кӛптеген кадрлар дайындалған.
Ал 1933 жылдан бастап, бірнеше жыл бойы индустриалды және мәдени
орталықтардың бірі болып саналатын Ленинградтың да шефтік кӛмек
кӛрсеткендігін
атап
ӛтеді.
Ленинградтың
кәсіподақ,
шаруашылық
ұйымдарының Қазақстаннан келіп, Ленинградтың жоғары оқу орындары мен
104
техникумдарында оқып жатқан студенттерді жататын орынмен қамтамасыз
етіп, материалдық жағынан кӛмек кӛрсеткендігін айтады [139, 190-191 б.].
Е.Х. Мұхамеджановтың еңбегі ертеректе жарық кӛріп, партия тарихы
мәселесіне арналғандықтан, партияның басшылық рӛліне кеңінен кӛңіл
бӛлгенімен
фактілік
материалдарды,
мұрағат
құжаттарын
орынды
пайдалануымен құнды болып есептеледі. Автордың кӛзқарасы мамандар
даярлауда «орталықтың нұсқауымен» жүргізілгендігі жӛніндегі концепцияға
негізделген. Әрі барлық аймақтарда техникалық мамандар даярлауда
диспропорция болғандығын байқайды.
Кеңестік тарихнамада ӛндірістік-техникалық мамандардың қалыптасуы
техникалық білім беру ісінің дамуымен байланысты болды деген кӛзқарас
айқындалады. Е.Х. Мұхамеджанов та басқа кеңестік авторлар сияқты
мамандарды қалыптастыру буржуазиялық мамандарды пайдалану, оларды
кеңес қызметіне тарту арқылы жүзеге асуымен қатар, кеңестік ӛндірістік-
техникалық кадрларды қалыптастыруда жоғары оқу орындарының алатын
орнының ерекше екендігі жӛніндегі пікірлерімен үндесіп жатқандығы
байқалады.
Зерттеуші Е.Х. Мұхамеджанов «республикадағы халықшаруашылығы
жоспарларында орта арнаулы және жоғары білім берудің кеңейтілген жүйесін
құру белгіленді. Қазақстанда бесжылдықтың соңында 13 мыңнан аса адамды
қамтитын бес жоғары оқу орнын ашу кӛзделді. Бесжылдықта республиканың
жоғары оқу орындары 3600 адамды даярлап шығаруы қажет.
Республиканың бірінші бесжылдық жоспарының негізгі бағыты жаппай
орта кәсіби мамандарды даярлауда. Мұндай категориядағы кадрларға деген
сұраныс 90 мың адамды қажет етеді, яғни жоғары білімді мамандарға қарағанда
4 есе артық. Мұндай міндет орта оқу орындарының санын арттыруды,
техникумдарды ғана емес, арнайы кәсіби-техникалық мектептердің тұтас
жүйесін құруды, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді курстармен қамтамасыз
етуді ұсынды. Республиканың орта оқу орындары мен курстары жүйесі арқылы
кадрларларға деген сұранысты 85 пайызға немесе толығынан қамтамасыз етуге
мүмкіндігі болды»,- деп қорытындылайды [139, 199-200 б.].
Автор мамандардың жетіспеуі, республикадағы қажетті оқу-материалдық
базаларының болмауына байланысты, ірі шаруашылық бірлестіктері жанында
әртүрлі мамандықтағы маманданған жұмысшыдан бастап, инженерлер мен
техниктер даярланатын – оқу комбинаттары деп аталатын ӛзіндік ерекшеліктері
бар оқу орындарының ұйымдастырылғаны жайлы мәлімдейді. Кейін бұл оқу
комбинаттары
Қазақстандағы
орта
техникалық
оқу
орындарын
ұйымдастырудың базасына айналды. Осындай базалардың негізінде
республикадағы бірінші техникалық жоғары оқу орыны – 1932 жылы Семей
геологиялық барлау институты пайда болғандығын айтады.
Е.Х. Мұхамеджанов бірінші бесжылдық жылдары республикада бірнеше
оқу комбинаттарының құрылғандығын: Қазақ геологиялық барлау тресті
жанында - Семей, Алтайцветметзолото тресті жанында – Риддер,
Карағандыкӛмір тресі жанында бірінші, екінші оқу комбинаттары және
105
Эмбамұнай тресі жанында - Гурьев деп аталғандығын жазады. Оқу
комбинаттары арқылы мамандар даярлау техникалық мамандарға деген
сұранысты қамтамасыз етудің бірден-бір жолына айналғандығын ескертеді.
Себебі ірі ӛнеркәсіп – шаруашылық бірлестіктерінде маманданған инженерлер
мен геологтардың басым бӛлігін шоғырландырып отырғандықтан, оларды жаңа
техникалық кадрларды даярлаудағы педагогикалық персонал ретінде
пайдаланды [139, 201 б.].
Ӛндірісте жұмыс істейтін мамандарды техникалық оқу орындарындағы
оқытушылық қызметке тартуда 1927 жылдың соңында құрылған инженерлер
мен техниктердің бұқаралық кәсіби ұйымы атқарды (инженерлер мен
техниктердің секцияаралық Қазақстандық ұйымы, Каз. МБИТ ). Бұл ұйымның
құрамында 2000 инженерлер мен техниктер болса, олар алдына ескілерін
қалыпқа келтіріп, жаңа жоғары оқу орындары мен техникумдар құруды,
мамандарды даярлауда инженер-техникалық қызметкерлерді ӛндірістен қол
үзбей педагогикалық жұмыстарға тартуды міндет етіп қойғандығы да зерттеуші
Е.Х. Мұхамеджановтың еңбегінде орын алған. Қазақстандағы жоғары және
орта техникалық оқу орындарының жаңа жүйесін ұйымдастырудағы
қиыншылықтар оқытушы кадрлардың жетіспеуіне ғана байланысты емес, жаңа
оқу-материалдық базалары, оқу құралдары, бағдарламаларын жасау, соған
сәйкес оқушылар контингентін жинау сияқты күрделі мәселелерді шешу
міндеті тұрды.
Нақты тарихи жағдайда тарихнамада ғалымдардың жалпы қоғамдық ой-
санасынан айта қаларлықтай жаңалықтар күту мүмкін емес еді. Авторлардың
еңбектері партия мен оның кӛсемдерінің сара жолымен жүріп, оның ӛніміне
айналды. Еңбектердің кӛбі маркстік методология тұрғысында жазылды.
Мәселені күрделі сыни талдау болған жоқ. Алайда бұрынғы сталиндік жоспар
дегеннің орнына «лениндік» деген анықтама енгізіле бастады.
Ә.І. Сембаев 1958 жылы жарық кӛрген еңбегінде 1928 жылы ІІ сатылы
мектептерді аяқтағандардың жалпы даярлығын жетілдіру, шаруа жастары
мектептерінің жұмысын дамыту үшін оқушыларды әлеуметтік құрамына қарап
емес, олардың қатарынан тәжірибелі ауылшаруашылығы мамандарын даярлау
мақсатында ол мектептер ауыл шаруашылығы техникумдары мен жоғары оқу
орындары үшін кедей мен батырақ жастардан мамандар даярлау базасына
айналу керектігін айтады. Сондықтан техникалық интеллигенция мамандарын
даярлауда олардың алдында үлкен жауапкершілік пен міндеттер тұрғандына
басты назар аударады. Мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейінің тӛмен
болуы орта, арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламалық
талаптарына сәйкес келмей отырғандығына қынжылыс білдіреді [263, 144 б.].
Қазақ кеңес мектебінің тарихын зерттеген ғалымдардың бірі - Ә.І. Сембаев:
«Елімізді индустрияландыру дәуірінде мамандарды даярлау мәселесінің ерекше
маңызы болды, ӛйткені ауыр ӛнеркәсіпті ойдағыдай құру, оны ӛркендету
түгелінен кадрларға байланысты еді»,- деп негіздейді.
Бірақ мектептердің оны бітірушілерге әрдайым жоғары оқу орындарына
түсерліктей жеткілікті білім бере бермеді. Кейбір аудандарда жеті жылдық,
106
тоғыз жылдық мектептердің бір бӛлігі барлық балаларды түгелдей оқуға тарта
алмады, мұның ӛзі ӛнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына керекті
қызметкерлерді даярлауға да бӛгет жасады.
Автор мамандар даярлауға экономикалық және әлеуметтік факторлардың
ықпалының зор болғандығын мынадай фактілермен түйіндейді: «1928 жылғы
шілдеде ӛткізілген ВКП(б) Орталық Комитетінің пленумы РСФСР Халық
Ағарту Комиссариатынан ІІ басқыш мектепті бітірушілердің білім сапасын
сӛзсіз жақсартуды, жұмысшылар тұратын аудандарда жеті жылдық, тоғыз
жылдық мектептерді кӛбейтуді талап етті.
Бірақ 1929 жылғы қарашада ӛткізілген ВКП(б) Орталық Комитетінің
пленумы ВКП(б) Орталық Комитетінің 1928 жылғы шілде пленумының «ІІ
басқыш мектепті бітіргендердің жалпы білім даярлығын жақсарту туралы»
қаулысын РСФСР Халық ағарту Комиссариатының нашар орындап отырғанын
атап кӛрсетті. Пленум ІІ басқыш мектептердің бағдарламасын жаңа міндеттер
тұрғысынан қайта қарауды, оқушыларды даярлау жүйесін және олардың
әлеуметтік құрамын жақсартуды, шаруа жастар мектептерінің жұмысын жақсы
ұйымдастыруды, бұл мектептер ауыл шауашылығының практикалық
қызметкерлерін даярлап қана қоймай, мұнымен бірге ауыл шауашылығы
техникумдары мен жоғарғы оқу орындарын кедей, жалпы жастармен
толықтыратын база болатындай етіп ұйымдастыруды тапсырды.
Жаңа советтік техникалық интеллигенция кадрларын даярлау және
мектептердің жұмысын жақсарту ісіндегі міндеттер осындай еді»,- деп жазады
[263, 162-163 б.]. Мемлекет қаулылары нақты шараларды іске асыруға
міндеттегенімен, оны шешудің объективтік, субъективтік себептері
ескерілмегендігін айтады.
«БКП(б) Қазақ Ӛлкелік Комитетінің бюллетеньдерінде кадрларды
даярлауды жетілдіру мен оны одан әрі жеделдету мақсатында Республика
Халық Ағарту Комиссариаты мен салалық шаруашылық ұйымдарының алдына
тар ауқымдағы мамандану, оқытудың жаңа тәсілдері мен қарқыны негізінде
(оқытудың қысқартылған түрі, үздіксіз оқу жылы, топтық жүйе, үздіксіз
ӛндірістік практика және т.б.) қазақстандық техникумдар мен жоғары оқу
орындарын қайта құруды тез аяқтау міндетін қойды», - деп саралайды
Ә.І. Сембаев [263].
Ә.І. Сембаев «БКП(б) Ӛлкелік Комитеті шаруашылық ұйымдарының
жұмысы жайлы шешімдерінде жаңа техникалық кадрлар дайындауды кеңейту
мәселелеріне кӛңіл бӛлу қажеттігін ескертті. 1930 жылғы 12 шілдеде «Қазкӛмір
жағдайы», және «Қазмыс» жайлы қабылданған мемлекеттік қаулыларда
Ӛлкелік Комитет бұл ұйымдардан мамандарға деген нақты сұранысы және
қажетті маманданудың дұрыс қатынасы негізінде мамандар дайындаудың
жоспарын жасауды талап етті»,- деп тұжырымдайды [263, 16-17 б.].
Автор Қазақстан үшін техникалық кадрлар алғашқы жылдары Ресей мен
басқа туысқан республикаларда даярланды. Кейінірек Қазақстанда техникалық
оқу орындарының ашылуымен байланысты ӛзімізде де мамандар даярлана
бастады деп дәйектейді [3, 59 б.]. Жоғары мектепте ӛндірістік-техникалық
107
интеллигенцияны даярлау, қалыптасу тарихнамасында Ж. Қарағұсов еңбегінің
алатын ӛзіндік орны бар. Еңбекте жаңа ӛнеркәсіптің құрылуына байланысты
соған лайықты маманданған ӛнеркәсіп жұмысшыларын, инженер-техникалық
интеллигенцияны
дайындау
жүргізілгендігін
пайымдайды.
Бірінші
бесжылдықтың соңында халық шаруашылығын жаңа техника негізінде қалыпқа
келтіру міндеті қойылған кезеңде, күн тәртібіне: «большевиктер техниканы
игеруі керек» деген тарихи ұран қойылғандығын айтады.
Қазақстан үшін алғашқы кезеңде техникалық кадрлар РСФСР мен басқа
туыстас республикаларда даярланғандығын, кейін Қазақстанның ӛзінде де
техникалық оқу орындары құрылғандығын жазады. Бесжылдықтың соңында 16
тау-кен және құрылыс техникумдарының жұмыс істеп жатқандығын, онда білім
алып жатқан адамдардың саны 2164 адамға жетіп, басым бӛлігі қазақтардан
құралғандығын саралайды [3, 59-60 б.].
1961 жылы қазақстандық тарихшылардың «О закомерностях перехода
народов ранее отсталых стран к социализму» еңбегі жарық кӛрді. Сталиндік
қасаң саясаттан арылған ғалымдар «хрущевтік жылымық» жылдары, 1925
жылдан бастап ұлттық интеллигенцияға байланысты шешуші шаралар
қолданылып жатыр. Ол идеологиялық майданнан аластатылды. Қазақ кеңес
интеллигенциясын қалыптастырудың негізгі бағыты - арнайы оқу орындарында
ұлттық кадрларды даярлау. Біріншіден, арнайы оқу орындарына идеологиялық
жағынан мықты, пролетарлық рухта тәрбиеленген студенттерді; екіншіден, бұл
оқу орындарында негізінен барлық ұлттардың жұмысшы табы мен шаруалары
қатарынан шыққандарды даярлау керектігі атап кӛрсетілді [137, 164-165 б.]
Қазақстандағы мәдени құрылыс тарихын зерттеуге үлкен үлес қосқан
ғалымдар Р.Б. Сүлейменов пен Х. Бисенов халық шаруашылығы мен
мәдениеттің жаңа мамандарын даярлауда ескі демократиялық орыс
интеллигенциясы ӛкілдері педагогтар, дәрігерлер, инженерлер, агрономдар
революциядан кейін және Кеңес ӛкіметі нәтижесінде құрылған алғашқы оқу
орындарында қазақтардың оқытушылары ретінде үлкен еңбек сіңірді деп
пайымдайды [5, 126 б.].
Зерттеушілер педагогикалық оқу орындарынан кейін екінші орынды
үлестік салмағы жӛнінен ауылшаруашылығы оқу орындары алады деп
тұжырымдайды. Қазақстан ӛнеркәсібі үшін білікті кадрлар даярлау тек қайта
қалыпқа келтіру жылдарының соңғы жылдары басталды деген кӛзқарастарын
білдіреді [5, 130-131 б.]. Ғалымдар Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов
«Революция жеңіске жеткеннен кейінгі алғашқы күндерден бастап, Кеңес
ӛкіметінің алдында халық шаруашылығы үшін мамандар даярлау мәселесін
қойды. Патша ӛкіметі кезінде Орталық Азияда және Қазақстанда бірде-бір
жоғары оқу орны, бірде-бір орта техникалық оқу орындары болмады.
Республиканың алып территориясында барлығы жеті орта арнаулы оқу
орындары (тӛрт мұғалімдер семинариясы, екі ауылшаруашылық училищесі
және бау-бақша мектебі) жұмыс атқарды.
1921 жылдың бірінші жартысында республикада сол уақыт үшін біршама
кәсіптік оқу орындары жұмыс істеп, оңтүстік облыстарды қоспағанда олардың
108
саны 104-ке жетті. Онда полиграфистер, қаржы қызметкерлері, экономистер,
фельдшерлер мен акушерлер, аптекарлар, ӛнеркәсіп үшін техниктер
даярланды», - деп саралайды [5, 130 б.].
Авторлар педагогикалық оқу орындарынан кейін ӛзінің үлестік салмағы
жӛнінен ауылшаруашылығы оқу орындары екінші орын алды дей келіп,
1923/24 оқу жылдары Орынбор, Семей, Орал, Петропавл, Қостанай, Алматы
және басқа қалаларда да агрономиялық, малдәрігерлік-зоотехникалық
техникумдар, курстар, орманшаруашылығы, жер ӛлшеушілер мектептері
болғандығы жайлы мәліметтер келтіреді.
Барлық арнаулы оқу орындарының жанында ұзақ уақыт бойы дайындық
курстары жұмыс атқарып, онда қазақ жастары білімдерін толықтырып, одан әрі
оқуларын жалғастыруға мүмкіндік алғандығын айтады. Авторлар дайындық
курстары жүйесі жалпы білім беретін мектептер деңгейінің тӛмендігі
жағдайында арнаулы оқу орындарын қазақ кедейлерінен шыққан қажетті
оқушылар контингентімен қамтамасыз етуде және ұлттық жұмысшы табы мен
интеллигенцияның қалыптасуында маңызды рӛл атқарды деп тұжырымдайды
[5, 131 б.].
Қазақстан ӛнеркәсібі үшін білікті мамандар даярлау қалыпқа келтіру
жылдарының соңғы жылдары басталды деп, Екібастұз, Спаск заводтары,
Қарағанды консервацияда болып, тек Риддер, Ембі ӛндірістері ғана қалыпқа
келтірілгендігін айтады.
Зерттеушілер Қазақстандағы бар оқу орындары дамып келе жатқан халық
шаруашылығының сұранысын қамтамасыз ете алмады деп дәйектейді. Ағарту
Халық Комиссариатының мәліметі бойынша ауылшаруашлығына (1926-1931
жж.) 3,5 мың мамандар қажет болса, 1926 жылы сегіз ауылшаруашылық, екі
орман және бір малдәрігерлік-зоотехникалық техникумдарда тек 1443 адам
оқыса (оның 637 ғана қазақтар) болғандығы жайлы жазады [5, 131 б.].
Авторлар мамандарға деген сұраныс жоғары болғанымен, республика
үкіметі мен Халық Ағарту Комиссариаты басшылары нақты жағдайлар мен
мүмкіндіктермен санаспай орта арнаулы ғана емес жоғары оқу оқу орындарын
кӛптеп ашуға тырысты деп саралайды. Оқу орындарындарының материалдық-
техникалық базалары, ғылыми-педагогикалық кадрлардың құрамы жеткіліксіз
еді. 1930-шы жылдары жоғары маманданған білікті ауылшаруашылығы
кадрларын даярлауға кӛп кӛңіл бӛлінгендігін айта келіп, Х. Бисенов пен
Р. Б. Сүлейменов 1933/34 жылдары Қазақ ауылшаруашылығы институты тек
агрономдар, селекционерлер, бау-бақша мамандарын ғана емес, ауыл
шаруашылығының инженер-механизатор мамандарын даярлай бастағандығы
жӛнінде мәлімет береді. Студенттер контингентінің артып, 300 студенттің 170-і
қазақтар болса, олардың 120-сын әйелдер құрады деген мұрағат құжаттарын
алға тартады. 1934 жылы Алматы ветеринарлық-зоотехникалық институтының
бағыты толығынан анықталып, 1934 жылдың 1 қаңтарында республикаға 93
мал дәрігері, 33 инженер-қой ӛсіруші, 14 инженер-мал ӛсіруші маманды
даярлап бергендігін де баяндайды [5, 192-193 б.].
109
Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов ресми методология тұрғысында ғылыми
пайымдауларын жасай отырып, 30-шы жылдары Қазақстанда ӛндірістік-
техникалық және ғылыми интеллигенцияның үлкен армиясы құрылды. Бұл
армияның қатарында 100 мыңнан астам адам болса, ғылыми интеллигенцияны
қоспағанда 52,3 мың адамның жоғары және орта арнаулы білімдері болды деп
мәлімдейді.
Авторлар Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениеті, партия және
кеңес органдарының басшы кадрларын даярлау бұл жылдары Ресейдің орталық
аудандары және Кеңестер Одағын тұтастай алғанда кеңестік интеллигенция
кадрларының ӛсу қарқынынан 5-6 есе артты. Экономикалық және мәдени
жағынан артта қалған халықтардың жалпы даму бағытының алдыңғы сатыға
теңелуі, социалистік қоғам заңдылығының жарқын кӛріністерінің бірі болды
деп тұжырымдайды [5, 196 б.].
Тарихнамада ғалымдар интеллигенцияның әлеуметтік дамуы мәселелерін
талдап, ұлттық, ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның қалыптасуы жайлы
пайымдауларын ұсынады. Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисеновтың
монографиясында
қазақстандағы
зиялылар
ішінде
ӛнеркәсіп,
ауыл
шаруашылығы мамандары мен дәрігерлер жайлы мол мәліметтер беріліп,
сондықтан оларды тәрбиелеуге, кӛптеп даярлауға кӛңіл бӛлу қажеттігі жайлы
айтады.
Мемлекет тарапынан жоғары мектептерді іріктеу арқылы мамандар
даярлауға зор кӛңіл бӛлгендігін жазады. Мамандарды даярлаудың бір жолы
алдын-ала тағайындалған орындарға жіберу арқылы жүзеге асырылғандығы
айқындалған. РСФР-дің Халық ағарту Комиссариаты елдің орталық
аймақтарында орналасқан оқу орындарында ұлттық республикалар мен
облыстардың еңбекші бұқара ӛкілдеріне арнап жыл сайын белгілі кӛлемде
нақты орындар қалдырғандығын саралайды.
Бұл жүйені ұйымдастырып, жұмысын алға жүргізу үшін РСФСР-дің ХАК-
ты жанынан аз ұлттарға ағартушылық жұмыстарын жүргізу мақсатындағы
Комитет (Комнац) арнайы органы құрылғандығы жайлы фактілерді келтіріп,
Комнац ӛзі жұмыс істеген аралықта (1931-1933 жж) шеткергі аймақтардағы
халықтар ӛкілдерінің жоғары және орта оқу орындарында оқуына жағдай
жасады. 1931 жылы барлық наркоматтардың жоғары оқу орындары, жұмысшы
факультеттері мен техникумдарында аталған ұлттарға 7958 орын
тағайындалды. Ал, 1932 жылы 13616 адамға орын бӛлінсе, оның 3633 орыны
ӛнеркәсіп үшін, 1313 орын ауыл шаруашылығына бӛлінгендігі жайлы мәлімет
береді. Ұлттық респуликаларда орта арнаулы және жоғары оқу
орындарындарының дамуы негізінде білікті мамандардың пайда болуы -
олардың беделді қызметтер атқарып, басшылық орындарға тағайындалуына
ықпал етті.
Инженер-техникалық кадрларды Қазақстанда даярлауда КОКП Орталық
Комитеті мен КСРО-ның Министрлер Кеңесінің 1963 жыл 9 мамырдағы
«Жоғары мен орта білім алуды одан әрі дамыту, мамандарды даярлау және
пайдалану шаралары туралы» қаулысының үлкен маңызы болды.
110
Қаулыда Одақтық үкіметтің республика жоғары оқу орындарына әсіресе,
техникалық білім беретіндеріне кӛмектің артқандығы кӛрсетілген. Осы
қаулыдан кейін 1963 жылы Теміртауда Қарағанды металлургия комбинаты
жанынан республикада бірінші рет зауыт-техникалық жоғары оқу орыны
ашылды.
1960-шы жылдардың ортасында белгілі ғалым А. Нүсіпбековтың
монографиясында
да
1930-шы
жылдары
Ленинград
қаласындағы
кәсіпорындарда жүздеген қазақ жастарының оқып үйреніп, елге социалистік
ӛнеркәсіптің білімді қызметкерлері, мамандар болып оралғандығын,
кӛпшілігінің шеберлер болып, ӛз кәсіпорындары жұмысшыларын оқытқандығы
жайлы ойлар айтылған.
Кәсіптік-техникалық
білім
беру
рӛлінің
артқандығын,
екінші
бесжылдықтың алғашқы жылдары фабрика-завод оқуларының жаңа мектептері
мен тау-кен ӛнеркәсібі техникумдары ашылғандығын баяндайды.
Бұл мектептер мен техникумдардың кӛпшілігі тау-кен ӛнеркәсібі,
теміржол транспорты, байланыс үшін мамандар даярлағандығын жазады.
Теміржол
техникумдарының
Алматыда,
Шымкентте,
Қызылордада,
Петропавлда ашылып, кәсіби мамандарды дайындау қарқыны артқандығына
қарамастан, оларға деген сұраныстың әлі де болса жоғары екендігін ескертеді
[264, 192-193 б.]. Кеңестік тарихнамада А. Нүсіпбековтың еңбегінің
маңыздылығы сонда, алғашқы бесжылдыққа қарағанда, орталықтарда ғана
емес, екінші бесжылдық жылдары республиканың ӛз ішінде ӛндірістік-
техникалық мамандар даярлайтын оқу орындары жүйесі құрыла бастағандығын
айтады.
Жоғары оқу орындарына қабылдағанда студенттердің әлеуметтік жағынан
жұмысшы мен шаруалардан шыққандығына кӛңіл бӛлумен қатар, олардың
коммунистер мен комсомол болуына да мән берді. Бұл жӛнінде 1960-шы
жылдары жарық кӛрген еңбектердің бірінде 1923/1924 оқу жылында
техникалық оқу орындарындағы студенттер арасындағы коммунистер мен
комсомолдардың 11,4 пайыз, ал 1925 жылы – 24, 5 пайыз құрап отырғандығы
жайлы жазады [265, 104 б.]. Автор студенттерді қабылдауда олардың
әлеуметтік тегіне мән берілгендігін ашық айтады.
Зерттеуші О.А. Байқоңыров ӛнеркәсіп инженерлерін Қарағанды тау-кен
институты да даярлағандығын, 1958 жылы аталған жоғары оқу орны алғашқы
инженерлер тобын Қарағанды кӛмір бассейні мен басқа да одақтас
республикалардың кәсіпорындарына жолдамамен жібергендігін жазады [266,
80 б.]. Ал, 1960-шы жылдары жарық кӛрген мақаласында Қазақстанда жоғары
техникалық мамандар даярлайтын оқу орындары аз болғандықтан, кадрлар
сыртта даярланып, орта техникалық оқу орындары жаңадан пайда
болғандықтан, Кеңестер Одағының алдыңғы қатарлы аудандарының кӛмегі ӛте
қажет болып, ең алдымен кӛмекті орыс халқы бергендін айтады [138, 155-157
б.]. Қазақ жастарының алдыңғы қатарлы аудандардың жоғары оқу орындары
мен техникумдары, рабфактарына жіберілгендігін, тек 1926 жылы қазақ
жастарының Москвада, Ленинградта, Томскіде, Ташкентте, бір бӛлігі
111
Москваның тау-кен академиясы мен жоғары техникалық училищелері,
Ленинград политехникалық институты, Томск технологиялық институттарында
білім алып жатқандығы жайлы айтады. О.А. Байқоңыров: «1929 жылы
Риддерде тау-кен және түсті металлургия ӛнеркәсібі үшін мамандар
даярлайтын кен-металлургиялық техникумы құрылды. 1930 жылы Семей
геологиялық барлау және Гурьев мұнай техникумдары жұмыс істей бастады.
Қарағандының КСРО-ның үшінші кӛмір базасына айналуымен
байланысты 1932 жылы кӛмір ӛнеркәсібі үшін мамандар даярлайтын тау-кен
техникумы құрылды.
Петропавловскіде ет ӛнеркәсібі, Павлодарда май-сүт, Гурьевте балық
ӛнеркәсібі техникумдары ашылды.
1934 жылы Щучинскіде (алтын ӛнеркәсібі үшін) мамандар даярлайтын
тау-кен техникумы және Шымкентте (тау-кен және түсті металлургия үшін)
кен-металлургиялық техникумдары ӛз жұмыстарын бастады», - деп жазады.
Сондай-ақ, қазақтардың Москва, Ленинград, Орынбор, Ташкент,
жұмысшы факультеттерінде білім алғандығы жайлы да жазады. 1926 жылдан
бастап Қазақстанның ірі ӛнеркәсіп орталықтары – Қарсақпайда, Риддерде,
Доссорда жұмысшы факультеттеріне дайындайтын курстардың жыл сайын
ашылып отырғандығын, ондағы орындардың 80 пайызының қазақтарға
бӛлінгендігін мәлімдейді [138, 156 б.].
Зерттеуші О. Малыбаевтың мәліметіне сүйенсек, 1931-1932 жылдары
Қарағанды бассейнінде жұмысшыларға кәсіби-техникалық білім беретін әр
түрлі курстар, екі оқу-ӛндірістік комбинат, тау-кен техникумы жұмыс істей
бастады. 1933-1934 жылдары техникалық оқудың әр түрлі курстарын 9 мыңға
жуық адам бітірді. Жұмысшылардың техникалық біліктілігін кӛтерудің түрлі
әдіс-тәсілдері пайдаланылды: бригадалық және жеке оқыту, алдыңғы қатарлы
орыс, украин жұмысшыларының қазақ шахтерлерін шефтік кӛмекке алуы және
т.б [133, 234, 239, 241 .]. Осындай жолмен жергілікті халықтың есебінен
маманданған кеншілердің санының артуы жүзеге асқандығын саралайды. 1933
жылғы БКП(б) Қазақ Ӛлкелік комитетінің маңызды шешімдерінде
Эмбамұнайда жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің жалпы
санына шаққанда қазақтардың алатын үлестік салмағы бірінші бесжылдық
жылдары
49,5
пайыздан,
72
пайызға
артқандығы,
маманданған
жұмысшылардың арасында 13,2 пайыздан 36 пайызға ӛскендігін жазады [133,
55 б.].
1932 жылдың басында қазақ жастарынан 25 адамның Днепропетровск тау-
кен институтыны оқуға жіберіліп, олардың 5 жыл ӛткен соң тау-кен
инженерлері болып қайта оралғандығы жайлы да мәлімет келтіреді.
Туысқан Украина мен РСФСР жоғары оқу орындарында білім алған қазақ
инженерлері қатарында Қарағандыдағы практикалық жұмыстардан кӛтеріліп,
белгілі болған, Қарағанды кӛмір бассейні тарихымен тығыз байланысты
Бахытғали Маулетов, Файзулла Серғазин, Бағымбек Спатаев, Абылқас
Сағынов, П. Рахымбеков т.б. атап ӛтеді.
112
Б. Маулетов 1939 жылы Донецк индустриалды институтын бітіріп, тау-кен
инженері мен электромеханик мамандығын алғандығын айтады. Ол
Қарағандыда Киров атындағы шахтаның бас механигінің кӛмекшісі, сонан
кейін ішкі шахта транспортының басшысы, бас энергетик, ірі шахталарда
парторг, Сталин және қалалық аудандық партия комитетінің хатшысы, ал 1953
жылдан бастап Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы қызметін
атқарғандығын мәлімдейді.
Ф.Серғазин 1936 жылы Москва тау-кен институтын бітірген соң,
Қарағанды кӛмір бассейніне келген. Ол мұнда Калинин атындағы шахтаның
басшысы, Қарағандыкӛмір» тресіне қарасты №6, 7, 8/9, 31 шахталардың
инженер-диспетчері, «Федоровский пласт» деп аталатын шахтаның бас
инженері, «Қарағандыкӛмір» комбинатының ашық жұмыстар Басқармасының
бас инженері, «Қарағандыкӛмір» тресінің бас инженері, 1950-1952 жылдары
Москвадағы Кӛмір ӛнеркәсібі Академиясының тыңдаушысы, 1952-1957
жылдары «Ленинуголь» тресінің басқарушысы, ал 1957 жылдан бастап
Қарағанды совнархозы тӛрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Республика кӛмір ӛнеркәсібінің кӛрнекті ӛкілдерінің бірі - Бағымбек
Спатаев. Ол 1937 жылы Қарағанды тау-кен техникумын бітірген соң, ӛз
тағдырын Қарағанды кӛмір бассейнімен тығыз байланыстырған. Спатаев №20
шахтаның учаске басшысының кӛмекшісі қызметінен бастап, Қарағандыкӛмір
комбинатына қарасты ірі «Кировуголь» тресінің басқарушысы қызметін
атқарғандығын жазады. Ол 1955 жылы Днепропетровскідегі жоғары
инженерлік курсты аяқтап, жоғары білім алғандығын айтады. О.Малыбаев
еңбегінде Коммунистік партияның арқасында қазақ инженер-техникалық
интеллигенциясының кадр мәселесі толығынан шешілді деген қорытындыға
келеді [133, 124-125 б.]. Әрине, еңбек ресми методология тұрғысында
жазылғандықтан, партияның қамқорлық, саясатын кӛрсету басты міндет болды.
Дегенмен,
еңбектің
ӛндірістік-техниклық
интеллигенцияны
даярлау
тарихнамасында алар орны ӛзгеше.
Ӛндірістік-техникалық интеллигенцияның қалыптасуында Ұлы Отан
соғысы жылдарындағы жоғары мектепте білім беру саласының дамуы тарихы
маңызды орын алады. Отандық тарихты зерттеушілердің біразы осы кезеңді
зерттеуде біраз табыстарға жетті.1950-ші жылдардың соңында ғалым Ғ. Әбішев
соғыс жылдарында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары Кен-
металлургия және ауылшаруашылық институттары, Мемлекеттік университет
пен медицина институты ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мен халық
шаруашылығының басқа да салалары үшін үш мыңнан астам білікті
мамандарды даярлап шығарғандығын, кеңестік интеллигенция қатары
осылайша жас мамандармен толыққандығын саралайды [267, 102 б.].
Ұлы Отан соғысы жылдары ӛндірістік-техникалық интеллигенция
мамандарын даярлау мәселесі М.Қ. Қозыбаевтың монографияларында
талданады. Онда соғыс басталған алғашқы жылдары партия ұйымдарының
жаңа кадрларды оқытып, тәрбиелеуге уақыты жетпегендігін кӛрсетеді.
Тәжірибесі аз, алғашқы сыннан ӛте алмағандар жаңа кадрлармен
113
ауыстырылғанын, кейде адамдардың механикалық ауыстырылуы сәтсіз
жоғарылатуларға әкелгендігін ашады. Соғыстың аяқталар кезеңінде кадр
мәселесі тұрақтанып, ӛндіріс командирін жоспарлы оқыту мен тәрбиелеудің
басталғандығын кӛрсетеді.
Ауылшаруашылығын жоғары және орта маманданған кадрлармен
қамтамасыз етудегі ауыр жағдайы ашылған. Ғалым 1943 жылы 6 тамызда
Қазақстан Орталық Комитетінің Коммунистік партиясы соғыстың алғашқы
жылдары жабылып қалған екі зоотехникалық-ветеринарлық техникумдарды
қалыпқа келтіргенін жазады. Бірақ мұның республика колхоз-совхоздардағы
мамандарға деген сұранысты ӛзгерте алмағандығын айтады. Мұрағаттық
материалдарды пайдалана отырып, республика колхоз-созхоздардарын жоғары
және орта арнаулы білімді мамандармен қамтамасыз ету - соғыстың аяқталар
кезеңінде бар жоғы 34% құрағандығын жазады. Егін шаруашылығы Наркоматы
бойынша 1946 жылғы 1 қаңтардағы кӛрсеткіш бойынша механик мамандармен
қамтамасыз ету - 15,4%, құрылысшылармен - 11,3%, зоотехниктермен – 60,3%,
ветдәрігерлермен - 56%, агрономдармен – 40,7% болғандығына назар аударады
[268, 220-221 б.].
1960-шы жылдардың басында зерттеуші В.Я. Басин Қазақстан ӛнеркәсібін
соғыс жылдары мамандармен қамтамасыз ету кӛбіне РСФР-дің жоғары оқу
орындары мен басқа одақтас республикалардың оқу орындарын бітірген
мамандармен толықтырылды деген пікір білдірді. Мамандардың аз бӛлігі 1934
жылы ашылған Алматыдағы Тау-кен институты мен техникумдарда даярланды
деген мәлімет келтіреді. Бұл жӛнінде В.Я. Басин «Соғысқа дейін Қазақстанның
ауыр ӛнеркәсіп орындарын инженер-техник қызметкерлермен толықтыру
қандай кӛлемде қанағаттандырылғанмен, ол кезеңде де жоғары және орта
арнаулы білімі бар, оның ішінде жергілікті ұлт ӛкілдерінен шыққан
мамандардың жетіспегендігін айтады» [269, 85-86 б.]. Ғалым В.Я. Басиннің
мәліметі бойынша Қазақстан ауыр ӛнеркәсібін мамандармен толықтыру оқу
орындары арқылы жүргізілген. 1942 жылы Қазақстанда 30 жоғары оқу орны
мен 100 техникум жұмыс істеді.
Соғыс жағдайына байланысты, үлкен қиындықтардың туындағандығына
қарамастан, оқу орындарының дұрыс жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан
барлық мүмкіндіктер жасалғандығын атап ӛтеді. Ауыр 1942 жылдың ӛзінде
республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарында 30 мың адам
оқығандығы жайлы «Казахстанская правда» газетінің 1942 жылғы 5-ші
қарашадағы номерінде жазылған мәліметтерді келтіреді. Зерттеуші В.Я. Басин
«Жоғары оқу орындары мен техникумдардың жұмысы соғыс жағдайына сай
құрылды. Оқытушылар мен студенттер оқуды ӛнеркәсіп орындарына
практикалық кӛмек кӛрсетумен ұластырды.
Қазақстанның ауыр ӛнеркәсібі үшін мамандар даярлауда республикаға
эвакуацияланған жоғары оқу орындары, атап айтқанда Ленинградтың байланыс
инженерлері институты, Москваның түсті металдар мен алтын институты,
Москваның С. Орджоникидзе атындағы авиациялық институты және т.б.үлкен
рӛл атқарды.
114
Кӛптеген оқу орындарына студенттердің жоспарлы студенттер
қабылдауына рұқсат берді. Мысалы, 1942 жылы республиканың жоғары оқу
орындарына 3425 адам қабылданды. Тек Қазақ тау-кен институты (қазіргі
политехникалық институт) 1940-1945 жылдары 682 инженер даярласа, оның 79-
қазақтар»,- деп атап кӛрсетеді [269, 88-89 б.]. Демек соғыс жылдары да ұлттық
мамандарды даярлауға мемлекет тарапынан дұрыс кӛңіл бӛлінбегендігін айқын
аңғаруға болады. Әрине, оның кӛптеген себептері болғанымен, ең бастысы
жоғары оқу орындарында оқу үдерісі орыс тілінде жүргендіктен, ауылдан қазақ
мектептерін бітіріп келгендерге орыс тілінде оқу қиындықтар әкелді.
Автор соғыс жылдары бұрыннан бар орта техникалық оқу орындары мен
жаңа ашылғандарының да жұмыстарын жалғастырғандығын баяндайды.
Алматыға қатынас жолдары Халық комиссариатына қатысты Дағыстан
механикалық техникумының 1944 жылы наурызда эвакуациялануына
байланысты, Алматы теміржол техникумы құрылғандығын хабарлайды.
Техникумның теміржол транспорты үшін мамандар даярлайтындығы жӛнінде
мәлімет береді.
Мамандарды даярлау мен оларды бӛлу жұмыстарын жақсарту мақсатында,
Қазақстан КП(б) Орталық Комитеті жанынан кадрларды даярлау және бӛлу
секторы құрылғандығын айтады. Соғыс жылдарындағы жоғары оқу
орындарында ӛндірістік-техникалық интеллигенция мамандарын даярлау
тарихнамасындағы кейбір концептуалды пікірлер В.Я. Басин еңбегі мен
Ш.Ю. Тастанов пен Г. Шибанов еңбектерінде үндесіп жатқандығын аңғаруға
болады. Ш.Ю. Тастанов пен Г. Шибановтың пайымдауынша, эвакуацияланған
оқу орындарынның профессор оқытушылар мен студенттердің институттарға
қабылдануына байланысты олардың құрамында үлкен ӛзгерістер болған [225,
36-37 б.]. Авторлар Москваның түсті металдар мен алтын институтының
келуімен байланысты Қазақ мемлекеттік тау-кен институтының ішкі
құрылымындағы кейбір елеулі ӛзгерістер жайлы жазады. 1941 жылдың
соңында тӛртінші технологиялық факультеттің – «түсті металдар мен
қорытудың технологиясы», «түсті металдардың ӛндіріс экономикасы»
мамандықтары бойынша кадрлар даярлай бастағандығын мәлімдейді.
1942/43 оқу жылында бесінші мұнай факультетінің құрылғандығын айта
келіп, онда «мұнай ӛндірісі істері», «мұнай орындарының геологиясы» екі
мамандықтары бойынша даярлайтындығын кӛрсетті. Бірақ сол уақытта мұнай
орындарының геологиясы мен эксплуатациялау мамандықтары бойынша
маманданған ғылыми-педагогикалық кадрлардың жетіспеуіне байланысты,
бірде-бір бітірушіні аяқтата алмастан, 1945/46 оқу жылында жабылғандығын
баяндайды. Студенттердің бір бӛлігі Грозный мұнай институтына жіберіліп, ал
қалғандары Қазақ тау-кен институтының басқа факультеттеріне ауысқандығын
айтады.
Авторлар соғыс кезеңінің ауыр қиындығына, материалдық базасының
тӛмендігіне, бӛлінген қаржының аздығына қарамастан, оқытушы-профессорлар
мен студенттер контингентінің едәуір ӛскендігін, институт ұжымының
115
мамандар даярлауда алдына қойған міндеттерді шешуде белгілі табыстарға
жеткендігін талдады.
1942 жылы инженер-маркшейдерлердің бірінші түлектері бітірсе, оларды
даярлау 1938 жылы тау-кен факультетінде алғаш рет басталған еді. Сонымен
қатар, 1942/43 жылдары 55 байытушы-инженерлер, түсті металдар ӛндірісі мен
қорытудың экономистері және технологтары даярланып шыққандығын
баяндайды [225, 38 б.].
Ш.Ю. Тастанов, Ц. Розенберг зерттеу еңбектерінің бірінде соғыстан кейін
майданнан қайтқан студенттерді стипендиялармен, тамақпен, жатақханамен
қамтамасыз етіп, ерекше мұқтаждарына материалдық кӛмек кӛрсетіп, паек
берілгендігін дәйектейді. Қазақ тау-кен институтына бұл жылы 135 майдангер
қабылданды деп жазады [270, 82, 15 б.].
Жоғары мектеп тарихын зерттеуде Ә.І. Сембаевтың 1967 жылы жарық
кӛрген «Қазақ совет мектебінің тарихы» еңбегі ерекше орын алады. Автор
Отанымыздың ғылыми-техникалық ӛркендеу қарқыны жас мамандарды кәсіби
оқу орындарында теориялық-практикалық жағынан дайындаудың сапасын одан
әрі жақсарта беруді талап ететіндігін айтады. Соғыс болып жатқан қиын
жылдарда да Коммунистік партия Қазақстанда жоғары білімді дамыту
жӛніндегі орасан зор жұмысын тоқтатқан жоқ екендігін дәлелдейді.
Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытудың және ғылыми
жұмыстардың сапасын арттыруда РСФСР-де, Украина мен Белоруссиядан
эвакуациямен келген ғалымдар мен педагогтардың кӛп жәрдемі тигендігін алға
тартады.
Соғыстан кейінгі жылдары жергілікті халықтан жоғары білімді мамандар
даярлау ісінде ССР Министрлер Советінің 1947 жылғы 16 ноябрьдегі «Қазақ
ССР-інде жоғары және орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары
жайындағы» және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1958 жылғы
18 марттағы «Жоғары білім беруді дамыту жайындағы» қаулысының маңызы
зор болды. Бұл қаулылар жоғары оқу орындарының бұрынғысынан да күшті
қарқынмен ӛсуіне себепші болды.
Ә.І. Сембаев мол тарихи фактілердің негізінде Қазақстанда жаңадан 17
жоғары оқу орны ашылғандығын, жоғары оқу орындарының саны 41-ге
жеткендігін айтады. Бұл оқу орындары мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер,
агрономдар, зоотехниктер, мал дәрігерлерін, мелиораторлар тағы басқа да
мамандар, барлығы 92 түрлі мамандық бойынша кадрлар дайындаған,
Қазақстанның жоғары оқу орындарында 163 мың студент оқыды. Бұл санға
сырттан оқитындар да енетіндігі жайлы мәліметтер келтіреді.
Ә.І. Сембаев қазақ жастарынан жоғары білікті мамандар дайындауда
Қазақстанға Москваның, Ленинградтың, Свердловскінің, Горькийдің, еліміздің
ӛзге де қалаларындағы жоғары оқу орындары кӛмектесіп отырғандығын
кӛрсетеді. Бұл қалаларға жыл сайын 550-600 абитуриент барып, жоғары оқу
орындарына конкурстан тыс түсіп, оны бітіргеннен кейін туған республикасына
қайтып оралады» деп негіздейді. 1960-1961 оқу жылында республиканың
техникалық оқу орындарына қабылданғандардың 80 пайызының екі жылдық
116
жұмыс тәжірибесі бар еді [271, 144 б.]. Әрине, еңбек кеңестік кезеңде
жазылғандықтан, автор партияның рӛлін кӛрсетуге мән беріп, халықтардың ұлы
достық кӛмегін кӛрсетуге тырысқанымын, ұлттық мамандарды дайындау
мәселесі назардан тыс қалғандығы айқын аңғарылады [271, 373-374 б.].
1960-шы жылдары Қазақстанның ӛзі еліміздің басқа аудандарына
инженер-кеншілер, энергетиктер, геологтар, металлургтерді жолдамамен
жібере бастағанымен, халық шаруашылығының маңызды салаларына әлі де
болса басқа одақтас республикалардан қажетті мамандарға деген сұраныстың
бар екендігі жайлы жазылды [272, 273, 167-168 б.].
Ш.Ю. Тастановтың кейін жарық кӛрген монографиясының соғыс
жылдарындағы ӛндірістік-техникалық интеллигенция мамандарын даярлау
тарихнамасында алатын ӛзіндік орны бар. Майданға мыңдаған студенттер мен
оқытушылардың аттанғандығын, 1942 жылдың қазанында жоғары оқу
орындарының саны 800-ден 460-қа қысқарғандығын айтады. Техникалық
жоғары оқу орындарының тӛрттен үш бӛлігінің жау басып алған аймақта
немесе соғыс қаупі бар территорияда қалғандығына қынжылыс білдіреді.
Эвакуациялаудың нәтижесінде олардың бірқатарын сақтауға мүмкіндік
болғандығын саралайды [151, 98 б.].
Ш.Ю.
Тастанов
келесі
бір
зерттеу
еңбегінде
КСРО
халық
шаруашылығының жоғары кәсіби мамандарға деген сұранысын жоғары оқу
орындары 16,5 пайызға ғана қанағаттандырып отырғандығын жазады [273, 108
б.]. Ал, кейінірек автор алтыншы бесжылдықтан бастап, республикаға қажетті
инженер мамандардың негізгі бӛлігі Қазақстандағы жоғары оқу орындарында
даярлана бастағандығын дәйектеуге тырысты [151, 107 б.].
Автордың соғыс жылдары жоғары оқу орындарының профессор–
оқытушылар құрамы мен студенттердің тұрмыс және еңбек жағдайларының
біраз қиындағандығын, оқытушылардың орташа сӛткелік жүктемесі 12-16
сағатқа, студенттердің апталық жүктемелері 42-45 сағатқа жеткендігі жӛніндегі
мәліметтерін білдік. Себебі соғыс кезеңінің талабы солай еді. Ғалымның
кӛзқарасы бойынша Ұлы Отан соғысы жылдары республикада интеллигенция
кадрларын даярлау ұлғайды. Бұл үдерістің жүзеге асуы КСРО-ның европалық
бӛлігінен қоныс аударған оқу орындарының Қазақстаның орта арнаулы және
жоғарғы оқу орындарымен арадағы ынтымақтастығы мен ӛзара кӛмегінің
арқасында жүзеге асты деп есептейді. Біз де автордың бұл кӛзқарасымен
келісеміз. Ш.Ю. Тастанов кейінірек жазған монографиясында:
«Кеңес халқына гитлеризммен байланысты болған соғыс елдің барлық
халық шаруашылығына, соның ішінде жоғары және орта арнаулы білім беру
жүйесіне де зор ауыртпалық әкелді. Жоғары және орта арнаулы оқу
орындарының және онда оқитындардың саны күрт қысқарды. Бұл қиындықтар
барлық кеңес халқының үлкен күш-жігерінің, Коммунистік партияның
ұйымдастырушылық, басшылық рӛлі арқасында жеңе білді және кеңестік
жоғары мектеп те ӛзінің басына түскен ауыртпалықты абыроймен кӛтере білді.
Мамандарды соғыс жылдары даярлау мәселесі негізінен территориясы
соғыс әрекеттерінен тыс аймақта орналасқан республикалардың жоғары және
117
орта арнаулы оқу орындары арқылы шешілді. Олардың арасында Орта Азия
республикалары мен Қазақстан маңызды орын алғандығын айту керек. Бұл
мәселені шешуде осы аймақтарға Ресей Федеративтік, Украина, Белоруссия,
Молдавия,
Прибалтика
республикаларының
батыс
аудандарынан
эвакуацияланған жоғары және орта арнаулы оқу орындары елеулі кӛмек
кӛрсетті», - деп ӛз ойын түйіндей түседі [151, 109 б.]. Автор мамандарды
даярлауға географиялық факторлардың әсер еткендігін де байқайды.
Соғыстан кейінгі екі бесжылдық жылдары интеллигенция кадрларын
даярлауда диспропорция сақталғандығына қынжылыс білдіреді. Әсіресе,
машина жасау, химия-технология, орман және тамақ ӛнеркәсібі тағы басқа
техникалық жоғары оқу орындарына қабылдаудың аз болғандығын, алайда
аталған мамандық салалары бойынша инженер кадрларға деген сұраныстың
жоғары екендігін, тіптен инженерлер мен техниктерді даярлауда диспропорция
сақталып отырғандығын ескертеді. Оның есесіне гуманитарлық бағыттағы
жоғары оқу орындары жүйесінің есепсіз артқандығын жазады [151, 104-105 б.].
Сондықтан мамандарды даярлаудағы кемшіліктерді, қателіктерді жою
үшін кӛптеген практикалық шаралардың қажет болғандығын айтады. Автордың
пайымдауынша, сондай шаралардың бірі ӛндірістегі үлкен практикалық еңбек
ӛтілі барлардан жеделдету жолымен инженер мамандарды даярлауды енгізуде
екендігін аңғарды. Сондықтан оның еліміздің тау-кен, политехникалық,
инженерлік-құрылыс, транспорт, ауылшаруашылығы және тағы басқа оқу
орындарында кеңінен қолданғандығын айта келіп, кӛптеген жұмыс орындары
бойынша студенттердің орта жалақысы сақталғандығын саралайды.
Еңбекте кеңестік мемлекеттің жоғары оқу орындарында мамандар
даярлауға байланысты ұстанған саясаты кӛрсетіледі. Тарихнамада мамандарды
даярлау ресми методология тӛңірегінен шыға алмады. Ш.Ю. Тастанов еңбегінің
ӛзектілігі - республика жоғары оқу орындарында маман кадрларды даярлауды
жетілдіру жолдарын ұсынуы. Автор жоғары және орта арнаулы оқу
орындарында инженер-техникалық кадрлар даярлауға ерекше мән берген [151].
А.Қ. Құсаиновтың кандидаттық диссертациясында соғыстан кейінгі
жылдары ӛнеркәсіп және құрылысқа кадрлар даярлау орталық оқу
орындарында жүзеге асып, жыл ӛткен сайын оның саны артып отырғандығы
жайлы пікірін білдіреді [273].
Мемлекет тарапынан ауылшаруашылығы үшін ӛндірістік-техникалық
мамандар даярлауға кӛңіл бӛлініп, 1957 жылы 3 қазанда КСРО Министрлер
Кеңесінің Ақмола қаласында ауылшаруашылық институтын ашу туралы
арнайы қаулысы шығып, онда 1958 жылы Ақмолада ауылшаруашылық
институтын ашып: агрономия, ауыл шарашылығын механизациялау мен жерге
орналастыру факультеттерін ұйымдастыру керектігі кӛрсетілді [274, 226 б.].
Осындай шараларды жүзеге асыру нәтижесінде респубиликада жетінші
бесжылдық жылдары жоғары оқу орындарының саны едәуір артқандығын, ал
кейбірінде жоғары білікті мамандар даярлаудың аясы кеңейгендігін зерттеуші
Б. Н. Әбішева ӛз еңбегінде атап кӛрсеткен. Ол 1959 жылдан бастап машина
жасау
ӛнеркәсібінің
техногиясы
жӛніндегі
инженерлер
даярлана
118
басталғандығын да саралайды. Павлодарда Индустриалдық институтының
ашылғандығын айтады. Автордың пікірі бойынша, ӛндірістен қол үзбей
мамандар даярлаудың жетілдіріліп, кеңейгендігін 1959/1960 оқу жылында
республиканың 21 жоғары оқу орындарында сырттай оқыту және 6 кешкі
бӛлімдері ашылғаны айғақтап тұр [275, 113-115 б.].
Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарындағы студенттердің
сапалық құрамын жақсартуға КСРО-ның Министрлер Кеңесінің 1959 жылы 18
қыркүйектегі «Ӛнеркәсіптік кәсіпорындар, совхоздар мен колхоздардың
ӛздеріне мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары мен техникумдарын
жабдықтау туралы» қаулысының зор маңызы болды. Қаулыда мамандар
даярлаудың сапасын одан әрі арттыру үшін ӛнеркәсіптік кәсіпорындарда,
құрылыста, колхоздар мен совхоздарда еңбек етіп жүрген жастарды жоғары
оқу орындары мен техникумдарға жолдамамен жіберу қажеттігі атап ӛтілген.
Сондықтан қаулының дереккӛзі ретінде берер мәліметі кӛп. Осы қаулыға
сәйкес оқуға жіберілетін жастардың кандидатурасы ӛндірістік кеңестерде,
ӛнеркәсіптік кәсіпорындар мен колхозшылар жиналыстарында, қоғамдық
ұйымдарда кеңінен талқылауға тиісті болды және олардың 2 жылдық ӛндірістік
ӛтілі болу міндетті болды. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарын осы
қаулы бойынша бітірген мамандар міндетті түрде үш жылдан кем емес уақыт
ӛздерін оқуға жіберген кәсіпорындарда жұмыс істеу кӛрсетілген [276, 87 б.].
Кәсіпорындар жоғары оқу орындары, техникумдардарға ӛндірістің
алдыңғы қатарлы даярланған қабілетті екпінділерді жолдамалармен жіберуге
мүмкіндік алып, олар оқуды аяқтаған соң, ӛз кәсіпорындарына қайта бару
арқылы мамандар қатары толыққандығы да Б.Н. Әбішева еңбегінде зерделенген
[275, 115 б.].
Ӛндіріс озаттарын таңдап және жолдамамен жоғары оқу орындары мен
техникумдарға жіберу жұмысшылар жиналысы мен ӛндірістік кеңестерде
кандидатуралары кең талқылауға салынып қоғамдық ұйымдар арқылы жүзеге
асқандығы сараланған. Үлгеруші, оқуға жіберілген студенттерге кәсіпорындар
степендиялар тӛлеп отырғандығын жазады. Автор завод және фабрика
ұжымдарының орта арнаулы және жоғары оқу орындарына іріктеп жинақтауға
қатысуы, мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға және кәсіпорындарды
техниктермен және инженерлермен жоспарлы түрде қамтамасыз етуге ықпал
етті деп пайымдайды [275, 116 б.].
Қарастырылып отырған мәселе тӛңірегіндегі еңбегінде зерттеуші
А.Г. Сармурзин ӛндіріс орындарында жұмысшыларды жолдамамен жоғары оқу
орындарына жіберу кеңінен тарағандығын оның ішінде Балқаш тау-кен
металлургия комбинаты жоғары оқу орындары мен техникумдарға 1960 жылы
17, 1961 жылы 40 адам жіберді деген мәлімет береді [277, 172 б.].
1970 жылы жарық кӛрген Н.Н. Дауылбаев еңбегінде де республикада 1930-
шы 40 техникумдар, 2 втуз ашылғанымен, жетпейтін техникалық кадрлардың
санын толықтыру үшін басқа республикалардан Қазақстанға оқу орындарын
аяқтаған соң келуі жӛнінде 1266 адаммен келісімге қол қойылып, бекітілгендігі
жайлы фактілерді ұсынады. Техникалық кадрларды сырттан шақыру жолымен
119
толықтырғандығын жазады. Ең алдымен қазақтардан шыққан техникалық
интеллигенция жетіспейтіндігін ескерткенімен, олардың санын арттырып,
дамыту жолдарына терең мән бермеді [278, 174-175 б.].
Үшінші кӛмір базасы болып есептелетін Қарағандыны техникалық
кадрлармен қамтамасыз етудің күрделілігін экономикалық факторлардан іздей
отырып, ӛлкенің мәдени-экономикалық артта қалуын материалдық-техникалық
жағдайдың болмауынан кӛреді.
Осындай қиыншылықтарға қарамастын, КСРО-ның үшінші кӛмір базасы
үшін
инженер-техникалық
кадрларды
даярлаудың
бағдарламасы
анықталғандығын ұсынады, оның қайнар кӛздерін атап кӛрсетеді:
1 Инженер-техникалық кадрларды даярлауды Қазақ ССР-де, оның ішінде
Қарағандыдағы кәсіби-техникалық, орта, жоғары оқу орындарында
ұйымдастыру.
2 Қарағанды шахталары мен құрылыстарын инженерлермен және басшы
кадрлармен қамтамасыз етуді басқа туысқан республикалардың орта және
жоғары оқу орындарын бітіргендерді жіберу, сонымен қатар еліміздің бұрынғы
ӛнеркәсіп аудандарының инженер-техникалық және әкімшілік-шаруашылық
қызметкерлерінің ӛз еріктерімен келу жолдары арқылы қамтамасыз ету.
3 Жергілікті кадрларды қысқа мерзімді курстар мен инженерлер мен
техниктердің және әкімшілік-шаруашылық қызметкерлерінің мамандығын
жетілдіру курстарында даярлау жолдары арқылы жоғарылатып және ӛсіру.
1931 жылы «Қарағандыкӛмір» тресі коммунистік партияның нұсқауын
орындау мақсатында 122 оқушысы бар тау-кен техникумын ұйымдастырып,
Қарағанды шахталары үшін орта техникалық кадрларды даярлауда үлкен рӛл
атқарғандығын саралайды. Мұрағат құжаттарының негізінде студенттерді
техникумға оқуға тартуда облыс аудандарындағы жеті жылдық мектептердің Ү-
ҮІІ сыныптарын бітірген қазақ жастарын тарту жолы арқылы жүзеге
асқандығын
қарастырады.
Техникумның
жұмыс
барысында
үлкен
қиындықтардың орын алғандығын оқу-материалдық базасының болмауы, сабақ
ӛткізетін орындар мен жатақхананың, тұрақты оқытушылар құрамының
болмауы, алғашқы екі жылда мамандардың болмауына байланысты арнайы
техникалық пәндердің оқытылмауы сияқты объективті себептерді айқындайды
[278, 194-195 б.].
Зерттеуші Н.Н. Дауылбаевтың монографиясы Қарағанды кӛмір бассейнінің
тарихын зерттеуге арналғандықтан, ӛндірістік-техникалық интеллигенция
мамандарын осы сала үшін даярлаудың әр қырларын зерттеп, экономикалық
факторға сүйенеді.
Аталған және басқа зерттеулерде Қазақстан территориясында пайда болған
ӛндіріс ошақтары жайлы жазылды. Соған байланысты ондағы еңбек етіп
жатқан жұмысшылар, инженер-техникалық интеллигенция мамандары жайлы
фактілер берілді. Жоғарыда талдау жасалған еңбектер ӛзінің мазмұны,
құрылымы жағынан орталықтағы әріптестерінің еңбектеріне ұқсас келді.
Мұрағат құжаттарын сұрыптай отырып, зерттеушілер еңбектерінде марксистік-
лениндік методологияны негізге алды.
120
Қазақстан жоғарғы мектептерінің тарихы мен оның ішінде техникалық
интеллигенция
мамандарын
даярлау
мәселелері
Х.
Арыстанбеков,
К.Ж. Жаманбаев, К.Д. Жоламанов, Т. Катаев еңбектерінде сараланған [279].
Ауылшаруашылығы
үшін
ӛндірістік-техникалық
интеллигенция
мамандарын даярлау мәдени революциямен тығыз байланысты болды.
Сондықтан
бұл
мәселе
зерттеушілерді
қызықтырды.
Осы
мәселе
Х. Арыстанбековтың еңбегінде орын алған. Ол кеңес ӛкіметі орнағаннан кейін
бірде-бір ауылшаруашылығы жоғары оқу орындарының болмағандығын, тек
1930 жылы алғашқы Қазақтың мемлекеттік ауылшаруашылығы институты
ашылғандығын негіздеді. Осыдан бастап, республиканың ауыл шаруашылығы
жоғары білімді мамандармен толыға бастады. Кейін ауыл шаруашылығының
дамуына, миллиондаған тың және тыңайған жерлердің игерілуіне және
ауылшаруашылық жұмыстарының механизациялануы мен электрлендірілуіне
байланысты ауыл шаруашылығы үшін сан жағынан кӛп мамандарды қажет етті.
Сондықтан осыған байланысты 1958 жылы Целиноград, 1963 жылы Батыс-
Қазақстан ауылшаруашылығы институттары ашылғандығын жазады. Ал, 1962
жылы
Қазақ
ауылшаруашылығы
институтының
гидромелиоративтік
факультетінің негізінде Жамбылда гидромелиоративтік құрылыс институты
ұйымдастырылғандығын айтады [280, 2-3 б.]. Институттардың зоотехниктер
мен ауылшаруашылығына қажетті экономистер мен инженер-механиктерді
даярлауда қосқан үлесіне назар аударады. Бірақ еңбек жалпы кӛпшілікке
арналып жазылғандықтан ұлттық мамандарды даярлау мен оны жетілдірудің
нақты жолдары кӛрсетілмеген. Соған қарамастан еңбектің тарихнамада алар
ӛзіндік орны ерекше.
К.Ж. Жаманбаевтың еңбегі Қазақстандағы жоғары мектептердің тарихын
зерттеуге айтулы үлес қосты. Ол еңбекшілерді жоғары оқу орындарында оқуға
даярлау үшін дайындық курстары мен жұмысшы факультеттерінің
(рабфактардың) ұйымдастырылғандығын деректермен дәлелдеді [281, 23 б.].
Рабфактардың құрылуына байланысты жоғары оқу орындарына жұмысшы-
шаруа жастарының қабылдануына мүмкіндік артқанын ғылыми жағынан
талдады. Алғашқы кезеңде республика үшін мамандар Москваның,
Ленинградтың, Омбы, Саратов, Томск, Самара мен Ресейдің басқа
қалаларындағы жоғары оқу орындарында даярланғандығын саралай отырып,
жергілікті ұлт ӛкілдерінен жоғары оқу орындарына студенттерді жолдамамен
жіберу мәселесі еңбекшілер мен партия мен комсомол жиналыстарында
бірауыздан шешіліп отырғандығын пайымдайды [281, 26-27 б.].
Зерттеуші БКП(б) Қазақ ӛлкелік комитетінің 1929 жылғы қаңтардағы
«Қазақстан студенттеріне» арнап жазған жолдауында «Жаңа инженер, техник,
агроном, педагогтарды ӛсірмейінше, сонымен бірге олардың ӛнеркәсіп,
транспорт,
ауыл
шаруашылығындағы
олардың
үлестік
салмағын
арттырмайынша, біз ӛзіміздің халық шаруашылығын қалыпқа келтіре
алмаймыз. Бізге халық шаруашылығын шындығында ұйымдастыра алатын
кадрлар, кеңестік және партия шешімдерін социалистік құрылыстың барлық
барлық салаларында дұрыс жүргізе алатын маркстік-интернационалистік
121
кадрлар,
Қазақстандағы
жұмыстар
барысында
кездесетін
барлық
қиындықтарды жеңе білетін кадрлар керектігін тілге тиек етеді [281, 35 б.].
Коммунистік партияның ұжымдастыруға байланысты, алғашқы жоспарда
ауылшаруашылығы ӛндірісі үшін мамандар даярлау мәселесін қойғандығын
зерделейді. Еңбекте кеңестік кезең тарихына арналғандықтан, сол уақыт
талабына сәйкес, партияның басшылық рӛліне мән берілген. Зерттеуші
еңбегінде 1930 жылы қазанда Алматы ауыл шаруашылығы техникумының
негізінде Талғарда ауылшаруашылығы институтының ашылғандығын оның
іргетасының қалануы республиканың онжылдық мерейтойымен сәйкес
келгендіктен, ол «Қазақтың мемлекеттік ауылшаруашылығы институты» деп
аталғандығын, оның алғашқы ұйымдастырушысы мен директоры Ораз
Жандосов екендігі жӛнінде бүгінге дейін беймәлім болып келген деректерді
ұсынады [281, 38 б.].
К.Ж. Жаманбаев зерттеуінде жоғарғы мектепте мамандар даярлауда оқуды
ӛндірістік практикамен ұштастыру мақсатында, студенттердің ӛндіріс
орындарына барып тәжірибе алмасуына кӛңіл бӛлген. Еңбегінің басқа
зерттеулерге қарағанда айырмашылығы, жоғарғы мектеп тарихында ӛндірістік-
техникалық интеллигенция мамандарын даярлауды жүйелі түрде зерттеп,
мұрағат құжаттарының негізінде жаңаша саралаған. Еңбек 1970 жылдардың
басында жарық кӛргендіктен, инженерді даярлауда сол кезеңдегі экономикалық
негізгі міндеттерді орындауға байланысты, нақты экономика мен ӛндірісті
ұйымдастырудың мәселелеріне сәйкес даярланғандығын кӛтере білді. Осы
орайда, Қарағанды политехникалық институтында тау-кен ӛнеркәсібі
экономикасы мен ұйымдастыру, энергетика, металлургия мамандықтары
бойынша топтардың артқандығын кӛрсете білді [281, 108 б.].
ХХ съезден кейін ӛндірістен қол үзбей кадрлар даярлауға кең жол
ашылғандығын белгілі. Осы тұрғыда К.Ж. Жаманбаев 1957 жылы жоғарғы оқу
орындарының бір кешкі және 15 сырттай бӛлімдері мен консультациялық
пункттерінде 22 мыңнан астам студенттердің білім алғандығын мәлімдейді. Ал,
келесі жылдары Шымкент, Теміртау, Семей, Павлодар қалаларында
бүкілодақтық сырттай оқытатын инженер-құрылыс институтының оқу-
консультациялық пункттерінің ұйымдастырылғандын айтады.
Автор Жамбыл қаласында Қазақ химия-технологиялық институтының
кешкі оқыту бӛлімі филиалы, Теміртау қаласында Қарағанды политехникалық
институтының металлургия, химия технологиясы және құрылыс мамандарын
ӛндірістен қол үзбей даярлайтын кешкі бӛлімдерінің ашылғандығы жӛнінде
деректерді ғылыми айналымға енгізді [281, 111 б.].
Алайда мұндай оқыту жүйелерінің ӛзіндік кемшіліктері бар екендігін
кӛрсетеді. Негізгісі күнделіктерге ғана басты кӛңіл бӛлініп, сырттай, кешкі
оқыту жүйесінің мерзімі үнемі ӛзгертіліп отырғандығына қынжылыс білдіреді.
Еңбек кеңестік кезеңде маркстік методология тұрғысында жазылып, барлық
одақтас республикаларда жоғарғы мектептердің дамуына коммунистік партия
бағыттап, қамқорлық кӛрсетіп отырды деген кӛзқарасын білдіреді [281, 120-121
б.]. Ӛз кезеңі үшін бұл дұрыс кӛзқарас болып есептелгенімен, тарихнамада
122
интеллектуалдық-ғылыми пайымдаулар ӛз кезеңіндегі зерттеу стандарттарына
сәйкес орындалды.
Автор 1959 жылдан Қарағанды политехникалық институтында машина
құрылысы ӛнеркәсібінің технологиясы бойынша инженерлер даярлайтын,
Павлодарда индустриалдық институттың ұйымдастырылғандығын, Қазақ
политехникалық, Қарағанды политехникалық, Қазақ химия-технологиялық,
Павлодар
индустриалдық
институтының,
Ӛскемен
жол-құрылыс
институттарының оқу корпустарының құрылыстары жүргізілгендігін жазады
[281, 124 б.].
1964 жылы 12 тамызда КСРО жоғарғы және орта арнаулы білім беру
Министрлігінде «Қазақ КСР-да жоғары және орта арнаулы техникалық білім
беру жӛнінде» мәселе қаралды. Онда Қазақстанда инженерлер даярлаудың
белгілі бір табыстарға жеткендігі атап ӛтілді.
К.Ж. Жаманбаев жоғары оқу орындарын комплектілеуде 1959 жылы 18
қыркүйектегі КСРО Министрлер Кеңесінің «Ӛнеркәсіп орындарының,
совхоздардың, колхоздардың ӛз кәсіпорындары үшін жоғары оқу орындары
мен техникумдарда мамандарды комплектілеу мен даярлауға қатысуы жӛнінде»
қаулыға сәйкес, 1960 жылдан бастап, жоғары оқу орындары мен
техникумдардың бірінші курстарына студенттер қабылдау ӛнеркәсіп орындары,
құрылыс, совхоз, колхоздардың лайықты дайындығы бар жұмысшы жастарын
жіберу есебінен бекітілгендігін айтады. Бұл мамандар даярлауда ӛнеркәсіп пен
совхоздардың моральдық жауапкершілігін арттырды деп есептейді [281, 127-
128 б.]. Оқуға жолдамамен барғандар, қаулыға сәйкес, ӛнеркәсіп есебінен
жоғары степендия алып, жоғары оқу орындары мен техникумдарды аяқтаған
соң, мамандар ӛздерін оқуға жіберген кәсіпорындарға қайта оралды. Кӛбінесе
еңбек озаттарын, ӛндірісте жұмыс істеп жатқан жастардың оқуға түсуіне
қамқорлық жасалды. Автор осыған сәйкес жұмысшы жастарға арнап дайындық
курстарының ұйымдастырылғандығына да мән береді [281, 128 б.].
Қазақстан жоғарғы мектебінің сегізінші бесжылдықта (1966-1970 жж.)
дамуы» деп аталатын тарауында автор жоғары техникалық білім беретін оқу
орындарында
оқу
әдістемелік,
ғылыми-зерттеу
және
саяси-тәрбие
жұмыстарында еңбекті ғылыми
түрде ұйымдастыру элементтерінің
қолданылып отырғандығын, шалғай ауылдарда тұратын жастарға арнап,
Қазақстан КП ОК-ті мен Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы қаулысына сәйкес,
жоғары оқу орындарына конкурстан тыс қабылдау бекітілгендігін де
пайымдайды [281, 148-149 б.].
Жоғары мектеп тарихын зерттеуші ғалымдардың бірі Қ.Д. Жоламанов
орталық жоғары оқу орындарының тек мамандарды даярлауда ғана емес,
келешекте жоғары оқу орындары оқу үрдісін ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу
жұмыстары мен әдістемелік жұмыстарды жолға қоюда кӛмек кӛрсеткендігін
алғаш рет талдады [282, 42 б.]. Қ.Д. Жоламанов 1966-1975 жж. аралығында ғана
біздің жоғары оқу орындарында арнайы шақыртумен Москва, Ленинград,
Новосібір т. б. қалалардың жоғары оқу орындарынан 737 кӛрнекті ғалымдар
келгендігін жазады. Олардың қатарында Москва жеңіл ӛнеркәсіп
123
технологиялық институтының ректоры, профессор И.П. Страховтың Жамбыл
жеңіл және тамақ ӛнеркәсібі технологиялық институтында, Москва болат және
қорытпа институтының ректоры, профессор П.Н. Полухин – Қазақ
политехникалық институтында, Москва инженерлік-құрылыс институтының
профессоры П.К. Претещенский – Павлодар индустриалдық институттарында
болғандығы жайлы мәліметтер береді. К.Д. Жоламановтың еңбегі де
мамандарды даярлап жоспарлауды жетілдіруде партияның басшылық рӛл
атқарғандығына ерекше кӛңіл бӛлген. Онда кӛптеген негізгі факторлардың
есепке алынғандығын, яғни республикадағы халық шаруашылығының дамуы
мен ӛндірістік күштердің орналасуы; күндізгі, кешкі, сырттай оқытудың
салыстырмалы түрлері арасында, жоғары білімді мамандарды даярлауда
оқытудың басты түрі болып есептелетін күндізгі бӛлімді дамыту қажеттілігі
атап ӛтілді [282, 65 б.].
Зерттеуші К.Д. Жоламанов пен К.Ж. Жаманбаевтың кейбір пікірлерінің
арасында үндестік бар. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарына шеткері
аймақтарда тұратын жастардың конкурстан тыс қабылдануы жӛніндегі қаулыға
сәйкес, 6 техникалық, 6 ауылшаруашылық жоғары оқу орындарының қабылдау
жүргізгендігі жӛніндегі кӛзқарастарында ортақтық бар [282, 68 б.]. Техникалық
білім беретін жоғары оқу орындарында оқу үрдісінің сапасын арттыру
мақсатында, оқытудың техникалық құралдарын қолдануда біраз жұмыстардың
атқарылғандығын саралайды. Техникалық жоғары оқу орындарындағы
оқытушы–профессорлардың сапасын жақсарту жайлары, оқу-тәрбие үрдісіндегі
ӛзгерістер талданған.
Т.К. Катаевтың «Высшая школа Советского Казахстана», - деп аталатын
еңбегінде қазақ халқының рухани жағынан қалыптасып және дамуының,
жаңаруының басты салаларының бірі – Кеңестік Қазақстанның жоғары
мектебінің тарихи тәжірибесі қарастырылған. Еңбекте халық шаруашылығы
үшін білікті мамандар даярлаудағы жоғарғы мектептің алатын рӛліне талдау
жасалған. Автор білікті мамандарды даярлауды жоғары және орта арнаулы оқу
орындары жүйесін құру арқылы шешуге болатындығын кӛрсетеді. 1920-1934
жылдар аралығында қажетті материалдық база болмағандықтан, ұлттық
интеллигенция кадрларын Ресей мен басқа республикаларда даярлаудың
ӛзіндік жүйесі қалыптасуы маңызды орын алды деп саралайды [279, 12-14 б.].
Т.К. Катаев жүйелеп талдау тәсілін пайдалана отырып, рабфактар (жұмысшы
факультеттері) жоғары оқу орындары мен жұмысшы табы қатарынан
интеллигенцияны қалыптастыруды даярлау кезеңінде белгілі рӛл атқарды деп
есептейді [279, 14 б.]. Маман кадрлар даярлау социалистік құрылыстың дамуы,
индустриализация, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдары біраз қарқын
ала бастағандығын баяндайды. Бірінші бесжылдық жоспарына сәйкес, жоғары
мектеп халық шаруашылығы кәсіпорындарын кӛптеген басшы және
ұйымдастырушы техникалық кадрлармен толықтыруы қажет болғандығын
айқындай отырып, кең байтақ Қазақстан территориясында ұлттық мамандар
даярлаудың жаңа орталықтары пайда болды деп пайымдайды. Т.К. Катаев
124
ұлттық жоғары мектептің құрылуы жаңа қазақ социалистік интеллигенциясын
қалыптастырудың маңызды факторы болды деп қорытындылайды [279, 25 б.].
Бірқатар мақалаларда республикааралық мамандар алмасу ісі, инженер-
техникалық мамандардың басқа республикаларда даярлану ісі сӛз болады [283].
Тарихнамада мамандар даярлаудағы халықтар арасындағы достық қарым-
қатынас, бір-біріне тигізген ықпалы тарихшылардың шығармашылық ойымен
дамытылған.
А.К.
Әбілевтің
мақаласында
интеллигенцияның
қалыптасуында
экономикалық және ұйымдастырушылық факторлардың кадрларды даярлауға
ықпалы мәселесі қарастырылған. Жоғары оқу орындарында оқыту әдістерінің
үнемі әрі жан-жақты жетілдіріп отыратындығы, оқу үдерісін ғылыми түрде
ұйымдастыру, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын үйлестіру, оқу үдерісіне
оқытудың және бақылаудың техникалық құралдарын кеңінен ендіру мәселесін
де зерделейді [283]. Жоғары оқу орындары жанындағы дайындық бӛлімдеріне
еңбекте шыңдалған алдыңғы қатарлы жұмысшылар, колхозшылар, Кеңес
Армиясы қатарынан демобилизацияланған әскерлердің қабылданып, олардың
оқу орындарына қабылдау тетіктері нақтыланған.
М. Батырбеков Қазақстанға арнап инженер-техникалық кадрларды
даярлауда туысқан республикалардың тәжірибесін саралайды. Алдыңғы
қатарлы техникамен жабдықталған сан-салалы ӛнеркәсіптің құрылуы инженер-
техникалық интеллигенцияны ӛсіруді және тәрбиелеуді талап еткендігін
айтады. Оның қалыптасуы Қазақстанда мынадай жолдармен іске асқандығын:
Қазақстанға елдің ӛнеркәсіп орталықтарынан инженер-техникалық кадрларды
жолдамамен жіберуі, ұлттық инженер-техникалық кадрлардың Москваның,
Ленинградтың, Ресей Федерациясының басқа қалаларындағы, Укрина,
Белоруссия, Закавказья, және Орта Азияның жоғары және орта арнаулы оқу
орындарында даярлануы; республикада орта арнаулы, және жоғары техникалық
оқу орындарын ұйымдастыру жайлы ойын ортаға салады [284, 150-151 б.].
Маманданған
шаруашылық
кадрларын
даярлауда
ӛнеркәсіп
академияларының маңызды орын алатындығын талдайды. Свердловскіде
ашылған Орал-Қазақстан ӛнеркәсіп академиясына бекітіліп оқып жатқан
қазақстандық студенттерге Оралдық шаруашылық ұйымдарының барлық
материалдық және қаржылық шығындарды ӛз мойындарына алғандығын
орынды кӛрсете білген.
Москва, Ленинград, Баку және басқа қалалардағы жоғары оқу
орындарында инженер-техникалық білім алған қазақтардың қатарында
К.К. Берғалиев, А.Д. Бүркітбаев, О. Жандосов, Қ. Қадыржанов, Д.А. Қонаев,
Д. Омаров, Н. Рүстемов, А.С. Сағынов, К.И. Сәтбаев, О.Ж. Толыбаев,
С. Ӛтебаевтардың бар екендігін, кейін олардың кӛрнекті ғалымдар, партия және
мемлекет қайраткерлеріне айналып, республиканың халық шаруашылығы мен
мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқандығын айтады.
Бұдан әрі М. Батырбеков инженерлік кадрлардың алғашқы түлектерінің
қатарында қазақ қызы – Мадина Бегалиева 1935 жылы Москва ӛнеркәсіп
академиясының түсті металдар факультетін бітіргендігін алға тартады. Мадина
125
қазақ қыздарының ішінде алғаш рет тау-кен инженері дипломын алғандығын
айтады [284, 153-154 б.]. Д.И. Рудзянскийдің еңбегінде кемелденген
социалистік қоғам жағдайында Қазақ және Ӛзбек КСР-де инженер-техникалық
кадрлармен алмасуы және осы үдерістің екі туысқан республикалардың
экономикасын бұрынғыдан да дамытуға тигізіп отырған игілікті әсері
кӛрсетілген [284, 49-53 б.]. Екі республика арасындағы ӛндіріс саласындағы
озық тәжірибе алмасу жолдары мен бір-біріне қажетті маман кадрлар дайындау
жолдары да әңгіме болады.
В.К. Савосько мен И.Ш. Шамшатов 1974 жылы жарық кӛрген
монографиясында соғысқа дейінгі бесжылдық жылдарында-ақ білікті колхоз
тӛрағалары, бригадирлер, ферма меңгерушілері даярланды деген пікірге келеді.
Орта арнаулы және жоғары оқу орындары жыл ӛткен сайын агрономдар,
зоотехниктер, ветдәрігерлер және ауыл шаруашылығының орта, жоғары білікті
басқа мамандарын даярлауды ұлғайтқан. Бірақ соғыс жылдары МТС-тар мен
колхоздардағы білікті мамандар қатары едәуір қысқарғандығын ескертеді [285,
82-83 б.]. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстанда кадрларға деген сұраныс
ескеріліп, ауыл шаруашылық жоғары және орта арнаулы оқу орындары жүйесі
кеңейіп, ондағы студенттер контингентінің артқандығын алға тартады. Жоғары
білімді ауыл шаруашылық кадрларының негізгі ошағы Қазақ және Ақмола
ауылшаруашылық, Алматы және Семей зооветеринарлық институттары
екендігін дәйектейді. Орта маманданған кадрларды негізінен ауылшаруашылық
техникумдары даярлағандығын ескерте отырып, олардың жүйесі 1950 жылы 18
– ден 1955жылы 27-ге жетсе, 1958 жылы 32 болғандығы жайлы фактілерді
келтірген. Авторлар техникумдардың санының артуы бір жылдық
ауылшаруашылық мектептерінің қысқартылуы нәтижесінде пайда болды деген
қорытынды жасайды [285, 83 б.]. 1966 жылы Қазақстандағы 32 ауыл
шаруашылық техникумындағы оқушылар саны - 40,1 мыңға жетіп, оның 38
пайызын қазақ жастары құраған. Жыл ӛткен сайын Қазақстан колхоздары
туысқан республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдары
дайындаған мамандармен де толыққандығы талданған. Жоғары білікті
мамандарды негізінен 6 жоғары ауыл шаруашылық оқу орындары дайындап,
онда 28 мың студенттер білім алса, оның 15 мыңы қазақтар екен. Еңбекте
жоғары және орта арнаулы шаруашылық мамандарының дайындалуы жыл
ӛткен сайын жоғары қарқынмен дамып отыр деген тұжырым жасайды [285, 83
б.].
Инженер-техникалық кадрларды даярлауға арналған еңбектер қатарына
Н.Р. Жағыпаров, А.Абдакимов зерттеулерін айтуға болады [286]. Еңбектер
кеңестік кезеңдегі ӛндірістік-техникалық интеллигенцияны жоғары және орта
арнаулы оқу орындарында дайындауға арналғандықтан, студенттердің ғылыми
жұмысқа тартылуы, оларға саяси және еңбек тәрбиесін беру түрлері мен
әдістері тӛңірегінде кӛрген білгендерін ортаға салады. «Жаңа ғылыми бағытты»
ұстанған тарихшылар нақты фактілерді пайдалана отырып, ӛндірістік-
техникалық интеллигенция мамандарын даярлаудың ерекшеліктерін саралайды.
126
Тарихнама саласында үлкен еңбек сіңірген ғалым Г.Ф. Дахшлейгер 1978
жылы жарық кӛрген «Маршрутом социального прогресса» деп аталатын
еңбегінде кеңес мемлекеті ұзақ және қысқа мерзімді курстардың кең жүйесі,
мамандықты жетілдіру мектептері, училищелер мен техникумдар, қала
орталықтары мен ӛнеркісіп орындарының шефтік кӛмегінің арқасында
социалистік ауыл шаруашылығы үшін бұрынғы кӛшпелілер мен жартылай
кӛшпелілерден жаппай білікті кадрлар даярлауды енгізгенін негіздеді [287, 85
б.]. Зерттеуші мамандарды даярлауда орталықтардың орны ерекше болды деген
кӛзқарасын білдіреді.
1930-шы жылдары ауыл шаруашылығы үшін ұлттық мамандардың
даярланғандығы жӛнінде нақты салыстырмалы цифрлардың жоқ екендігін
айқындый отырып, 30-шы жылдардың екінші жартысында мұндай кадрларды
даярлауда үлкен алға басушылықтар байқалып, олар қазақ қана емес, кӛп ұлтты
колхоздар үшін жетекші күшке айналды деп пайымдайды [287, 85 б.].
Толық орта емес және орта мектептер жүйесінің кеңеюі нәтижесінде онда
бұрынғы кӛшпелілер мен жартылай кӛшпелілердің балалары оқып, студент
қазақтардың саны артты деген мәлімет береді.
Бұрынғы кӛшпелілер мен жартылай кӛшпелілердің ұлдары мен қыздары
Москва, Ленинград, Ресей Федерациясының басқа қалалары, Украина,
Белоруссияның жоғары оқу орындарына түсуде белгілі бір жеңілдіктер алып,
Кеңес мемлекетінің 30-жылдары негізгі орталықтарында жоғары білім алу үшін
түскендердің жарты бӛлігін қазақстандықтар құрағандығын айтады. Қазақ
ССР-і үшін мамандар даярлау респубикадан тысқары аймақта ауқымы кеңейіп,
қалың қазақ арасынан жаңа қазақ кеңестік интеллигенциясы осылайша
даярланды деген кӛзқарасын кӛрсетеді [287, 91-92 б.].
Жастар ӛндірістен қол үзбей орта арнаулы және жоғары оқу орындарында
оқуын жалғастыруға мүмкіндік алып, бригадаларға педагогтардың үнемі
консультацияға шығуы үрдіске айналғандығын сараптайды. Екі жыл жұмыс
істегеннен кейін жігіттер мен қыздар оқуларын әрі қарай жалғастырғысы келсе,
осы мүмкіндікті пайдалана отырып, техникумдар мен жоғары оқу орындарына
жолдамалар алды. Тек қана бір Семей облысында 1976-1977 ж.ж. жас шопандар
бригадаларынан 184 адамның жоғары оқу орындарына түсіпті. Мемлекеттің
жастарға үндеу тастап, шопандар бригадаларында еңбек етуге шақырғанымен,
мектеп қабырғасынан жаңа ғана шыққан жастарды кейде күштеп, мәжбүрлеу
арқылы жоғары оқу орындарына жібермей қалулары талданбаған [287, 106-107
б.]. Достарыңызбен бөлісу: |