Көрініс қою: І топ Тыңшы: -О,тақсыр,хан ием, мен жаман хабар алып келдім.
Шыңғыс хан : - Айт!
Тыңшы: -Сіздің бұйрығыңыз бойынша 450 адамнан,500 түйеден тұратын саудагерлердің керуені Отырарға аттанған еді.Олар тыңшылық жүргізуі керек еді,бірақ олардың жолдары болмады.Отырардың билеушісі Қайыр хан саудегерлерден сезіктеніп,оларды өлтіруге, керуенді тонауға бұйрық берді.
Шыңғыс хан: - Бара бер! Қайыр хан бұл ісі үшін әлі жауап береді.Жорыққа дайындалыңдар!
Мұғалімнің сөзі:
«Отырар апаты» тарихта қалған ерекше оқиға болды.Қайыр ханның ісі ұрпаққа үлгі болар ,қайталанбас ерліктің көрінісі болды.
Көрініс: ІІ топ Сардар: -Хан ием,Отырардың билеушісі Қайыр хан алты ай қарсылықтан кейін қолға түсіп,тұтқындалды.Сіздің бұйрығыңыз бойынша біз оны сізге алып келдік,ол өзінің жазасын күтіп тұр.
Шыңғыс хан: -Қайыр хан арыстанша арпалысты.Мен ержүрек әрі күшті адамдарды құрметтеймін,бірақ Қайыр ханды бас имегендігі үшін қатал жаза тосып тұр.Оның көзі мен құлағына балқытылған күміс құйыңдар!
Сардар:-Хан ием! Қараша Қажип өзінің сыйын күтіп тұр!
Шыңғыс хан:-Оның өзіне лайық сыйы бар. Кім бір рет сатып кетсе,ол екінші рет тағы да сатып кетеді.Оны өлтіріңдер!
Мұғалімнің сөзі: Ал сіздер , Шыңғыс ханның шешімімен келісесіңдер ме? Сатқындыққа қалай қарайсыңдар? Қайыр ханның ерлігіне қандай баға бересіңдер? Қандай үлгі алар едіңдер?Өз пікірлерін айтқызу.
М.Шахановтың «Отырар апаты» өлеңінен үзінді оқыту.Оқушыларға
«Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не болар еді?» деген сауал тастау арқылы шапқыншылық зардаптарын еске түсіруге және өзіндік ой-пікірін туындатуға мүмкіндік аламын.
Бұдан басқа да сабақтарымда кестелер толтыру, дискуссиялық өрнек толтыру ,тест тапсырмаларының түрлері,тірек-сызба құру т.б. сияқты тапсырмалар орындатамын.
Интерактивті оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған оқыту.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.
Қазіргі таңда мұғалім жұмысының нәтижесі Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесімен бағаланатыны баршаңызға мәлім.2013 жылы оқушыларым Ұлттық бірыңғай тестілеуден тарих пәнінен жоғары көрсеткіш көрсетіп, 3 оқушым «Алтын белгі » иегері , 3 оқушым «үздік аттестат » иегері атанды.
Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы -білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.