Ис-19-3 Булабаев Бекетай


Тапсырма: Қазіргі ғылым жетістіктерін сараптап, олардың себептерін түсіндіру



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі63,96 Kb.
#14875
1   2   3   4
Байланысты:
Бекетай Булабаев

Тапсырма: Қазіргі ғылым жетістіктерін сараптап, олардың себептерін түсіндіру.

Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып, еліміздің ғылыми әлеуетін айқындауда негізгі күш Ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарына түсетіні белгілі. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен 383 ұйым айналысады. Статистикалық мәліметтерген назар аударсақ, Алматы қаласында ғылыми зерттеулер мен зерттемелермен 133 ұйым айналысатынын байқаймыз. Бұл еліміздегі барлық ғылыми мекемелердің үштен бір бөлігін құрайды. Соңғы жылдары Нұр-Сұлтан қаласында да ғылыми мекемелер көптеп ашылып, қазақ ғылымы даумдың даңғыл жолына түскенін аңғаруға болады. Еліміздегі ғылымды дамыту көрсеткіштеріне назар аударатын болсақ, ғылымды өркендетуде жоғары білім беру секторы жетекші орынға шықты деуге болады. ЖОО-ның ғылымды дамытатын негізгі күшке айналуына соңғы жылдары елімізде жүзеге асырылған бірқатар реформалар әсер еткені сөзсіз. ҚР Білім және ғылым министрлігінің еліміздегі жетекші университеттердің автономды бағытқа бұруы және оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылымды дамытуда негізгі күшке айналды. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдары ғылым мен білімді дамыту бағдарламасында аталған бағыттарға ерекше мән берілді. Қазіргі таңда дамыған елдерде ғылыми-зерттеу орталықтарының көпшілігі іргелі университеттердің базасында дамып жатыр. Мұндай әлемде мойындалған үрдіс Қазақстанды да айналып өтпегені бізді қуантады. Осы ретте университеттер жанында ғылымды дамытатын ұйымдарға ЖОО-ның бақылауындағы ұйымдар немесе олармен қауымдас ҒЗИ, экспериментальды станциялар мен клиникалар кіретінін айта кетуіміз керек. Жоғары ғылыми атағы мен біліктілігі жоғары ғалымдардың ғылыми жұмыстармен айналысуы медицина саласында байқалған. Аталған сала бойынша 909 адам ғылыми жұмыспен айналысып, оның 244-і ғылым докторы, 393-і ғылым кандидаттары, философия докторлары (PhD) мен салалар бойынша докторлар 204 адамды құраған. Тиісті орындар жүргізген сараптама нәтижесі бойынша, ғылыми бағытта жоғары нәтижелі зерттеулерге негізінен, іргелі ғылымдар бағытының физика, химия ғылымдары және биология, сонымен қатар қолданбалы жұмыстар бағытындағы – металлургия саласы, медицина және ауыл шаруашылығы энергетиктері жеткен. Сонымен қатар фармацевтикалық өндірісте дәрілік субстанцияда сатылай бақылау жүргізу үшін стандартты үлгі ретінде пайдаланылады. Ғылыми бағдарламада гармал гармин субстанциясын бөліп алу және тазалаудың оңтайландырылған әдісін «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» серіктестігі өндіріске тәжірибе ретінде енгізді. Алғаш рет 2- (бромалкокси) және тиісінше 2-(азидоалкокси) алу тәсілі әзірленіп, «кумарин-халконов» гибридті синтезінде пайдалану мүмкіндігі зерттелді. Нәтижесінде, рентгенқұрылымдық зерттеулерде алғаш рет 14 молекулалы кеңістік құрылымын белгіленген табиғи қосылыстар орнатылған. Бұл ақпарат Кембридж банкінің құрылымдық деректеріне енгенін атап айтуға болады. Ауыл шаруашылығы саласында Қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылымизерттеу институты «жасыл экономика» қағидаттарына сәйкес, мал шаруашылығын дамытуда тұрақты азықтық базасын құрудың бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғылыми жоба шеңберінде тәлімді және суармалы жерлерді жоғары өнімді мал азығын алуға бейімдеудің технологиясы дайындалды. «Жасыл» технологияға жататын аталған тәсілдің көмегімен жоңышқа егіп, әр гектарынан 99,8-109 центнерге дейін мал азығын жинауға мүмкіндік береді. Ал ветеринария саласына қатысты О.0705 бағдарламасы бойынша «Байсерке-Агро» ЖШС мал шаруашылығы өнімділігін арттыру және ветеринарлық-санитарлық жағдайды жақсартудың ғылыми әдістемесін қамтамасыз ету» деп аталатын ғылыми жоба барысында («Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты») жаңа туған бұзаулардың жетілуін арттырып, сүтті сиырлардың өнімділігін 95%-ға дейін арттырға мүмкіндік берді. Ғылыми жұмысты іске асыру барысында ғалымдар дезинфекциялық жұмыстардың жаңа технологияларын әзірлеп, мал шаруашылығы фермаларындағы санитарлық ахуалдың жоғарылауына жол ашты. Бұл ретте зерттеуші ғалымдар ірі қараның асқазан-ішек жолдары мен жас төлдерде жиі кездесетін аурудың алдын алатын 5 жаңа тиімді дәрі-дәрмекті дайындап шығарып, оларды қалай пайдаланудың әдістемесін дайындады. Осылайша, соңғы жылдары қазақ ғылымы дамудың жаңа сатысына көтеріліп, өзінің күші мен қуатын әлемге паш етті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет