Сабақтың ортасы
|
3С бөлімі бойынша суммативті жұмысты жүргізу барысында мұғалім балаларды дайындайды.
Оларға жұмыстың мақсаты мен оны орындаудың жолдарын түсіндіреді.
Суммативті жұмысты жүргізу кезінде қарым-қатынас жасаудың достық стилін және тыныштықты сақтайды.
Тексеріп көр, сен мақсаттарыңа жете алдың ба.
Мен үйрендім:
көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдануды;
100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды;
көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде көрсету және қолдану;
біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау;
кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындауды;
көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі теңдеулерді шешуді;
кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыруды;
солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіруді;
мынадай жағдайларда: 23•2, 123•2, 46:2, 246:2 екітаңбалы/үштаңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдануды;
- мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдануды.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
|