Ис-19-3 Булабаев Бекетай


Ғылым классификациясы: Аристотель, Әл-Фараби



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі63,96 Kb.
#14875
1   2   3   4
2. Ғылым классификациясы: Аристотель, Әл-Фараби,

Ибн-Сина, Ф. Бэкон, Г. Гегель, О. Конт.
Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физикаметафизикапоэтикатеатрмузыкалогикариторика (шешендік өнері), саясатэтикаэстетикабиологиязоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі діни мәдениеттерге, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. . Аристотел еңалғаш 

этика, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.

Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді. Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.



Аристотель Түркі-Парсы ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Түркі-парсыдан шыққан Шығыс ойшылдары Әл-КиндиӘл-ФарабиИбн-СинаИбн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар шығыс перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды пәлсапалық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher" المعلم الأول) деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз — түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын. Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта АзияПарсыИракараб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философиялогикаэтикаметафизикатіл біліміжаратылыстанугеографияматематикамедицинамузыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. 

Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина (парсыابو علی حسین بن عبدالله بن سینا), батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі - ғалымпәлсапашыастроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Синаеуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ға жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзия мен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.

Фрэнсис Бэкон (1561-1626) - ағылшын философы, ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы, саяси қайраткер. Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан.

Гегелдің ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен. Солардың арасында Гегельді қолдайтындар да (Бруно Бауер, Карл Маркс Фрэнсис Герберт Бредли, Жан-Поль Сартр, Ганс Күнг), оның ілімін сынайтындар да (Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг, Сөрен Киркегард, Артур Шопенгауер, Фридрих Ницше, Мартин Гайдеггер, Бертран Расселл) бар.



Георг Вильгельм Фридрих Гегель (нем. Georg Wilhelm Friedrich Hegel; 27 тамыз 1770Штутгарт — 14 қараша 1831Берлин) — неміс философы, неміс классикалық философиясының және романтизм философиясының негіздеушісі. Гегелді философ ретінде қызықтырғаны — табиғат пен азаттықтың арасындағы қатынас, имманенттік, трансценденттік, және осы жұптардың екі бөлігінің біреуін жоймай немесе біреуін екіншісіне тәуелді етіп жібермей отырып біріктіру. Оның кең танымал және ықпалды ұғымдары: спекулятивті логика, яғни «диалектика», «абсолютті идеализм», «Рух», «Қожайын-құл» диалектикасы, «этикалық өмір» және тарихтың маңыздылығы. Гегельді кейбіреулер нацизмнің пайда болуына ықпал жасағандардың қатарына жатқызады, бірақ басқалар бұнымен келіспейді.

Исидор Мари Огюст Франсуа Ксаве Конт (фр. Isidore Marie Auguste François Xavier Comte19 қаңтар 1798 — 5 қыркүйек 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет