Математикалық диктант: 1. 9 санына аяқталатын барлық екі таңбалы сандарды өсу тәртібі бойынша бірінші бағанға жаз. Барлық сандардағы ондықтардың астын сыз.
2. Асты сызылған сандардан 1 санға үлкенірек сандарды екінші бағанға, бірінші бағандағы әр санның астына жаз.
3. Бірінші бағанда бөлінгіш жазылған, екінші бағанда –бөлгіш; үшінші бағанға – бөлінді, ал оның астына төртінші бағанға – қалдық жазылған.
Шешім:
19
,29
,39
,49
,59
,69
,79
,89
,99.
2,
3,
4,
5,
6,
7,
8,
9,
10.
9,
9,
9,
9,
9,
9,
9,
9,
9.
1,
2,
3,
4,
5,
6,
7,
8,
9.
Өзіңді тексер: егер барлық есептерді дұрыс шығарсаң, онда үшінші бағанда барлық бөлінді 9-ға тең, ал төртінші бағанда – бөлгіштен 1-ге кем қалдықтар.
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Ширату тапсырмасы. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) Өздік жұмыс. Оқулықта бұл үшін №3, 4 тапсырма берілген. Балалар таңдауы бойынша қалдықпен бөлуге бірнеше мысалдар мен есептерді орындайды (баған немесе жол).
Ағаштан мүсін жасау үшін орманнан 43 бөрене әкелу керек. Мәшинеге 4 бөренеден артық сыймайды. Барлық бөренені тасып әкелу үшін орманға неше рет бару керек болады?
Берілген есепте бөлуді орындау керек. Бұл қалдықпен бөлу. 43-ті 4-ке бөлгенде 3 қалдық қалады, қалған 3 бөренені әкелу үшін тағы бір рет бару керек.
Жауабы: 11.
Қиындықтарды түзету. Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерден қате жібердіңіз?
– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.
(Қосымша тапсырма орындау). – Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты қандай?
(Қателерді түзеу). – Қатені түзету алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өз оқу мақсатын айтады:
Қалдықпен бөлудің ережелерін қайталау. Бөліндіні қалай таңдау керек. Қалдық әрқашан бөлгіштен кіші болады.
№6,7 тапсырмалар қате жіберген балалармен әртүрлі үлесте өз бетінше орындалады.
Сонымен қатар кеңесші-оқушыларды түсінік беру жұмыстарын жүргізуге тартуға болады. Бұл үшін ұстаз жұптық немесе топтық жұмыстың белсенді түрін ұйымдастырады.
Осылай, №6,7 тапсырманы орындай отырып, бірінші өздік жұмыста қате жіберген балалар түсінік беру керек.
Жазба дұрыс болу үшін, бос орындарға қалып қойған цифрларды жаз..
3□ : 3 = 10 (2 қалдық) 4□ : 7 = □(5 қалдық)
77 : □ = □ (5 қалдық) 9 : 2 = □ (1 қалдық)
Қалдықпен бөлуді орында:
50 : 9 48 : 7
84 : 9 27 : 5
5 : 8 4 : 6
а) Орманшы әр қатарға 9 көшеттен 51 шырша екті. Шырша қанша қатарға егілді?
ә) Егер бөлгіш 9 болса, қанша қалдық болуы мүмкін?Дескриптор: Есептеудің ауызша және жазбаша тәсілдерін пайдалана отырып, қосу және азайту амалдарын орындау біліктері, безендіру, түсініктеме беру, дәлелдеу, оқу тапсырмаларын шешуде болжамдар айтып, оларды тексеру қажеттілігін түсіну үшін математикалық көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбалар, схемалар, т.б.) түсіну және пайдалану білігі дамиды.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.