Жастардың электоралдық белсенділігімен қатар, олардың саяси үдерістерге араласу белсенділігі де артты. Атап айтқанда, жас депутаттардың саны жоғарылады. Егер 2007 жылы депутаттардың үлесі 51 пайыз болса, 2012 жылы 65 пайызды құрады. Ол қуантарлық жағдай. Бұл - жастар мәселесінің заң жүзінде шешілуіне жол ашады», - деді В.Жексембекова. Дәріс ортсайлауком әзірлеген Жастарды құқықтық оқытудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспарын іске асыру бағдарламасы аясында өткізілді. Іс-шараның шеңберінде ҚР ОСК мүшелері студенттердің сұрақтарына жауап берді және 18 жасқа толып, сайлауда дауыс беру құқығын алған студенттерге куәліктер тапсырды
Ақпараттар бойынша ұсынысымыз:
Жастар арасында саяси конференцияларды жиі өткізіп тұру;
Әр салада оң пікір мен теріс пікірлерді карастырып сол арқылы жұмыстар жүргізу;
Саясатқа тек үкімет үшін ғана емес халық жағдайын жақсарту үшін көмек көрсету керек екендігін көрсету;
Саясат ол заңдар сол заңдардың ішінде халықтың өз құқын қорғау жайлы баяндамалар дайындау және түрлі конференциялар өткізу, сауалнамалар жүргізу арқылы пікірлерін білу.
Қорытындылай келе, біздің еліміз жастардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында әр жыл сайын түрлі жобалар іске қосып, жастарды саясатқа қызықтыру шараларын жасап жүр. Түрлі саяси ақпарат алатын құралдар, түрлі шағын жобалар тіпті универде оқытылатын саясаттану пәніде дәл осы біздей жастардың саясатқа бейімділігін арттырып, саяси білім алудың маңыздылығының дәлелі, электоралды белсенділікті зерттеудің маңызы сайлау нәтижесі елдегі әлеуметтік экономикалық, саяси, мәдени-демографиялық үдерістердің, мемлекеттің саясатына халықтың жауап беруінің көрінісі болып табылады.

Сайлаулар — азаматтардың саяси шешім қабылдауға қатысуында мемлекеттің ұстанған саясаты мен саяси элитаға деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан электоралды белсенділік саяси үдерістің барлық субъектілеріне қызығушылық тудырады.