SIM-картаны орнату.
1
SIM-картаны шығарып алуға арналған құралды SIM ұясының тегісіне
салыңыз. Басыңыз жəне оны науаша шыққанға дейін ішіне итеріп
кіргізіңіз.
2
SIM-карта ұясын сыртқа шығарыңыз жəне SIM-картаны ұяға салыңыз.
3 Суретте көрсетілгендей ұяны оған салынған SIM-картамен бірдей
етіп, абайлап ұяны орнына салыңыз.
iPhone активтендіру
Сіз iPhone-ды Өз аймағыңызда жұмыс істейтін операторда iPhone қызмет
көрсету бағдарламасын таңдап жəне iPhone-ды желіде тіркеп
активтендіруіңіз керек.
iPhone сатып алу кезінде активтендірілген болуы мүмкін. Егер құрылғы
активтендірілмеген болса, iPhone сатушысына немесе ұялы байланыс
операторына хабарласыңыз.
iPhone туралы неғұрлым толық ақпаратты www.apple.com/ru/iphone бетінен қараңыз.
iPhone-ды күйге келтіру
iPhone-ды пайдалану алдында, оны iTunes-те күйге келтіру керек. Күйге келтіру
кезінде Сіз iPhone көмегімен сатып алуларды жүзеге асыру үшін Apple ID жаңа
есептік жазбасын жасай аласыз немесе қолданыстағыны таңдай аласыз.
(iTunes Store дүкені барлық елдерде жəне аймақтарда қол жетімді емес) iTunes
Сіздің iPhone-ның сериялық нөмірін жазады, егер Сізге қажет болатын болса.
iPhone күйге келтіру.
1
www.itunes.com/ru/download бетінен жүктеңіз жəне iTunes
соңғы нұсқасын орнатыңыз (немесе қайта орнатыңыз).
23
2
Mac компьютеріндегі немесе Windows пен ДК USB 2.0 портына
iPhone-ды iPhone жеткізу жиынтығына кіретін кабельдің көмегімен
қосыңыз.
3
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
iPhone-ды компьютерге қосу кезінде бұл объектілерді автоматты синхрондауды
күйге келтіру үшін «iPhone күйге келтіру» экранында «Байланыстарды,
күнтізбелерді жəне қосымшаларды автоматты синхрондауды» таңдаңыз.
Сонымен қатар iTunes те синхрондауды жеке күйге келтіруге болады. 61
беттегі «
iTunes-пен синхрондауды» қараңыз.
Ескертпе: Егер Сіздің көру қабілетіңізде кемістіктер болса, VoiceOver функциясы
Сізге iPhone ды көзі көретін көмекшінің көмегінсіз күйге келтіруге мүмкіндік береді.
VoiceOver экранда шыққандар туралы дауыстап хабарлайды, жəне iPhone-ды
экранға қарамай басқаруға мүмкіндік береді. iPhone-ды компьютерге қосу кезінде
iTunes компьютерде үйлесімді экранды оқу бағдарламасы орнатылған ба, соны
тексереді, мысалы Mac компьютерінде VoiceOver немесе дербес компьютерде
GW-Micro Window-Eyes, жəне мұндай бағдарлама болған жағдайда iPhone-да
VoiceOver автоматты түрде қосады. Көретін пайдаланушы да Сіз үшін iPhone-да
VoiceOver «Əмбебап қол жеткізу» күйге келтіруінде қоса алады. (VoiceOver барлық
аймақтарда бірдей қол жетімді болмайды.) 266 беттегі «VoiceOver» қараңыз.
iPhone-ды компьютерден ажырату
iPhone-ды компьютерден кез келген уақытта ажыратып алуға болады.
Алайда, егер құрылғыны синхрондау кезінде ажырататын болса, iPhone-
ды компьютерге келесі қосқанға дейін кейбір мəліметтер
синхрондалмаған күйде қалады.
iPhone компьютермен синхрондалып жатқан кезде, iPhone экранында
«Синхрондау жүріп жатыр» деген хабарлама шығады. Егер iPhone-ды
синхрондау аяқталғанға дейін ажырататын болса, мəліметтердің бөлігі
берілмеген күйде қалады. Синхрондау аяқталғаннан кейін iTunes-те
«iPhone синхрондау аяқталды» деген хабарлама көрсетіледі.
Синхрондауды тоқтату. iPhone жүгіртпесін тартыңыз.
24
Егер синхрондау кезінде қоңырау шалу келсе синхрондау автоматты
түрде тоқтатылады, жəне Сіз шақыруға жауап беру үшін iPhone ды
ажырата аласыз. Сөйлесіп болғаннан кейін iPhone ды синхрондауды
аяқтау үшін қайтадан қосыңыз.
Интернетке қосылу
Сіз Mail, Safari,YouTube, «Акциялар», «Карталар», «Ауа райы», App Store
немесе iTunes Store пайдаланған кезде iPhone Интернетке автоматты
түрде қосылады.
iPhone-ды Интернетке қосу
iPhone Интернетке не Wi-Fi желісі арқылы, не мəліметтерді берудің
ұялы желісі арқылы қосылады. Қосуды орнату алдында iPhone келесі
əрекеттер орындайды (көрсетілген тəртіпте).
 Соңғы пайдаланылған, қол жетімді Wi-Fi желісі арқылы қосылады.
 Егер бұрын пайдаланылған Wi-Fi желілері қол жетімді болмаса, iPhone осы
жердегі əрекет ететін Wi-Fi желілерінің тізімін көрсетеді. Желіге басыңыз,
жəне, егер талап етілетін болса, қосу үшін жасырын сөзді енгізіңіз. Қосу үшін
жасырын сөз талап етілетін желі құлпы белгішесімен белгіленген. iPhone үшін
қол жетімді желілерді автоматты көрсетуге тыйым салуға болады.
219 беттегі «Wi-Fi»қараңыз.
 Егер Wi-Fi қол жетімді желілері болмаса немесе Сіз желілердің
ешқайсысына қосылмауды шешсеңіз, iPhone Интернетке мəліметтерді
берудің ұялы желісі арқылы қосылады.
«Күйге келтіру» мəзірінің көмегімен iPhone-да ұялы желі мəліметтерін
пайдалануға тыйым салуға болады.
223 беттегі «Желі» қараңыз.
Егер ұялы желі жəне Wi-Fi желісі қол жетімді болмаса, iPhone Интернетке
қосыла алмайды.
Ескертпе: 3G (UMTS) ұялы желісі GSM модельдерінде дауыстарды жəне
мəліметтерді бір реттік жеткізуді қолдайды. Барлық қалған желілерде (GSM,
EV-DO модельдерінде EDGE жəне GPRS жəне CDMA модельдерінде 1xRTT)
телефон арқылы сөйлесу кезінде Интернетті пайдалануға болмайды, егер тек
iPhone сол уақытта Интернетке Wi-Fi аарқылы қосылмаған болса.
Wi-Fi көптеген желілері тегін, кейбір аймақтарда желісіне iPhone қосылған
байланыс операторымен берілетін Wi-Fi қол жеткізу жерлері бар. Wi-Fi кейбір
желілерін пайдалану үшін ақы алынуы мүмкін. Wi-Fi желісіне қол жеткізудің
ақылы нүктесінде қосылу үшін, Сіз аталған қызметке жазылуға мүмкіндік
беретін веб-бетті көру үшін Safari аша аласыз.
25
Wi-Fi желісіне қосылу
Настройки Wi-Fi күйге келтірулері Wi-Fi қосуға жəне Wi-Fi желілеріне
қосылуға мүмкіндік береді.
Wi-Fi қосу. «Күйге келтіру» > «Wi-Fi» таңдаңыз жəне Wi-Fi қосыңыз.
Wi-Fi желісіне қосылу. «Күйге келтіру» > «Wi-Fi» таңдаңыз, iPhone қол
жетімді желілерді тапқанға дейін күтіңіз, содан кейін желіні таңдаңыз (кейбір
Wi-Fi желілеріне қосылғаны үшін төлемақы алынуы мүмкін). Қажет болған
жағдайда жасырын сөзді енгізіңіз жəне «Қосылуды» басыңыз (жасырын сөзді
енгізуді талап ететін желілер құлпы белгішесімен көрінеді).
Wi-Fi желісіне қолмен қосылғаннан кейін iPhone оның əрекет ету
аймағында болған кезде автоматты түрде осы желіге қосылады. Егер
əрекет ету радиусында бұрын пайдаланылған бірнеше желілер болса,
iPhone соңғы рет пайдаланылған желіге қосылады.
iPhone-ды Wi-Fi желісіне қосу кезінде экранның жоғарғы жағындағы күй
жолында орналасқан Wi-Fi белгішесі белгі күшін көрсетеді. Жолақ көп
болған сайын, қосылу да күштірек болады.
Wi-Fi параметрлерін күйге келтіру туралы толығырақ 219 беттегі «Wi-Fi»
бөлімін қараңыз.
Мəліметтерді берудің ұялы желісіне қол жеткізу
iPhone Интернетке Сіздің ұялы байланыс операторыңыздың ұялы желісі бойынша
қосыла алады. Өз аймағыңыздағы оператор желісінің əрекет ету аумағын
тексеріңіз.
Егер iPhone Интернетке мəліметтерді берудің ұялы желісі бойынша қосылған
болса, онда күй жолында UMTS/EV-DO ( "/>), EDGE ( ) немесе GPRS/1xRTT ( )
белгішесі шығады.
iPhone моделіне жəне желілік қосылуға байланысты Сіз iPhone ұялы желі
бойынша мəліметтерді беріп жатқан кезде кіру қоңырауларын ала
алмайсыз. (мысалы, веб-бетті жүктеу кезінде).
GSM: EDGE жəне GPRS қосу кезінде мəліметтерді беру дауысты поштаға
жіберілуі мүмкін. Кіру қоңырауына жауап беру кезінде мəліметтерді беру
тоқтатылады.
CDMA: EV-DO қосу кезінде мəліметтерді беру тоқтатылады, егер Сіз кіру
қоңырауына жауап беретін болсаңыз. 1xRTT қосу кезінде кіру қоңыраулары
мəліметтерді беру кезінде дауысты поштаға жіберілуі мүмкін. Кіру қоңырауына
жауап беру кезінде мəліметтерді беру тоқтатылады.
Мəліметтерді беру қоңырау шалу аяқталғаннан кейін қалпына келтіріледі.
3G (GSM моделі) қосу: «Күйге келтіру» мəзірінде «Негізгілер» > «Желі»
таңдаңыз жəне « 3G қосуды» басыңыз.
26
Егер Сіз өз операторыңыздың желісінің əрекет аумағынан тысқары болсаңыз,
Сіз Интернетке басқа оператор арқылы қосыла аласыз. Электронды поштаны
актвитендіру, веб-бетті, сондай-ақ мəліметтерді берудің басқа қызметтерін
қарап шығу үшін, олар қол жетімді болған кезде, мəліметтер роумингін
қосыңыз.
Мəліметтер роумингін қосу. «Күйге келтіру» мəзірінде «Негізгілер» >
«Желі» таңдаңыз жəне «Мəліметер роумингі» параметрін қосыңыз.
Маңызды:
Роуминг үшін төлемақы алынуы мүмкін. Роуминг үшін төлемақыны
болдырмау үшін «Мəліметтер роумингі» параметрінің өшіріліп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Ұшақта Интернетке қол жеткізу
Авиарежім əуе кемесінің жұмысына кедергі келтірмес үшін ұялы желі белгілері үшін
iPhone радиотаратқышын, Wi-Fi, Bluetooth жəне GPS өшіреді. Авиарежімді қосу
iPhone көптеген функцияларын өшіруге əкеледі.
Кейбір аймақтарда, егер бұл авиакомпаниямен жəне сəйкес заңдармен жəне
ережелермен рұқсат етілетін болса, Авиарежімде Wi-Fi қосуға болады:
 Электронды поштаны жіберу жəне алу үшін;
 веб-бетті қарап шығу үшін;
 байланыстарды, күнтізбелерді, браузер қосымшалары мен жазбаларды
сымсыз синхрондау үшін;
 YouTube-те бейне қарап шығу үшін;
 Акциялардың котировкаларын алу үшін;
 Картада мекен жайларда алу үшін;
 Ауа райын білу үшін;
 Музыканы жəне бағдарламаларды алу үшін.
Сонымен қатар iPhone-ға Bluetooth құрылғыларын қосу үшін Bluetooth пайдалануға
рұқсат етілуі мүмкін.
Толығырақ 217 беттегі «Авиарежім» бөлімін қараңыз.
VPN ге қол жеткізу
VPN (виртуалды жеке желі) Интернет арқылы Сіздің компанияңыздың немесе мектептің
желілері секілді жеке желілерге, қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді. VPN қосу жəне
конфигурациялау үшін «Желі» параметрлерін пайдаланыңыз. 223 беттегі «Желі» бөлімін
қараңыз.
Жеке қол жеткізу орны
Интернетке, компьютерге немесе басқа Wi-Fi — iPod, iPad құрылғыларына немесе
Сіздің iPhone-ға Wi-Fi желісі арқылы қосылған басқа iPhone-ға қосылуды ұсыну үшін
жеке қол жеткізу орнын (iPhone 4) пайдалануға болады. Сондай-ақ iPhone-ға Bluetooth
немесе USB арқылы қосылған компьютерде Интернетке қосылу үшін жеке қол жеткізу
орнын ұсынуға болады.
27
Ескертпе: Бұл функция барлық елдер мен аймақтарда бірдей қол жетімді
болмауы мүмкін. Қосымша төлем талап етілуі мүмкін. Қосымша ақпаратты алу
үшін өз операторыңызға хабарласыңыз, Интернетке қосылуға жалпы қол
жеткізуді бір мезгілде ала алатын құрылғылардың санын қоса.
Егер «Жеке қол жеткізу орнын күйге келтіру» түймесі «Негізгілер» > «Желі» күйге
келтірулерінде пайда болатын болса, алдымен бұл қызметті Сіздің
операторыңызда күйге келтіру қажет. Оператормен байланысу үшін осы түймені
басыңыз.
Жеке қол жеткізу орны тек iPhone ұялы желі бойынша Интернетке
қосылған болса ғана жұмыс істейді.
Интернетке жалпы қол жеткізу.
1 Күйге келтірулерде «Жеке қол жеткізу орнын» таңдаңыз (немесе «Жалпы» >
«Желі» > «Жеке қол жеткізу орны» таңдаңыз, егер жеке қол жеткізу орнын күйге
келтіру «Күйге келтіру» бағдарламасының жоғарғы деңгейінде көрсетілмесе).
2
Жеке қол жеткізу орнын қосыңыз.
3
Компьютерді немесе басқа құрылғыны iPhone-ға қосыңыз:
 Wi-Fi бойынша: құрылғыда Wi-Fi қол жетімді желілерінің тізімінен iPhone
таңдаңыз. Сұраным шыққан кезде iPhone үшін Wi-Fi жасырын сөзін енгізіңіз.
 USB бойынша: iPhone-ды компьютерге USB жəне док-ажыратпалармен
кабельдің көмегімен қосыңыз. Компьютерде желіні күйге келтіруде
iPhone таңдаңыз.
 Mac компьютерінде бірінші қосу кезінде «Жаңа желілік интерфейс
табылды» деген хабарламамен қалқымалы терезе шығады. «Желіні
күйге келтіруді» басыңыз, iPhone үшін қажетті желілік күйге
келтірулерді орнатыңыз, содан кейін «Қолдануды» басыңыз. iPhone
қосу конфигурациясын таңдау үшін дербес компьютерде желіні
басқару панелін пайдаланыңыз.
 Bluetooth. iPhone-да «Күйге келтірулер» > «Негізгілер» > «Bluetooth»
таңдаңыз жəне Bluetooth қосыңыз. Содан кейін iPhone құрылғымен
жұбын құру үшін компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуіне
қосымша берілетін құжаттаманы қараңыз.
Қосылуды орнатқаннан кейін iPhone экранының жоғарғы бөлігінде көк жолақ
пайда болады. USB көмегімен қосу кезінде Жеке қол жеткізу орны қосылған
күйде қалады, тіпті интернет-қосылу қолданылмаса да.
Ескертпе: Жеке қол жеткізу орны белгішесі басқа iPhone қол жеткізу орнын
пайдаланатын iPhone-да (GSM моделі) күй жолында пайда болады.
iPhone үшін Wi-Fi жасыры сөзін өзгерту. Күйге келтірулерде «Жеке қол
жеткізу орны» > «Wi-Fi жасырын сөзі» таңдаңыз, содан кейін кем дегенде 8
символдан тұратын жасырын сөзді енгізіңіз.
Жасырын сөзді өзгерту кезінде Интернетке жалпы қол жеткізуді пайдаланатын
барлық құрылғылар өшірілетін болады.
Мəліметтерді берудің ұялы желісін пайдалануды бақылау. «Күйге
келтіру» мəзірінде «Негізгілер» > «Пайдалану» таңдаңыз.
Mail, «Байланыстар» жəне «Күнтізбе» үшін
есептік жазбаларды қосу
Есептік жазбалар туралы
iPhone MobileMe, Microsoft Exchange жəне көптеген басқа танымал электронды
поштаның, байланыстар мен күнтізбелердің интернет-жүйелерімен жұмыс істейді.
Егер Сізде əлі электронды поштаның есептік жазбасы болмаса, келесі веб-
сайттарда тегін есептік жазбаны алуға болады: www.yahoo.com, www.google.com
немесе www.aol.com.
Сіз www.me.com.> веб-сайтына кіріп 60 күн бойына MobileMe тегін пайдалана
аласыз.
Байланыстарды LDAP немесе CardDAV есептік жазбасын пайдалана отырып
қосуға болады, егер бұл хаттама Сіздің компанияда немесе ұйымда қолданылса.
247 беттегі «Байланыстарды қосуды» қараңыз.
Сонымен қатар CalDAV күнтізбесінің есептік жазбасын қосуға болады. 130
беттегі «Күнтізбелерді синхрондауды» қараңыз.
iCal (.ics) күнтізбелеріне жазылуға болады немесе оларды электронды поштадан
алуға болады. 136 беттегі «Күнтізбелерге жазылу» жəне «Күнтізбе файлдарын
электронды пошта хабарламаларынан импорттау» бөлімін қараңыз.
MobileMe есептік жазбаларын күйге келтіру
iPhone да MobileMe пайдалану үшін MobileMe тегін есептік жазбасын күйге
келтіру керек немесе MobileMe жазылуды алу керек.
MobileMe есептік жазбасы «iPhone табу» қызметін пайдалану мүмкіндігін береді
(барлық аймақтарда бірдей қол жетімді емес), ол iPhone-ды табуға жəне жоғалту
немесе ұрлау жағдайларында ондағы ақпаратты қашықтан өшіруге жəне блокқа
қоюға көмектеседі. 56 беттегі «Қауіпсіздік функциялары» қараңыз.
«iPhone табу» функциясынан басқа, MobileMe ақылы жазылу келесі
функцияларды пайдалануға мүмкіндік береді:
 me.com сайтындағы пошталық есептік жазба;
 Байланыстарды, күнтізбелерді, қосымшаларды жəне жазбаларды сымсыз
синхрондау;
 MobileMe Галереясында суреттер мен бейнені жариялау;
 MobileMe iDisk көмегімен файлдарға жалпы қол жеткізуді ұсыну жəне сақтау.
Бұл функцияларды www.apple.com/ru/mobileme веб-сайтында тегін есептік
жазбаны жасай отырып, 60 күн бойына сынақтан өткізуге болады.
29
MobileMe тегін есептік жазбасы барлық 4.2 немесе одан да жаңа нұсқаның
iPhone 4 с iOS пайдаланушыларына қол жетімді. Егер Сізде App Store немесе
Game Center есептік жазбасы бар болса, MobileMe тегін есептік жазбасы үшін
Apple ID пайдалануға болады. Сіз Apple ID жаңа есептік жазбасын құра аласыз,
егер ол Сізде болмаса немесе егер Сіз MobileMe жазбасы үшін пайдаланушының
басқа атын пайдаланғыңыз келсе.
MobileMe тегін есептік жазбасын құру.
1
«Күйге келтіру» бағдарламасында «Mail, Байланыстар, Күнтізбелер» таңдаңыз.
2
«... Қосуды» басыңыз жəне MobileMe таңдаңыз.
3
Өз Apple ID жəне жасырын сөзді енгізіңіз жəне «Apple ID тегін құру» басыңыз.
4
Экрандағы нұсқауларды қараңыз.
Егер қажет болса, өз электронды поштаңыздың мекен жайын растаңыз.
5
«iPhone табу» қызметінің қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
«iPhone табу» қызметі үшін жəне байланыстарды, күнтізбелерді,
қосымшаларды жəне жазбаларды синхрондау үшін бір мезгілде тек бір
ғана MobileMe есептік жазбасын пайдалануға болады.
«Галерея MobileMe», «iDisk MobileMe» жəне «iPhone табу» қызметтерін
пайдалану үшін өз iPhone MobileMe Gallery, MobileMe iDisk жəне App
Store ден «iPhone табу» тегін бағдарламаларын жүктеңіз.
Microsoft Exchange есептік жазбаларын күйге келтіру
iPhone да Microsoft Exchange пайдалану үшін Microsoft Exchange арналған
күйге келтірулермен есептік жазбаны қосу қажет. Есептік жазбаның талап
етілетін күйге келтірулерін Интернет қызметін жеткізушіден немесе жүйелік
əкімгерден алуға болады.
iPhone электронды поштаны, күнтізбелер мен байланыстарды синхрондау үшін
Exchange ActiveSync хаттамасын пайдаланады, Microsoft Exchange келесі
нұсқаларымен:
 Exchange Server 2003, жаңарту пакеті 2;
 Exchange Server 2007, жаңарту пакеті 1;
 Exchange Server 2010.
Есептік жазбаны күйге келтіру кезінде Сіз iPhone мен пайдаланғыңыз
келген Exchange функцияларын таңдауға болады:
 Mail
 Байланыстар
 Күнтізбелер
Сіз қосқан қызметтердің мəліметтері сымсыз байланыс бойынша iPhone-ды
компьютерге қосу қажеттілігінсіз, автоматты түрде синхрондалатын болады. 60
беттегі «Есептік жазбаларды синхрондау» қараңыз.
30
Бірнеше Exchange есептік жазбаларын құруға болады.
Exchange есептік жазбасын құру.
1
«Күйге келтіру» бағдарламасында «Mail, Байланыстар, Күнтізбелер» таңдаңыз.
2
«... қосуды» басыңыз жəне Microsoft Exchange таңдаңыз.
3 Өз электронды поштаңыздың толық мекен жайын, доменді (міндетті емес),
пайдаланушының атын, жасырын сөзді жəне сипаттаманы енгізіңіз. Сипаттамада
кез келген ақпарат болуы мүмкін. iPhone Microsoft Autodiscovery қызметін
қолдайды, онда пайдаланушы аты, жасырын сөз Exchange серверінің мекен
жайын анықтау үшін пайдаланылады. Егер сервер мекен жайын анықтау мүмкін
болмаса, жүйе Сізден оны енгізуді сұрайды. («Сервер» жолына толық мекен
жайды енгізіңіз). Exchange серверіне қосылғаннан кейін серверде орнатылған
саясаттарға сəйкес жасырын сөзді өзгертуге сұраным көрсетілуі мүмкін.
4
iPhone мен қолданғыңыз келетін объектілерді таңдаңыз (пошта, байланыстар
жəне күнтізбе) жəне iPhone-да поштаны синхрондау талап етілетін күндер санын
беріңіз.
Google, Yahoo! жəне AOL есептік жазбаларын құру
Көптеген танымал пошта жүйелері (Google, Yahoo!, AOL) үшін iPhone
көптеген күйге келтірулерді автоматты түрде енгізеді. Есептік жазбаны
күйге келтіру кезінде Сіз
iPhone мен пайдаланғыңыз келетін қызметтерді
таңдауға болады. Сізбен қосылған қызметтердің мəліметтері сымсыз байланыс
бойынша автоматты түрде синхрондалатын болады, iPhone-ды компьютерге
қосу қажеттілігінсіз.
60 беттегі «Есептік жазбаларды синхрондау» бөлімін
қараңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |