Интонация, модальдылық, предикаттық белгілерді оқыту әдістері



бет1/5
Дата02.03.2023
өлшемі30,62 Kb.
#71335
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Интонация


Интонация, модальдылық, предикаттық белгілерді оқыту әдістері

1. Сөйлемге тән интонациялық компоненттер, олардың қызметі. Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы интонацияға қатысты оқу мақсаттары, оларды оқыту әдістері.

Интонацияны синтаксистен тыс зерттеудің мүмкін еместігі ақиқат. Бірақ зерттеудің мақсаты интонацияның тілдің дербес деңгейі ретіндегі синтагмалары өзара тығыз сематика-синтаксистік байланыста қолданылған фразаларды қарастыру. Осы мәселеге, сонымен бірге интонация компоненттерінің сөйлемдегі қызметтеріне біраз тқтала кету құрыс болады. Соңғы еңбектерде аталмыш құбылыс тілдің дербес деңгейі ретінде интонология саласында қарастырылып жүр. Құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты интонация сөйлемді құрмаластырудың бір тәсілі ретінде алынып жүр. Әрине, интонация синтаксиске тікелей қатысты құбылыс. Бірақ бұлай деп айтпас бұрын, сөйлемнің интонациясыз коммуникативтік қызмет атқара алмайтынын ескеру керек сияқты. Осы мәселе жайында К.Л.Цеплитис былай дейді: «При определении интонации ссылка на проедложение, и вообще на синтаксические явления возможна лишь в таких лингвистсческих системах, где последние толкуются без привлечения понятия интонации». Сөйлем ауызекі тілде (устная речь) тек интонация арқылы өңделіп, аяқталған ойды, сөйлеушінің хабарға қатысын білдіре алады.


Демек, интонация – лингвистикалық зерттеуді қажет ететін, өзіндік мағынаға ие бірліктері бар, дербес деңгей ретінде қарастырылатын күрделі құбылыс.
Интонацияның тілдік құбылыс екенін оның атқаратын қызметтері дәлелдей түседі. Бұл мәселені әр ғалым әр түрлі шешіп, оның түрлі қызметін көрсеткен. Жұмыста Л.Р.Зиндердің топшылауын ғана қарастыру дұрыс саналды. Ғалым интонацияның қызметтерін коммуникативтік және эмоционалдық деп аталатын екі үлкен аспектіде көрсетеді. Интонацияның коммуникативтік қызметіне: 1) сөзді сөз бөліктеріне жіктеу, 2) сөйлемнің коммуникативтік түрлреін ажырату, 3) актуалды мүшелерге бөлу, 4) сөйлемнің аяқталғанын / аяқталмағанын көрсету жатады. Сөйлеушінің айтылған ойға қатысын сөйлемнің мазмұнын өзгертпей-ақ интонация арқылы бере алатыны оның эмоциялық қызметіне негіз болады. Мысалы, Қыс келді деген сөйлемді интонацияның ғана көмегімен әр түрлі эмоцияда айтуға болады.
Егер интгнациян тілдік қызметі болса, ол тілдің қай деңгейіне қатысты қарастырылу керек? Бұл сауалға жауап іздеген ғалымдар аз емес. Олардың бірі – интонацияны дыбыстық құбылысқа негізделіп, өзіндік қызметтері болған соң, фонологияға қатыстырса (С.И.Карцевский), екіншілері синтаксистің бір тәсілі ретінде түсіндіреді (А.М.Пешковский). бірақ соңғы жылдары интонацияға жаңа көзқарас қалыптасты. Интонацияның фонологиялық деңгейге үйлеспейтін құбылыс екенін оның соңғы 20-30 жылдың ішінде анықталған бірліктерінің сипаты дәлелдей түсты. ХХ ғасырыдың екінші ширегінде бұл мәселенің бір жағы Н.С.Трубецкойдың еңбектерінен көрінген болатын. Егер фонологияның бірлігі фонеманың тұрпат межесі ғана болып, ол өздгінен еш мағынаны бермейтін болса, интонемаларыдң тұрпат межесі де, мазмұн межесі де бар. Сондықтан олар таңба бола алады. Ал интонацияны синтаксиске байлаулы, тек соның құралы ретінде көрінеді деп санайтын ғалымдар интонация бірліктерінің сөйлемде ғана ажыратылатынын арқау етеді. Бұл әрине дұрыс: интонацияның бірліктері белгілі бір семантика-синтаксистік қатынастағы сөз бөліктерінде көрінеді. Бірақ олардың предикаттық қатынаста немесе грамматикалық тұлға арқылы жасалуы барлық жағдайда да міндетті емес. Мысалы, - Кім келді? – Айжан. – Айжан? деген диалогтағы соңғы сөйлем сұраулы. Бірақ оынң коммуникативтік түрі синтаксистік емес, интонациялық тәсілдер арқылы белгілі болып тұр. Тағы бір мысал – Мынау қандай әріп? – «А». Бұл мысалдағы оқушының жауабы сөйлем категориясына жатады ма? Қалай болғанымен де, осы бір әріптен ғана тұратын сөз бөлігі аяқталған хабарлы ойды беретін сөйлем ретінде тек интонация арқылы өрнектеліп тұр.
Сонымен, интонацияны фонология мен синтаксис саласында емес, бөлек қарастырып, зерттеу қажет екені көрінеді. Бұл тұрғыда интонология деп аталатын тіл ғылымындағы жаңа саланы айтып кету керек. Интонология интонацияны басқа тілдің деңгейлері қатарында дербес етіп алып зерттейді. Интонация – тілдің сегменттік деңгейінің үстінен параллель келіп жататын суперсегменттік деңгей деп түсіндіріліп жүр. Бұл жерде просодика мен интонацияның арасын ажыратып алу керек. Себебі екеуі де суперсегменттік деңгейді құраушы құбылыс, бірақ олардың арасында үлкен айырмашылық бар. Просодика интонациядан кең ұғым. Ол фонемадан үлкен барлық бірліктердің фонетикалық сипатын қамтиды. Ал интонация – қарапайым сөзбен айтқанда тек «синтагма мен сөйлемнің просодикалық құрылуы тәсілдері болып табылады». Сонымен бірге просодиканың бірліктеріне интонацияны құраушы жеке компоненттердің өзгерістері негіз болады, мысалы, тонема (әуен), акцентема (интенсивтілік), хронема (ұзақтлық). Сонымен бірге олар сөз бөліктерінің просодикалық ұйымдасуының құралдары ғана, ал интонация ұғымына мазмұндық аспектінің де жататыны белгілі.
Интонацияның тілдік жүйедегі орны – арнайы тоқталуды қажет ететін мәселенің бірі. Жұмыста интонацияны тілдік деңгей деп көрсететін интонолог-ғалымдарыдң ой-тұжырымдары басшылққа алынды. Мұны тілді қолданушының санасында қалыптасқан интонацияның таңбалық қасиеттегі бірліктерінің – интонемаларыдң болуымен түсіндіріп, дәлелдеуге болады. Бірақ бұған қарамастан, интонацияның тілдік статусы шешімін күткен даулы мәселе қатарында қаралады. Дау туғызып жүрген – интонеманың басқа тілдік деңгейлер бірліктерінен ерекшелігі. Тілдік жүйеге кіру үшін тілдік деңгейдің ең кіші бірлігі басқа деңгейдің бірлігінен құралып, сапалық жаңа единица жасалу керек және де ол единица өз кезегінде келесі деңгейдің бірлігін құраушы болу керек екені анық. Мысалы морфема фонемадан құралады. Бұл жерде, әрине, ол фонемалар жиынтығы емес, сапалық жағынан жаңа бірлік. Бұл тұрғыда мағыналық және тұрпаттық көріністері болған соң интонемаларды морфемаға, ал оларды құраушы просодемаларды тек тұрпаттық көрінісі бар фонемаға ұқсатады. Міне, осы тұста интонемаларыдң ерекшеліктері көрінеді: интонемалардың құраушы просодемалар морфемаларды құраушы фонемалар сияқты басқа деңгейдің емес, сол бір ғана суперсегменттік деңгейдің бірліктері. Сонымен бірге интонацияның кей жағдайда грамматикалық тәсіл ретінде жұмсалуы («принцип замены», өтем заңы) болмаса, оның ажырататын мағыналары көбінесе сөзге қатысты және де жоғарыда сөз болғанындай интонация тек сөйленімде көрініс табады. Ал сөйленім тілдік бірлік пе, сөз бірлігі ме, егер сөз бірлігі болса, онда оны тілдік деңгейге енгізу дұрыс деген пікірмен келісу керек пе, жоқ, әлде соңғы жылдары өріс алған үрдіс бойынша оны тілдік те, сөздік те құбылыс қатарына жатқызбай мәтін лингвистикасының аумағында қарастыру керек пе деген сауалдар («фразовая интонация не входит в систему языка в качестве одного из его уровней, а<…>является одним из трех типов средств, создающих высказывание. Эти средства осуществляют коммуникативные установки – категории грамматики текста» осы күні тіл білімінде өз шешімін күтіп тұр.
Интонацияны дербес қарастыру – оны тілдің басқа деңгейлерімен байланысы жоқ, өздігінен өмір сүретін құбылыс деп түсінуге болмайтынын, просодика фактілері сөйлеу тілінің сегменттік деңгейіне параллель келіп, сегменттік жүйе интонацияның физикалық негізін құрайтынын айтып кеткен орынды. Демек, просодикалық құрылымның сегменттік құрылымдағыдай өзіндік иерархиясы, бірліктері бар; олар сегменттік деңгей бірліктерінің үстінен өрнектеліп қана көрінісін табады. Бұдан интонация мен сегменттік фонетиканың тығыз байланысы байқалады.
Интонацияның ең басты компоненті - әуен акустикалық тұрғыдан дауыс негізгі тоны жиілігінің өзгерісінен тұрады. Берілген сөз бөлігінің (речевой отрезок) негізгі тон жиілігінің ең жоғары және ең кіші мәндерінің айырмасы тоналды диапазон ұғымын береді. Сөз бөліктері маңыздылығы мен диапазоны арасындағы байланысты З.М.Базарбаева төмендегідей анықтады: «Эмоциялық мағыналы сөйлемдердің тоналды диапазоны көбінесе көлемді сипатта болып келеді. Бұған лепті сөйлемдердің тоналды диапазоны жатады. Мысал ретінде түрлі ұрандарды келтіруге болады. <...> Сөйлемнің ішіндегі қыстырма сөз болсын, тіпті үлкен қыстырма конструкциялар да, бәрі бірдей өзінің диапазонының көлемсіздігімен сипатталады. <...> олардың мазмұнының қосымша ғана информация беріп тұрғаны айқын байқалады». Сонымен қатар сөйлемнің құрылымды-коммуникативтік типтерінің әрқайсысының тоналды диапазон мәндері ерекшеленеді. Хабарлы сөйлемдер диапазоны – тар, сұраулы сөйлемдерде – орташа болса, лепті сөйлемдерде кең көлемді болып келеді. Екі тонның интервалы ең жоғары жиіліктің кішісіне қатысымен анықталады. Егер бірінші тұрған синтагма жілігінің соңғы нүктесінің мәні екіншісінің бастапқы нүктесі мәнінен кем болса, тоналды интервалы болымды, ал артық болса, болымсыз болып табылады. Сонымен, екі синтагманың алғашқысы тиянақты әуен контурымен өрнектелсе, олардың интервалы болымды, ал тиянақсыз контурмен берілсе, болымсыз болады. Тиянақты әуен контурымен көбінесе сөйлемнің соңғы синтагмалары немесе басқаларынан семантикасинтаксистік жағынан дербес тұрған бөліктері сипатталады. Тиянақсыз әуен хабарлы сөйлемдердің алғашқы синтагмаларына тән болып келіп, ойдың аяқталмағандығының белгісі ретінде көрінеді, әйтпесе жалпы сұраулы сөйлемде дауыс көтерілгенін білдіріп тұрады.
Әуеннің негізгі лингвистикалық қызметіне бүтін мәтінді (бұл паузаның да қызметтерінің бірі) синтагмаларға, ритмикалық топтарға, сөздерге бөлуі (мысалы, синтагмалар ара жігі әуен контурының өзгеруімен анықталады); сонымен қатар осы бөліктерді бір бүтін етіп байланыстыруы (синтагма соңында тонның көтерілуі немесе сәл бәсеңдеуі көбінесе ой аяғы бар екенін, келесі сөз бөлігінің берілген бөлікпен тығыз мағыналық синтаксистік қатынаста екенін білдіреді); сөйлемнің коммуникативтік типтерін ажыратуға қатысуы (сұраулы сөйлемнің негізгі тон жиілігі көбінесе көтеріңкі, болмаса бәсең-көтеріңкі, ал хабарлы сөйлемдікі көтеріңкі-бәсең контурмен ерекшеленеді); басқа интонация компоненттерімен бірге сөйлемдегі, синтагмадағы мағынасы маңызды сөзді айқындауы жатады.
Интенсивтілік немесе дыбыс күші деп дыбыс ағынының тығыздығын, яғни белгілі бір уақыт аралығында дыбыстың таралу бағытына перпендикуляр келетін аудан көлемінен өтетін энергия мөлшерін айтамыз. Оның өлшем бірлігіне децибелл алынады. Бұл интенсивтіліктің физикалық сипаты. Акустикалық тұрғыдан интенсивтілік басқа интонация компоненттерімен бірігіп (әуенмен) дауыс қаттылығының негізін құрайды. Интенсивтіліктің негізгі тілдік қызметіне сөйлемнің ішіндегі бір сөзді даралауы жатады. Фонетикалық ерекшелеу екпінмен тығыз байланысы болғандықтан, Л.Р.Зиндер интенсивтілік жайында сөз қозғағанда негізінен екпінге тоқталған. Ол сөз екпінінен басқа сөйлем ішінде болатын ой екпіні, синтагмалық, эмоциялық екпіндер мен олардың орны жайында айта келе, екпіннің бұл түрлері тек фразалық – сөйлеу ритмін құраушы екпін ішінде ғана іске асатынына көңіл аударды. Мұндағы синтагмалық екпін синтагманың соңғы буынына түседі де, оны мағыналық, фонетикалық тұтастық ретінде көрші синтагмалардан бөліп тұрса, ой екпіні сөйлемді актуалды мүшелеуге қатысып, логикалық предикатты, реманы анықтап отырады. Бұлардың алғашқысы сөйлемде міндетті түрде кездеседі, себебі онсыз синтагма мағыналық бүтін ретінде көріне алмас еді. Ал соңғысы тілдік немесе контекстік жағдайлар қажет еткен кезде қолданылады. Интенсивтіліктің эмоциялық ерекшелеуге қатысуы эмоциялық екпін арқылы іске асады.
Фразалық екпін Л.Р.Зиндердің анықтауы бойынша интонацияның бір элементі болып табылады: «В потоке речи ударные слова включаются в ткань интонации как ее элемент. В этом смысле его можно назвать фразовым ударением. Оно накладывается на тот или иной интонационный контур, внося определенное разнообразие в его рисунок. Именно фразовое ударение образует ритм речи». Бұған қатысты Л.К.Цеплитистің ойы жоғарыдағы пайымдаулардан өзгеше берілген ол интенсивтіліктің интеллектуалды қызметіне сөздің маңызды бөлігін ерекшелеуін алған (сөйлемнің мағынасы жағынан маңызды сегменттерде интенсивтілік өсе түседі). Автор интонацияның бұл компонентінің валюнтативтік қызметіне бұйрықты сөйлемдердің интенсивтілігінің үлкен болуын, ал эмоциялық қызметіне айтушының көңіл-күйіне қарай оның мәндерінің өзгеруін жатқызады, сонымен бірге синтагманың интенсивтілік сызығының бойында жоғары мәнде тұратын сөздің болуы шартты жағдай деп көрсетеді. Л.Р.Зиндер иеиреация элементтерінің бірі ретінде – фразалық екпінді, ал Л.К.Цеплитис – ой екпінін алғанын көреміз. Латыш зерттеушісі интонациялық мәні қолданыста ашылатын ой екпінін сөздердің ара жігін белгілеп, оларды мағыналық топтарға біріктіріп тұратын синтагмалық екпінмен салыстыра отырып, екі екпіннің әр түрлі тұрғыдағы (план) құбылыстар екенін ашып көрсетеді. Автор зерттеу мақсаты сөз бөліктерінің конститутивтік құрылымымен байланысты болса, синтагмалық екпінге тоқталу керек те, талдау нысаны интонация болған жағдайда, тек ой екпінін қарастыру керек деп қорытады. З.М.Базарбаева интенсивтіліктің келесі ерекшеліктерін анықтайды: «Дауыстылар неғұрлым синтагманың аяғына жақын тұрса, олардың интенсивтілігі соғұрлым азая түседі. Бұл жағдай сөйлемдегі интенсивтіліктің жалпы контурының жоғарыдан төмендейтінін көрсетеді. Егер де осы жалпы контурдың сызығында акценттелген сөздер болса, олар сонымен байланысты күшейеді. Сондықтан сөздің акценттелуі мен интенсивтілігінің арасында тығыз байланыс болады. <...> Бірақ <...> сөздің логикалық акценттелуіне әсер ететін басқа да фонетикалық тәсілдер бар. Оларға тонның көтерілуі мен ұзақтылық жатады». Бұл ойдың негізіне интенсивтіліктің интонациялық мағынаға ой екпінмен байланысы жайында айтылмаған. Мұның себебі тіліміздің ритмикалық құрылысының ерекшелігінде жатыр. Қазақ тілінде орыс тіліндегідей әр бір сөзге түсетін екпін жоқ, сөздер француз тіліндегідей ритмикалық топтарға бірігіп, олардың соңғы буындарына ритмикалық екпін түсіп отырады. Мұны алғашқы болып А.Байтұрсынұлы айтып кетсе, Ә.Жүнісбеков тіліндегі екпіннің осы ерекшелігін экспериментті түрде дәлелдеп, оның физикалық сипатын анықтады. Сонымен синтагмалық екпін синтагманың соңғы буынына түсіп, ол басқаларынан ұзақ айтылады, ал интенсивтілік ой екпінінің маңызды көрсеткіші. Ой екпіні сөйлемнің жалпы интонациялық контуры сызығына әсер ететін негізгі элементтерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет