Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Сабақтың соңы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Жаңа білім мен тәжірибені қолдану Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау» Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі. Жаңаны қолдану. Қабілеті жоғары балалар үшін шығармашылық деңгейді ұсыныңыз:
№ 3. Төмендегі есептеу жағдайларының алгоритмін өздері құрастырады:
56:14 46:23 39:13
Бұл алгоритмді олар өз жолдастарына түсіндіріп береді.
№4 тапсырмада мәні бірдей өрнектерді табу керек. Ол үшін алдымен есептеп алу керек. Мұндай тапсырманы топтарға бөліп беруге болады. Сонда тапсырманы орындау жарыс түрінде өтеді.
Үш таңбалы сан нөлге аяқталған болса, онда оны жаңа тақырыпқа жатқызады, міне, осыған назар аудару керек. Тек сол кезде ғана біз ондық сандармен амалдар орындаймыз. 540 – бұл 54 ондық.
Өткенмен жұмыс. № 5-10 тапсырмалар мұғалімге өз сыныбына материал таңдауға мүмкіндік береді. Бұл тапсырмалар осы тоқсандағы өткен материалдарды қамтиды.
№6 тапсырма есеп шығаруға арналған блиц-турнир. Оны жұппен де, топпен де орындауға болады. Мұғалім не алғыр оқушылар үлгі бойынша басқа балаларды міндетті түрде тексеру керек. Қарапайым және ыңғайлы тәсілдің бірі. Олардың шығарған өрнектерін тексеріп, мұғалім қалғандарына өз жұмыстарын осы үлгі бойынша тексеруін ұсынады.
Бұл оқушылар қандай есептерді шығара алмайтынын анықтауға мүмкіндік береді, кейін осы мәселеге баса назар аудару керектігін біледі.
№7 тапсырма – оң жақ бөлігі күрделенген теңдеулерді шешу балаларға таныс. Оларды сабаққа қосу керек, себебі осы тоқсанда балалар сол жағы күрделенген теңдеулерді өтеді.