2.1.3. WindowsMovieMaker
WindowsMovieMaker – дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.
WindowsMovieMaker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.
WindowsMovieMaker интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж» т.б. терминдерді кездестіреміз.
Жинақ. WindowsMovieMakerбағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ WindowsMovieMakerбағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде орналасқан.
Жоба — раскадровкада және уақыт шкаласында қосылған аудио-бейнеклиптердің, бейнеауысым, бейнеэффект сол сияқты титрлардың орналасуы мен уақыты туралы мәліметтерден тұрады. WindowsMovieMaker бағдарламасында сақталған жоба файлының типі .mswmmболып табылады. Сақталынған жоба файлына өзгеріс енгізу, толықтыру үшін соңғы сақталған жерде ашу керек.
Шығыс файлы – бұл ағымдағы жобада импортталған мультимедиа (мысалы, аудио немесе бейнефайлдар) немесе кескін файлы. WindowsMovieMaker бағдарламасындағы көрсетілетін дайын клип – бұл шығыс файлының көшірмесі емес көрсетілімі. Жоба дұрыс жұмыс жасау үшін жоба атын ауыстыру, өшіру немесе басқа орынға ауыстыру ұсынылмайды.WindowsMovieMaker бағдарламасында жоба монтаждалып біткеннен кейін оны фильм сияқты сақтауға болады.WindowsMovieMaker-де жазылғандар мазмұны WindowsMedia форматында сақталады.WindowsMovieMaker жобасында келесі типтегі файлдарды импорттап қолдануға болады:
Аудиофайлдар: AIF, AIFC, AIFF, ASF, AU, MP2, MP3, MPA, SND, WAV, WMA.
Кескін файлдары: BMP, DIB, EMF, GIF, JFIF, JPE, JPEG, JPG, PNG, TIF, TIFF, WMF.
Бейнефайлдар: ASF, AVI, M1V, MP2, MP2V, MPE, MPEG, MPG, MPV2, WM, WMV.
Орындаған: Умирзакова А. К.
Достарыңызбен бөлісу: |