Ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) ырықты



Дата07.01.2022
өлшемі50,8 Kb.
#17975



Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді:

ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған)

ырықты (мақсат бағдарлы)

Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау

көру

сипай сезу

есту

Қабылдаудың төрт түрі белгілі:

сенсорлы (сезімдік) – нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі

оперативті (нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу

іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу

перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу



Қабылдау: негізгі қасиеттері және түрлері
Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру.

Мақсат бағытына, ерік қатысына орай қабылдау екі формаға бөлінеді: ырықсыз (ниеттелмеген, ерік күшімен, алдын ала белгіленген мақсатпен байланыспаған) және ырықты (мақсат бағдарлы).

Рецепторлар қызметіне қарай қабылдау көру, есіту және сипай сезу

түрлерімен ажыралады.

Күрделілігі, жайылымдылығы, перцептивті әрекеттерімен қабылдау симультанды (бір әрекетті) және сукцессивті (кезеңді, бірізді) формалдығына ие.

Қабылдаудың төрт түрі белгілі: сенсорлы (сезімдік) – нысанның сезіммен қабылданып, оның санаға өтуі; перцептивті - нысан мәнін түсіну, оны белгілі категорияға, объекттер тобына жатқызу; оперативті (нақты әрекеттік) – нысанның қандай да тарапын қамтып, қызметке қосу; іс-әрекеттік – қызмет мақсатына орай нысанмен ықпалдас қатынасқа келу.

Қабылдау түрлері бейнеленетін нысан ерекшеліктеріне орай өзара топтасуы мүмкін, мысалы, көркем шығарманы, сөзді қабылдау, табиғат әсерлері мен өрнектерін қабылдау және т.б. әдетте, қабылдау қандай да іс-әрекетке қосыла орындалады, дегенмен ол өз алдына да, дербес жүруі мүмкін.

Қабылдаудың жалпы заңдылықтары: мағыналылығы, жалпылығы, заттасқандығы, біртұтастығы, құрылымдылығы, таңдамалы бағыттылығы, апперцепциялылығы (өткен тәжірибеге негізделуі), константтығы (тұрақтылығы).

Қабылдаудың мағыналылығы және жалпылығы. Қабылдау нәтижесі

заттың сөзбен өрнектеліп, белгілі категорияға, түсінікке қосылуы. Заттар мен құбылыстардың аса қарапайымдасқан түсінім формасы – тану.



Қабылдаудың заттасқандығы – заттар жөніндегі ми ақпаратының шынайы заттармен сәйкес келуі. Қабылдаудың заттастығы санада қабылданып, өрнектелген бейнелердің шынайы болмыс заттарына адекваттығын (сәйкестігін) білдіреді.

Қабылдау біртұтастығы – затты тұрақты тұтастық жүйе ретінде бейнелеу (нақты жағдайда заттың кейбір бөлшектері болмай қалса да).

Қабылдау құрылымдылығы. Әрқилы нысандарды оларды құраушы тұрақты бөлшек, не белгілерін ажыратумен танимыз.

Қабылдаудың таңдамалылығы. Төңірегіміздегі мың сан заттар мен құбылыстардан біз нақты мезетте қажетімізге керегін ғана бөліп аламыз.

Апперцепция – қабылдаудың тұлғалық тәжірибеге, білімге, мүдделер мен ұстанымдарға тәуелділігі, мысалы, түбір – агроном үшін өсімдіктің жер бетінде көрініп қалған бөлігі, математик үшін – 00 фигура, тілші үшін – сөздің мәнді бөлігі.

Қабылдау тұрақтылығы – заттардың шынайы сапаларының (көлемі, түр-түсі, формасы) мида бейнеленуінің оларды қабылдау жағдайларына (жарыққа, қашықтыққа, көз салу қалпына және т.б.) тәуелсіздігін білдіреді.

Қабылдау түрлері: затты, уақытты қабылдау; қатынастарды, қозғалыстарды, кеңістікті қабылдау; адамды қабылдау.








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет