Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру пәні бойынша


Бақылау жұмысының құрылымы



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі125,5 Kb.
#13408
1   2   3   4
Байланысты:
экон талдау бақылау жұмысы

Бақылау жұмысының құрылымы
Маржиналды  табыс - өнімді өндіруден түскен табыс(ҚҚС пен акцизді қоспағанда).Маржиналды табыстың деңгейі жоғары болған сайын,тұрақты шығындар жылдам өтеледі.
Бақылау жұмысының көлемі. Бақылау жұмысы компьютерде терілген 19 бетте баяндалған.

Маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдістемесі.

Маржиналдық талдау – бұл сату көлемі,өзіндік құн  мен пайда арасындағы себеп-салдарлық  байланысқа негізделіп және шығындарды тұрақты мен айнымалыға бөле отырып, бизнестегі басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау мен негіздеу әдістемесі.

1.Маржиналды  талдау негізінде ең алғаш басқару  шешімдерін негіздеу әдісі ең алғаш 1930 жылы американдық инженер Уолтер Раутенштрах ойлап тапқан.Әлемге “өндірістің критикалық көлемінің  графикасы ”ретінде танымал.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бизнестегі басқару шешімдерін қабылдауда қолданылады.Бұл әдісті “Зиянсыздық талдауы” немесе “Кіріске әсер ететін себептер” талдауы деп те атайды.

Маржиналды  талдау кәсіпкерге,кәсіпорын басшылығына  кәсіпорынның ағымдағы жағдайына сенімді баға береді, және ол келесідей сұрақтарға жауап береді:

1.      Ақша қаражаттарының қайнар көзі мен жалпы сомасы

2.      Кәсіпорын нақты қандай мақсатта, қанша мөлшерде шығындалады?

Яғни,бұл талдау негізінде ақша қаражаттары мен  капиталдың тиімді қолдану жолдары анықталады.Маржиналды талдау негізінде басқару шешімдерін нақтылайтын үш маңызды экономикалық көрсеткіштің арақатынасын айқындайды.Олар:шығын көлемі,өндіріс көлемі,пайда көлемі.

Басқару шешімдерін қабылдаудағы маржиналды талдау келесілерді анықтайды:

·      Сатылымдардың шығынсыздық көлемі,рентабельділігі

·      Тұрақты шығындардың критикалық көлемі

·      Тұрақты және ауыспалы шығындардың бағамы

·      Өнім ассортименті

·      Жаңа өнімдердің нарықтық бағасы

·      Өнім өндіру технологиясы мен қосымша тапсырыстарға баға береді

Басқару шешімін  қабылдаудағы маржиналды анализ 6 кезеңнен тұрады:

·      Ақпаратты өңдеу,жинау,талдауға дайындау

·      Өнімді өңдеуге кеткен тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасын анықтау

·      Талданатын көрсеткіштер ауқымы

·      Талданылып жатқан қөрсеткіштердің салыстырмалы және факторлы талдауы

·      Барлық көрсеткіштердің өсуі мен кемуіне болжам жасау

·      Табыс пен шығынды бөлу

Маржиналды  талдау бойынша есеп жүргізудің шарттары:    

 Шығындарды 2 бөлу:

1)Тұрақты шығындар - өнімді өндіру көлемі релеванттылық  шегінде өзгермейтін шығындар.

2)Ауыспалы шығындар - кәсіпорынның өндіріс күші мен  өнімге сұранысына,диапазонына байланысты  өнімді өндіру көлеміне пропорционалды  өзгеретін шығын.

Маржиналдық талдаудағы басқару шешімінің негізгі функциялары:

1.Бағыттаушы функция-шешім ұзақ мерзімді стратегияның арқасында қабылданып,кешенді тапсырмалармен нақтыланады.Яғни,бұл:жоспар,қадағалау ұйымы,мотивация

2.Үйлестірушілік функция - өнімге байланысты шешімдердің мерзімі мен сапасына жауап береді.

3. Мотивті функция – ұйымдастырушылық шараларға жауапты функция. Оған: бұйрықтар, қаулылар, экономикалық стимулдар (сыйақы, жалақы үстемелер, әлеуметтік бағалау) жатады.

Маржиналды  табыс - өнімді өндіруден түскен табыс(ҚҚС пен акцизді қоспағанда).Маржиналды табыстың деңгейі жоғары болған сайын,тұрақты шығындар жылдам өтеледі.

Қәсіпорынның  маржиналды табысы  өткізуден түскен табыс пен ауыспалы шығындардың арақатынасы арқылы анықталады:

МТ=ӨӨТ –  АШ

Маржиналды табыс немесе маржа тұрақты шығындарды өтеп,пайда алуды көздейді.Басқаша айтқанда,тұрақты шығындар сомасымен бірге өнімді сатудан түскен табыс – кәсіпорынның маржиналды табысы болып табылады. 

 

МТ=ӨСТТ – ТШ 



Маржиналды  талдаудың мақсаты - өнімді сату көлемін анықтау,соның ішінде өнімді сатудан түскен пайда, оның нақты өзіндік құнына тең болуы тиіс.Сондықтан да маржиналды талдау тек қана басқару шешімдерін емес,кәсіпорынның баға саясатынданда да қолданылады.

Қорыта келе, маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдісі экономикалық көрсеткіштер арақатынасын және оларға әсер ететін факторларды нақты зерттеуге мүмкіндік береді.Нақты көрсеткіштер негізінде ұйым басшылары болашақта нәтижелі болатын шешім қабылдайды.

1. Экономикалық талдаудың  негіздері. Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп  жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.

 

     Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның  өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Экономиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады.



Экономикалық  талдаудың пәні–экономикалық ақпарат  жүйесінде көрніс табатын, субъективті  және объективті факторлардың әсерінен пайда болатын, ұйымның шаруашылық процестері, олардың қызыметінің әлеуметті-экономикалық тиімділігі мен соңғы қаржылық нәтижелері болып табылады.

Себепті салдарлы байланыстарды жіктеу, бір жүйеге келтіру, үлгілеу және есептеу оның басты әдістемелік мәселесі және пәні.

Экономикалық  талдау пәнінің талдау объектісінен айырмашылығы онда ғылым үшін шаруашылықтың басты белгісімен маңызды қасиеті болып шаруашылық қызметінің ішіндегі құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысы мен өзара тәуелділігі.

Экономикалық  талдаудың объектілері деп шаруашылық қызметінің нәтижелерін айтамыз: кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнімді өндіру мен өткізу, өзіндік құны, еңбек, қаржы ресурстары, т.б

Экономикалық  талдау міндеттері

Ұзақ мерзімді және ағымдық жоспарларды ғылыми негізде және оның орындалуын бағалау

Шаруашылық қызметінің түпкі нәтижесіне әсер етуші ішкі және сыртқы, объективті және субъектиті факторларды анықтау

Өндірісті жақсартуға, өзіндік өқнды азайтуға оң әсерін тигізуші, бірақ осы уақытқа дейін қолданылмай келген резервтер көзін ашып, оны іске қосу

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі бойынша жоспардың орындалуына, экономиканың даму дірижесіне, кәсіпкерлік даму деңгейіне әділ баға беру

Материалдық, еңбек, қаржы ресурстарының экономикалық тиімді пайдалануын анықтау.

Экономикалық  талдау қағидаттары 

Нақтылылық-талдау қолдағы нақты мәліметтер негізінде жүзеге асырылады, сондықтан нәтижесі сандық көріністе болады.

Толық қамтылуы-объектілерді толық қамту.

Жүйелілік экономикалық-құбылыстарды жеке дара емес, оларды өзара байланыстылықта талдау.

Ұдайылық-талдауды анда санда емес, белгілі бір уақыт мерзімі аралығында тұрақты жүргізіп отыру.

Ғылымилық-талдау жүргізуде ғылыми тұрғыдан негізделген әдістерді қолдану.

Жарамдылық-талдау нәтижесінде алынған мәліметтер бойынша жасалған қорытындылар басқару шешімдерін қолдануға жарамды болуы.

Тиімділік-талдауды жүргізумен байланысты шығындардың талдау нәтижесінде алынған табыстан аз болуы.

Экономикалық  талдауды ұйымдастыру. Экономикалық талдаудың тиімді жүргізілуі ол жұмыстың қалай ұйымдастырылғанына байланысты. Бұл жұмысты ұйымдастыратын экономикалық қызмет бөлімі. Сонымен қатар талдауға өндірістік бөлім, жабдықтау, өткізу, маркетинг, техникалық бақылау, т.б. бөлімдер қатысады.

Экономикалық  талдау жүргізу кезеңдері:

ЭТ объектілері мен субъектілері анықталып, міндеттемелерді бөлісу

Талдау жұмыстарын жоспарлау

ЭТ әдістемелік құралдармен және ақпараттармен қамт/з ету

Талдау қорытындыларын шығарып, құжаттарды ресімдеу

Талдау қорытындысы бой. жасалған ұсыныстар мен өндіріске енгізуге берілген ішкі резервтердің іс жүзінде орындалуына бақылау орнату

Экономикалық  талдауды ақпараппен қамтамасыз ету.

Ақпарат көздері:

Нормативті жоспарлы

Есептеуші сипаттағы ақпарат көздері

Есептеу мәліметтерінен тыс ақпарат көздері деп үш түрге бөлінеді.

Нормативті  жоспарлы ақпарат көздеріне :

Жоспардың барлық түрі

Нормативті материалдар

Есептеуші сипаттағы  ақпарат көздеріне:

Бухгалтерлік есеп және есептілік

Статистикалық есептіліктер

Жедел есеп және есептіліктер

Есептеу мәліметтерінен тыс ақпарат көздері

Президент, укімет заңдары, қаулылары

Шаруашылық құқықтық құжаттар

Ғылыми техникалық құжаттар

Кәсіпорынның негізгі контрагенттері туралы ақпараттар

Нарық коньюктурасы.

 

2.Экономикалық  талдаудың әдістері мен тәсілдері. 



Әдіс-грек тілінен аударған кезде бір нәрсеге жету жолы, қазіргі түсінігі мақсатқа жету тәсілдері.

Әдіс-әр ғылымның өз пәнін зерттеу барысында қолданатын пайымдау немесе іс қимыл операцияларының жиынтығы, яғни белгіленген реттілікпен жүргізілетін процедура немесе технологиялық үдеріс.

ЭТ әдісі  экономикалық субъектілерді тану, зерттеу  тәсілдері ретінде реттілікпен  орындалатын бірнеше жұмыс түрлерінен, іс қимылдарынан және уақыт кезеңінен тұрады.

ЭТ әдістерінің  екі жағын қарастырамыз

ЭТ технологиялық кезеңдері

ЭТ тәсілдері.

Бірінші жағы: ЭТ технологиялық кезеңдері 

ЭТ мақсаты, міндеттері анықталып істелінетін жұмыстар жоспары жасалады.

Шаруашалық жұмыстарын сипаттаушы аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштердің жүйесі құрылады.

ЭТ қажет ақпараттар жинақталады, тексеріледі, қолдануға дайындалады.

Дәстүрлі логикалық талдау жүргізіледі.

Факторлық талдау жүргізіледі.

Факторлық талдау нәтижесінде анықталған ішкі резервтерді іске қосу және жіберілетін кемшіліктерді жою іс шаралары қарастырылады.

Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстарына баға беріліп, кәсіпорынның қызметін жақсартудың жолдары қарастырылады.

Екінші  жағы: тәсілдері 

Дәстүрлі логикалық   талдау әдісі, оны жүргізу тәсілдері:

Баланстық тәсіл

Эвристикалық тәсіл

Салыстыру тәсілі

Индекстік және корреляция тәсілдеріне басқа статистикалық тәсілдердің барлығы.

Факторлық талдау тәсілдері 

Жеке факторлар әсерін тізбектегі орналасуына қарай талдау

Абсолютті айырма

Салыстырмалы айырма

Индекстік тәсіл

Интегралдау

Логарифмдеу

Пропорционалдық тәсіл

Стохастикалық факторлық талдау

Дисперсиялық

Коррелляциялық, т.б.

Дәстүрлі әдістердің ішінде ең кең тараған әдісі салыстыру  әдісі. Салыстырудың бірнеше жолдары бар:

Болжаммен (жоспармен) салыстыру

Өткен жылмен салыстыру

Сала бойынша орташа мәліметтермен салытыру

Ең жақсы отандық және шетел тәжірибелерін салыстыру

Бұл тәсілдердің  көмегімен экономикалық дамудың  жетерлік деңгейіжене өсу қарқыны  анықталады. Жоспармен, өткен жылмен салыстыру нәтижесінде айқындалатын ауытқудың шамасы + немесе – ие болады.

Тізбектелген  қойылымдар әдісі. Экомикалық талдаудың  барлық есептеулерінде бұл әдіс кеңінен  қолданылады. Оның мағынасы мынада: жоспарланған көрсеткіштер біртіндеп есепті жылдың көрсеткіштерімен ауысады. Ең алдыменен сандық көрсеткіштер, содан кейін сапалық көрсеткіштер ауыстырылады. Егер де екі фактордың әсерін анықтайтын болсақ үш есептеу, ал үш фактордың әсері анықталса, төрт есептеу жүргізіледі, яғни, есептеулер саны факторлар санынан біреуге артық болады.

Әрбір факторлардың әсерін анықтау үшін екінші есептеуден бірінші есептеу нәтижесін, үшінші есептеуден екінші есептеуді алып тастау жолымен анықталынады.

Бұл әдіс көрсеткіштер арасында функционалдық байланыс болған кезде факторлардың әсерін зерттеу анықтау үшін қолданылады. Бұл әдісті факторлардың саны екіден артық болған кезде қолдану тиімді.

Абсолютті айырмалар  тәсілі. Экономикалық талдауда факторлар саны екіден аспаған кезде абсолютті айырмалар тәсілі қолданылады. Бұл әдіс тізбектелген қойылымдар тәсілінің өзгертілген түрі болып табылады.

Абсолютті айырманың  оң жағына орналасқан факторлар базистік уақытта, ал сол жағына орналасқан факторлар  ағымдық уақытта келеді.

Динамика қатарлары. Экономикалық талдауда динамика қатарлары кеңінен қолданылады. Динамика қатарының әрбір жеке мәні деңгей деп аталады. Динамикалық  қатар кез келген компанияның  түсіндірме хатында кестелерді құру үшін қолданылады. Динамикалық қатардың көмегімен инвесторларға, болашақ  акционерлерге компанияның нарықта  табысқа ие, бизнесі тұрақты және бұл компанияға ақша қаражаттарын салуға болатындығын көрсетеді.

Қатысты айырмалар  әдісі. Қатысты айырмалар әдісі тек мультипликативті модельдердегі нәтижелік көрсеткіштің өсіміне әсер ететін факторлар әсерінің мөлшерін өлшеуде қолданылады. Бұл әдісте экономикалық факторлардың өсімі коэффициент немесе процент түрінде қолданылады. Осы әдістің Y=abc мультипликаторлық моделіне әсерін қарастырайық.

 

3. Факторлық  талдаудың әдістемесі 



Шаруашылық қызметімен байланысты үдерістердің барлығы бір-бірімен өзара байланыстылықта, өзара тәуелділікте болып, бірінің әсерінен екіншісі дамып, өзгеріп отырады.

Әсер етуші көрсеткіш-факторлы көрсеткіш, ал факторлы көрсеткіштің әсерінен өзгеріске ұшырайтын көрсеткішті  нәтижелі көрсеткіш деп атаймыз.

Факторлардың нітижелі көрсеткіш  көлеміне әсер етуін кешенді және жүйелі түрде зерттеу әдісін факторлық  талдау деп атаймыз.

Факторлық талдау түрлері:

Детерминантты нәтижелі көрсеткіш факторлы көрсеткіштер қосындысының алгебралық сомасы, көбейтіндісі немесе бөліндісі түрінде көрініс табады, сондықтан оны кейде функционалды талдау деп те атайды.

Стохастикалық факторлы талдау нәтижелі көрсеткішке әсер етуші бірнеше фактордың біреуі ғана өзгеріп қалғандары өзгермеуі ықтимал.

Тікелей дедуктивті жалпылама көрсеткіштен жеке көрсеткішке қарай талдау.

Тікелей емес индуктивті жеке факторлардан жалпылама факторларға қарай талдау.

Бір сатылы бірінші дәрежелі факторлардан тұрады. а*в=у

Көп сатылы а және в факторлары тағы да жіктеліп кішігірім құрамдас факторларға бөлінеді.

Статистикалық  белгілі бір уақыт мерзімінде фактордың нәтижелі көрсеткішке әсері.

Динамикалық белгілі бір мерзім ішіндегі себепті салдарлы талдау.

Ретроспективті өткен жылғы факторлар сипаттамасы.

Перспективті алдағы жылдардағы факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер өзгеруін таладу.

Факторлық талдаудың негізгі міндеті болып келесілер танылады:

Зерттелетін нәтижелі көрсеткішті анықтайтын факторларды іріктеу.

Жүйелі түрде келу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жіктеу және жүйелеу.

Факторлар мен нәтижелі көрсеткіштер арасындағы байланыс формаларын анықтау.

Нәтижелік және факторлық көрсеткіштер арасындағы өзара байланысты модельдеу.

Әсер ету факторларын есептеу және олардың әрқайсысының нәтижелі көрсеткіш көлемі өзгергендегі рөлін бағалау.

Факторлық модельмен жұмыс (экономикалық процесстерді басқару үшін оны үнемді пайдалану).

 

4. Детерминациялық  талдаудағы факторлар әдістерін  өлшеу тәсілдері



Модель-нәтижелі көрсеткіштің факторлық көрсеткіштерге тең болуы. Нәтижелі көрсеткішке бірнеше факторлар әсер етеді. Сол факторлардың қосындысы, көбейтіндісі немесе бөліндісі нәтижелі көрсеткішке тең болуы керек.

Детерминантты факторлық талдауды модельдеу түрлері:

Аддитивті модель-нәтижелі көрсеткіш факторлардың қосындысына тең болғанда қолданылатын модель.

у=а+в+с


Мультипликативті модель-нәтижелі көрсеткіш факторлардың көбейтіндісіне тең.

у=х1*х2*х3…*хn

Еселік-көрсеткіш  факторлардың бөліндісіне тең, яғни бір фактордың екінші факторға қатынасы.

у=х1/х2


Құрамдастырылған  немесе аралас модель-нәтижелі көрсеткіш  жоғарыдағы үш модельдің құрамдастырылған түрлері:

у=(а+в)/с, у=(а*в)/с, у=(а+в)*с.

 

5. Талдаудың  экономика-математикалық тәсілдері



Экономика-математикалық  әдістер  экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын  математикалық әдістерге жатады. Олар экономикалық талдауды жетілдірудің маңызды бағыты болып табылады.  Олардың талдамалық жұмыстарда қолану кәсіпорынның шаруашылық қызметі мен оның бөлімшелерінің талдауының тиімділігін арттырады.

Матрицалық  әдіс:

Бастапқы мәліметтер матрицасы. Бұл матрицада көрсеткіштер арасындағы ең үлкен мән таңдалынады.

Координаттар матрицасы. Бұл матрицада әрбір көрсеткіш ең үлкен мәндегі көрсеткішке бөлінеді.

Квадраттар матрицасы. Координаттар матрицасындағы әрбір көрсеткіш квадратталып, кейін ол мәндер қосылып оларға орын беріледі.

Өлшенген шамалар әдісі. Квадраттар матрицасындағы көрсеткіштерге балл беріліп ол көрсеткіштер сол баллға көбейтіледі. Сосын ол көрсеткіштердің жалпы сомасы анықталып, оларға да орын беріледі.

Корреляциялық (стохастикалық) байланыс – бұл жаппай бақылауда ғана байқалатын көрсеткіштердің арасындағы толық емес мүмкінді байланыс. Қос және көптік корреляцияны бөліп айтамыз.

Қос корреляция – бұл екі көрсеткіштің арасындағы байланыс: біріншісі- факторлық, екіншісі- нәтижелік.

Көптік корреляция – бірнеше факторлардың нәтижелік  көрсеткішпен өзара қатынасынан  пайда болады.

Корреляциялық зерттеуді қолданудың қажетті шарттары, жағдайлары:

Зерттелуші факторлар мен нәтижелік көрсеткіштердің шамасы жөнінде жеткілікті үлкен бақылаулар саны болуы;

Зерттелуші факторлардың сандық өлшемі және ақпарат көздерінде сипаты болуы тиіс.

Корреляциялық талдауды пайдалану келесі міндеттерді  шешуге жол береді:

бір немесе бірнеше факторлардың әсерінен нәтижелік көрсеткіштің өзгерісін анықтау;

нәтижелік көрсеткіштің әрбір фактордан тәуелділік деңгейін айқындау.

Қарапайым теңдіктің бірі - екі көрсеткіш арасындағы тузусызықтық тәуелділікті сипаттайды:

Ух = а + в*х

Мұндағы х- факторлық  көрсеткіш; У- нәтижелік көрсеткіш;

а және в- табу керек  регрессиялық теңдікьің параматрлері.

Көп факторлы корреляциялық  талдау бірнеше кезеңдерден тұрады.

Бірінші кезеңде зерттелуші көрсеткішке факторлардың ықпалы анықталады және корреляциялық талдау үшін анағұрлым маңыздылары іріктеліп алынады.  

Екінші кезеңде корреляциялық талдау қажет бастапқы ақпараттар жиналады және бағаланады.

Үшінші кезеңде нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы өзара байланыс сипаты зерттеліп, үлгіленеді және зерттелуші байланыстың мәнін анағұрлым толығырақ мазмұндайтын математикалық теңдеу таңдалып негізделеді.

Төртінші кезеңде  кореляциялық талдаудың негізгі көрсеткіштерінің байланысының есебі жүргізіледі.

Бесінші кезеңде корреляциялық талдаудың нәтижелеріне және практикалық қолданылуына баға беріледі.

 Тізбектелген  қойылымдар әдісі

Бұл әдістің  мәні жоспарланған (болжанған) көрсеткіштер біртіндеп есепті жыл көрсеткішерімен  ауысады, ең алдымен сандық көрсеткіштер, содан кейін сапалық көрсеткіштер ауыстырылады. Егер де екі фактордың  әсері анқыталатын болса, онда үш есептеу жасалады, ал егер үш анықталатын фактор болса, онда төрт есептеу жасалады. Яғни есептеулер саны факторлар санынан біреуге артық болады.

Әрбір фактордың  әсерін анықтау үшін екінші

есептеу  нәтижесінен бірінші есептеу  нәтижесін, үшіншіден екіншіні, яғни соңғысынан алдығысын алып тастау жолымен анықталады.

Бұл әдісті қолдану  тиімді болады, егер факторлар саны екіден артық болса.

 

Абсолюттік  айырмалар әдісі



Экономикалық  талдауда факторлар саны екеуден  аспаған кезде абсолюттік айырмалар  әдісі қолданылады. Бұл тәсіл  тізбектелген қойылымдар әдісінің өзгертілген түрі болып табылады.

 


Көрсеткіштер 

Жоспарланған 

Есепті кезең

Ауытқу 

Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам

34

32

–2

Бір жұмысшының орташа еңбекақысы, мың тг

114,735

123,375

8,64

Еңбекақы қоры, мың тг

3901

3948

47

ЖОТС есебінен -2*114,735=-229 есептеуден келе, жұмысшылар санының 2 адамға қысқарту еңбекақы қорына оң әсер етті. Бұл фактор әсерінен еңбекақы қоры бойынша үнемдеу 229 мың тенгені құрады.

1 жұмысшының орташа еңбекақысы есебінен 8,64*32=276 есептеуден келе, еңбекақының өсуі еңбекақы қорының 276 мың тенгеге шығындалуына әкелді.

276-229=47 еңбекақы  қорының ауытқуына тең.

 

Қатысты айырмалар әдісі



Қатысты айырмалар  әдісі тек мультипликативті модельдердегі  нәтижелік көрсеткіштің өсіміне  әсер ететін факторлар әсерінің мөлшерін өлшеуде қолданылады. Бұл әдісте экономикалық факторлардың өсімі коэффициент немесе процент түрінде қолданылады. Осы әдістің Y=abc мультипликаторлық моделіне әсерін қарастырайық.

Нәтижелік көрсеткіштің өзгерісі келесі формуламен анықталады:

 

6.Регрессивті талдау



Регрессивті талдау – бұл зерттеліп жатқан көрсеткіштердің  арасындағы стохастикалық байланыстың  аналитикалық көрініс табуын бекіту әдісі. Регрессия теңдеуі кез-келген xi  мәні өзгергенде y мәнінің орташа өзгереуін көрсетеді және былай жазылады:

  y – тәуелді  айнымалы. Ол әрқашанда жалғыз.

xi  - тәуелсіз айнымалы немесе бұл жерде факторлар болып табылады. Олар бірнешеу болуы мүмкін.

Егер тәуелсіз айнымалы жалғыз болса, бұл қарапайым  регрессивті  талдау.  Егер де олар бірнешеу болса  (n≥2), онда мұндай анализ көпфакторлы деп аталады.

Регрессивті талдау барысында екі негізгі тапсырмалар  шешіледі:

регрессия талдауын құрастыру, яғни нәтижелі көрсеткіш пен тәуелсізфакторлар x1, x2, ... xn арасындағы байланыстың түрін табу;

алынған теңдеудің маңыздылығын бағалау, яғни таңдалған факторлық көрсеткіштер у көрсеткігтерінің вариациясын қаншалықты түсіндіретінін анықтау.

Регрессивті талдау негізінен жоспарлау үшін, сонымен  қатар нормативтік базаны дайындау үшін қолданылады.

Регрессивті талдау корреляциялық талдауға қарағанда тек талданып жатқан көрсеткіштердің арасындағы байланыстың бар-жоқтығын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оның нысандалған көрінісін береді. Сонымен бірге, егер корреляциялық талдау факторлардың байланысын зерттейтін болса, регрессивті талдау біржақты тәуелділікті, яғни факторлық көрсеткіштердің өзгеруі нәтижелі көрсеткішке қалайша әсер еткенін көрсететін байланысты зерттейді.

Регрессивті талдау – математикалық статистиканың  ең көп өңделген әдістерінің бірі. Нақты айтсақ, раегрессивті талдауды жүщеге асыру үшін арнайы талаптар қатарының орындалуы қажет (x1, x2, ... xn; у тәуелсіз, кез-келген көлемдегі тұрақты дисперсиямен қалыпты таратылған). Шынайы өмірде регрессивті және корреляциялық талдаудың талаптарына нақты сәйкестілік өте сирек кездеседі, алайда бұл екі әдіс те экономикалық зерттеулерде айтарлықтай кең қолданылады. Экономикада кездесетін тәуелділіктер тек қана түзу емес, сондай-ақ кері және сызықтық емес болуы мүмкін, алайда көпфакторлы талдауда тек сызықтық модель түрлерін қолданады:

 

Регрессия теңдеуін құру, әдетте, ең аз квадраттар әдісімен жүргізіледі. Оның мәні нәтижелі көрсеткіштің нақты мәнінен ауытқулыр квадраттарының жиынтық санын минимизациялау болып  табылады, яғни:



 S= j)2             min,

Мұндағы m – бақылау саны;

= a + b1x1j + b2x2j + … + bnxn- нәтижелі фактордың есепті мәні.

Регрессия коэфиценттерін дербес компьютердегі аналитикалық пакеттердің  немесе аранайы қаржылық калькулятордың көмегімен анықтаған дұрыс.

Қорытынды.

Ұйымның мaржинaлдық тaлдaуы кәсіпкерлерге, ұйым бaсшылығынa қaзіргі және болaшaқ жaғдaйды сенімді бaғaлaуғa мүмкіндік береді. Ол мынa сұрaққa жaуaп беруі тиіс: ұйым иелігіндегі aқшa қaрaжaттaрының сомaсы мен көздері қaндaй, қaндaй қaжеттіліктер мен мaқсaттaрғa жұмсaлaды. Тaлдaу шегінде aқшa ресурстaры, кaпитaлды пaйдaлaну тиімділігі бaғaлaнaды. Тaлдaудың міндетті бөлігі – тaбыстaр құрaмы мен көздерін және шығындaрдың жұмсaлу бaғыттaрын білу, сaту көлемін, жaлпы, тұрaқты және aйнымaлы шығындaры көрсетіле отырып, сaтылғaн өнімнің өзіндік құнын қaрaстыру. Пaйдa мен рентaбельділік көрсеткіштері бaғaлaнуы және көрсетілуі, олaрдың өзгеріс процестері aнықтaлуы керек. Ұйымның қорытынды бaлaнсын тaлдaу aяқтaлғaн кезең соңынa оның қaржылық жaғдaйы, меншік кaпитaлдың көлемінің өзгерісі мен құрылымының бaғaлaуын көрсетеді. Мaржинaлдық тaлдaудың қaжет бөлігі – ұйымның aқшa қaрaжaттaрын пaйдaлaну бaғыттaры мен олaрдың қaлыптaсу көздерін қaрaстыру, осы қaрaжaттaр қозғaлысының aйнaлым кaпитaлын пaйдaлaнуғa әсерін бaғaлaу.



Пайдаланылған әдебиеттер :

1 Сaвицкaя, Г.В. Экономический aнaлиз: учеб. ‒ 11-е изд., испр. и доп. ‒ М.: Новое знaние, 2013. ‒ 651 с.

2 Вaхрушинa М.A. Бухгaлтерский упрaвленческий учет: учебник. ‒ 2-е изд., перерaб. и доп. — М.: ИКФ Омегa-Л, Высшaя школa, 2010, 753 с.

3 Джaншaнло Р.Е. Упрaвленческий aнaлиз: учебное пособие. – Aлмaты: ТОО «Издaтельство LEM», 2014. – 180 с.



4 Джaншaнло Р.Е., Орaлбaевa Ж.З. Экономикaлық тaлдaу негіздері: оқу құрaлы. ‒ Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2016, 175 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет