Ырып: Жазудың қоғамдағы орны


Жазудың пайда болуына əсер еткен негізгі себептер мыналар



бет2/2
Дата20.04.2023
өлшемі12,71 Kb.
#84788
1   2
Жазудың пайда болуына əсер еткен негізгі себептер мыналар:

1.Күнделікті өмірде ауызша қарым-қатынас жасау тиімсіз бола бастады. Себебі ауызша жақыннан тұрып қана сөйлесе аласың, алыста тұрып қарым-қатынас жасау мүмкін болмады;
2.Ақпаратты сақтап отыру қажеттілігі туындады. Қасыңда жоқ адамдарға белгілі бір хабарды, ақпаратты жеткізіп отыру қажет болды, мəселен, мен аңға кеттім немесе орманға кеттім деген сияқты.
3.Адам эволюциясымен байланысты. Ақыл-ойы мен санасының өсуі шығармашылықтың пайда болуына əкеп соқты. Алғашқы жазудың түрі — пиктограмма әрі жазу, әрі сурет өнері ретінде синкретикалық байланыста болды. Бір-бірінен жазудың келесі түрлері пайда болғанда ажыратыла бастады.
4.Адамзат баласы тарихында бізге белгілі жазудың 4 түрі бар: пиктографиялық жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы жəне әріп жазуы. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.
Жазу — адамзат мәдениетінің басты көрсеткіші. Әр заманда түрліше сипатта болған жазу бүгінгі уақытта дамып жетілді. Қанша жерден технология дамыса да, жазуды жоя да, алмастыра да алмайды, керісінше, жазу технологияға бейімделді. Сондықтан ол адамзат тілдік қарым-қатынасының басты құралы болып қала бермек. Жазу адам ойының туындысы болғаннан кейін тілдің одан әрі дамуына, оның құрылымдық жүйесінің дамуына, күрделі, құрмалас сөйлемдердің, тұтас мәтіннің пайда болуына əсер етті, тілдік норманың жүйеленуі мен тұрақталуына, əдеби тілдің дамуы мен стильдік тармақтарының саралануына мүмкіндік туғызды.Жазудың адамзат баласы тарихында алатын орны ерекше. Ол — біздің даму тарихымыздағы мәдениеттің ең жоғарғы көрсеткіші. Жазу адамдар арасындағы тілдік коммуникацияны қамтамасыз етеді. Жазу арқылы жақыннан тұрып та, алыстан тұрып та қарым-қатынас жасай беруге болады. Мақалада адамзат баласы тарихындағы алғашқы жазудың пайда болуы, болжаммен қалай шыққандығы, қалыптасуы мен даму тарихы, жазудың бізге белгілі түрлері, қоғамдық қызметі сөз болады. Әрбір жазудың — пиктографиялық, идеографиялық, буын жəне әріп жазуының қоғамдық қажеттілікті өтеудегі орны, бір жазудан екінші жазуға өту сатысы, бір-бірінен артықшылығы мен кемшілігі көрсетілген. Шамамен жазудың пайда болу мерзімі, қандай негізде шыққандығының себептері, яғни пайда болуына əсер еткен факторлар, оны алғаш қолданушылар, алғашқы жазудың формасы, оның уақыт өте келе эволюциялық жолмен жетілуі, бүгінгі күндегі қолданыста бар жазу түрлері мен белгілері сияқты мəселелер мақалада жан-жақты баяндалған. Жазудың (әріп жазуының) шығуына себеп болған алфавит мәселесі, финикий жазуындағы алғаш дыбыстар, түрлері, оның жетілуі, батыс жəне шығыс елдері алфавитінің шығуына себеп болған грек жəне арамей жазуы, жазуды зерттеу ілімі — графика мəселесí, орфография, транскрипция мен транслитерация мəселелерí де қарастырылған.
Əдебиеттер тізімі

1.Күдеринова Қ. Б. Қазақ жазуының тарихы мен теориясы / Қ. Б. Күдеринова. — Алматы: Елтаным баспасы, 2013. — 242 б.
2.Аханов К. Тіл білімінің негіздері / К. Аханов. — Алматы, 2002. — 664 б.
3.Қазақ тілі энциклопедиясы / Е. М. Арынның редакторлығымен шыққан. — Алматы: IDK-TIPO редакциялық баспа орталығы, 1998.—510 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет