,  20-21 
б.].  РСФСР  мен  басқа  республикалардың  жоғары  оқу  орындарының 
студенттерінің  алдағы  уақытта  біздің  республика  келуіне  жағдай  туғызу 
қажеттігіне байланысты да  мәселелер кӛтерілді. 
Автор  Одақтық  Совнаркомның  Ленинград  облысын  республикамыздың 
барлық аудандарын индустриалдық кадрлармен, Орал облысы металлургия мен 
химия,  Донбассты  кӛмір  ӛнеркәсібіне  қажетті  кадрлармен  қамтамасыз  етуге 
міндеттегені жайлы ой қозғайды.  
Жоғары  маманданған  кадрларға  деген  сұранысты  инженерлерді  сырттан 
шақыру арқылы қамтамасыз еткенімен, орта арнаулы мамандарға сұраныс жоқ 
екендігін пайымдайды. Фактілік құжаттарды пайдалана отырып, Қазақстанның 
одақтық,  ӛлкелік,  жергілікті  ӛнеркәсібі  үшін  орта  маманданған  2316  маман 
қажеттігін  кӛрсетеді.  Бұл  қажеттілікті  толығынан  қамтамасыз  ету  үшін, 
1930/1931  жылдары  жеті  күндізгі  және  жеті  сырттай  білім  беретін 
техникумдарға жалпы саны 1930/1931 жылы 1287 оқушы, 1931/1932 жылы 2055 
оқушы, және 1931/1932 жылы 2418 оқушы қабылдау керектігін жобалайды.  
Ұлттық  мамандарды  қалыптастыруға  мән  бере  отырып,  осы  оқу 
орындарындағы  қазақтардың  үлестік  салмағы  65  пайыздан  кем  болмау  керек 
болса, оның ішінде әйелдер 20 пайызды құрауы керек деп болжайды [186, 21-22 
б.].  Қазақстанның  ӛз  ішінде  1930  жылы  малдәрігерлік,  ауыл-шаруашылық, 
1931/1932  жылдары:  а)  ауыл-шаруашылығын  индустриализациялау  мен 
механизациялау,  б)  гидро-мелиоративтік,  в)  ауыл-шаруашылығы  экономикасы 
бойынша  экономикалық  институттар  ашу  жоспарланып,  бұл  келесі 
бесжылдықтың басында жоғары маманданған кадрларға деген сұранысты 70-80 
пайызға қамтамасыз ететіндігін айқындайды. Автордың еңбегіне талдау жасай 
отырып,  «интеллигенция»  сӛзінің  орнына  «кадрлар»  деген  терминді 
қолданғандығын  анықтадық.  Терең  ғылыми  кӛзқарасты  кӛрсетпесе  де, 
Г.Березаның  еңбегінің  жоғары  оқу  орындарында  ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция  мамандарын  дайындау  тарихнамасында  алатын  орны  ерекше. 
Г.Береза  еңбегінің  негізгі  методологиясы  тарихты  экономикалық  жағынан 
талдауға негізделген.  
Ш.  Әлжановтың  еңбегінде:  «1920-1921  жж.  қазақ  қызметкерлері  милиция 
бастықтары,  сот,  атқару  комитетінің  тӛрағалары  болуға  тырысса,  инженерлер, 
философтар,  педагогтар  болуға  талпынбай  отыр,  оның  негізгі  себебі, 
қазақтардың  негізінен  әкімшілікке  құмарлығын  кӛрсетпейді,  кезең  талабы 
солай»  екендігін  түсіндіре  келе,  «егер  кешегі  Қойшыбайлар  мен  Ахметтер 
бүгінде педагогтар, инженерлер, дәрігерлер, философтар т.б. болса, түсінбейтін, 

 
94 
таңқалатындай ештеме жоқ. Себептерін ӛзгерген жағдайдан іздеу керек», - деп 
жазады [248, 26-27 б.].  
Жоғары 
оқу 
орындарында 
ӛндірістік-техникалық 
интеллигенция 
мамандарын  даярлау  тарихнамасында  О.  Жандосов  пен  І.  Қабыловтардың  да 
еңбектерінің ӛзіндік  орны бар.  О.  Жандосов  «Кеңес  ғылымы  мен ұлты»  деген 
мақаласында  одақтағы  социалистік  құрылыстың  табыстарының  нәтижесінде 
шеткергі  аграрлы-артта  қалған  аймақтардың  қазір  аграрлы-индустриалды 
аймақтарға  айналып,  даму  қарқыны,  ӛзінің  ӛндірістегі  рӛлі  жӛнінен  Одақтың 
алдыңғы қатарлы деңгейіне жеткендігін мақтанышпен айтады.  
Жаңа  темір  жолдардың,  ирригация  мен  мелиорация  саласындағы  ірі 
құрылыстардың  салынуы,  кӛмір,  түсті  металдар,  мұнай,  фосфорит,  күкіртпен 
сирек 
кездесетін 
элементтерді 
ӛндіру 
ӛнеркәсібі, 
ірі 
гидроэлектр 
станцияларының  салынуы  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  индустриалдық 
маңыздылығын  жоғары  деңгейге  кӛтеріп  отырғандығына  тоқталады.                 
О.  Жандосов:  «Потребности  хозяйственного  строительства  с  особой  силой 
ставят задачу подготовки технической интеллигенции из национальных кадров. 
С  этими  связан  рост  за  последние  годы  сети  национальных  вузов»,  -деп  атап 
кӛрсетеді  [188,  184-188  б.].  Қазақстанның  экономикалық  дамуы  моделін 
қолдаушылардың  бірі  ретінде  зерттеуші  шаруашылық  құрылысының 
қажеттілігі  үшін  ұлттық  ғылыми-техникалық  интеллигенция  кадрларын 
жұмысшы табы қатарынан алу керек деген кӛзқарасты ұсынады. 
І.  Қабыловтың  мақаласында  Ӛлкелік  басшылық  ӛкілдері  болып  санатын 
Ф.И.  Голощекин,  І.  Құрамысов  т.б.  мәдени  құрылыстың  міндеттерін 
шаруашылық және экономикалық мәселелерді шешпейінше екінші орынға қою 
керек  деген  кӛзқараспен  келіспейтіндігін  білдіре  отырып,  оны  сынға  алады. 
«Мәдениетті  шаруашылық  анықтаса  және  керісінше,  мәдениет  -  шаруашылық 
жағынан дамуымыздың белсенді факторларының бірі болып есептеледі»,  - деп 
пайымдайды [249, 56-57 б.].  
Сонымен  бірге  І.  Қабылов  қазақтың  ұлттық  мәдениеті  ӛз  құрамына:  ана 
тіліндегі барлық бастауыш, орта, жоғары мектеп; мерзімді және мерзімді емес 
баспасӛздің,  газеттер,  журналдардың  дамуын,  оқу  құралдарының,  кӛркем 
әдебиеттің  басып  шығарылуын,  ұлттық  театр,  музыканың  дамуы,  мемлекеттік 
және  партиялық  аппаратты  жергіліктендіруді;  еңбекші  халықты  ӛнеркәсіп 
құрылысына кеңінен тартуды және қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктерін 
халық  бұқарасының  арасында  кеңінен  қолдануды  кіргізеді  деген  ойын 
білдіреді.  Автор жоғарғы  мектептерде ана  тілінде  дамыту  ұлттық  мәдениеттің 
құрамдас  бӛлімдерінің  бірі  екендігін  ашып  кӛрсетеді.  Қазақстанда  кәсіби-
техникалық оқу орындарының, техникумдардың, курстардың жетіспейтіндігін, 
онда  оқушылардың  санының  аз  екендігін  айтып  қынжылады.  Сондықтан 
Қазақстанның  партия,  кеңес  ұйымдарының  білім  беру  саласындағы  кезекті 
міндеттерінің  бірі  ана  тіліндегі  кәсіби-техникалық  білім  берудің  втуздарда, 
техникумдарда,  құрылыс,  фабзавоқуларында,  комбайнерлер,  трактористер, 
машинистер  дайындайтын  курстардың  тұтастай  жүйесі  мен  торабын  шешуші 
түрде  жүзеге  асыруда  екендігін  саралайды.  Алайда  І.  Қабылов 

 
95 
алашордалықтарды 
«жергілікті 
ұлтшылдар» 
деп 
сынап, 
«местные 
националисты,  алаш-ординцы,  под  видом  сохранения  самобытности,  святости 
национальной  формы  требуют  сохранения  самбытного  обособленного  языка, 
самобытной обособленной экономики, территории, культуры и психологии. Но 
такая национальная культура является не нашей, а полуфеодальной, поповской, 
алаш-ордынской. Наша национальная культура и по содержанию и по форме в 
своем  развитии  разрушает,  преодолевает  национальную  замкнутость, 
обособленность  и  языка,  и  экономики,  и  культуры,  и  психологии»,  -  деп 
зерделейді  [249,  61  б.].  Кеңестік  кезеңнің  интеллигенция  ӛкілдерінің  бірі 
болғандықтан,  І.  Қабылов  Алаш  идеологиясының  оппонеттерінің  бірі  ретінде 
«большевизм  идеясы  ұлттық  томаға-тұйықтығымызды  жояды»,  -  деген 
кӛзқарасын білдіреді.  
О.  Жандосовтың  мақаласында  социалистік  құрылыстың  жетістіктерінің 
негізінде, шеткергі ұлт аймақтары аграрлы-индустриалды аймаққа айналғанын 
айтады.  Ӛндірістік  күштердің  дамуы  және  Шығыс  халықтарының 
экономикалық  деңгейінің  артуынан  ұлттық  мәдениеттің  алға  қойған 
міндеттерден 
асқандығын 
зерделейді. 
Шаруашылық 
құрылысының 
қажеттіліктері  ұлттық  кадрлардан  техникалық  интеллигенцияны  дайындау 
міндеттерін  қойып  отырғандығын,  сондықтан  да  соңғы  жылдары  ұлттық 
жоғары оқу орындарының дамығандығын кӛрсетті. 
1931  жылы  «Народное  хозяйство  СССР»  статистикалық  жинағында 
жоғары  оқу  орындары  мен  техникумдардан  қанаушы  тап  ӛкілдерінің  толық 
ығыстырылғандығы жайлы жазады [250, 534-535 б.]. Қазан тӛңкерісінен кейін 
жоғары және орта арнаулы оқу орындарында барлық әлеуметтік топ ӛкілдерінің 
білім алуына жағдай жасалмады.  
Отандық тарихнамада қандай да болмасын ӛздерінің белгілі-бір қоғамдық-
саяси  кӛзқарастарына  қарамастан,  біздің  республикамызға  қатысты  еңбектер 
мен  мақалалар  жазған  авторлардың  ӛзіндік  орны  бар  екендігін  ерекше 
атауымыз  керек.  Міне,  сондай  ӛзіндік  позитивтік  кӛзқарасы  бар  либералдық 
интеллигенция  ӛкілдерінің  бірі  -  Мұстафа  Шоқай  біз  қарастырып  отырған 
зерттеуге байланысты 1930-шы жылдары жазған  еңбектерінде ӛзіндік бағасын 
береді. Батыс тәрбиесін алған зиялыларымыздың аянышты жері рухани жақтан 
ӛз  халқына  ӛгей  болып  қалуы  еді.  Мұстафа  Шоқай  ӛзінің  «Ұлттық  зиялы», 
«Ұлттық  зиялы  жӛнінде»  деп  аталатын  публицистикалық  мақалаларында 
«...Ұлттық  зиялылар  қатары  барған  сайын  ұлғайып  келеді.  Бұл  процесс  үш 
ортада  жүріп  жатыр.  Түркістанның  болашақ  иесі  бола  аларлық  жас 
күштеріміздің  кӛпшілігі  ұлттық  бағыттың  бастауында  бола  алмай,  мәскеулік 
диктатураның  зұлымдығы  астында  ӛсіп  жатыр.  Атамекеніміздегі  осы 
жастарымыз  ұлттық  тәрбиеге  қас  жау  болып  табылатын  «таптық  тәрбиемен» 
қоректенуде.  Алайда  осыған  қарамастан  Түркістан  жастарының  басым 
кӛпшілігі ұлттық рухта ӛсіп жатқанын біз жақсы білеміз. Кеңес жеріндегі кеңес 
мектептерінде оқып жатқан жастарымыздың ұлттық рухы, ондағы кӛне «шығыс 
рухында тәрбие» кӛрген «шығыс зерделі» зиялыларымызбен тоғысып жатқаны 
айрықша кӛңіл аударуға тұрарлық.... 

 
96 
Жастарымыздың тағы біраз бӛлігі туысымыз Түркияда дайындалып жатыр. 
Біз  бүгін  «Шығыс  рухы  басым  болуы  себепті  мешеу  қалған»  деп  саналатын 
Түркияда  батыс  білімі  жергілікті  жағдайларға  сәйкес  сәтті  қолданылып 
жатқанын  кӛріп  отырмыз.  «Батыс  білімін»  «шығыс  рухымен»  ұштастыру 
үстіндегі  Түркия  тәжірибесі  біз  үшін  аса  құнды»  дей  келе,  Европа  тәрбиесін 
алған  түрік  зиялылары  мен  шығыс  зерделі  зиялылары  түркі  менталитетін 
сәтімен үйлестіре алып жатқандығына баса назар аударады.  
Аз  да  болса  біраз  жастарымыздың  Алманияда  білім  алып  жатқандығына 
тоқтала  отырып,  олардың  атамекеніндегі  ұлттық  рухын  кеміткен  еместігін, 
Батыста  білім  алған  жастарымыз  ұлттық  рухпен  сусындап  қана  қоймай,  бұл 
рухты халқымыздың игілігіне жарату жолдарын да білгенін де дәлелдейді [84, 
174-179  б.].  Мұстафа  Шоқайдың  жастарға  білім  мен  тәрбие  берудегі  ой-
тұжырымдары «кеңес отаршылдығын» айқындауға негізделген. 
Модернизациялану  жылдарындағы  маңызды  орын  алған  құрылыстардың 
бірі - Түрксіб темір жолы. 1927 жылы кӛктемнен бастап Түрксіб темір жолын 
салу  басталды.  Алғашқы  айларда  маманданған  жұмыс  күшінің,  техникалық 
интеллигенцияның 
жоқтығы 
сезілді. 
Ресейден, 
Украинадан 
келген 
келімсектердің  кӛбінің  арнаулы  білімі  жоқ,  әртүрлі  әлеуметтік  топтардан 
шыққан  болатын.  Бұл  жӛнінде  қазақтың  тұңғыш  инженері  –  М.  Тынышбаев 
қазақ  баспасӛздерінде  жарық  кӛрген  еңбектері  мен  жазбаларында  Түрксіб 
құрылысына 
қазақтарды 
тарту, 
әсіресе 
жастарды 
тарту 
жӛнінде 
баяндамаларында атап кӛрсетеді. М. Тынышбаев: «...жоғары оқу орындарында, 
арнаулы  орта  мектептерде  оқитын  қазақ  жастары  кӛктем  туысымен  елдеріне 
барып  қайтуға  қаржы  таба  алмай,  кӛрінген  мекеменің  есігін  тоздырып,  кӛмек 
сұрап,  қиналып,  ірі  қалаларда  бір  үзім  нансыз  қалатын  сәттері  жиі  кездеседі. 
Осы бір келеңсіз кӛріністі түпкілікті жоймағанмен азайтуға болатын мүмкіндік 
бар.  Ол  -  салынып  жатқан  құрылыстарға  студент-практиканттарды  алдымен 
қабылдау». Ол Түрксіб құрылысына қазақ жастарын орналастыру жайлы ӛзінің 
ұсынысын  жасайды:  «1-студенттен  әрбір  құрылыс  бӛлімшесіне,  3-студенттен 
оңтүстік  және  солтүстік  құрылыс  басқармаларына  (барлығы  20  студент);  2) 
қазақ округтік жергілікті транспорт бӛліміне – 1 студент, 1 – студенттен әрбір 
бӛлімшелерге  (6-7  студент);  3)  байланыс  бӛліміне  1-2  студенттен;  4)  Ташкент 
техникумынаан – уездік Су шаруашылығы басқармасына – 1, губерниялық Су 
шаруашылығы басқармасына – 2, Қазақстан Су шаруашылығы басқармасына – 
3  (барлығы  –  15);  5)  Агрономия  бӛлімінде  оқитын  студенттерді  осындай 
жолмен  губерниялық  Жер  бӛлімдеріне,  Жерге  орналастыру  жӛніндегі  Халық 
Комиссариаты басқармаларына бӛлсе; 6) Медицина факуьтетінде оқитындарды 
Денсаулық  сақтау  Халық  Комиссариаты  басқармасына  және  осы  саланың 
керегіне  қарай  орналастырса;  7)  Губерния  бӛлімдерінде  жаз  айларында  1-2 
студенттен  жұмысқа  алуды  міндеттесе,  мұның  бәрі  Кеңес  аппаратын  мәдени-
техникалық жас  күштермен  толықтыруға,  халықпен  байланыс  жасауға,  жалпы 
жергіліктендіру  саясатының  ӛмірге  енгеніне  алғашқы  қадам  болар  еді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет