Саяси әлеуметтену процесінде жас азаматтарды қазіргі саяси жүйеге бейімделуіне қол жеткізеді, бұл оның тұрақтылығы үшін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Нәтижесінде, белгілі бір биліктің легитимділік деңгейін қолдайды және саяси бағытта жүзеге асырылатын шекарасы белгіленеді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, жастар деп он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтарды, яғни мүдделерін жүзеге асыруды қалайтын азаматтардың әлеуметтік белсенді бөлігін айтамыз
Қазақстанда жастардың электоралдық белсенділігі жыл санап өсіп келеді. Сайлауға қатысатын жастар саны соңғы деректерге қарағанда, күрт жоғарылаған. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының бас сарапшысы, саяси ғылымдар докторы Венера Жексембекова мәлім етті. Астанада ҚР Орталық сайлау комиссиясы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттері үшін өткізген дәрісте В.Жексембекова демократиялық сайлау құқығының қазіргі заманғы даму тарихы мен үрдістері туралы айтып берді. Сонымен қатар ол 2005 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін өткен сайлауларға жастардың қатысу динамикасын көрсететін талдамалы материал деректерін ұсынды. Оның айтуынша, әлеуметтік зерттеу мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылы ҚР президентін кезектен тыс сайлауында жастардың 87 пайызы дауыс беруге қатысқан. Бұл көрсеткіш 2005 жылы өткен президент сайлауына қатысқан жастардың санынан әлдеқайда жоғары болып отыр.
Жастардың электоралдық белсенділігімен қатар, олардың саяси үдерістерге араласу белсенділігі де артты. Атап айтқанда, жас депутаттардың саны жоғарылады. Егер 2007 жылы депутаттардың үлесі 51 пайыз болса, 2012 жылы 65 пайызды құрады. Ол қуантарлық жағдай. Бұл - жастар мәселесінің заң жүзінде шешілуіне жол ашады», - деді В.Жексембекова. Дәріс ортсайлауком әзірлеген Жастарды құқықтық оқытудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспарын іске асыру бағдарламасы аясында өткізілді. Іс-шараның шеңберінде ҚР ОСК мүшелері студенттердің сұрақтарына жауап берді және 18 жасқа толып, сайлауда дауыс беру құқығын алған студенттерге куәліктер тапсырды