17
2. Қарияны ренжіткен жағдай
A)
Жастардың ысырапқа жол беруі
B)
Қыздың қарт адамга көңіл бөлмеуі
C)
Сұрапыл соғыстың есіне түсуі
Д) Заманның, уақыттың өзгергендігі
Е) Нанды мөлшерлеп бергені
2-
мәтін
1.
Перзенттің шыр етіп дуниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл
ауылдың қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той»,
«шілдехана күзет» өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән
айтып, ойын ойнап, көңіл кетереді.
2.
Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде кузету» деп атайды, Әдетте, шілдеханаға ауыл
үлкендері катыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің
салқынынан қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған.
Ерте заманда бесіктегі нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. «Жаңа туған баланы
алғашқы күндері шырақ жағып күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала
тастап кетеді» деген сенім болған, Осы сенімнің сілемі казак арасында соңгы уақытқа
дейін сақталган. Шырақ жағып күзету - соның бір түрІ.
3.
Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Суйінші
сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта
жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады.
Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп,
әйтеуір қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін
білдіруге келген ауыл адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы
тілектерін айтады.
4.
Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп,
келушілерден көрімдік алады. Қутты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім
тасқа, өзі жаман бала екен!»-деп түкірген болады.
5.
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз
өтетін мереке, куанышты күндер жоқ. Тойда жастар суырып салып өлең айтып, сөз
қағыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: