Ырыбы: «Т аби ғ атты аяла й білейік !»



бет2/2
Дата11.04.2022
өлшемі80,98 Kb.
#30634
1   2
Байланысты:
птхптх

ІІІ. Негізгі бөлім. 

Таби
ғат ана 

Таби
ғат-ананың Жер,Су,Ауа деген ұлдары болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат ана бір күні ұлдарын шақырып алып: 
--Адамдар
ға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын,--деп уәде береді. Сонда ұлдары анасының айтқанына қуана келісіп, адамдарға жақсылық жасауға келіседі. Ұлдары жан-жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті іс жасайды. Күндердің күнінде ұлдары еліне қайтып оралғанда Аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары: 
--Апатай, Сіз
қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?--дегенде Табиғат-ана: 
--Аяулы
ұлдарым менің, мұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда, деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ауа, аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін адамдарға адал қызмет етіп келеді екен. 

--Енді балалар осы Таби
ғат ананың балаларының аты бойынша үш топқа бөлінеміз. 

"Жер" тобы: "К
үте білсең жер жомарт" 
"Су" тобы: "Су бар жерде, ырыс бар"
 
"Ауа" тобы:"Ауа-
өмір тынысы" 

"Таби
ғатты қорғау--перзенттік борышымыз" (Жоба қорғау) 

"Жер" тобы:Жер-барша байлы
қтың анасы.Жер тіршілікке нәр беріп, адам баласын асырап жатыр.Жердің қойнауында дәнді дақылдар, жеміс-жидектер өсіп шығады. Тұрмысқа қажетті пайдалы қазбаларды да жерден алады.Жерді баптай білу, оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу, Жер-Ананы түлетіп гүлдендіре білу-біздің борышымыз. Адам баласы ғасырлар бойы қасиетті жері үшін сан рет қан төгіп, оны бүлдірмеу, аялау үшін талай тер төккені өткен тарихтан аян.Жердің қасиетін сақтау,жер жомарттығын жойып алмау адамдардың өз қолында. Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында 2030 жылға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, бүлдіруге зор көңіл бөлген. Сондықтан бүкіл халық болып туған жеріміз бен мекенімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. 

"Су" тобы:Су жер шарында к
өгілдір түспен боялған, су сұйық,қатты, газ түрінде болады.Су-тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі-су. Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп, "Сулы жер-нулы жер", Судың да сұрауы бар" деп суды ерекше бағалай білген. Су-адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат. Сонымен бірге су барлық адамға, тірі жанға, табиғатқа тазалық сыйлайды. Су гүлдер мен ағаштардың жайқалып өсуі үшін жасыл желекке нәр береді. Сондықтан судың қадірін бағалай білу керек. 
Сусын да,
әрі дем 
Су емші б
әрінен. 
Суынан берді жер, жуынса
ң сергітер, 
Су-
өмір жүрегі, денсаулық тірегі. 



"Ауа" тобы: Ауа-барлық тіршілік атаулыға тыныс беруші құдірет иесі. "Ауа- өмір тынысы" деп бекер айтпаған.Адамның жақсы дем алып, дұрыс тынығуына таза ауаның пайдасы мол.Айналадағы жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да ауасыз тіршілік ете алмайды. Адамдардың денсаулығына таза ауа өте қажет. Сондықтан ауаны ластанудан сақтауымыз қажет. Лас ауа адамдарға,жануарларға түрлі аурулар жұқтырады. Ауа екі жолмен--табиғи және адамның іс-әрекет нәтижесінде ластанады. Ауаның табиғи жолмен ластануы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдан, орман өрттерінен болады. Ал адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау атмосфера үшін ең қауіпті. Оларға өндіріс орындары яғни зауыттардан шыққан тутіндер, көліктерден бөлініп шығатын газдар мен түтіндер, тұрмыс қалдықтары жатады. 

"Таби
ғат--бізді қоршаған орта" (Сұрақтарға жауап беру) 

1. Таби
ғат нешеге бөлінеді?(Табиғат екіге бөлінеді: тірі,өлі) 
2.Таби
ғаттағы өлі денелерге нелер жатады?(тау, тас, өзен, ай, т.б.) 
3. Тірі таби
ғатты ата.(жануарлар, өсімдіктер, адам) 
4.
Қазақстанда неше қорық бар?(тоғыз) 
5.
Қызыл кітап дегеніміз не?(Сиреп бара жатқан,жер бетінде құрып кету қаупі төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктер тізімі тіркелген арнаулы кітап) 
6.
Қызыл кітап қай жылы шықты?(1978ж) 
7.Таби
ғат құбылыстары дегеніміз не?(жел,жауын-шашын,судың тасуы,) 
8.
Құстардың қандай пайдасы бар?(табиғатқа зиян келтіретін құрт-құмырсқаларды аз-ды) 


"Таби
ғат--халық қазынасы" ( Мақал-мәтелдердің жалғасын табу) 

"Жер" тобы: 1.Жер та
ғдыры- ... ... (ел тағдыры) 
2.Барша байлықтың анасы- ... (Жер) 
3. Гүл жердің көркі,.. .. ..(қыз жердің көркі) 
4. Туған жердей жер болмас,.. .. ...(туған елдей ел болмас) 
5. Су бар жерде... ... ( ну бар) 
6. Табиғат тазалығы- ... ....(адамзат амандығы) 
7. Жер байлықтың анасы болса,... ... (әкесі еңбек) 
8. Жер қазына, ... ... (су алтын) 

"Су" тобы: 1.Бір тал кессең, ... ... ...(он тал ек) 
2.Көлдің көркі құрақ,.. ... ...(таудың көркі бұлақ) 
3.Атаңнан мал қалғанша .. ..( тал қалсын) 
4. Сөз сағасы-құлақ,... ... ...(су сағасы бұлақ) 
5. Жер қазына, ... ....(су гауһар) 
6. Жер байлығы, ... ... (ел байлығы) 
7.Таулы жер бұлақсыз болмас,... ... (сулы жер құрақсыз болмас) 
8.Орман тоғай-жер сыны,... ...(Көкорай шалғын көл сыны) 


"Ауа" тобы: 1.Дала көркі мал,.. ... ...( қала көркі тал) 
2.Жер тойынбай-- ... ....(ел тойынбайды) 
3.Жаңбыр жауса жер ырысы,... ... (батыр туса ел ырысы) 
4.Ағаш жапырағымен,... ... (жер топырағымен) 
5.Су бар жерде ырыс бар,.. 
(ұстап алып балық жейсің. ақ бидай егіп нанын жейсің) 
6.Мал баққандікі,... ...(жер жыртқандікі) 
7.Су-табиғаттың... ...(айнасы) 
8.Ағаш көркі -жапырақ,... ...(адам көркі шүберек) 







ІV Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б.


IV.
Қорытынды. 

Елбасыны
ң "Қазақстан -2030" жолдауында туған жер табиғатын қорғай отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру біздің міндетіміз екенін айтып өткен ,сондықтан осы аулымызды гүлдендіруге, көркейтуге ,табиғатты көркейтуге ,табиғатты қорғауға қатысу керектігі айтылған. 
И
ә, балалар, табиғат Отанымыздың байлығы. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен,ендеше жердің ,табиғаттың иесі мына сендер,біз оны қорғауымыз керек. Демек , табиғатты қорғау - өз Отанымызды сақтау деген сөз. 

Қажымұқан атындағы жалпы орта мектебі

Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық тәрбие сағат


Тақырыбы: «Табиғатты аялай білейік!» 


Сыныбы: 10 «А»

Сынып жетекшісі: Б.Баймурзаев.



2016-2017 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет