Тәрбие сағат тақырыбы: Дос және достық
Тәрбие сағат мақсаты: Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып оқушылар арасында сезім қалыптастыру.
Тәрбие сағат көрнекілігі: түрлі түсті қарындаштар, достық туралы суреттер.
Іс-шараның ұраны: “Дос көңілі – шарайна, сындырып алма, абайла”
I.Ұйымдастыру
1) Амандасу
2) Оқушылардың психологиялық дайындығына көңіл бөлу.
ІІ.Оқушы аудиториясы не дейді?
Тақырыпты ашу сұрақтары. 1) “Дос деген кім?”сауалына сызба арқылы жауап беру.
2) Достық дегенді қалай түсінеміз? ( жауапты сурет арқылы бер. Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.)
3) Досың бар ма? Ол қандай?
4) Досыңыздың басына қиындық түсті, не істейсіз? 5) Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
6)Досыңды неге теңер едің?
7) Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
8) Менің достарым көп болу үшін не істеуім керек?
Достық Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның замандастары: - Достық нешеу? – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: - Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық. “Енді оны қалай ажырата аламыз” дегендерге: - Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - деп жауап берген екен.
Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/
Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. • «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрыласыңдар.
• «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар.
• « ДОСТАСТЫҚ » дегенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.
Пікір алмасу.
- Сендерге ойын ұнады ма?
- Татуласу ше?
- Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар?
- Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма?
- Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер?
Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.
ІІ.Жағдаяттан шығу. Екі дос арасындағы түсініспеушілікті бейнелейтін көріністі көрсету. (Сурет)
А) Оқушылар талқысына салу, шешім қабылдау. “Кубик” жаттығуы
Ә) Балаларға кубик беремін. Кубикті тастау арқылы қай тапсырма түседі соны орындайды.
Б) “Менің досым” тақырыбы бойынша әр оқушы өзінің досы жайлы айтады III.“Жалғастырып көр” ойыны.
а) Әрбір адамға дос керек. Өйткені...
ә) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...
IV. Сауалға жауап іздеу.
Біздің сынып қандай?
2) Сынып оқушылары арасында сыйластық, достық қатынас орнаған ба?
V. (Мақал – мәтелдерді жалғастыру)
1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».
2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».
3. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».
4. «Досы көпті жау …….».
VI. Қорытынды бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендерге тек қана адал, таза, ақ ниетті достарың көп болсын деп тілеймін. Өздерің де нағыз дос бола біліңдер.