Іс-шара : «Спорт өмір көркі»



Дата27.11.2023
өлшемі15,97 Kb.
#129631



Іс-шара : «Спорт өмір көркі»

Топ атауы :

Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау топтары

Күні: 06.06.2023

Тақырыбы:

«Спорт өмір көркі»

Мақсаты:

оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.

Оқушының қабілеті

жалпы адамзаттық, сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған жеке тұлға

Іс-шара түрі:

жарыс

Іс-шара әдісі:

ойын түрінде

Көрнекіліктер:

спорттық құрал-жабдықтар

Іс-шара кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті, ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


Сабақ мақсаты мен тақырыбын айту

Кіріспе сөз. Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Көкшетау топтары!
Бүгінгі біздің ерекше күн «Спорт өмір көркі» атты іс-шарамызға қош келдіңіздер! Сонымен жарысымызды бастайық.
Іске сәт!

Мұғалімнің сөзі

Тыңдайды


Негізгі бөлім

Кезеңдер:
Бірінші кезең
«Сәлемдесу рәсімі»
Екінші кезең
«Кедергілерден өту»
Сөреден жүрелей отырып шығып, төсеніште алға аунап, жалауды айналып, кедергілерден жүгіріп қайту. Жеңіске эстафетаны жылдам аяқтаған топ жетеді.
Үшінші кезең
«Шаяндар сайысы»
Ойыншылар белгіленген сызыққа дейін шаян жүрісімен жүріп өтеді де, келесі ойыншыға эстафетаны береді. Тапсырманы 1-ші орындаған топ жеңіске жетеді.
Төртінші кезең
«Допты бастан асыра беру және аяқ арасынан өткізу»
Бірінші оқушы допты бастан асыра береді, екінші оқушы аяқ астынан өткізеді, осылай жалғасады. Қай топ бұрын аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.
Бесінші кезең
«Арқан тарту»
Белгі бойынша әрбір топ арқанды өз жағына қарай тартады. 3 рет тартысқаннан кейін 2 рет өз жағына арқанды тартып шығарған топ жеңімпаз болып танылады.
Алтыншы кезең
«Допты бастан асыра беру және аяқ арасынан өткізу»
Бірінші оқушы допты бастан асыра береді, екінші оқушы аяқ астынан өткізеді, осылай жалғасады. Қай топ бұрын аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді.

Тапсырма орындалады



Қорытынды бөлім

Құрметті, оқушылар осымен бүгінгі біздің ерекше күніміз өз мәресіне келіп жетті.
Өз өнерін назарларыңызға ұсынған оқушылардың көңіл күйлері тіпті де керемет деген ойдамыз.



Тыңдайды




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет