Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы



Pdf көрінісі
бет59/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   373
1137 нұсқа 
1-мәтін 
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы 
 
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке 
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер 
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ 
үйлері пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй 
(3 қанат), қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ 
орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) 
деп аталатын түрлері бар. Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе 
шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, 
күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп аталады. 
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді: 
1.
Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жук жнналады, қонақтар орналасады. 
Жас келіндер бұл жерді баса бермейді. 
2.
Сол жақ - (кіргенде он жақ) үй иссінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта 
азық-түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды. 
3.
Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады. Босаға жаққа қарай ер- 
тұрман, киім ілінеді. 
4.
От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. 
1.
 
Ең үлкен киіз үй 
A)
Ақ ала орда 
B)
Алтын орда 
C)
Ақ шаңқан 
Б) Ақорда 
Е) А
ЛТЫН 
үздік 
2.
 
Киіз үйдегі киелі орын 
A)
Ер тұрман, киім ілінетін орын 
B)
Қонақтар орналасатын орын 
C)
Азық-тулік, ыдыс-аяқ тұратын орын 
Д) От жағылып, қазан асылатын орын 
Е) Үй иесінің жататын орны 
2-мәтін 
 
Домалақ ананың қадір-қасисті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз- 
әнгіме көп. 
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің 
ауылын шауыл, сан мын жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары 
ауылда болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, 'Бәйдібек елден жасақ 
жиып, қасына үлкен айелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы 
жатқанда Нұрила (Домалақ ана); «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі - құла айғыр 
қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі 
ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп, өз 
отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-кұрық тимегей шу асау айғырды 
көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп 
кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда 
жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасақка теңдік бермепті. Осы 
соғыса қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. 
Арада алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер куңіренте дүлей күшнен 
кісінепті. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң кетеріліп, ұзамай Бәйдібектің 
қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалак 
ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет