Қыркүйек айы №1 таңертеңгі жаттығу кешені (құралсыз)


Бір қатарлы сапта келе жатып, кезектестіре жүру және жүгіру



бет6/7
Дата10.12.2023
өлшемі21,58 Kb.
#136533
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Таңғы жаттығулар

Бір қатарлы сапта келе жатып, кезектестіре жүру және жүгіру.

  • Б.қ. тұру, аяқтың арасын аздап ашу, екі қолмен қапты баста ұстап тұру. Қапты бастан жоғары асырып көтеру, созылу, қапты қайтадан басқа қою. 4-6 рет.

  • Б.қ. етбетінен жату, қапты екі қолымен тік ұстап тұру. Қапты жоғары көтеріп қолды имей, түзу ұстауға тырысу, қапқа тік қарау оны еденге түсіру. 4-6 рет.

  • Б.қ. тұру, қапты екі қолымен тік ұстап тұру, қолды төмен түсіру. Отыру, қапты еденге қою, тіктелу, қолдарды жоғары көтеру, отыру, қапты алу, тіктелу. 4-5 рет.

  • Екі аяқпен бір орнында тұрып секіру.

  • Қапты бір қолымен ұстау, бір қатар тізбекпен жүру

  • Тыныс алу жаттығу.



    Сәуір айы

    1 таңертеңгі жаттығу кешені (құралсыз)





    1. Жүру, аяқтын ұшымен, өкшемен, жүгіру, жәй жүру, қолды белге қойып жүру, шеңбер болып тұру.

    2. Б.қ. аяқ бірге, қол төмен. Қолды алға созу, оңға қарай қолды айқастыру, солға қарай қолды айқастыру, б.қ. оралу. 4-5 рет

    3. Б.қ. аяқтың арасы алшақ, қол белде. Оң жаққа қарай иілу, б.қ. оралу, сол жаққа қарай иілу, б.қ. оралу. 4-5 рет

    4. Б.қ. аяқтың арасы ашық, қол иықта. Алға қолды сермеу, артқа қарай сермеу. 4-5 рет.

    5. Б,қ, аяқтың арасы алшақ, қол белде. Қолды алға созу, отыру, тұру, б.қ. оралу. 4-5 рет.

    6. Аяқты алмастырып секіру 7-8 сек.

    7. Еркін тыныс алу жаттығулары.

    2 таңертеңгі жаттығу кешені (шығыршықтармен)



    1. Жүру, адымдап жүру, тізені жоғары көтеріп жүру, жүгіру, баған болып қатарға тұру.

    2. Б.қ. аяқ бірге, қол алдында. Шығыршықты жоғары көтеру, б.қ. оралу. 4-5 рет қайталау.

    3. Б.қ. аяқтың арасы ашық, қол алдында. Шығыршықты алға созу, отыру, тұру, б.қ. оралу. 4-5 рет қайталау

    4. Б.қ. аяқтың арасы ашық, қол алдында. Шығыршықты алға созу, оңға қарай созу, солға қарай созу, бастапқы қалыпқа оралу. 4-5 рет қайталау.

    5. Шығыршықты жоғары көтеріп секіру. 7-8 сек.

    6. Еркін тыныс алу жаттығулары.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет