Жаттығу ойындары: Бір-біріне доп лақтыру
Мақсаты: жылдамдықтары мен ептіліктерін дамыту Мақал-мәтел: Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі.
Қыркүйек Серуен №10 Ағаштарды бақылау Мақсаты: — күз мезгілі туралы жалпы білімдерін қалыптастыру;
— қайың мен терек ағашын діңдері мен жапырақтарына қарап айыра білуге үйрету;
— ағаш бөліктері туралы білімдерін тиянақтау (діңі, бұтағы, тамыры);
туған жердің табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Бақылау барысы: Көркем сөз: Үйеңкі, қайың, қарағаш,
Самырсын, емен, қарағай.
Өседі бәрі аралас,
Бақшада өскен баладай.
Қаулап өскен ағаштар
Жеміс-жидек сайда да.
Хош иіске елітіп
Тынып қалған айнала
Қамқоршы болшы орманға
Орманды бәрің қорғаңдар!
Сұраққа жаап беріңдер:
♦ Басқа ағаштар арасынан қайыңды қалай табамыз?
♦ Қайың діңі қандай? (ақ қара дақтармен.) ♦ Қайыңның тағы қандай бөліктері бар? (діңі, тамыры, бұтағы) ♦ Ағашқа тамыр не үшін керек?
Күзде қайың жапырағының түсі қандай? (сары.)
Жазда қандай еді? (жасыл.)(терекпен де осындай жұмыс жүргізіледі)
Қысқа ең алғашқы дайындалатын қай ағаш? (қайың)
Д/О. «Аталған ағашта тап». «Бір, екі, үш, қайыңға (терекке) қарай ұш!».
Мақсаты: мәтінге сай қимыл жасауды үйрету, аталған ағашты табу
Зерттеу қызметі Гербарий үшін қайың және терек жапырағын жинау (айырмашылықтарын атау)
Қ/О: «Қасқыр қақпан»
Мақсаты: Жылдамдыққа, ептілікке баулу
Жаттығу ойындары: Қозғалысты дамыту
Мақсаты: Бөрене үстімен жүруге жаттықтыру
Тыйым сөздер: