Интонация, модальдылық, предикаттық белгілерді оқыту әдістері



бет2/5
Дата02.03.2023
өлшемі30,62 Kb.
#71335
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Интонация

Ұзақтылық – интонацияның уақыттық компоненті. Сөйлемнің айтылу ұзақтылығы қарқынмен тығыз байланысты.
Сөз ішіндегі бір буынның үлкен ұзақтылықпен айтылуы интонациялық зерттеу үшін барлық жағдайда маңызды бола бермейді. Мысалы, әскер басшысының сапқа: :а тұр бұйрығын созып айтуы әскердің қимылды орындауға жіберетін уақытын ескергеннен туындап, бұл жерде ұзақтылықтың өзгеруіне белгілі бір жағдайдың шарттары себепші болып тұр. Ұзақтылық сөйлеушінің эмоциясы мен кейбір құбылыстар көрінісін білдіруге қатысады. Мысалы, «міне қызы: :ық» немесе «со: :олай деңіз» сияқты тіркестер ішіндегі сөздің бір буынының созылыңқы айтылуы сөйлеушінің көңіл-күйіне қарай бірінші жағдайда таңырқаудың, екіншісінде – мысқылдың белгісі болуы мүмкін. Сондай – ақ, кейбір құбылыстарды көз алдымызға елестету үшін, мысалы, «та: :аудай бол!» немесе әрекеттің ұзақ уақыт аралығында іске асқанын жетізу үшін, мысалы, «кө: :өп күттім», сөздің бір буыны созылыңқы айтылуы мүмкін.
Қазақ тілінің ритмикалық топтарының ара жігін ажыратуға қатысатын интонациялық шамалардың ең маңыздысы ұзақтылық екені белгілі. Ритмикалық топ термині қазақ тіл білімінде ырғақтық топ деп айтылып жүр. Мәселен, Т.Сайрамбаев «Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» атты еңбегінде сөйлем ішіндегі сөз тіркесіне біріккен сөздердің ырғақтық топ құрап тұратынына назар аударды. Зерттеу жұмысының тілдік материалына қысқартылған қосқұрамды құрмалас сөйлемдер алынғандықтан, олардың синтагмалары көлемі жағынан (кемінде үш буыннан тұратын сөз немесе сөз тіркесі ырғақтық топ құра алады) бір немесе екі ырғақтық топқа ғана жіктеледі. Ал олардың ара жігін белгілеуші универсалды фонетикалық құрал ритмикалық екпін болып табылады. Бұл ұзақтылықтың конститутивтік қызметіне жататын болса, сөйлемдегі ой екпінінінің фонетикалық тәсілдерінің бірінен табылатыны интонациялық қызметін айқындайды. Жұмыста сөйлеу процесіндегі емес, арнайы дикторлардың стилдік тұрғыдан бейтарап сөзі қарастырылатын болған соң, ұзақтылық – эмоциялық немесе экспрессиялық қызметінен емес, конститутивтік қызметінен көрінеді. Сонымен бірге интонацияның бұл компоненті әуен, интенсивтілік мәндерімен бірігіп, ой екпіні түскен буынды ерекшелейді. Бірақ ой екпінінің негізгі көрсеткіші интенсивтілік екені жоғарыда айтылған болатын, сондықтан зерттеу жұмысында оның критерийіне буынның созылыңқылығы емес, мол интенсивтілігі алынады. Сонымен ұзақтылық қазақ тіліндегі ритмикалық топтар мен синтагмаларыдң ара жігін белгілейтін екпінді құраушы құрал ретінде синтагманың, ритмикалық топтың соңғы (соңғының алдындағы) буынында тұрақты түрде көрініп отырады. Осы себептерге байланысты талдау барысында интонацияның бұл компоненті арнайы қарастырылмады, оның өзгерістері жайында әуен мен интенсивтілік өзгерістерінің талдауында баяндалып отырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет