Қыркүйек Серуен №1 Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау Мақсаты



бет1/25
Дата16.10.2023
өлшемі63,58 Kb.
#115854
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Серуен - күз (1)


Қыркүйек
Серуен №1
Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау
Мақсаты:

  • Жыл мезгілдерінің өзгеруі туралы түсініктерін қалыптастыру ;

  • әр мезгілдің өз ерекшеліктері туралы түсініктерін тиянақтау.


Бақылау барысы
Жұмбақ жасыру
Ақ киімді біреуі,
Сары киімді біреуі,
Көк киімді біреуі,
Әлем, жәлем киімі,
Тағы бірі жүреді. (жылдың төрт мезгілі)

  • Өлеңде не жайлы айтылған? (жыл мезгілдері туралы әңгімелеу)

  • Қазір жылдың қай мезгілі (күз жпйлы әңгімелеу)

Қыркүйек айының алғашқы күндері жылы болады. Ағаштарда ең алғашқы сары жапырақтар пайда болады. Жердегі шөптер сарғайып, гүлдер сола бастайды Үлкендер егіс даласындағы жиын-терін жұмыстарын аяқтауға, мал азығын мол етіп жинап алуға асығады.
Тәрбиеші сұрақтары.

  • Күздің қандай белгілерін білесіңдер?

  • Адамдар күзде не істейді?

  • Жануарлар күзгі тіршілікке қалай бейімделеді?

  • Күзде өсімдіктер қандай өзгеріске ұшырайды?

Зерттеу жұмысы: Д/О: «Күзге ең алғашқы дайындалған ағашты тап» (қайың, көк терек)
Д/О: «Қайың мен теректің ең әдемі күзгі жапырағын тап»
Еңбек
Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау.
Мақсаты:
— орындалған жұмыс нәтижесін көріп қуануға үйрету;
— экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеу.
Қимылды ойын «Бәйге».
Мақсаты:
Тез жүкіруге, ептілікке жаттықтыру.
Жаттығу ойындары Қозғалыстарын қалыптастыру
Мақсаты: сапта жеңіл, бірқалыпты жүруге жаттықтыру.
Халық болжамы:
Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет